Қоғамдық өндіріс түсінігі және оның құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 20:36, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2

І бөлім. Қоғамдық өндіріс түсінігі және оның құрылымы
1.1 Өндіріс және оның түрлері............................................................................4
1.2 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы..................................................7

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өндірістің қазіргі жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасы қоғамдық өнеркәсіп саласын талдау............11
2.2 Өндірістік емес салалардың жағдайын талдау..........................................16

ІІІ бөлім. «Түпқараған» ЖШС-нің шаруашылық қызметті жүзеге асыруының дамуы
3.1 Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы...............18
3.2 Кәсіпорынның 2008-2010 жж. экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайын талдау........................................................................21

Қорытынды.......................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................31

Работа содержит 1 файл

қоғамдық өндіріс.doc

— 331.50 Кб (Скачать)

       Оңтүстік  Қазақстан облысында өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі 113,5% құрады. Уран және торий кендері, газойльдер, мотор отыны, мазут,  цемент, ұн шығарылымы артты.

       Атырау  облысында мұнай және мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің өсуі есебінен өндіріс көлемі 13,2%-ға өсті.

       Қостанай  облысында біріктірілген темір  кені, темiркендi шекемтастар және қойыртпаларды  шығару, сыра, сүт өнімдерінің өндірісі өсті (112,6%).

       Жамбыл  облысында фосфор, фосфатты шикізат, мотор отыны, құрама құрылыс металл конструкциялары, жылу энергиясы  шығарылымы өсті (110,8%).

       Алматы  облысында алкогольсіз сусындар, сыра, шырындар, аккумуляторлар,  ғанышкартон, бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялардың  және электр энергиясы шығарылымының өсуі есебінен өндіріс көлемі өсті (110,4%).

       Ақтөбе облысында мұнай, мыс қорытпалары өндірісі, хром кендері, хром тотығы,  сұйытылған пропан және бутан, электр энергиясын өндіру артты (108,9%).

       Шығыс Қазақстан облысында нақты көлем  индексі 107,3% құрады. Тазартылған алтын және күміс, күнбағыс майы, тракторлар, жеңіл автомобильдердің өндірісі жоғарылады.

       Маңғыстау облысында мұнай, газ және электр энергиясын өндірудің артуы есебінен өндіріс көлемі 5,9%-ға өсті.

       Қарағанды облысында нақты көлем индексі  104,3% құрады. Тас көмір, мыс және марганец кендері мен қойыртпалары,  тазартылған өңделмеген мыс, мыстан жасалған сым өндіру артты.

       Қызылорда облысында уран және торий кендері, күріш, пропан және бутан  өндірісі артты (101,1%).

       Солтүстік Қазақстан облысында тазартылмаған күнбағыс майы, ұн, сорғыштар, жүк вагондарының өндірісі өсті (100,2%).

       Газ конденсаты, табиғи газ өндіру және газойльдер өндірісінің төмендеуі  есебінен Батыс Қазақстан облысында  нақты көлем индексі 97,4% құрады. 

       Өңірлер бойынша өнеркәсіп  өнімінің көлемі және нақты көлем индекстері

     Кесте 2

Жер атаулары Қолданыстағы  бағасымен өнiм көлемi, млн. теңге Нақты көлем индексі,  
2009 жылға %-бен
Қазақстан Республикасы 12 105 526 109,6
Ақмола 179 894 130,1
Ақтөбе 962 019 108,9
Алматы 366 842 110,4
Атырау 3 119 542 113,2
Батыс Қазақстан 990 134 97,4
Жамбыл 119 570 110,8
Қарағанды 1 032 065 104,3
Қостанай 450 895 112,6
Қызылорда 809 648 101,1
Маңғыстау 1 647 368 105,9
Оңтүстік  Қазақстан 316 358 113,5
Павлодар 843 970 115,2
Солтүстік Қазақстан 85 111 100,2
Шығыс Қазақстан 641 267 107,3
Астана қаласы 111 304 124,7
Алматы қаласы 429 539 122,5
 

       2010 жылы кен өндіру өнеркәсібінде  және карьерлерді қазуда нақты  көлем индексі 107,2% құрады. Шикі  мұнай (105,8%), табиғи газды (106,2%) және металл кендерін (107%) өндіру өсті.

       Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 13,9%-ға  өсті, тамақ өнімдері және сусындар, құрылыс  материалдары, қара, түсті металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі өнімдерінің шығарылымы өсті.

       Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда электр энергиясын өндіру, беру және бөлу көлемінің 5,3%-ға,  бу беру және ауа баптауы 7,3%-ға артуы есебінен нақты көлем индексі 104,9% құрады.

       Сумен жабдықтауда 2010 жылы нақты көлем  индексі 109% құрады.

     Қызмет  түрлері бойынша  өнеркәсіп өнімінің көлемдері  
және нақты көлем индекстері

Кесте 3

  Қолданыстағы  бағасымен өнiм көлемi, млн. теңге Нақты көлем  индексі,  
2009 жылға %-бен
Барлық  өнеркәсіп 12 105 526 109,6
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді  қазу 7 419 550 107,2
көмір және лигнит өндіру 130 586 104,4
шикі  мұнайды өндіру 6 154 113 105,8
табиғи  газды өндіру 41 273 106,2
металл  кендерін өндіру 652 603 107,0
    темір кендерін өндіру
257 727 113,4
    түсті металл кендерін өндіру
394 876 105,7
кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары 76 853 109,8
кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер 364 122 129,9
Өңдеу өнеркәсібі 3 844 659 113,9
тамақ өнімдерін өндіру 695 245 105,8
сусындарды  өндіру 149 693 126,5
темекі  өнімдерін өндіру 68 020 91,0
тоқыма  бұйымдарын өндіру 18 416 100,5
киім  өндіру 12 450 124,1
былғары және оған жататын өнімдерді өндіру 3 363 68,3
жиһаздан  басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге  арналған материалдан жасалған бұйымдар өндіру 9 734 149,4
қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру 23 443 102,8
кокс  және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 332 189 113,2
    мұнай өңдеу  өнімдерін өндіру
325 582 114,2
химиялық  өнеркәсіп өнімдерін өндіру 104 107 121,4
негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру 19 979 142,7
резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 80 083 135,6
өзге  металл емес минералдық өнімдерді өндіру 202 109 111,5
металлургия өнеркәсібі 1 595 090 112,2
    қара металлургия
687 415 109,4
    негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру
902 428 115,7
машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау 95 510 98,2
машина  жасау 376 184 133,6
    компьютерлер  жасау, электрондық және оптикалық  бұйымдарды жасау
16 555 129,2
    электр жабдықтарын  жасау
49 259 121,1
    басқа санаттарға кіргізілмеген машиналар мен  жабдықтар жасау
56 898 136,9
    автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер жасау
15 754 210,6
    өзге де көлік  құралдарын жасау
27 429 303,7
    машиналар мен  жабдықтарды жөндеу және орнату
210 291 125,2
жиһаз жасау 21 470 129,4
өзге  де дайын бұйымдарды жасау 8 703 292,1
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 713 913 104,9
электр  энергиясын өндіру, беру және бөлу 541 255 105,3
газ тәрізді отынды өндіру және бөлу 36 681 89,3
бу  беру және ауа баптау жүйелері 135 977 107,3
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың  
  жиналуын және таратылуын бақылау
127 404 109,0
 

       2011 жылғы қаңтар-қазанда 2010 жылғы  ұқсас кезеңмен салыстырғанда  өнеркәсіп өнімінің нақты көлем  индексі 104%-ды құрады. Өндірістің өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды.  Ал Қостанай, Қызылорда облыстарында өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейіне сәйкес. Төмендеу Маңғыстау облысында тіркелді.

