Қазақстандағы ақша реформаларын себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 23:01, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Ақша реформасының маңыздылығы 5
1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы 5
1.2 Ақша реформасының мазмұны 6
1.3 Қазіргі заманғы ақша теориялары 8
2 Қазақстандағы ақша реформалары 15
2.1 1947 жылғы ақша реформасы 15
2.2 Теңге бағамының айналысқа шығуы 16
2.3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 19
3 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Работа содержит 1 файл

реформа93.doc

— 203.50 Кб (Скачать)

     Червонец  тарихқа «алтын» деген атпен  кірді, бұл жерде оның мазмұны  патшалық он рубльдің алтын мазмұнына  сәйкес келуінің қатысы болғандықтан емес.

     Мемлекеттік банк валюталық бағамды өзгеріссіз қалыпта ұстау мақсатында «еркін нарықта» алтынды және шетел валютасын сатып және сатып алып отырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыны қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын ныңайтға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.

     Сонымен қатар червонецтер кеден баждарын төлеуге де қабылданды. Червонецке тұрақты бағамда валюта лаумүмкіндігі, сондай ақ червонецтегі бағалардың тұрақтылығының қамтамасыз етілуін оған деген сенімді  арттырып қоймай, оның пайдалану аясын кеңейте түсті. 1923 жылдың бірінші шілдесінде червонецтер елдегі ақша массасының 45пайызын құрайды. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану құралы болып табылады. Валюталық нарыққа алтынның және  шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.

     1922-1924 жылдары ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

     Ақша  айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып  Ұлы Отан соғысында тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады. 
 

     1.3  Қазіргі заманғы  ақша теориялары   

     XVI-XVII ғасырларда Қазақстанда 1655-1663 жылдары  Александр патшаның тұсында аса  зор мөлшерде шығарылған мыс тиындары пайда болған Нумизматикалық зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыстарын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы да ежелгі қаржылық дәстүрлердің жаңғыруындай, ал ақша атауын - "теңгені" де біздің ата-бабаларымыз көне Отырардың өзінде пайдаланған.

     Теңгенің  жасырын жағдайда жасалынуы мен  Қазақстанның рубль аймағында қалуға мүдделік танытуы туралы әңгіме қозғағанда, оның экономикалық, саяси жіне техникалық себептерін жіктегенді дұрыс деп  есептеймін.

     Бірінші- экономикалық себебіне тоқталсақ. Бұл тұрғыда кеңестік жүйе бойынша Ресейден басқа одақтас республикалардың түгелге жуығы шикізат шығаруға бағытталып,соңғы өнімді өндіретін негізгі өнеркәсіп орындары мен зауыттардың барлығы ұлы көршіміздің еншісінде болды. Біз сыртқы және ішкі сауда айналымын жүзеге асыруда Ресейсіз түк бітіре алмайтын мүшкіл халде едік. Мұны сол жылдары еліміздегі экспорт  пен  импорт операциялары тұтастай көлемінің 70 %-дан астамы тек Ресеймен ғана жасалынуымен деп бағамдай беріңіз. Осындай жағдайда біздің рубль аймағынан бірден шығып кетуіміз өнеркәсібімізді өз қолымызбен тұншықтырумен теңеді. Осыған байланысты шамалы да болса уақыт ұтуымыз керек болды. Әрине Ресейдің өз валютасын енгізуге деген талпынысын біз Қазақстанға байланысты рыноктарын оңтайландырып жаққанынан-ақ біліп отырдық. Оның өз қазба байлықтары рыногына қарай икемделуі Қазақстаннан жөнелтілетін тауар көлемін күрт кемітетінінде алдын- ала есептедік. Сондықтан бізге басқа рыноктар тапқанша уақытты соза түсу тиімдірек болды.

