Қазақстандағы ақша реформаларын себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 23:01, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Ақша реформасының маңыздылығы 5
1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы 5
1.2 Ақша реформасының мазмұны 6
1.3 Қазіргі заманғы ақша теориялары 8
2 Қазақстандағы ақша реформалары 15
2.1 1947 жылғы ақша реформасы 15
2.2 Теңге бағамының айналысқа шығуы 16
2.3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 19
3 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Работа содержит 1 файл

реформа93.doc

— 203.50 Кб (Скачать)

     Банкноттармен  металл  ақшаларды  әзірлеу саласындағы  жетістіктерге  қарап  Теңге –  тәуелсіз, егемен Қазақстанның  рәмізі екендігін,  еліміздің  кешегі  күнінің  айғағы, сенімді  бүгініміздің  дәлелі  және  жарқын  болашағының  кепілі  болып  табылады. 

     -1999 жылы  біздің  өсуімізге  жаңа  мүмкіндіктердің  көкжиегі  ашыла   бастады. Осыған  байланысты  теңгенің  экономикалық  өсімге  тікелей   қызмет етуін  қамтамасыз  ету   қажет  болды. Бұған  дейін   теңге  құлдырай  бара  жатса  Ұлттық  банк  өзіндегі  алтын-валюта  қорынан қосымша  ақша  жұмсап, оны  реттеп отыратын. Бірақ бұл  әрекет  жасанды  бағамның  жасалуына жол  ашты. Теңгенің  шын  бағамын  белгілеу  үшін  оны  еркін  жүзеге  жіберу  керек  болды.. Елдегі  инфляция  қазір  соңғы  үш жылда  5-6 пайыздан  асқан жоқ.

     - Ел экономикасының стратегиялық  даму  көрсеткіштеріне  болжам  жасала  отырып, 2006-2007 жылдары   теңгені  еркін  айырбасқа   жіберу  туралы  мемлекетте  бағдарлама  бекітілді. Осыған  орай  теңге   үш жылдан  кейін  барлық  экономикалық  кеңістіктерде  АҚШ-тың  доллары  сияқты  еркін  айырбасталатын  валютаға  айналмақ.Мұндай  жағдайда  теңге  өзінің өміршеңдігіне  негіз  қалайтын  болады. Дей  тұрғанмен  болашақта  құрылатын  біртұтас экономикалық  кеңістікте  ортақ  валютаның  болуы  қиял  емес. Теңге  халқымыздың  бірнеше  ғасырлар  бойы  қол  жеткізе  алмай  келе  жатқан  асқаралы армандарының  бірі  болатын.

     Қорғау  элементтері, пайдаланатын  техникалық  тәсілдер, орындалу  күрделігінің  жиынтығы  бойынша  Қазақстан  теңгесі  қолданылып  жүрген валюталардың  жетекші  әлемдік  үлгілерімен  бір қатардан  орын  алады және  оның  дизайны  одан әрі  жетілдірілуде, бұл  полиграфиялық  және компьютерлік  технологиялардың  дамуына әрі  ақшаны  жаңа  тұрғыдан  қорғау мен оған  мәшине  ғана оқи алатын  элементтерді  енгізу  бойынша Ұлттық  банктің жоспарлы  жұмысына  байланысты  болды. 2006 жылы  жаңа дизайндағы  банкноттарды  енгізді.

     Ұлттық  валюта- теңгені  енгізген алғашқы  күннен  бастап қайта құру  құрылымын  тездету, инфляцияны  төмендету, тұрақты экономикалық  өсуге  жету, төлем  балансының  тепе-теңдігін  және  ұлттық  валютаның  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету міндеттері  қойылды. Осы мақсатта  Үкімет  пен Ұлттық  банк  қатаң  макроэкономикалық саясат  жүргізуге  бағыт  алды,  оған  бюджет  тапшылығын  едәуір  қысқарту  және  кредит  экспансиясын  шектеу кіреді.

     Валюталық  реттеу және  валюталық  бақылау  саласында  валюталық  режимді  бұдан  әрі  ырықтандыру  үшін  қажетті  алғышарт  жасау  бойынша  жұмыс  жалғасуда. Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  2005-2007 жылдарға  арналған  валюталық  режимді  ырықтандыру  бағдарламасы іске  асырылуда.

     Есеп  айырысу  баламасына  деген сұраныс  б.э. дейінгі VIII  ғасырда  белгілі  салмақ  пен  құрамдағы  стандартты құймалардың  пайда  болуына  негіз  қалады.

     Қазақстанның  Конститутциялық  Кеңесі  Қазақстанның  біртілді  я  екітілді  мемлекет  екендігін  ашып  айтып  бере  алмаған  күйі  үнсіз. Демек, елдегі  солқылдақ  ұлттық  саясаттың  салдарынан  біз  әлі де  мемлекеттік  тілдің статусын  айқындай  алмай  жүрміз. Сөйтіп, төл  теңгеміз  қос  тілде  жарық  көрді. Мемлекеттік  тілде  қате  кетті.

     Елдің  елдігін, мемлекеттігін  паш  ететін  5 түрлі  символы  болады, олардың  бастысы  әрі  бірегейі – тілі мен  территориясы, шекарасы мен ақшасы. Ендеше, теңгеге тек төлем құралы  ретінде ғана  қарауға болмайды  екен. Ол  төлем құралы  бола  тұрып, елдің тарихи  жадында  паш  етуі  тиіс.