       Жамбыл  облысында 2011 жылғы қаңтар-қазанда  өнеркәсіп өнімінің нақты көлем  индексі 132,3%-ды құрады. Цемент және цементтерге  арналған қосымшалар, фосфор, фосфор қышқылы, натрий үш полифосфаты және ферросилико марганец шығарылымы артты.

       Астана  қаласында локомотивтер, преформалар, тауарлық бетон, цемент, бетоннан жасалған тақталар және қара металдан немесе алюминийден  жасалған конструкциялар шығарылымы өсті (130,5%).

       Ақмола  облысында нақты көлем индексі 117,9% құрады. Тас көмірі, құрамында алтыны бар, және уран кендер өндіру, өңделмеген алтын, мойынтіректер және жүк автомобильдердің шығарылымы жоғарылады.

       Алматы  қаласында мыс негізіндегі қорытпалар, дәрі-дәрмектер, сүт, шоколад, бетоннан жасалған құрылыстық құрама конструкциялардың және есептеуіш машиналар шығарылымының  өндіріс көлемі 15%-ға артты.

       Жиһаз, шылым, алкогольсіз сусындар, сыра, ұн және аккумуляторлар шығарылымы Алматы облысында артты (110,5%).

       Шығыс Қазақстан облысында мыс кенін өндіру артты, тиындар мен медальдар, цемент, тазартылған алтын, күміс және жеңіл автомобильдердің шығарылымы жоғарылады (109,1%).

       Батыс Қазақстан облысында газ конденсаты, табиғи газ өндіру және газойльдер өндірісі артты (109%).

       Өңірлер бойынша өнеркәсіп  өнімінің нақты көлем  индекстері

Кесте 4

  2011ж. қаңтар- қыркүйек

2010ж.  қаңтар- қыркүйекке

2011ж.қазан 2011ж. қаңтар-қазан

2010ж.  қаңтар-қазанға

2011ж.  қыркүйекке 2010ж.

қазанға

         
Қазақстан Республикасы 104,3 109,2 101,5 104,0
Ақмола 119,7 116,3 102,1 117,9
Ақтөбе 108,4 110,0 103,4 107,9
Алматы 110,2 103,0 112,8 110,5
Атырау 100,6 107,9 104,5 100,9
Батыс Қазақстан 110,7 99,0 93,6 109,0
Жамбыл 132,9 100,0 127,3 132,3
Қарағанды 102,6 100,1 93,3 101,6
Қостанай 99,0 112,0 109,3 100,0
Қызылорда 100,0 108,3 100,4 100,0
Маңғыстау 100,0 103,1 93,0 99,3
Оңтүстік  Қазақстан 100,0 97,9 118,5 101,9
Павлодар 101,2 106,3 106,3 101,8
Солтүстік Қазақстан 103,7 108,9 116,5 105,0
Шығыс Қазақстан 108,8 107,9 112,0 109,1
Астана қаласы 133,2 100,8 105,8 130,5
Алматы қаласы 115,3 108,4 112,9 115,0
 

       Нақты көлем индексі Ақтөбе облысында 107,9%-ды құрады. Мұнай, мыс және хром  қойыртпаларының өндірісі артты.

       Жүк вагондар, пластмасса құбырлар, түтіктер, электр энергия, рапс май, макарондар және  жануарларға арналған дайын азықтарын артуы есебінен Солтүстік Қазақстан облысында нақты көлем индексі 105%-ды құрады.

       Оңтүстік  Қазақстан облысында уран кендерін өндіру, электр трансформаторлар, цемент,  оттық мазут және бензин өндірісі артты (101,9%).

       Көмір, болат, өңделмеген алюминий, болат құбырлар және электр энергиясы өндірудің  өндірісі Павлодар облысында артты (101,8%).

