ҚР инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 14:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................2
І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Инфляция түсінігі және мәні...................................................................3
1.2. Инфляцияның түрлері мен факторлары.................................................7
ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
2.1. ҚР-да инфляцияның пайда болу себептері...........................................13
2.2. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары...........................17
ІІІ. ҚР-ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................32

Работа содержит 1 файл

курсовоой.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

   Инфляцияныц көріну нысаны ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтеріліуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдалығының тиісінше төмендеуі.

   Инфляцияның  табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын — тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық-заттай компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы алғанда мұндай тәуелділік айырбас тендеуі арқылы көрінеді:

   Р * Q = М * V,

   мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын (М — ақша массасы, V — айналыс жылдамдығы) білдіреді.

   Ұлттық  өндірістің артуы жағдайында ұдайы  өндіріс процестерінде материалдық  ағындарға қалыпты қызмет көрсету  үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады.

   Қазіргі мемлекет қаржы-қаражатының, бірақ өзінің негізгі бөлігінде тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан алуан қызметтер орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени - ақпараттық мақсаттық, білімге, басқаруға, қорғанысқа, жүмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.

   Экономикада мұндай шараларды қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қарыздар алу жолымен жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі қосымша ақша шығару (эмиссия) болып табылады. 
 

   1.2 Инфляцияның  түрлері мен факторлары 

   Дүниежүзілік  практикада егер инфляцияның қарқыны  жарты жыл ішінде және одан басқа жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей гиперинфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 2003 - 2005 жж. ішінде айтарлықтай асып түсті.

   Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды  және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:

   Бағалар өсуінің қарқыны бойынша:

    • баяубаға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
    • өршімелібаға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;
    • гиперинфляциябаға жүздеген пайызға ескенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

   Бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:

    • теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады,
    • теңдестірілмеген инфляция кезінде - олардың бір-біріне ара қатысы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;

   Болжаулық ( болжап айтушылық ) дәрежесіне қарай:

    • күтілген, болжалды және күтілмеген;
    • шығу немесе пайда болу орнына қарай;
    • импортталынған жене экспортталынған;
    • сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.

   Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).

   Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.

   Екінші  жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, несиелер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толық-тырады, бұл инфляциялык  шиыршық деп  аталынатын факторды  тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді.

   Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде  инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.

           Баяу немесе жылжымалы инфляцияда  бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл  экономикаға қауіп туғызбайды.

   Қарқынды  инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.

   Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке (Кэган бойынша айына 50%) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.

   Инфляция  теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.

   Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды;  және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

   Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын  нарықтық шаруашылық жағдайында пайда  болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақты кассалық қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, «Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, «Пигу әсері» экономикада нақты болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді.

   Нарықтық  экономиканың механизмі — бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың  банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе несиелерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сүранымның темендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, нарықта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.

   Монополияландырылған  экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді тандай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға — халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен несиелерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді. Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) консепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. Бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі) қарастырылады.

   «Сұраным  инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген.

   Жоғарыда  келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным  сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.              

     Шығындар инфляциясы график түрінде  2 - суретте көрсетілген:  

   

   Айтылған  себептерге байланысты өндіріс шығындары  өседі, жалпы ұсыным қисығы солға  қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни  ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.

   Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.  

   Өндірістік  емес сфераны қаржыландыру міндетіліктермен қатар мемлекет дағдарыс жағдайында көпшілік қолды тауарларға салыстармалы төмен бағаларды қолдау қажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъекгілерге турақаржылар бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруде банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуде көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъекгілерге берілетін несиелерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттігідей, баламалы қаржы ресурстарының алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады.

   Экономистер инфляцияны екі типке бөледі: сұраныс инфляциясы және шығынның өсуімен байланысты болатын ұсыныс инфляциясы деп. Ұсыныс инфляциясынан туындайтын екі түрлі инфляция бар:

   1) еңбек ақының өсуімен байланысты  болатын; 

   2) ұсыныс экономикасы механизмінің  бұзылуынан болатын. 

Информация о работе ҚР инфляция