ҚР инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 14:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................2
І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Инфляция түсінігі және мәні...................................................................3
1.2. Инфляцияның түрлері мен факторлары.................................................7
ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
2.1. ҚР-да инфляцияның пайда болу себептері...........................................13
2.2. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары...........................17
ІІІ. ҚР-ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................32

Работа содержит 1 файл

курсовоой.doc

— 228.00 Кб (Скачать)
>   Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен  байланыстырып отыру қажет, өйткені  инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

   - белгілі бір салық нысандары  мен әдістерін қолдану; инфляциялық  сипаттағы шараларды мемлекеттік  бюджет арқылы қаржыландырудың  ауқымы;

   - мемлекеттік бюджеттің тапшылығын  жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің көлемі.

   Нарықтық  экономика кезінде қаржы инфляциялық  процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді (инфляциялық  тенденцияларды күшейте түседі).

   Бірінші фактормемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

   Екінші  фактортабысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

   Үшінші  факторбюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғүрлым өсуімен байланысты).

   Инфляция  қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.

   Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге  бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

   Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

   Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің  берешегі проблемаларын шиеленістіреді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ  СЕБЕПТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ 

   2.1. ҚР-да  инфляцияның пайда болу себептері 
 

   Осы күндері Қазақстанда  қалыптасып  отырған  инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі  себептерін  бұрынғы  Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму  процесінде  қалыптасқан  өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің  құрылымдылық  диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

   Қоғамдық  өндіріс  құрылымы қаржы  баға  жүйелерін  анықтайды. Өндірісте  диспропорциялар қалыптасса, қаржы  мен  баға жүйелерінде де  сәйкессіздіктер  пайда болады.

     Қеңес экономикасының  70 – ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі  диспропорциялар әр бесжылдық  сайын тоқтаусыз  ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында  тарихи  түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

  1. өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер  өндірісінің  арасындағы  диспропорция;
  4. әскери өндіріс пен азаматтық  өндіріс  арасындағы сәйкессіздік;
  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес  өндіріс арасындағы  диспропорция т.б.

   Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде  бағалардың инфляциялық  өсуін тұрақты  түрде қалыптастырып  келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде  әрбір 10 -15 жылда бір  рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

   Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер  өндірісі арасындағы  диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға  қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның  экономикасы  негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік  елдер қауымдастығының шикізат пен энергия  өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда  өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал  өзіне  қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап  күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы  қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін  алынған несие  көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық  валютаны  (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның  макроэкономикалық  деңгейдегі  айтарлықтай  жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен  тегін келген жоқ, оның нәтижесінде  ұлттық өндіріс  күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп  пен  машина  жасау көлемі 90 %  - ке, ауыл   шаруашылық  пен азық – түлік  шаруашылықпен  азық – түлік өндірісі – 50-60% -қысқарды.

   Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  және  осыған  байланысты  мемелкет  кірістерінің  құнсыздануынан туады.

   Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2008 қазандағы  берген  мәліметтері  бойынша мынадай жағдайды көруге болады:

   Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі  агенттігінің ресми деректері бойынша  инфляцияның ең жоғарғы деңгейі   2008 жылдың  қаңтар-тамыз  айларында орын алды, яғни   19.4 % құрады. Бұл соңғы жылдарда   белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады. Әсіресе азық түлікке деген баға өте жоғары деңгейде болып, көшбасшылыққа ие болды – 27.8%.

   2008  жылдың қараша айында 2007 жылға қарағанда ұн бағасы 75%, күріш –75%, нан – 40.6%,  жарма – 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының өсуі –5.9%,  сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуі болса –15.9% ды құрады. Жеміс бағасы – 22%,  көкөніс – 20.4, кондитер өнімдері- 16.2% - ға өсті. Ет пен ет өнімдеріне – 19.7%, балық пен теңіз өнімдері деген баға осы кезеңде – 14.6%-ға өсті.Соның ішінде құс еті – 24.9%,               жылқы еті – 12%, шошқа еті – 17.9% қой еті – 17%, шұжық өнімдері – 16.6% - ды құрады.