       Қарағанды облысында көмір және көмір қойыртпасын, теміркенді агломерат өндіру, болат, жазылған илек өндірісі өсті (101,6%).

       Атырау  облысында нақты көлем индексі 100,9% құрады, негізінен мұнай өндіру және өнеркәсіптік сипаттағы қызметтердің өндірісі артты.

       Мұнай және  газ конденсатын өндірудің  төмендеуі есебінен нақты көлем  индексі Маңғыстау облысында 99,3%-ды құрады.   
 
 

     2.2 Өндірістік емес салалардың жағдайын талдау 

       Өндірістік  емес сала, бейөндірістік сала –  материалдық игіліктерді тікелей  өндірмейтін салалар кешені; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушы көлігі, байланыс (өндірістік емес ұйымдар мен халыққа қызмет көрсету жөніндегі), денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ағарту, мәдениет, көркемөнер, ғылым мен ғылымдық қызмет ету, басқару және т.б, қарекет түрлері.[2]

       Көбінесе  ол адамның бейматериалдық қажеттіліктерін  қанағаттандырумен байланысты салалар. Оларға өндірілу үдерісі уақыт жағынан  тұтынылуымен сәйкес келетін қызметтер  көрсету (кино, театр, монша, саябақ, аттракцион, шаштараз, т.б.), әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсету (әлеуметтік қызметтер), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету, халық пен бейөндірістік салаға арналған көлік пен байланыс, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ағарту, мәдениет, өнер, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, баспасөз, басқару саласы, қоғамдық ұйымдар, т.б. жатады. 

     Көрсетілетін  қызметтер барлығы, қызмет түрлері бойынша

     Кесте 5

  2009 2010
Көрсетілген қызметтер, барлығы 2 059 020,5 2 501 493,7
     
Баспа қызметтері 27 931,5 33 510,6
Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық  жазбалар өндіру бойыша қызметтер 11 886,6 15 405,0
Бағдарламалар мен телерадиохабалар жасау бойынша қызметтер 31 436,6 29 470,4
Компьютерлік  бағдарламалау бойынша қызметтер, кеңес беру және осыған ұқсас қыметтер 32 477,2 42 385,8
Ақпараттық  қызметтер 17 419,6 18 625,8
Жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметтер 243 765,9 281 481,1
Заң және бухгалтерлік қызметтер 37 614,9 43 686,2
Бас компаниялардың қызметтері;  басқару  мәселері бойынша кеңес беру қызметтері 83 781,9 63 590,5
Сәулет, инженерлік ізденістер,  техникалық сынақтар және талдау саласындағы  қызметтер 317 311,9 380 845,4
Ғылыми  зертеулер мен әзірлемелер бойынша қызметтер 60 097,3 82 551,5
Жарнама және нарықты зерттеу саласындағы  қызметтер 69 165,1 92 975,8
Кәсіби  ғылыми және техникалық өзге де қызметтер 49 519,8 52 003,2
Ветеринарлық  қызметтер 8 211,7 12 439,3
Жалға беру бойынша қызметтер 91 084,4 123 829,7
Жұмысқа орналастыру бойынша қызметтер 82 378,7 107 144,7
Тергеу  жүргізу  және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер 92 437,3 105 016,7
Ғимараттарға  және аумақтарға қызмет көрсету саласындағы  қызмет 15 142,3 30 208,5
Кеңселік  әкімшілік, кеңселік қосалқы  және өзге де қызметтер 21 351,2 33 547,4
Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласындағы  қызметтер, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызметтер 669 867,8 815 065,7
Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызметтер 11 844,7 14 558,5
Кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар және өзге де мәдени мекемелердің қызметтері 15 753,2 18 512,3
Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру  бойынша қызметтер 3 058,7 9 274,0
Спорт  қызметтері және демалысты ұйымдастыру бойынша қызметтер 45 953,4 55 547,8

Информация о работе Қоғамдық өндіріс түсінігі және оның құрылымы