ҚР инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 14:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................2
І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Инфляция түсінігі және мәні...................................................................3
1.2. Инфляцияның түрлері мен факторлары.................................................7
ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
2.1. ҚР-да инфляцияның пайда болу себептері...........................................13
2.2. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары...........................17
ІІІ. ҚР-ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................32

Работа содержит 1 файл

курсовоой.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

   Жалпы алғанда, инфляцияға  қарсы саясаттың  ұзақ мерзімдік стратегиялық  және  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық, тоқтаусыз  тактикалық  түрі болды. Монетарлық саясат негізінен  күнделікті  жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша  көлемін  қадағалап  реттейтін  тактикалық  саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция  кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне  айналуы  заңды да. Бірақ, жалпы алғанда,  дамыған Батыс елдерінің  тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының  шеңберінде  жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда  2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Қазақстан Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған  қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекіткен болатын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстаннның барлық  әкімшілік – экономикалық  аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік  бағдарламалары  жасалып, іске  асырылуда. Осы бағдарламаның барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда да монетарлық қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.

   Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер  үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл  жерде экономистер ең алдымен  мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфлияцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

   Инфляцияға  қарсы саясатты сипаттағанда, екі  әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші  әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс  өсуі  де  тырып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады. Егер сұраным  жеткіліксіз болса, онда  мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске  қосылады және  шығындар  артады,  салықтар  төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным  тез өседі, ол өндіріске  ықпал жасайды,  жалпы экономикалық   өсу  басталады. бірақ  60 – 70 жылдары дамыған елдердің  тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен  бірге бюджет шығындарының артуы  бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.

   Екінші  әдістемені жаңа  классикалық  бағыттағы  экономистер  ұсынады. Олар  бірінші  орынға ақша – несие  арқылы  реттеу  әдісін  қояды. Бұл әдіс  экономика  жағдайына жанама  түрде  икемлді  ықпал  жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жзүргізеді. Орталық  банк  айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент)  келісімін реттейді, сонымен  экономикаға  ықпал жасайды.

   Сонымен инфляция салдары барлық әлеуметтік топтарға, экономикалық секторларға әсерін тигізбей қоймайтындығын айтуға болады. Қазіргі таңда көптеген экономистер оны шешудің сан алуан жолдарын талдау үстінде. Бірақ көптеген білікті экономистердің пайымдауынша оны ақша-несие саясаты арқылы жүргізу керек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   ІІІ. ҚР-ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ 
 

   Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы  жағдайға байланысты Қазақстан республикасының  Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге  көшуге бағыт алды. Осы бөлімді қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің негізгі бағыты туралы мәселелер қозғалатын болады.

   Еліміздегі  макроэкономикалық тұрақтылыққа қол  жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-несие саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.

   Ұлттық  Банктің ақша-несие саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.

   2002 жылдан бастап Ұлттық Банк  өзінің ең басты мақсатын ақша-несие саясатын дайындап, негізгі еуростандарттарға жақындауға мүмкіндік беретін инфляциялық таргеттеудің негізгі принциптеріне ауысуды негізгі бағыты деп алды. Инфляциялық таргеттеу ақша базасының көрсеткіштерінен, инфляциялық көрсеткіштерге біртіндеп бағытталуды көздейді. Бұған себепші болған инфляцияның «монетарлық» құштарлығының деңгейінің төмендеуі. Осыған байланысты, Ұлттық Банктің негізгі және соңғы бағыты – мемлекетте бағаның тұрақтылығын сақтау.

   Таргеттеу (ағыл. targeting – бағыт алу, бағыттау, бағытталу) монетарлық саясатта – бұл  ортамерзімдік перспективада негізгі  макроэкономикалық көрсеткіштерді бағытты басқару процесі.

   Бүкіләлемдік  тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары  ажыратылады, олардың ішінде: номиналды  табысты таргеттеу, пайыздық мөлшерлемені таргеттеу, номиналды жалақыны таргеттеу, монетарлық таргеттеу, валюта бағамын  таргеттеу (курстық таргеттеу), инфляцияны таргеттеу (6 суретті қараңыз).

   

   6 сурет. Таргеттеу стратегиясының  классификациясы

   Ең  бірінші болып инфляциялық таргеттеуді  қолданған 1990 жылы Жаңа Зеландияның  Ұлттық Банкі. Соңғы он жылдың ішінде инфляциялық таргеттеуді қолданған монетарлық саясатты енгізген елдердің саны күрт өсті. Олардың ішінде: Канада (1991ж.), Ұлыбритания (1993ж.), Финляндия (1993ж.), Швеция (1993ж.), Испания (1994ж.). Біртіндеп инфляциялық таргеттеу элементтерін қолдануға келесі елдер келді: Чехия, Бразилия, Израиль, Чили, Норвегия, Исландия, Польша және Венгрия.