   2008 жылдың қараша айында қатты отын 4.7%,  нығыздалған газ – 1.6% ға өсті. Жуу және тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек – 1.1% , киім  және аяқ киім – 15, жеке гигиена тауарлары  0.9% ға көтерілді. Ал бензин бағасы 16.3% мен дизельді отын – 11.9% ға төмендеген болатын.

   Ақылы  қызмет  көрсетудің ішінде білім беру  мекемелерінің   қызмет  көрсету құны – 0.9% -  ға, медицина  мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,8% ,  мәдени қызметтер  - 0.8%,     тұрғын  үй – коммуналдық    қызмет           көрсету     және      жолаушылар көлігінің қызметі 0.3% - ға  қымбаттады.                            Шаштараз қызметі – 1.2%, ресторан және қонақжай қызметтері – 1% - ға қымбаттап отыр.

          Сонымен 2008 жылдың 1 – жартыжылдығында  ресурстардың нетто - әкелінуі  талдау  көрінісінде  (резервтік   активтердің өзгеруіне  байланысты  операцияларды  есепке алмағанда) өткен жылдың  осындай  көрсеткішінен  екі  еседен  астамға  асып  түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2008 жыл үшін Қазақстанға  шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан  резиденттерінің  шетелдік  кәсіпорындарға тікелей  инвестициялварының да өсуі  тән болды. 2008 жылдың  1 – жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік  тікелей  инвестициялардың жалпы  әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі.

   2008 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық  капитал бойынша  міндеттемелер  1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік  активтері – 1,3 млрд. долл. өсті.

   2008 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы  сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік  және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша  міндеттемелер 3,59 млрд. долларға  төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне  сыртқы  борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика  кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.

   Тұтастай  алғанда, 2008 жылы тамызда шілде айына  қарағанда инфляция 0.8% деңгейінде қалыптасты.

   Тұтыну  бағалары құрылымы бойынша неғұрлым жоғары деңгейде азық-түлік тауарлары -7,4%-ға қымбаттады, азық түлікке жатпайтын тауарларға және ақылы қызмет көрсетулерге бағалар мен тарифтер тиісінше 6,2%-ға және 5,9%-ға көтерілді.

   2008 жылы инфляция динамикасына тән  ерекшеліктердің ішінде барлық  тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағаның өткен жылдағыдай ерекшеленген «лидерлерсіз» іс жүзінде біркелкі өсуін атап айтуға болады. Бұдан басқа, теңге енгізілген сәттен бастап барлық жылдарда болған инфляцияның күтілетін маусымдық төмендеуінің орнына есептік жылдың2007 жазғы айларында оның көтерілгендігі байқалды.

   2004 жылдан бастап Ұлттық Банк  ақша-несие саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцияның көрсеткіштерін бағдарға алады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкөністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша - ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен компонентті және бағаның неғұрлым төмендеуін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді.

   Ақша-несие саясатының 2004-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2007 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы, бір жылда орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, өткен жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда болжанған деңгейден нақты деңгей шамалы ғана асатын болды. 

   Алдыңғы жылдарға көз жүгіртсек 2007 жылы жылдық инфляция деңгейі 10,7%-ға жетті (2007 жыл желтоқсан 2006 жылғы желтоқсанға), алдыңғы жылдарға қарағанда біршама өскен.

   Тұтыну  бағаларының өсуінің басты себептері  азық-түлік тауарларының қымбаттауы (8,1%-ға) және ақылы қызмет көрсетулері бағаларының өсуі (8,0%-ға). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,9%-ға қымбаттады.

   2007 жылы азық-түлік тауарларының  құрылымында бағалардың жоғарылауы  тіркелген болатын:  көкөніс пен  жеміс-жидек – 23,1%-ға, күріш –  18,3%-ға, ет және ет тағамдары  – 12,5%-ға, қант – 11,9%-ға, балық және теңіз тағамдары 11,0%-ға.

