Акционерлік қоғамдардың дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 22:37, курсовая работа

Описание работы

Негізі ретінде құралдарға жеке меншігінің болу және еңбек нәтижесі болып келетін нарықтық экономика жағдайында оның бастапқы тобының жетекші ұйымдық нысаны болып ұжымдық кәсіпкерліктің және акционерлердің инвестициялық белсенділігінің жеткілікті икемділігін қамтамасыз ететін акционерлік қоғамдар бой көрсетеді. Бірақ, тәжірбие көрсеткендей, оларды қамтамасыз ету акционерлік қоғамды басқарудың қандай жүйесі жұмыс істейтіндігі мен оның шаруашылық ету қызметіне ықпал ететін факторлардың қандай шамада ескерілетіндігіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................6
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ....11
1.1 Акционерлік қоғамдардар кәсіпкерліктің жетекші ұйымдық нысаны ретінде ..............................11
1.2 Акционерлік қоғамның дамуын және тиімді жұмыс істеуін ынталандыратын факторлары және экономикалық механизмі……................17
1.3 Акционерлік қоғамдардың тиімді қызмет етуін бағалаудың әдістемелік сұрақтары ......................22
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫН ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ .35
2.1 Кәсіпкерліктің акционерлік нысанының даму жағдайы .............................35
2.2 Акционерлік қоғам қызметінің тиімділігін талдау және бағалау ..............39
2.3«Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамның экономикалық тиімділігін талдау..........................44
3 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДАҒЫ ҮЛЕСТІРУШІЛІК ҚАРЫМ–ҚАТЫНАСТАР МЕН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ......60
Акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары.......60
Акционерлік қоғамдардағы үлестірушілік қарым-қатынастардың тиімділігін жоғарылату жолдары .................71
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................81
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................84

Работа содержит 1 файл

айка+дипломка.doc

— 1.52 Мб (Скачать)

Акционерлік қоғамды экономикалық ынталандырудың мәнін күшейту үшін материалдық жауапкершілік жүйесін өндіру және қолдану қажет.

 

1.3 Акционерлік  қоғамдардың тиімді қызмет етуін  бағалаудың әдістемелік сұрақтары

 

Акционерлік қоғам жұмысының  тиімділігін бағалау өндірістің бастауыш ұйымы ретінде кәсіпорын қызметі нәтижесін экономикалық бағалауды есептеу әдісіне негізделуі мүмкін. Сондай-ақ кәсіпкерліктің ұйымдық нысаны ретінде Акционерлік қоғамның өзіндік ерекшелігін ескерген жөн. Осыған байланысты кәсіпорын жұмысының тиімділігінің теориялық-математикалық принципін анықтауды қарастырған орынды.

Өндірістің тиімділігі – жалпы және әр кәсіпорынның бөлек ұлттық экономикасының дамуының ақырғы мақсатына жетуіне тікелей байланысты болатын нарықтық экономиканың өзекті категориясы санына жатады. Өндірістің экономикалық тиімділігігің жалпы түрі екі шаманың мөлшерлік арақатынасын білдіреді - шаруашылық қызметінің және өндірістік шығынының нәтижесі. Өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылату мәселелерінің маңызы қолда бар ресурстарды пайдалану барысында әр шығын бірлігіне экономикалық нәтижелердің жоғарылауынан тұрады.

Өндіріс тиімділігін жоғарылату ағымдағы шығынды (тұтынылатын ресурстарды) үнемдеу есебінен де, қолданыстағы капитал және капиталға жаңа қаржы бөлу (ресурстарды пайдалану) жолымен де жетуі мүмкін.

Кәсіпорынның нарықтық қызметінің аса маңызды экономикалық нәтижесі оның дамуының ұзақ мерзімді перспективасы салынған капиталдан барынша көп кіріс алу болып келеді. Кіріс пен инвестициялық салымдардың ара қатынасының өсуі өндірістің тиімділігін нақты жоғарылату үшін бастапқы негіз болады. Кәсіпкерлік пен нарықтық экономиканың негізі табыс, кіріс болып келетіндіктен экономикалық тиімділіктің бірінші белгісі ретінде өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің, олардың бәсекелесу қабілетілігін қамтамасыз етудің жоғары сапасы негізінде шығындар мен ресурстар бірлігіне табысты барынша көбейту болады. Тиімділіктің жаңа шарттарында және жалпы ұлттық белгілерінде сақталады: халық тіршілігінің әл-ауқаты деңгейін көтеруде шығындар мен ресурстар бірлігіне жалпы ұлттық өнімді барынша көбейту. Бұндай тиімділік белгілерінің қисынды және нарықтық экономикадағы ахуалын көрсетеді, өйткені жалпыұлттық өндіріс тиімділігі өндірістің (кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың) бастапқы ұйымының өндірістік қызметінің тиімділігіне байланысты. Бастапқы буындардың өндірістік қызметі тиімдірек болған сайын жалпы ұлттық экономиканың тиімділігі жоғары болады, мемлекетте әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу үшін ресурстар көп болады.