     Енді  теңгені құпия жағдайда жасаудың таза техникалық себептеріне келсек. КСРО тарап, егемендігін алған 15 елдің ішінде 1992 жылы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана рубль аймағын сақтап қалды. Қалған 11-нің түгелге жуығы өздерінің ұлттық валюталарын енгізіп үлгерген болатын. Осы жерде біз Кеңес Одағының валютасынан бас тартып, өз ақшамызды шығаратынымызды ашықтан-ашық жария еткенімізде, бұрынғы одақтас республикалар аумағында жарамсыз болып қалған миллиардтаған ескі ақшалар елімізге құйылатын еді. Ал оның соңы өмірге жаңа келген теңгеміздің  құнын бірден жоғалтып, апатқа әкеп соқтыратыны анық еді.

     -1992 жылдың қаңтарында  Елбасының  тікелей тапсырмасымен ұлттық  валютаны дайындауға кіріскенімізде, бірінші кезекте жаңа ақшаның  аты қандай болады деген мәселе  тұрды. Соған байланысты тарихшылардың, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің,  ақын-жазушылардың көптеген ұсыныс пікірлері  жинақталды. Сарапқа салғанда, пікір білдірушілердің басым бөлігі "алтын",  "сом" және "теңге" деген атауларға тоқталған екен. Біз осы үш атаудың қайсысы ұлттық нышанымызды дәл айқындап, негізге сай бола алатыны туралы республика Ғылым академиясының ғалымдарымен ақылдастық. Академик ағаларымыз бастаған білгір ғалымдар теңгенің жүздеген жылдар бұрын Орталық Азия аумағында айналымда болғанын және археологиялық қазбалар арқылы дәл біздің еліміздің аумағында айналымда болғанын нақты деректер келтіреді.  Қазақтың  тарихы тым тереңде жатыр және ұлы адамдарға кенде емес. Ежелгі тарихымызда да айтулы тұлғалар аз еместігі  және тәуелсіздіктен кейін есімдері қайта жарыққа шыққан ел перзенттерінің ұлықтауға тұрарлық еді. Сонымен бірге біржақты кетіп қалмай белгілі адамдар бейнелері өмір сүрген ортасына  қарай қазақтың барлық өңірінен тең қамтылу қажет болды. Бұл ұлтымыздың  ішкі мәселесі десек, сыртқы саясатта елдегі орыс ұлтының құқықтарын ескеру, көрші Ресеймен достық  қарым-қатынасты қаперде ұстауымызға тура келді. Осы талаптар негізінде көне тарихымыздың жарық жұлдызы әлем мойындаған ғұламамыз Әл-Фараби, қазақты тұтас ұлт ретінде ұйыстырған  Абылай, абыз ақын Абай, дәулескер  күйші Құрманғазы, жыр сүлейі Сүйінбай және Ресей елі арасында байланыс орнатқан Әбілхайыр хан, қазақты орыс еліне танытқан Шоқан Уәлиханов сияқты бабаларымыздың портреттері бірауыздан қабылданды.

     - Ұлттық валютаны алғаш енгізгенде  әлемдік тәжірибе бойынша 1 теңгелікке классикалық номинация түрін жасадық. Ал барлық елдерде одан кейінгі  және  жүздің  сыртындағы валюталар елдің  экономикалық деңгейінің көрсеткішінің  анықтауышы қызметін атқарады. Сондықтан да  елде инфляция болған жағдайда олардың  айналымнан  шығып  қалуы табиғи құбылыс. Сондықтан да кейіннен жарыққа шыққан 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік купюрлерді шығарғанда ақша шығаратын мекеменің жаңа дизайнға шығын шығармауын есептеп  классикалық   негіз  ретінде  алынған  1 теңгеліктің  нұсқасы  қалдырылды. Әрі  Әл-Фараби  бабамыздың суретінің тұруы ешкімге ешқандай дау туғыза қоймас.

     Теңгені  шығарар  алдында  біз алыс- жақын  елдердің тәжірибелерін көп  зерттедік. Бізге уақытша валюта шығару тиімсіз  болды. Осыған орай бірден  негізгі валютамызды шығаруға  тәуекел  еттік. Дизайн  жасаумен айналысқан еліміздің 4 азаматы әлемдегі ең мықты деген  валюталардың  қорғаныштық қабілетін зерттеді. Біз  үшін  теңгені  басу  басты шаруа емес еді. Теңге  Лондондағы кәсіпорында  небәрі  4 айда  басылып  шығарылды. Мемлекет  басшылығымен  оны  1 қыркүйекте   шығару  тапсырылды. Бірақ ол үшін алдын-ала көптеген маңызды міндеттерді  бітіріп  алуға  тиіс  едік.

