Қоғамдық өндіріс түсінігі және оның құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 20:36, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2

І бөлім. Қоғамдық өндіріс түсінігі және оның құрылымы
1.1 Өндіріс және оның түрлері............................................................................4
1.2 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы..................................................7

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өндірістің қазіргі жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасы қоғамдық өнеркәсіп саласын талдау............11
2.2 Өндірістік емес салалардың жағдайын талдау..........................................16

ІІІ бөлім. «Түпқараған» ЖШС-нің шаруашылық қызметті жүзеге асыруының дамуы
3.1 Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы...............18
3.2 Кәсіпорынның 2008-2010 жж. экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайын талдау........................................................................21

Қорытынды.......................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................31

Работа содержит 1 файл

қоғамдық өндіріс.doc

— 331.50 Кб (Скачать)
 

         Кесте деректерінен көріп отырғанымыздай, талданушы кәсіпорын тауарлы-материалдық қорлардың қалыпты негізгі қалыптасу көздерімен қамтамасыз ете алған: 4967027 мың тенгеге 2008 жылы; 5748480 мың тенгеге 2009 жылы; 2088444 мың тенгеге 2010 жылы. Бұған негізінен ұзақмерзімді және қысқамерзімді міндеттемелер кірістіру нәтижесінде қол жеткізілген. Себебі меншікті айналым капиталы тауарлы-материалдық қорларды -1751010 мың тенгеге 2009 жылы, -11842010 мың тенгеге 2010 жылы қамтамасыз етет алмаған, яғни жеткіліксіз болған. кәсіпорын бұл жағдайды түзеу үшін  қарыздық  сырттан қаржы кірістірген. Осылайша кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын тұрақтады.

       Жоғарыда  келтірілген талдауларға қарап, кәсіпорынның қаржылық жағдайы айтарлықтай  жақсы деп қорытындылауға болмайды. Меншікті капитал мен тартылған капиталдың құрылымын талдау, олардың теориялық мәндерге кейбір кездерде сай келіп, кейбір кездерде ауытқығандығын көруге болады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды 

       Нарықтық  экономика жағдайында өндірістік-экономикалық және қаржылық тұрақтылық рынокта қалыптасқан бағалармен, өндіріс пен өнім сату көлемдерімен өндірістің өзіндік құны деңгейімен, кәсіпорынның пайда алу шамасымен анықталады.

       Ресурстарды пайдаланудың оңтайлы саны (ең жоғары пайда) егер қосымша бірлік ресурстар пайдаланудан алынған түсім шегі ресурс бағасына тең болғанда ғана шығады.

       Өндірісті басқару үшін бір бірлік өнімге есептелген шығындар шамасын білген маңызды. Осыған байланысты шығындарды барлық алынған  өнімдер бірлігіне (кәсіпорын өндірген) бөлу арқылы орташа шығын бір бірлікке есептеледі. Сондай-ақ орташа тұрақты және өзгермелі шығындар есептелінеді, себебі кәсіпорынның жұмыс жасау мақсатының өзі пайданы барынша көп алу.

       Сонымен, әр түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндіретін әр түрлі аудандар шамасы жағынан бірдей емес, құрылым жағынан да біртекті емес материалдық және ақшалай шығындарды талап етеді. Ол шығындар тек кездейсоқ жағдайда ғана бірдей болып шығуы мүмкін. Сондықтан да өнім өндіру де әр түрлі болады. Қандай да болмасын қоғамдық-экономикалық формацияда өндіріс фундаментін негізінен үш түрлі ресурстар құрған: еңбек заттары, еңбек құралдары және еңбектің өзі. Олар тек бірлесе отырып бірыңғай жүйе ретінде жұмыс жүргізеді. Олардың типті біреуі болмай қалса жұмысты жоққа шығарады, жұмыс жүйесі мүмкін болмайды.

       Оған  қосымша, бұл ресурстар шектеусіз  емес, керісінше олар шектелген және бәрі бітіп қалуы мүмкін. Әсіресе  мұндай жағдай ауыл шаруашылығында көрініс  табады, бұл ең алдымен, негізгі еңбек  құралы ретінде жерге қатысты. Егер жерді еңбек құралы ретінде қарастыратын болсақ, онда жердің аумақтық шектеулігі, оған машиналар мен механизмдерді, құрылыстар мен ғимараттарды шексіз көп орналастыруға мүмкін емес.

