ҚР инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 14:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................2
І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Инфляция түсінігі және мәні...................................................................3
1.2. Инфляцияның түрлері мен факторлары.................................................7
ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
2.1. ҚР-да инфляцияның пайда болу себептері...........................................13
2.2. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары...........................17
ІІІ. ҚР-ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................32

Работа содержит 1 файл

курсовоой.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

   Инфляцияға  қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту жөне осының негізінде мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын төмендету  арқылы жүргізіледі.

   Салық саясаты инфляция жағдайында екі  өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:

   бірішіден, мемлекеттік бюджеттің тендестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;

   екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс  пен айырбас сферасында экономикалык белсенділікті жандандыру қажет.

   Инфляцияның екінші типін—шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғүрлым қиынырақ болып келеді:

   1)  жалақыны көбейту;

   2)  үйымдық сипаттағы себептер бойынша  шаруашылық механизмінің бұзылуына  байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;

   3) шикізат жөне энергетикалық ресурстар  иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің  бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

   2007 жылдың екінші жартысында басталған  әлемдік қаржы рыноктарындағы  тұрақсыздық Қазақстанның даму қақынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сырттан қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерінің төмендеуіне, демек, ішкі экономиканы несиелеу көлемінің қысқаруынан көрінді. Бұдан басқа, әлемдік азық түлік тауарлары рыногындағы бағаның шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қыспақты едәуір күшейтті.

   Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі  мен Каржы нарығы мен қаржы  ұйымдарын реттеу және қадағалау  агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.

   Өтімділіктің  жаһандық тапшылығын тудырған қаржы  дағдарысының екінші толқыны әлемдік  қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Содан барып әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және соның салдары ретінде тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды.

   Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде қосымша жаңа шаралар қабылдауды талап етеді.

   Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

   Жоспардың мақсаты  Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс  салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.

   Мақсатқа  жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады:

  1. Қаржы секторын тұрақтандыру.
  2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу.
  3. Шағын және орта бизнесті қолдау.
  4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.
  5. Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

   Жобаны  қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады.

   Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау  агенттігі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

              Жоспарды іске асыру бойынша  негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына»  қоры шығатын болды. Ол үшін  үкімет «Самұрық-Қазына қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

   2007-2008 жылы қабылданған шараларға келер  болсақ ағымдағы жылдың 9 айы ішінде  ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%- ды, жұмыссыздық  деңгейі 7%-ды құрады және тұтыну  бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкін болды.

   Экономикалық  өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша–несие саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-несие және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденов мәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы  7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді.

   Ағымдағы  жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8% -ды құрады, мұның өзі 10%-дан аспайды деген  болжамға сәйкес келді.

   Жалпы алғанда тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша мемлекеттік қолдауға ие болады. 2007-2008 жылдары қолға алынған іс шаралардың және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі  2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ нің өсімі  2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген болжам бар. Сонымен қатар жоспарға сәйкес,  2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі 8 пайыздан көтерілмейді. 
 
 

   Қорытынды 
 

         Зерттеу жұмысының  І – бөлімі «Инфляцияның мәні, түрлері және теориялық»  деп  аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

    • Инфляция түсінігі және мәні
    • Инфляцияның түрлері мен факторлары

     Инфляция қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

   Инфляция  жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті.

   Қазақстан Республикасындағы инфляцияның  дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына  байланысты. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың инфляциясынан жәнге осығарн байланысты  мемелкет  кірічстерінің құнсыздануынан туады.

   Бағалардың  өсуі тұрғындардың нақты табысын  төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.

   Курстық жұмыстың ІІ – бөлімі «Инфляцияның себептері мен әлеуметтік – экономикалык салдары» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

  • ҚР-да инфляцияның пайда болу себептері
  • Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары

   2004 жылдан бастап  Ұлттық  банктің  негізгі мақсаты ретінде бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету ақша – несие  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.

   Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

    • мемлекеттің ақша – несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
    • төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;
    • валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;
    • қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету
 

   Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне  көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

   Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей мәселе келтірілді: «ҚР-дағы инфляциямен күресу шараларын жетлдіру жолдары» бұл бөлімде қарастырылатын сұрақтар:

       - ҚР-да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары;

       - Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру  жолдары;

       - Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;

   Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту  мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, несие-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Ақша-несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын».

   Сонымен тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін  болсақ, инфляция төңірегінде қозғалып жатқан мәселелерді жай сөз ретінде қалдырмай онымен күресу шараларын жетілдіріп, тиімді жолдарын іздестіру керек.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Қолданылған әдебиеттер тізімі 

   
  1. Бухгалтерия-Жұмабек  Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі.
  2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің   нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
  3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», 

            Алматы – 2001.

  1. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика  негіздері»    Алматы «Экономика»-2000ж
  2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

         Алматы «Экономика»-2000ж

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
  2. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г
  3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
  4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.
  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.  Алматы - 1997
  6. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше»  // Ақиқат  -1996ж
  7. «Экономикалық саясат», // Экономика Алматы - 2002
  8. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж.
  9. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова.  Алматы – Экономика, 2003ж.
  10. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы. 2006 жыл, маусым
  11. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. // Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған.
  12. Сәйденов Әнуар. Ұлттық валюта: белесті жылдар бедері. //Егемен Қазақстан 2005ж. – 15 қараша, 6 бет.
  13. «Банки Казахстана»  №1, 2005ж. // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі №004 баспасөз-релизі 2005 жылғы 13 қаңтар.
  14. «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование.
  15. «Банки Казахстана» №8, 2006ж. //Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі баспасөз-релизі 2006 жылғы 16 тамыз.
  16. Қаржы-инвестициялық журнал «LS(Личный счет)» №2(17) Қыркүйек-қазан 2008жыл
  17. Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г
  18. Егемен Қазақстан газеті 26 қараша 2008 жыл.

Информация о работе ҚР инфляция