     Егер  ақша  дегеніміз  не деген  сауалға  жауап  іздесек,  онда  оның  қоғамда  үш  түрлі негізгі қызмет  атқаратынын айтқан  жөн. Біріншіден, теңге айналым құралы болып табылады, яғни  тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен қайта сатуда  пайдаланылады. Бұл базардағы ресурс иелері  мен өндірушілердің  кез-келген  тауар мен қызметті  сатып  алуға  пайдалануына  мүмкіндік  беретін  өте  қолайлы  әлеуметтік  құрал. Теңге  айырбас  құралы  ретінде  қоғамды  баспа  бас  айырбастың  қолайсыздығынан  құтқарады. Тауар  айырбасына  қолайлы  жағдай  туғыза  отырып , ақша  қоғамға  географиялық  мамандану және  адамдар  арасындағы  еңбек  бөлінісі  жемістерін  пайдалануға  мүмкіндік  туғызады. Яғни  теңгенің  арқасында  біз  әлемнің  көптеген  елдерінен  тауар  ала аламыз.

     Екіншіден, теңге  бағаның  өлшемі болып  табылады. Қоғам  ақшаны  түрлі  байлық пен ресурстар  бағасының  салыстырмалы  өлшемі ретінде  пайдалануды  қолайлы  көреді. Жолды  шақырыммен, салмақты килограммен  өлшейтініміз  сияқты  байлық  пен  қызмет  құнын  ақшамен  өлшейміз. Мұның  артықшылығы  айқын. Ақша  жүйесінің  арқасында біз  бір  тауардың  құнын  анықтау  үшін  оған  айырбасқа  жүретін  басқа  тауарды  іздестіріп  жатпаймыз. Мәселен, малдың  бағасын  астықпен,  мәшинемен, шаймен  немесе басқа  заттармен  өлшеп  шығарып  жатудың  қажеті  шамалы. Ақшаны  жалпы атау  ретінде пайдалану, кез келген  өнімнің құнын ақша  арқылы  бағалау деген сөз. Оны бұлайша пайдалану адамдарға түрлі тауарлар  мен ресурстардың  салыстырмалы  бағасын оңай  бағамдауға  мүмкіндік туғызады. Мұндай  салыстыру дұрыс та тиімді  шешім  қабылдауды  жеңілдетеді. Яғни  ақшамен  жалпы  ұлттық  өнім  мөлшері  және  басқа да  экономикалық  көрсеткіштер, барлық  төлемдер  мен  қарыз,  несие  міндеттемелері  өлшенеді.

     Үшіншіден, теңге  салым  құралы  ретінде  қызмет  етеді. Ақша  тауар  ретінде  пайдалануға  әлдеқайда  қолайлы, ол арқылы  байлықты  салым  ретінде  сақтау  ұтымды. Бұл  тұрғыдан  алғанда  ол  қозғалмайтын  мүліктер  (жеке меншік) және  бағалы  қағаздармен (акция,облигация,т.б.) қатар  байлықты молайту  құралы болып  табылады. Әдетте, ақша  деп  қолда  бар, айналыста  жүрген  металл және  қағаз  ақшалар,  сонымен  қатар  чектік  салымдар, яғни  банктегі , түрлі  сақтық мекемелеріндегі  чектер  түсініледі. Металл  және  қағаз  ақшалар  мемлекет міндеттемесі болса, ал  ағымдағы есеп  шоттар  коммерциялық  банктер мен сақтық  мекемелерінің  міндеттемелері болып  табылады. Сол  сияқты  ақшамен қатар  түрлі  қаржылық  міндеттемелер  формасы  ретінде  мемлекеттік  бағалы  қағаздар, т.б. өмір сүреді. Олар  тікелей қарым қатынас  құралы  қызметін  атқармағанымен , жедел  қолма қол  ақшаға  немесе  чекке  айнала  алады. Нарықтық  қарым  қатынастың  келешек  дамуына  орай  мұндай  міндеттемелердің  саны  мен  көлемі  өсе  түсетін  болады. Ақшаның  бағасы  немесе  сатып  алу  пәрмені  дегеніміз  сол  ақшаға  сатып  алуға  болатын  тауарлар  мен  қызмет  көлемі.