       Нарықтық  принциптеріне мыналарды жатқызу  керек: рыноктағы сұраныс пен  ұсыныстың көлеңкесі; бағаның өзіне тең, рыноктағы біркелкі бағаға жетуге әрекеті, сондай-ақ толық шығындарды қайтару және әрбір нормалы түрде жұмыс жасап отырған кәсіпорын орташа пайда нормасын алуға ұмтылады; баға арқылы қоғамдық – қажетті шығындар анықталады және тауардың тұтыну құны көрсетіледі; бағаның нақтылығы мен атаулығы, мұнда әрбір жекелеген тауардың өзінің белгілі бір бағасы болады; бағаның көмегімен мемлекеттің орталықтандырылған табысын, оларға салықтарды, алымдарды және аударымдарды қосу жолымен анықтау; шаруашылық жүргізу субъектерінің және жалпы алғанда мемлекеттің шаруашылық, әлеуметтік, саяси проблемарын шешу; оларды мемлекет қолданысындағы бағалар тәртібі мен саясатына бағындыру қажеттілігі.

       Дамыған қоғамда мына төмендегі бағалар  түрі жұмыс жасайды: қызмет көрсету  сипаты, мемлекеттік әсер етуі, тәсілін белгілеу және тіркелуі бойынша; уақыт факторын ескере отырып, ақпарат алу тәсілі бойынша; рыноктың түрлеріне тәуелді бағалар жеткізіп беру және сату жағдайлары бойынша; әлемдік бағалар – тауар өндірушілерге дифференциалды рента түрінде, топырақтарды құнарлығы орташа болған жағдайда, қосымша табыс алуға мүмкіндік береді, әдетте өндірушінің бағасы бойынша.

       Мемлекеттің араласуы әдетте төрт негізгі формада  жүреді: бәсекелерді қолдау, экономиканы  тұрақтандыруға жағдай жасау, халыққа қоғамдық игіліктерді және трансферттік төлемдерді беру, ережелер мен шектеулерді белгілеу.

       Баға  теңсіздігі экономиканың аграрлық секторындағы қаржылық проблемалардың басты себебі деп қарастырылады. Нарықтық экономикасы  дамыған елдердің тәжірибесі баға теңсіздігінің жоғары болуы, яғни аграрлық өндіріске керек ресурстардың бағасы ауылшаруашылық өнімдерінің бағасына қарағанда тез өсуі – нарықтық экономика үшін жай ғана процесс деп көрсетеді.

       Дамыған елдерде сақтандыру индустриясы  ұзақ мерзімді күрделі салымдардың төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді. Инвестициялық процестердің тиімділігі сақтандыру нәтижелері түріндегі кепілдемелермен анықталады.

       Дегенмен, шетелдік және отандық ғалымдардың  сақтандыру рыногы бойынша жүргізген  зерттеулеріне қарамастан, осы күнге дейін сақтандырудың табиғатын түсіну жоқ (түрлерін, жіктеу нышандарын), бұл республикадағы өндірістік процестерге теріс әсерін тигізіп отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
  2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
  3. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
  4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
  5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж.  «Экономика».
  6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.

7.  М.Б.  Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік  негіздері»

8.  А.Қ.  Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.

9. Шеденов  Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық  теория» Алматы-Ақтөбе -2002.

10. В.  М. Власова, «Основы предпринимательской  деятельности», Москва 1996ж. 

11.  Р.Елемесов, Е. Жатқанбаев, «Государство и рынок», Алматы, «Қаржы-қаражат», 1997ж.

12. Аяпова  Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның  орысша қазақша экономикалық  түсіндірме сөздігі», Алматы «Инкар»,  «Тұлға», 1993ж.

13. К.Ж.  Оразалин, М.М. Жантасов, «Орысша-қазақша  қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы, 2001ж.

14. Б.Сабырбаев  «Экономикалық терминдердің орысша-қазақша  түсіндірме сөздігі», Алматы «Қазақстан»  1993ж. 

15. Н.  К. Мамыров, «Менеджмент и рынок:  Казахстанская модель», Алматы 1998ж. 

16. В.С.Автономов, Э.Голдстин «Экономика для школьников» Москва, 1995.

17. Л.Ш.  Лысенкер, Э.М. Лысенкер, «Основы  рыночной экономики» Алматы, «Рауан»  1997ж.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қоғамдық өндіріс түсінігі және оның құрылымы