Қоғамдық өндіріс түсінігі және оның құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 20:36, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2

І бөлім. Қоғамдық өндіріс түсінігі және оның құрылымы
1.1 Өндіріс және оның түрлері............................................................................4
1.2 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы..................................................7

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өндірістің қазіргі жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасы қоғамдық өнеркәсіп саласын талдау............11
2.2 Өндірістік емес салалардың жағдайын талдау..........................................16

ІІІ бөлім. «Түпқараған» ЖШС-нің шаруашылық қызметті жүзеге асыруының дамуы
3.1 Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы...............18
3.2 Кәсіпорынның 2008-2010 жж. экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайын талдау........................................................................21

Қорытынды.......................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................31

Работа содержит 1 файл

қоғамдық өндіріс.doc

— 331.50 Кб (Скачать)

       Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

       Рыноктық  экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық мақсаттылығы табыс алумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың  абсолюттік көрсеткіші – бұл табыстар сомасы.

       Табыстар  мен шығындар туралы есеп   бухгалтерлiк  есептiң №3 стандартына сәйкес анықталады. Бұл есепте кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi жинақталып, жалпы  табыс, негiзгi қызметтен табыс, негiзгi емес қызметтен табыс, таза табыс түрiнде бейнеленедi. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады: өнімді өткізуден түскен табыс, жалпы пайда, қаржыландырудан табыстар, үлестік қатысу тәсілі бойынша есептелетін ұйымның пайда мен шығын үлесі, жалғаспалы қызмет кезеңі үшін пайда (залал), тоқтатылған қызметтің пайдасы (залал),  салық салғанға дейінгі пайда (залал),  азшылықтың үлесін алып тастағанға дейінгі кезең үшін қорытынды пайда (залал), азшылықтың үлесі, кезең үшін қорытынды пайда (залал), акция үшін пайда.

     Рыноктық  экономика жағдайында табыс рөлі 2 функцияны атқарады: мемлекеттік  бюджет табыстарының көзі; кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзі. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. 

     Қаржылық  табыстары мен  шығындарын талдау, мың тенге

     Кесте 6

Көрсеткіштер 2009ж 2010ж Өзгерісі
+,- %
Банк  депозиттері бойынша пайыздық табыстар 278144 366704 88560 131,84
Қарыздар  бойынша курс айырмашылықтары бойынша  зиянды шегергеннен кейінгі пайда - - - -
Қаржылық  табыстар -барлығы 278144 366704 88560 131,84
Қарыздар  бойынша пайыздық шығындар 217410 439321 221911 202,07
Қарыздар бойынша курс айырмашылықтары бойынша зиян 55870 45587 -10283 81,59
Қаржылық  шығындар-барлығы 273280 484908 211628 177,44
 

     1-кесте деректерінен көріп отырғанымыздай,  соңғы екі жыл ішінде компанияның банк депозиттері бойынша пайыздық табыстары көлемі  88560мың тенгеге немесе 31,84%ға өскен. 

     Қарыздар  бойынша пайыздық шығындар 221911 мың  тенгеге немесе 102,07%ға өскен.  Қарыздар бойынша курс айырмашылықтары бойынша  зиян мөлшері -10283 мың тенгеге немесе 18,41%ға төмендеген. Нәтижесінде қаржылық шығындар көлемі 211628 мың тенгеге немесе 77,44%-ға өскен.  
 
 
 
 
 

     Жалпы және әкімшілік шығындарды талдау, мың тенге

     Кесте 7

Көрсеткіштер 2009ж 2010ж Өзгерісі
+,- %
Еңбек ақы және онымен байланысты шығындар 337071 754831 417760 223,94
Кеңес және аудиторлық қызметтер 208973 51795 -157178 24,79
Тозу  және амортизация 79837 91579 11742 114,71
Аренда 73928 109268 35340 147,80
Оқыту 42829 68976 26147 161,05
Кеңселік  автомашинаны жалға алу 18777 25941 7164 138,15
Мейраммен байланысты шығындар 11202 48050 36848 428,94
Жол сапар шығындары 29063 58056 28993 199,76
Байланыс  шығындары 10806 21640 10834 200,26
Кеңсеге техникалық қызмет көрсету және жөндеу шығындары 14109 33675 19566 238,68
Кеңселік  тауарлар 11482 11392 -90 99,22
Табыс салығынан басқа салықтар түрлері 4855 201354 196499 4147,35
Банктік төлемдер 4042 4640 598 114,79
Директорлар Кеңесін ұстау шығындары   5003 5003  
Тұрғын  үйді жекешелендіру шығындары   10802 10802  
Басқа шығындар 116882 100561 -16321 86,04
Жалпы және әкімшілік шығындар барлығы 963856 1597563 633707 165,75
 

       7-кесте деректері бойынша жалпы және әкімшілік шығындар  көлемі талданушы мерзім ішінде 633707 мың тенгеге немесе 65,75%ға өскен, оның ішінде басым үлесті еңбекақы және онымен байланысты шығындар алады, оның көлемі 417760 мың тенгеге немесе 23,94%ға өскен. Жалпы және әкімшілік шығындар ішінде төмендеу тенденциясына ие болған баптары - кеңес және аудиторлық қызметтер және кеңселік тауарлар, басқа шығындар. Қалған түрлері бойынша арту тенденциясы байқалады.

       Осы көрсеткіштерден кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің мәнінің өсуі.  
 
 
 
 

    Кәсiпорынның мүлiктiк жағдайының көрсеткiштерi

    Кесте 8

Көрсеткiштер Есептеу формуласы Мәнi Шекті мәні
2008 2009 2010
1.Өндiрiстiк бағыттағы  мүлiк коэффициентi Нег.қ.+запас+аяқт.өнд. 0,0133 0,0184 0,0134 ≥0.5
Баланс  валютасы
2.Активтердiң  мобильдiлiгiнiң коэф. Ағымдық активтер 0,3212 0,2552 0,1465 >0.5
Баланс  валютасы
3.Мобильдi  және иммобильдi қаражаттардың

қатынасының коэф.