     Тәуелсіз  еліміздің  экономикасын  тұрақтандыруда, экономикалық  өсу  мен  экономикалық – қаржылық тәуелсіздігімізді  қамтамасыз  етуде  ұлттық  валюта – теңгенің  рөлі  айтарлықтай.

     Алғашқы  кезде  Теңгенің  бірінші  шығарылған  қатары  (1 теңге = 100 тиын) мынадай  номиналдардан  тұрады: 1, 3,  5,  10,  20,  50  және 100 теңгелік банкноттар,  1,  3,  5,  10,  20  теңгелік  монеталар,  1,  3,  5,  10,  20  және 50 тиындық  монеталар (бастапқыда  қағаздан  жасалған).

     Кейіннен  айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы  үлгідегі  номиналы  200 теңгелік  және  1994 жылғы  үлгідегі  500 теңгелік  банкноттар;  1995 жылы  1994 жылғы үлгідегі  номиналы  1000 теңгелік  банкноттар;  1996  жылы  1996 жылғы үлгідегі  номиналы  2000  теңгелік  банкноттар; 1997 жылы номиналы  1,  5,  10,  20,  50  теңгелік  монеталар (жаңа дизайны);  1999 жылы  1998 жылғы үлгідегі  номиналы  5000 теңгелік  банкноттар;  2000 жылы  1999  жылғы үлгідегі  номиналы  200 және  500  теңгелік  банкноттар (дизайны  өзгертілген).

     2001 жылы:  2000 жылғы  үлгідегі  номиналы  1000 және  2000  теңгелік  банкноттар  (дизайн  өзгертілген);  2001  жылғы   үлгідегі  номиналы  100  теңгелік  банкноттар (дизайны  ішінара   өзгертілген);  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің  10 жылдығына  арналған  2001 жылғы  үлгідегі  5000 теңгелік  мерейтойлық  банкноттар;  2001 жылғы  үлгідегі  5000 теңгелік  банкноттар (дизайны  ішінара өзгертілген).

     2002 жылы:  2003 жылғы  үлгідегі  номиналы  100 теңгелік  банкноттар;  1999 жылғы үлгідегі  номиналы  200  және 500 теңгелік  банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.

     2003 жылы:  2003 жылғы  үлгідегі номиналы  10000 теңгелік  банкноттар.

     1993  жылға  дейін  айналыста  кеңес  рублі  болды, сонан соң Ресей жаңа  рублін  енгізді.  1993 жылдың  күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең  соңында рубль аймағынан шықты. Ұлттық  валютаны  енгізу  туралы  Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің бірлескен қаулысы қабылданды. Президенттің  Жарлығы шықты. Осылайша,  1993 жылдың  15 қарашасы  төл  теңгеміздің  туған  күні  деп саналады.

     Егер  де бүгінгі  таңдағы  қаржылық  жүйеге , біздің  валютаға  келетін  болсақ,  қазіргі  кезеңде  теңге  нығайтылды деп айту  әлі  ерте.  Оның  бағамы  тек  тұрақтанды  деуге  болады.  1999 жылға шейін теңге бағамын жасанды түрде ұстап тұрдық. Бірақ басты проблема  валюталық бағамда емес. 1996-1998 жылдар  барлық  күш инфляциямен күреске жұмсалды. Үкімет  теңгешілдік саясатты жүргізе отырып, ақша  тапшылығын  тудырды. [6,4 бет]