     Айырбастау  ауыр басталатын ақша сомасына тәуелсіз және қандай да бір комиссиялық алымдар ұ сталмай бірге –бір  есебінде  жүзеге асырылады.  Алдағы уақытта болатын акция ескі  және жаңа  дизайндағы  банкноталардың  республиканың бүкіл аумағында бір жыл бойы  қатар жүруін  көздейді.  Әр  түрлі дизайндағы банкноталар шыққан жылына  қарамастан  номиналы  бойынша  төлем  құралы ретінде  қабылдануға міндетті.Егер қатар жүру кезінде  қандайда  бір заңды  тұлға ескі  және жаңа дизайндағы  банкноталарды номиналына қарамастан  қабылдаудан бас тартқан жағдайда , онда мұндай іс- әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166 -1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызылады.

     -Біздің  еліміз – көп ұлтты мемлекет , мұнда : қазақ тілі – мемлекеттік  және ұлтаралық қарым – қатынас  тілі ретінде қабылданған орыс тілін пайдалану тарихы  тұрғыда  қалыптасқан. Біздің заңдарымыз ,  Конституциядан бастап бұл екі тілдің   қандай да бір жағдайларға қарамастан  тең  дәрежеде,  бірдей қолданылуын көздейді. Объективті себептер – екі тілдің қолданылуы  және  барлық  заңдардың көрсетілген конституциялық нормаға сәйкес   келтірілуі -   ұлттық валюта банкноталарында   екі  тілдегі  жазулардың  пайда  болуына себепші  болды.  Ескі үлгідегі және сондай-ақ жаңа үлгідегі банкноталардың  жоғары  номиналдарының  сырт  жағында  мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде  жазылған  тек  екі жазу  ғана  бар. Бұл номиналдың әріптік таңбалануы  және қолдан жасағаны үшін  жауапкершілік  туралы  ескертетін жазу. Осы жоғары  номиналдарды  енгізгенде   орыс  тіліндегі жазулардың  пайда болуы, шындығында, іс жүзінде байқалмады, бұл бұрынғы банкноталарда пайдаланылған біріңғай  бейнелермен байланысты болды.

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Ұттық Валюта – Қазақстан теңгесінің банкноталары мен монеталары дизайны Тұжырымдамасының 10-тармағына сәйкес "Банкноталар мен монеталардағы жазулардың  мәтіні  мемлекеттік  және  орыс тілінде болуға тиіс,коллекциялық және инвестициялық монеталарда мемлекеттік  тілде  жазумен  қатар шет тілде жазуды пайдалануға болады ". 
 
 
 
 
 
 

     2   Қазақстандағы ақша реформалары 
 

     2.1 1947 жылғы ақша реформасы 

     Ұлы Отан соғысы елге – 679 млрд рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд рубльді құрады.

     Өндіріс пен халық  тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу үшін халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, әскери адамдарға салық және жалғыз  басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылады. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4 % шамасында қаражаттар түсті

     Бюджет  тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды. Өндіріс көлемінің қысқаруымен  айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған  нарықта  бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік  сауданың тұтыну заттарына соғысқа  дейінгі заттар пайдаланылды . Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе рақылы қол жеткізілді. Рубльдің сатып алу қабілеттілігі төмендей берді.

     Соғыстың  зардаптарын жою үшін экономика  облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу қабілеттілігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге ( КСРОКеңес министрлігімен БКП ( ОК қаулысына сәйкес 1947 жылдың 14 желтоқсанында «Ақша реформасын жүргізу туралы және азық түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы») мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1: 10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы 3000 рубльге дейінгі ақшалары қайта бағалауға ұшыраған жоқ, 3000 рубльден 10000 рубльге дейін 3:2 жеңілдік арақатынасымен 10000 жоғары 2:1 арақатынасымен қайта бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы  ақша қаражаты жеңілдік қатынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшның айырбасталуы қысқа мерзімде 15:20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді. Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде жаңа ақшамен төленді.

     Реформаның  басты элементтернің бірі бұрынғы  шығарылған мемлекеттік займдары ( 1947 жылғы займнан басқасы) 1948 жылы біртұтас 2%-тік займға конверсиялануы болды. Барлық бұрынғы займдар облигациялары 3:1 қатынасымен айырбасталды.

     Ақша  реформасын жүргізумен қатар, барлық азық- түлік және өнеркәсіп тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді.

     Еркін мемлкеттік сауданың ықпалымен колхоз нарықтарындағы бағалар төмендеді. 1948 жылдың бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41 %-ға өсті.

     1947 жылғы ақша реформасы ақша  жүйесінің түбірімен қайта құрылуын  білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де реформаға дейінгі болған ақша айналысының құрылымысақталды. Бұның сәл ғана айырмсашылығы сол , Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес рубль түрінде шығарылатын болды.

     Реформа ақша жүйесін нығайта отырып ақшаның  барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілеті бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс аралығындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын  төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.  
 

     2.2 Теңге бағамының айналысқа шығуы 

     1993 жылдың қарашасында  теңгенің  айналысқа шығарылуы біздің жас  тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы  ең маңызды  оқиғалардың бірі  болып табылады. Ол еліміздің  тәуелсіздігін нығайту жолындағы   түбегейлі әлеуметтік-экономикалық  реформаларды жүргізу үшін  қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы  жүргізіліп келе жатқан  мемлекеттің тізбекті  қаржылық саясатының арқасында  елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады. 

     Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.

     Ақша  мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.

     Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің  экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.

     1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады. 

     1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді. 

     Тарихи  күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.

     Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге  ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды шаруалардың бірі болды.

     1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.

Информация о работе Қазақстандағы ақша реформаларын себептері