Ағымдық активтер 0,473 0,343 0,171 >0.5
Ұзақ  мерзiмдi активтер
4.Негiзгi құралдардың

нақты құнының  коэф.

Н.қ. қалдық құны 0,0117 0,0168 0,0124 >0.5
 

       Коэффициент мәні артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Ол үшін келесі талдау кесте – 3  деректерін пайдаланамыз. Талдау жүргізіліп отырған жылдарда бұл коэффициенттің деңгейі 2008 жылы 32,12% және 2009 жылы 25,52%, 2010 жылы 14,65% құраған. Яғни активтердің мобильділігі коэффициенті уақыт өту барысында өзгеріске ұшырағанымен, ол өзгеріс айтарлықтай үлкен емес. Дегенменде бұл көрсеткіштің деңгейі теориялық жеткілікті мәнінен (50% дан кіші емес) әлдеқайда төмен. Яғни қарыздарды өтеудегі қаражат үлесінің төмендігіне куә болып отырмыз. Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі 2008 жылы – 0,473, ал 2009 жылы – 0,343, 2010 жылы – 0,171 құрайды. Бұл коэффициент деңгейі де нормативтік жеткілікте деңгейінен төмен болып отыр. Бұл коэффициент мәні талданушы мерзім ішінде мобильді қаражаттардың үлесінің  иммобильді қаражаттар үлесінен төмен екендігін көрсетеді. Бұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа ие емес екендігін көрсетеді. Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде  қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс. Аталған кәсіпорында баланс валютасындағы негізгі құралдарың нақты  құнының коэфифиценті  2008 жылы – 0,0117, 2009 жылы – 0,0168 ал 2010 жылы  - 0,0124 құрады. Бұл көрсеткіштің мәні талданушы мерзім ішінде оның теориялық жеткілікті мәніне жауап бермейді. Кәсіпорынның өндірістік потенциалын сипаттайтын өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті де теориялық мәніне жауап бермейді.  Бұл өндірістік потенциалдың  талданушы кәсіпорында өте төмен екендігін көрсетеді.

       Кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығы  белгiлi деңгейде кәсiпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетiндiгiнен тәуелдi. Кәсiпорын активтерiнiң орналасуы туралы ақпарат баланс активiнде қамтылады.

       Бизнестi қажеттi қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету кез-келген кәсiпорын қызметiнiң анықтаушы факторы болып табылады. Кәсiпорын басшылығы кәсiпорын қызметi ресустардың қандай көздерiнен қаржыландырылатынын және капитал қандай iске салынатынын нақты бiлуi қажет. Сол себептi капиталдың құрамын, құралу көздерiн және орналасуын талдау үлкен мәнге ие және келесiлердi қамтуы тиiс:

       1. кәсiпорын капиталының құралу көздерiнiң құрамын, құрылымы мен динамикасын оқу;

       2. олардың көлемiнiң өзгеру факторларын анықтау;

       3. капиталдың жеке көздерiн тартудың бағасын анықтау;

       4. қаржылық тәуекел деңгейiн бағалау;

       5. меншiктi және заемдық капиталдың қатынасының оңтайлы нұсқасын негiздеу.

              Капитал – бұл шаруашылық субъектiсiң пайда алу мақсатында өз қызметiнде пайдаланатын (иеленетiн) қаражаттары.

              Кәсiпорын капиталы меншiктi (iшкi) және заемдық (сыртқы) көздерден қалыптасады.

       Қаржылық  тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері  – тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер келесі аналитикалық 5 - кестеде бейнеленген.  

    Тауарлы-материалдық  қорлардың оларды қалыптастырудың  қалыпты көздерімен қамтамасыз етілуі (мың  теңге)

Кесте 9

Көрсеткіштер Сим вол дары 2008 2009 2010 Өзгерістер (+,-)
2009/ 2008 2010/ 2009
1 2 3 4 5 6 7 8
1 Меншікті капитал Мк 12932800 16405431 11495873 3472631 -4909558
2 Ұзақ мерзімді активтер Ұаз 11799513 18120202 23309291 6320689 5189089
3 Меншікті айналым  капиталы (1-2) Мак 1133287 -1714771 -11813418 -2848058 -10098647
4 Ұзақ мерзімді міндеттемелер Ұмз 3861082 6075973 12387452 2214891 6311479
5 Тауарлы-материалдық  қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің бар болуы (3+4) Мак/ұз 4994369 4361202 574034 -633167 -3787168
6 Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар Қн - 1423517 1543000 1423517 119483
7 Тауарлы-материал-дық қорлардың қалыпты қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері (5+6) НК 4994369 5784719 2117034 790350 -3667685
8 Тауарлы-материалдық  қорлар Қ 27342 36239 28590 8897 -7649
9 Меншіктік айналым капиталының артық-тығы (+) немесе жетіспеушілігі  (-) (3-8) ±Мак 1105945 -1751010 -11842010 -2856955 -10090998
10 Тауарлы-материал-дық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықты-ғы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (5-8) ±Мак/ұз 4967027 4324963 545444 -642064 -3779519
11 Тауарлы-материалдық  қорлардың қалыпты негізгі қалыптасу  көздері-нің жалпы мөлшері-нің артықтығы (+) немесе жетіспеуші-лігі (-) (7-8) ±НК 4967027 5748480 2088444 781453 -3660036

Информация о работе Қоғамдық өндіріс түсінігі және оның құрылымы