     -Тәуелсіз  мемлекеттің  міндетті  рәміздерінің  бірі – оның  ұлттық  валютасы  болып  табылады. Кез-келген мемлекеттің   тарихына оның  бір-ақ  рет   енгізілетін  өз  валютасының   тарихы  да  кіреді. Басқа  көптеген  елдердің  ұлттық  валютасының  тарихы  сан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан. Барлық  ұлттық  валюта  елдің  өткенін, бүгінгісін  және  болашағын  бейнелейді. Ал  теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық  валютасының  тарихы – Президенттің  1993 жылғы  15 қарашадағы  Жарлығынан  басталады. Алайда  сол  күнге  дейін  теңгенің  сыртқы  сипатын  жасау  бойынша  ұзақ жылдар  мен  айлар  бойы  қатарлы  еңбек пен  табанды  жұмыс  жүргізілген  болатын. Алғашқы  кезде  теңгенің  бірінші  шығарылған  қатары  мынадай  номиналдардан  тұрды 1,3,5,10,20,50 және 100  теңге. Бір теңге құны   1,2,5,10, 20  және 50  тиын  болатын 100  тиыннан тұрды. Жеті  банкнот жасау үшін  Т.Сүлейменовтың басшылығымен  суретші дизайнерлер командасы құрылды. Оған  М.Әлин, А. Дүзелханов  кірді. Оларға  ерекше  әрі  өте  жауапты  жұмыс  жүктелді. Банкноттың  дизайны  көркемдік  жағынан  алғанда  эстетикаға  сай  әрі  алдағы  уақытта  оларды  көптеп  шығаруға,  яғни  полиграфиялық  басылым  тұрғысынан  алғанда  барынша  ыңғайлы  болуы  керек. Біріншіден, банкноттар  тарихи  тұжырымдама тұрғысынан  алғанда шын мәнінде қандай  болуы керек екенін  шешу  қажет болды. Екіншіден, оларда  бейнеленген тарихи  тұлғалардың бет-әлпетін барынша дәл түсіру  керек-тін.

     Металл  ақша – ерекше  әрі  маңызды  тарихи  дерек  көзі. Олар  бүгінгі  күнге  тарихи  тұлғалардың  тұтас  бір  портреттік  галереясын,  түрлі ескерткіш  бейнелерді  алып  келді, олардағы  суреттерде  мифологиялық  сюжеттер, тұрмыс-салт  көріністері  бейнеленді.

     1994  жылы  ұсақ  қағаз  тиындардың  орнына  құны 2; 5; 10;  20; және 50 тиындық  латунь  металл  ақшалар  шығарылды. Қазіргі  уақытта  Қазақстан Республикасының  аумағында  "нейзильбер"  қоспасынан  жасалған  1993 жылдың  үлгісіндегі  құны  1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың  үлгісіндегі   "нбрасс"  қоспасынан  жасалған  құны  1; 5; 10 теңгелік  және  "нейзильбер"  қоспасынан  жасалған 20,50  теңгелік  металл  ақшалар айналыста жүрді. 1997  жылғы үлгідегі  (жаңа металл  ақша  қатары) металл ақшаларды айналымға қосу  оларды  халықтың  пайдалануы  үшін  барынша  қолайлы  етіп  шығаруға, металды  аз  жұмсауға  деген  ұмтылысқа, сондай-ақ  металл  ақшаның 50 теңгелік  қосымша  құнының  енгізілуіне  байланысты  болды.

     Республикада  ақша  айналымында  металл ақшамен  қатар  мерейтойлық  және  ескерткіш металл  ақшалар да  қолданылуда. Мерейтойлық және  ескерткіш металл ақшалар белгіленген құнға сәйкес  төлем қабілетіне  ие, бірақ олар  негізінен мәдени-ағарту  мақсатында  шығарылған. Әдеттегідей олар  қатаң шектеулі  таралыммен  шығарылады  және  Қазақстан Республикасының  аумағында  және  шет  елдерде  коллекциялық  құнымен  сатуға  арналған. 1995-2000  жылдардағы  кезең  ішінде  "нейзильбер"   қоспасынан  он бір  ескерткіш  және  мерейтойлық  металл ақша, тоғыз күміс және "prool"  сапасымен бір алтын  ақша  шығарылды.

Информация о работе Қазақстандағы ақша реформаларын себептері