   Инфляцияның Ұлттық Банк болжамының деңгейіне жақын  болуы монетарлық сасаттың жеңісі болып  табылады. Қазақстанда да болжамды деректер жасалынып, олар нақты деректермен  салыстырылып жүр (2-кестеден қараңыз). Инфляция деңгейі көрсеткішінің қажеттілігі тек ақша нарығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар экономиканың бүкіл жағдайын көрсететіні екендігі тек ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді.

   Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтері:

  1. ортамерзімдік көрсеткіштерді жария ету;
  2. ақша-несие саясатының негізі ретінде баға тұрақтылығының институционалды келісімі;
  3. ортамерзімдік бағдар алудағы тәуелсіздік;
  4. ақша-несие саясатының жоғары транспаренттілігі;
  5. қадағалау органдарының жоғарғы жауапкершілігі.

   Ұлттық  Банктің инфляциялық таргеттеуге  көшуінің қажеттілігінің терең түсіндіру  үшін 4 бөлімнен тұратын инфляциялық  таргеттеудің негізін көрсетуге  болады:

  1. күшті жақтары (strenght);
  2. әлсіз жақтары (weakness);
  3. мүмкіншіліктер (opportuinies);
  4. қатерлер (threans);
 

   Соңғы жылдардың қорытындылары бойынша  Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы  республикалырының арасында көшбасшылық  позиция тұр (экономикалық қарқынды даму, инфляция деңгейінің тұрақты  болуы, ұлттық валютаның тұрақтылығы, бюджет дифицитінің аздығы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, Қазақстанға инвестициялық рейтингтің берілуі). Елдегі саясаттың тұрақтылығы да жаңа ақша бағыттарына көшуде басты рөлдерді алады.

   2004 жылдан бастап қаржы нарығындағы  бақылаушы және тұрақтандандырушы  қызметтерды Қазақстан Республикасының бақылаушы және тұрақтандандырушы Агенттігі атқарады. Қаржы нарығындағы бақылаушы және реттеуші қызметтерының бөлінуі Ұлттық Банктің ерекше статусын белгіледі. Бүкіл ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық банкке қатысты қызметтеры бар бірғана банк.

   Ұлттық  Банк – елдегі инфляцияны төмендетуге  бағытталған ақша-несие саясатын тәуелсіз өткізуші болып табылады. Инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-несие құралдарының толық арсеналы Ұлттық Банктің иелігінде.

   Елдегі  инфляция процесстерін және ликвид деңгейлерін  қазіргі таңда аса маңызды  және оптималды құралдарының бірі ақша нарығындағы айырбастау ставкалары арқылы реттейді. Инфляция қызуын төмендету  үшін Ұлттық Банк ақша-несие саясатын қатаң тәртіпке бағыттап, қайта қаржыландыру ставкаларын көтеріп, 8%-ға дейін жеткізді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қайта қаржыландару ставкасы жылдық инфляция деңгейінен сәл жоғары болу керек.

   Ақша-несие құралын қолдану деңгеінде де, Ұлттық Банктің дербестігі инфляциялық таргеттеуді енгізудің ең бірінші талабы болып табылады. Бірақ Ұлттық Банк дербес болса да, өз құралдарын фискалдық бағытта, яғни бюджет дефицитінің (сеньораж) эмиссиялық қаржыландыруында мүмкіншіліктері шектеулі. 1998 жылдан бастап Ұлттық Банктің бюджетті қаржыландыруы тоқтатылды және заң жүзінде бекітілді : «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы».

   Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы және Қазақстан экономикасындағы диверсификация процесінің жылдамдығы – экономикалық әр жақтылығы. Бұл өз кезегінде экономиканың дүниежүзілік конъюктураға тәуелділігін төмендетеді. Бұл жерде ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге түсе алатын елдің индустриалды комплексін құру туралы айтылған.  

   Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық жөне әлеуметтік қарама - қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою жөне ақша айналысын түрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . Инфляция кезінде мемлекет іс - қимылының екі нұсқасы   болады:

   1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;

   Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;

   Компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды  өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша  көздерін іздестіреді және т.с.с.

   2)  инфляцияны төмендету немесе  басу жөнінде инфляцияга қарсы шаралардың кешенін жүргізу .

   Инфляцияны  жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік — экономикалық, қүқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік — экономикалық сфера болып табылады.

   Сұраным инфляциясын жоюға ақша жөне фискалдық  саясатты пайдаланудың біршама қатардағы  макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

   Инфляцияга  қарсы саясат инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

   Дефляциялык, саясатмемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

   Кірістер  саясатыбағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.

   Инфляцияға  қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің  әр түрлі әдістерін кіріктіреді:

   1.  Ұлттық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.

   2.  Барлық несие ресурстарын қымбаттату  және оларға қол жететіндігін  азайту мақсатында Ұлттықтандырылған несиеер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.

   3.  Несие мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің несие экспансиясын шектеуге жету үшін Ұлттық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.

   4.  Сондай мақсаттарда Ұлттық банктің кедитерін тікелей қысқарту.

Информация о работе ҚР инфляция