   Азық-түлікке  жатпайтын бағалар тобына да бағалардың өсуі байқалды. Олардың ішінде: киім-кешекке  – 8,8%, аяқ-киім – 7,0%-ға, баспа құралдарына  – 5,7%, жанар-жағармай – 3,2%-ға қымбаттады.

   Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғындық-коммуналдық қызмет көрсету аясында баға 7,4%-ға жоғарылады. Оның себептері: газбен қамтамасыз ету – 34,5%-ға, тұрғын үйді қамтамасыз ету – 9,6%-ға, қоқыс шығару – 8,0%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде де 19,5%-ға қымбаттауы тіркелді, денсаулық сақтау – 7,2%-ға, жолаушылар көлігі – 6,0%-ға қымбаттады.

   Орта  жылдық инфляция  7,6% құрады, 2006 жылғы  мақсаттық межені асып түсті (5,2-6,9%).

   2008 жылғы инфляция деңгейі жыл  басынан бергі уақытта дейін  %-ға жетті. Қазіргі таңда доллар девальвациясы жалғасып тұр. Оның бағамы жыл аяғына дейін 1=120 дәрежесіне жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда экспорттың ақшаға шаққандағы (номиналды) көлемі ғана ұлғаяды. Ішкі жалпы өнімнің өсімі де сол деңгейден аспайды. Ал шын өсім бұл екі көрсеткіште мардымсыз болуы әбден ықтимал. Өйткені қымбаттаған теңге – тауардың өтімі, яғни сыртқы рыноктағы бәсекелестік қабілеті кемиді. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер үлкен кері әсер етіп тұр. Дәлірек айтқанда олар, әсіресе, елдегі жарғылық қоры мол ірі үш банк шет елден жеңіл несиелер алып елге үлестіруін үдете түсуде. Бұл екі жақты зиянды. Біріншіден, Ұлттық Банк айналымдығы валюта мөлшерін азайту үшін оны сатып алуға мәжбүр болады. Демек, сақтық қордағы валюта мөлшері ұлғаяды, сол арқылы оның құнсыздануы өзінен-өзі жүріп, ұлттық қордағы номинальді қазына мөлшері теңгеге шаққанда азаяды. Демек, ұтыстан ұтылыс басым болып тұр. Мұндай жағдайда Ұлттық Банк теңгені үстеп қоректендіру (рефинансирование) тәсілін қолдануы мүмкін. Жыл басынан бері бір рет бұл тәсіл жүзеге асырылды да. Оның пайдасы шамалы болды. Теңге бағамы өсе түсті. Сөйтіп, онсыз да қымбаттап бара жатқан (шет ел валюталарына қарағанда) теңгеміз ішкі рынокта құнсыздануын (инфляцияға ұшырауын) жалғастырады. Бұл дегенініз ең алдымен өткен жылдық мемлекеттік төлемдердің 30-100 пайыз деңгейінде өсуінің салдары. Сатармаңдар айналымдағы бос ақшаны өз қалтасына түсіруді ойлауы нарық заңдылығы. Ішкі рынок сұранысты тауарларға толмай тұр. Демек, инфляцияны өсіруші, сөйтіп, экономиканы «Голланд ауруына» әкеліп тіреуші қоздырғыш күші әлеуметтік төлемдердің еселеп арттырылуы болып шықты. Бір жағынан халыққа жақсылық жасағандай, ал сол жақсылық экономикаға кері әсерін тигізіп отыр. Мұны экономика тілінде «Голланд ауруы» дейді. Біреулер Қазақстанды «Голланд ауруымен» үрейлендіре бастағанына екі-үш жылдың жүзі болды. Бірақ ондай дерттің алуы мүлде алыс. Оған себеп Қазақстан экономикасы әлі де болса ондаған, тіпті жүздеген миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны ағзасына сіңіре алатын, қазақшалап айқанда мүлде «шөліркеп қалған» субъект.

Информация о работе ҚР инфляция