Қазақстандағы ақша реформаларын себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 23:01, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Ақша реформасының маңыздылығы 5
1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы 5
1.2 Ақша реформасының мазмұны 6
1.3 Қазіргі заманғы ақша теориялары 8
2 Қазақстандағы ақша реформалары 15
2.1 1947 жылғы ақша реформасы 15
2.2 Теңге бағамының айналысқа шығуы 16
2.3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 19
3 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Работа содержит 1 файл

реформа93.doc

— 203.50 Кб (Скачать)

       Кәсіпорындардың баланстарындағы  рубльмен берілген активтер мен  пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінеді. Қолма-қол ақшаларды айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар=4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

     Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200,500,100 және 2000 купюрадағы  ақшалар айналысқа шығарылады.1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығыпқалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1,3,5,10,20 теңгедегі монеталар шығарыла бастады. Сонымен қатар Абай құнанбайұлының жүз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталары шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1,2,5 және 10 мың теңгелік алтын монеталр кірді. 1995 жылдың аяғында «Жібек жолы» жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жиынтық 816 доллар трды.Сонымен Қазақстан Теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады.және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.

     Қазақстанға ұлттық валютаның сәтті енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап  етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі 
 

     Бүгінгі күндері біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел дамыған жүйе болып табылады. Банктердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларына, жиынтық активтері 10,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер түрінде орналастырылады. 2003 жылдан бастап барлық банктер қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді. 

     Елімізде  дамыған кредиттік және депозиттік рыноктар бар. Резиденттердің теңгелей түрде депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жылдың 1 шілдесінде 847,4 миллиард теңге болды. Жалпы депозиттердің ішінде теңгелік депозиттер өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 56,8 пайыздан 58,7 пайызға өсіп отыр.

     Бұлардың  бәрі теңгенің тұрақты валютаға айналғанының айқын дәлелі. Қаржы секторының барлық бөліктерінде құрылымдық реформа жүзеге асырылды. Қазір Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 36 банктің 25 банкі депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірді. Осы шаралардың бәрі халықтың банк жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Салымдардың мөлшері бойынша халықтың жан басына шаққанда 142 АҚШ доллары болып, Ресейден кейін ТМД елдері ішінде екінші орында тұр. Банк кредиттеріне балама кредиттеу де дамып келе жатыр. Микрокредиттік ұйымдардың, пошталық жинақ ақша, тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінді.

     Сондай-ақ 2000 жылы іске қосылған вексельдік қайта қаржыландыру жүйесі банктік кредиттеудің баламасы бола алды. “Инвестициялық қорлар туралы” Заңның қабылдануына байланысты халықтың ішкі жинақ ақшасын жұмылдырудың және қайта бөлудің тиімді тетіктері акционерлік инвестициялық және пай қорларының институты болды.

     Қазіргі уақытта құрылып отырған кредиттеудің үш деңгейлі жүйесі елдің түрлі аймақтарында адамдардың неғұрлым басым көпшілігіне және ұйымдарға қаржылық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ол екінші деңгейдегі банктерден, банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұрады. Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлікті қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік беретін микрокредиттік ұйымдарды дамыту ерекше маңызды.

     Қаржылық  қызмет көрсетуді аймақтық қамтуды  кеңейтуге сондай-ақ пошта-жинақ  жүйесі де ықпал етті.

     Халықтың  әлеуметтік проблемаларын шешу үшін Қазақстанда 2001 жылдан бастап ипотекалық кредиттеудің екі деңгейлі жүйесі енгізілді. Оның бірінші деңгейі банктер және ипотекалық кредиттер беретін банктік емес ұйымдар, ал жоғары деңгейі – басты міндеті қайталама рынокта ипотекалық кредиттеуді жүзеге асыратын банктерді қайта қаржыландыру болып табылатын Қазақстан Ипотекалық компаниясы.

     Ең  қысқа мерзімде құрылған және 1998 жылдан жұмыс істеп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықты әлеуметтік қорғауға барынша үлес қосуда. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының саны 2005 жылғы қаңтарда 6 миллион адам болды. Бұл — экономикалық белсенді халықтың 80 пайызы.

     Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қорлары  ірі институттық инвесторларға  жатады. Зейнетақы активтерінің жалпы  көлемі 540,8 млрд. теңге. Бұл ІЖӨ-нің 8 пайызын құрайды. Барлық инвестицияланған зейнетақы активтері отандық  компаниялардың бағалы қағаздарына және банктік депозиттерге орналастырылады.  

     Ақиқаты сол, Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның  басқа елдерімен салыстырғанда  әлдеқайда дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан қорғалған. Қаржы секторын дамытудың жемісті болуы елдің кредиттік рейтингін жоғарылатады.

     Ел  экономикасының стратегиялық даму көрсеткіштеріне  болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары  теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Осыған орай теңге барлық экономикалық кеңістіктерге АҚШ доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналады.

     Қаржы рыногының ең дамыған сегменті мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы болып табылады. Қазіргі жағдайда айналымда 58 мемлекеттік облигациялардың эмиссиясы қызмет істейді және олардың номиналдық бағасы 116,9 миллиард теңге, немесе ІЖӨ-нің 3 пайызын құрап отыр.

     Сақтандыру  рыногы дамып келе жатыр, дегенмен оның деңгейі экономика қажеттілігін өтей алмай отыр. 32 сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін іске асыру лицензиясы бар, соның ішінде 7-еуі шет ел компанияларының қатысуымен жұмыс істейді, ал 1-еуі адам өмірін сақтандырумен айналысады. Сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 24,4 миллиард теңге, жиынтық меншік капиталы 7,8 миллиард теңге болып отыр.

