Қазақстандағы ақша реформаларын себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 23:01, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Ақша реформасының маңыздылығы 5
1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы 5
1.2 Ақша реформасының мазмұны 6
1.3 Қазіргі заманғы ақша теориялары 8
2 Қазақстандағы ақша реформалары 15
2.1 1947 жылғы ақша реформасы 15
2.2 Теңге бағамының айналысқа шығуы 16
2.3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 19
3 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Работа содержит 1 файл

реформа93.doc

— 203.50 Кб (Скачать)

Мазмұны 
 

  Кіріспе 3
1 Ақша реформасының маңыздылығы 5
1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы 5
1.2 Ақша реформасының мазмұны 6
1.3 Қазіргі заманғы  ақша теориялары  8
2 Қазақстандағы ақша реформалары 15
2.1 1947 жылғы ақша  реформасы 15
2.2 Теңге бағамының  айналысқа шығуы 16
2.3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 19
3 Қазіргі кездегі  теңгенің рөлі 23
  Қорытынды 25
  Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе 
 

     Ақша  реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска   кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді. КСРО-да ақша реформасы екі рет — жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) алғашқы жылдары (1922-1924) және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін (1947)жүргізілді. Азамат соғысы, одан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес үкіметі Отан корғау шараларына байланысты көп шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің кемуі салдарьшан нақты акшаның айналыс қажеттілігі де азайды.Ақша реформасы айналысқа банк билеттері - червонецтерді шығаруды көздеген 1922 жылғы заңнан басталады. Червонец таза алтынның 7,74234 г., яғни ескі 10 сомдық аліын шақаға (монетаға) теңелді. Кеңес Үкіметінің Министрлер Кеңесі мен БК(б)І I Орталык Комитетінің 1947 жылғы "Ақша реформасын жүргізу және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды жою туралы " қаулысында: "Акша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл-ауқат дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетуге және кеңес мемлекетінің күш-қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі " деп көрсетілді. 1947 жылғы ақша реформасы мемлекеттің қазыналық билеттер құрылысына ешбір өзгеріс енгізген жоқ, мұнда айналыстағы басы артық ақша жойылды, жалдаптар жинаған ірі ақшаларынан айырылды және карточка жүйесі жойылғаннан кейін олардың арзандатылған бағамен тауарларды көптеп сатып алуына мүмкіндік қалдырылмады. Ақша реформасы мен карточка жүйесінің жойылуының экономикалык маңызы зор болды, шаруашылықта ақшаның мәні көтерілді, кеңес сомының кұны толығынан қалпына келді. 1961 жылы "Баға масштабын өзгерту және ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы" қаулы қабылданғаннан бастап, ескі ақша жаңа акшаға 10 сомына 1 сом есебімен айырбасталды. Төл теңгеміз дүниеге келген күні бәріміздің бөркімізді аспанға ата қуанғанымыз рас. Оған да міне, он бес жылдың жүзі болыпты. Осы орайда ұлттық валютамыздың туу тарихын еске түсіру орынды.

     Курстық жұмыстың мақсаты :

  • ақша теориясының даму жолдарын жүзеге асыруға қол жеткізу;
  • ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну

     Курстық жұмыстың міндеті:

  • ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және  ақша  реформасының  теориялық  аспектілері  мен  өткізу  қажеттіліктерін  қазіргі  экономика  тұрғысынан  ашып  қарастыру.
  • ҚР-ғы ақша реформасының  ерекшеліктерін  толық қарастыру

     Алғашқы қағаз ақша  1260 жылдары  Қытайда пайда болды. Капитализм кезінде қағаз ақшаның алғашқы партиясы 1690 жылы Англияның Солтүстік Америкадағы Массачусетс колониясында шығарылған болатын және ол алғашқыда солдаттарға жалақы төуге арналған. Россияда алғашқы қағаз  ақшалар (ассигнация) 1767 жылы шығарыла бастады. Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты  өзінің меншікті қуатын енгізуді, Қазақстандағы  қолма – қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті.

     Бұл курстық жұмыс кіріспеден, І бөлімде Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы және ІІ бөлім Қазақстандағы ақша реформаларынан тұрады.

     Курстық жұмыстың тақырыбының негізгі мақсаты  – ақша реформасы, оның алғышарттары мен  мазмұнына, Қазақстанда өткізілген ақша реформасына және ұлттық валюта теңгенің енгізілуіне тоқталып, алып көрсету.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1 Ақша реформасының маңыздылығы 
 

     1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы 

     Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1807 жылдары ақша реформаларын нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92 пайыз алтынмен қамтамасыз етілген мемлекеттік банктың несиелік билеттері жатады. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.

     1917 жылы жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды  олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында «керенки» деп те атайды. Несиелік ақшалар мен керенкилерден басқа Уақытша үкімет айналысқа сурогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.

     Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай сурогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшалардың массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша он мың есеге құнсызданды. 1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа да жерлерде жергілікті ақша бірліктерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында шығарылды.

     Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынстардың натуралдануы мен ақшаның  айналыстан шығарылуы болып табылады.1920 жылдардың соңынан бастап «еңбек паегін» ақысыз беру басталды. 1921 жылы наурызды болған РКП (б) – ның х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды.Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төменнен ейін, артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды.

     Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына  келтірілді. Егер 1921 жылдың көктемінде ақшалай еңбекақыны төлеу тек 10 пайызы ғана құраса, онда 1923 жылы бірінші желтоқсанында ол 800 пайыздан астамын құрады. Бұл ақша реформасының  арқасында ғана мүмкін болды.

     1921 жылы қазанда Ресей Кеңестік  Федеративтік Социалистік Республикасында  Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналады. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.

     Ақша  реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі  шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдерінің көлемінің өсуі (бидай, мақта және т.б) тауар айналымының артуы жатады.

     Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының  бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты  – бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етілуі. 1922 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейінгі жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млннан 31 млн рубльге дейін жетті. 1922 жылы сәуірде бағалы металдарды жән тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі  ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды.

     Ақша  айналысын қалыпқа келтірудің басты  бір қадамына 1922 жылы мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нөлін сызып тастау арқылы жүргізілді. 1922 жылдың 1 мамырынан бастап барлық есептеулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейін кассаларда қабылдады. Екінші рет деноинациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің 1 миллионына теңесті.

     Деноминациялар  ақшаны есепке алуды оайлатты, ақша айналысын бірқалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсі үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады.  
 

     1.2 Ақша реформасының мазмұны 

     Ақша  реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 жылы 25 шілдеде және 11 қазанда  Кеңхалком декретімен Мемлекеттік  банкке 1,2,3,4,5,10,25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық  берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234г) 10 рублге теңесті. Мемлекеттік банк червонецтерді кәсіпорындарда векселдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарылып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігмен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.

     Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың  қарызды өтеу барысында банкке  қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы материалдық бағалылықтардан  басқа да червонецтер эмиссия  саласынан 25 пайыз алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды.Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылады.

     Сауда саттықтың жән банктік несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнының 1.04.1923 жылы – 15%, 1.07.1923ж – 37%  және 1.10.1923ж – 74 % құрады. Кәсіпорындар арасында барлық ақшалай есеп айырысулар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтермен бейнелене бастады.

     Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің  ұсақ құндылығына қарамай олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналысында қызмет ете берді. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мемлекеттік банктің несиелеу барысында шығарған червонецтерді және халықаралық қажы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.

     1924 жылдың бірінші мамырында айналыстағы  ақша массасы астрономиялық санға  – 762,3 квадрильон рубльге жетті.  Бұл ақша массасының нақты  құны 15,2 млн рубльді құрады.

     Кеңестік  ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны  орташа және ұсақ купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқтырды. Сөйтіп ұсақ ақшалар ретінде әртүрлі ақшалар, әсіресе, тұрақты валюталарда бейнеленген сурогаттарды шығарды.

     Кеңестік  ақша бірліктерінің құнсыздануы  шаруаларға үлкен зиян келтірді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік  экономикалық алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен ауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды ( 1.01.1923ж 10,9 млн рубльден, 1.02.1924 ж 153,6 млн рубльге дейін)

     1924 жылдың бесінші ақпанында Орталық  атқару комитеті және Халық  Комиссарлар кеңесі декретіне  байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1,3 және 5 рубльдегі қазыналық билеттершығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес ақша белгілеріншығару тоқтатылды.

     1888 жылы дүниеге келген Григорий  Яковлевич Сокольков (Бриллиант) 1922-1924 жылдар арасында ақша реформасын ұйымдастырушы және теоретигі болды. Ол 1922 жылдың басынан бастап валютаның тұрақтылығы елдің экономиклық өрлеуінің қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелері құнсыз кеңестік ақша белгілерінің эмиссиялануы – ұлттық табысты бірінші кезектегі мемлекеттік қажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар тәсілі деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған Г.Я. Сокольников барлық тауарлық шаруашылықта ақша тек қана айналыс және төлем құралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп санаған.

     Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген қажеттілік алтынның , тұрақты валютаның келуін талап етті. Алтынға валютаның  еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде  ғана емес, сонымен қатар Г.Я. Сокольников  алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.

     Алтын қорының үш рөлі болды:

  1. халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор ретінде;
  2. Ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мемлекеттік банк алтынды шетел валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алынып отырады);
  3. Көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві

Информация о работе Қазақстандағы ақша реформаларын себептері