     Қаржы рыногының инфрақұрылымына мыналар  кіреді: төлем жүйелері, Қазақстан қор биржасы, Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы, Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасы, Теңге сарайы, құндылықтарды сақтау орталығы.

     Қазақстанның  төлем жүйесінің негізі – банкаралық ақша аудару жүйесі және автоматтандырылған бөлшек төлемдер жүйесі болып табылады. Ел банктерінің шығарған пластикалық карточкалары 1,8 миллион данаға жетті, яғни экономикалық белсенді халықтың төрттен бірінің төлем карточкалары бар. Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйесін құру бағдарламасы қабылданды және ол халыққа қызмет көрсетуде электрондық ақша қолдану арқылы біркелкі төлем кеңістігін құруға жағдай жасайды. Осындай межелі нәтижеге жеткізген қаржы секторындағы реформалар мемлекеттік саясаттың дұрыстығын айғақтайды. 
 
 
 
 

     Қорытынды 

      

     Курстық  жұмысты  қорыта  келгенде, ақша  дегеніміз –  бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.. Яғни ақша – жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, тек ақшаға  айырбастау  арқылы ғана  тауарлар қоғамдақ  еңбектің  нәтижесі  екенін анықтауға болады.Екіншіден, әр  адамның  еңбектегі, яғни  қоғамдық  өндірісіндегі үлесінде ақша арқылы анықтауға болады.Себебі, адам қоғамдық еңбектегі  үлесін  жалақы  ретінде  алғанда, ақша  төлем  құралы  қызметін  атқарады. Үшіншіден, айырбас үрдісінде  ақшаның  делдалдық етуімен  тауардың  ішкі  қайшылықтары да  шешіледі.

     Ақша  реформасы – ұлттық  ақша  бірлігін тұрақтандыруға, елдің  жүйесін  қалыпқа  келтіруге  және  нығайтуға  бағытталған  ақша  айналысында мемлекет  тарапынан  жүзеге  асатын  түрлендірулер.

     Жалпы, ақша  реформалары  мынадай  әдістер  көмегімен  жүзеге  асырылады:

     - жаңалау,  яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа  валюта  негізу туралы хабаралау;

     - қалыпқа келтіру,яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық бағамын қалпына келтіру ;

     - деноминация, яғни "нольдерді  қысқарту" әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.

     - Қазақстанда 1922-1924 ж.ж.,1947 жылы ақша реформалары ,1961 жылы баға масштабын өзгерту,1993 жылы ҚР-ң ақша рыформасы болды .Әрбір егемен мемлекеттің өзіндік отрибутикасы болады.Оған ту ,елтаңба,әнұран және  ұлттық  валюта  жатады.

     Ұлттық  валюта тәуелсіз егемен мемлекттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады.Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ  рет  енгізілетін  өз  валютасының  тарихы  да кіреді.Ұлттық валюта кез келген елдің өткен тарихын, бүгінгі күнін және келешегін  бейнелейді.

     Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның  барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл  реформа өз кезегінде бірнеше  рет төлем қабілетті бар сұраныс пен тұтыныс салдарында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.

     КСРО  ыдырағаннан соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп, және бұрыңғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.

     1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев «Қазақстан Республикасына  Ұлттық валютаны енгізу туралы»  Жарғыға қол қойды.

     Қолданылған  әдебиеттер  тізімі 
 

     Негізгі

  1. Блеутаева К.Б. Ақша  және  банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.
  2. Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.
  3. Сейтқасымов Ғ.С.  Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.
  4. Байназаров Ғ. Теңге  маған  тарихи  жауапкершілікті  тарту  етті.// Егемен  Қазақстан. 14 қараша 2003.  2-3 б
  5. Мәжитов Д.М.  Басты мақсат – тұрақтылықты  ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001.  3 б.
  6. Тобаяқов Б.  Тәуелсіздік  рәмізі  немесе  теңгеден  деңгеге  дейін. // Егемен  Қазақста. 14 қараша. 2004. 3-4 б.
  7. Әубәкіров  Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С.  Экономикалық  теория  негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998.  479 б.

      Қосымша

  1. ҚР Президентінің  ұлттық  валютаның 10 жылдығына байланысты  сұхбаты. Теңге-ел тұрақтылығымен   тәуелсіздігінің белгісі. // Егемен  Қазақстан. 18 қараша 2003. 1-2 б.
  2. Донских А.  Теңгенің  жаңа  дизайны: сіз  не  туралы  сұрап  үлгермедіңіз?  // Егемен Қазақстан 30  қыркүйек  2006. 7 б.
  3. Нысанбаев Ә.  Тәуелсіз  елдің  ұлттық  валютасы. // Егемен Қазақстан  13 қараша 2003. 3 б. Тұрапбайұлы А.  Теңгенің тегеуріні.  // Егемен Қазақстан  15 қараша  2005. 2-3 б.
  4. Кәпқызы  Е.  Теңге  мүшелге  толды.  // Түркістан. 16 қараша 2006. 1 б.
  5. Кәпқызы Е.  Теңге  және  ұлттық  рух.  // Түркістан. 25  қазан 2006. 3 б.
  6. Сәйденов Ә.  ҚР-ң ұлттық  банкі  хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді.  // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005.  6 б.
  7. ҚР-сы  Ұлттық  Банкінің  ресми хабары. «Көшпенділер  алтыны» монеталар  сериясынан  күміс  монетаны  айналысқа  шығару  турасы.  //  Егемен Қазақстан.  15 қараша 2005 жыл.  2 б.

Информация о работе Қазақстандағы ақша реформаларын себептері