Шаруашылық етудің нарықтық тәжірибесінде экономикалық тиімді-лігін көрсетулерінің әр түрлі нысандары кездеседі. Тиімділіктің техникалық және экономикалық аспекттері өндірістің негізгі факторының және оларды пайдаланудың нәтижелілігінің дамуын сипаттайды. Әлеуметтік тиімділік нақты әлеуметтік мәселелердің шешуін көрсетеді. Әдетте, әлеуметтік нәтижелер экономикалық нәтижелермен тығыз байланысты, өйткені кез келген үрдістер негізін материалдық өндірістің дамуын құрайды. Нарық шарттарында әр кәсіпорын экономикалық дербес тауар өндірушісі бола тұра мемлекеттік және басқа нормалар, сондай-ақ әлеуметтік шектеулер шегінде бекітілген меншікті өндірістің даму тиімділігін бағалаудың кез келген тәсілін пайдалануға құқығы бар. Ал нарықтық берекесіздігі болса өте күрделі, және де нарыққа ауысу өндірісті басқарудың барлық деңгейінде шынайы тиімді шешімдерді іріктеу және жүзеге асыру үшін шығындар мен нәтижелер өлшемдерінің біртұтас оң шешімін өндірудің маңыздылығын міндеттейді.

Нарық шарттарында өндірістік, коммерциялық шаруашылық және басқа  да кәсіпорын қызметінің түрі нарық  элементтеріне байланысты. Олар жеткіліксіз сұраным алу мүмкіндігі, әр түрлі нарықтық процесстерге қатысу-шылар мүдделерінің субъективтігі, өндіріс параметрлерінің қозғалысы және т.б. бұйым өндіруде көрсетіледі. Демек, тәуекел деңгейін азайтуға ұмтылу өндірістің барлық жұмыс нәтижелерінің мұқият экономикалық есебін жүр-гізуді талап етеді.

Кәзіргі уақыт жағдайында кәсіпорын жұмысының тиімділігін  бағалау кәсіпорын тиімділігін бағалауды керек ететін талаптарына жауап беретін көрсеткіштер жүйесі негізінде және мәліметтік базаға сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын қызметінің өндірістік, техникалық және коммерциялық түрлерінің алуан түрлілігі көрсеткіштердің алуан түрлілігін де анықтайды. Сонымен қатар оларды пайдалану проблемасы осылардың бір де біреуі кәсіпорын жұмысы туралы пікір айтуға болатын әмбебап көрсеткіш ролін орында-майтындығында.

Ең жиі пайдаланатын тиімділік көрсеткіштері талдау мақсатына байланысты ажыратылады. Олар төрт топ бойынша квалификацияланады: экономикалық жағдай бағасының көрсеткіштері, өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігі, инвестициялық белсенділігі, әлеуметтік тиімділігі. Ең алдымен, кәсіпорын қызметінің өндірістік-шаруашылық тиімділігін бағалау көрсеткішін қарастырайық. Тәжірибеде бұл бағалау блогы жалпы шаруашылық субъектісі жұмысының тиімділігі көрсеткіштерімен және өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерімен ұсынылған.

Өндірістік қызмет тиімділігінің  көрсеткіштері өзіне мыналарды  қосады: сауда табыстылығы (табыстың өнімді сатудан алынған ақшалай түсімге қатынасы), активтердің айналымдылығы (өнімді сатудан алынған ақшалай түсімнің жылдық орташа актив құнына қатынасы), активтердің кірістілігі (активтердің айналымдылығына сауда пайдалылығын шығару) және басқалар. Сауда табыстылығының көрсеткіші алынған табыс есебінен тек тауарлар шығынын жауып қана қоймай, сонымен қатар, кәсіпорын иегерлерінің капиталын салған кездегі өздеріне қабылдайтын тәуекелінің орнын толтыратын белгілі бір қалдық қалатындай етіп кәсіпорынды басқару шеберлігін көрсетеді.

Активтердің айналымдылығы компанияның қолда бар акциялары негізінде тауарларды өндіру және сату қабілеттілігін сипаттайды. Әдетте активтердің айналымдылығының көрсеткіші жоғары болған сайын жақсы болады: босалқы қорларының төмен деңгейі тәуекелді төмендетеді және капиталдың пайдалануының тиімділігін көрсетеді.

Активтердің кірістілігі – ең мықты кәсіпорынның активтерін пайдалану қабілеттілігі индикаторларының бірі болып саналатын көрсеткіші. Активтердің кірістілігі кәсіпкерлік қызметтің пайдалылығы (рентабельность) болып келеді. Соңғы нәтижелерінің ең маңызды көрсеткіші нарықтық экономика жағдайында өндіріс тиімділігінің жиынтығы пайдалылық (табыстылық- кірістілік). Пайдалылықтың деңгейі табыс шамасына, шығын шамасына және пайдаланатын ресурстарға байланысты. Пайдалылық кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық және шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігінің кешенді көрсеткіші болып табылады. Жалпы пайдалылық өндірістік ресурстарды пайдалануды көрсетеді, ал акционерлік қоғамдарда меншіктік капиталдың тиімділігін көрсетеді. Пайдалылық кәсіпорын қызметінің барлық жағын синтездейді. Оның шамасына көптеген ұйымдық-техникалық және экономикалық факторлар ықпал етеді: өндіріс техникасы мен технологиясындағы өзгеріс, материалдық-шикізаттық ресурс-тарды ұтымды әрі үнемді пайдалану деңгейі, өнімнің шығарылу көлемінің, сатылымының және сапасының өзгеруі, өндіріс пен еңбек ұйымының деңгейі, кәсіпорындар, оның бөлімдерінің жұмысын басқару.

Қазақстандағы экономикалық реформа жылдары жүргізілген басқару механизмінің құрылымы бойынша іс-шаралар, кәсіпкерліктің, сонымен қатар акционерлік қоғамның дамуы пайдалылықты көтерудің шешуші шарттары болды. Капиталдың пайдалылығы, айналымдылығы және шығындардың рационалдылығы кәсіпорын жұмысының нәтижелілігінің жалпылама көрсет-кіші болып келеді .

 

 Кесте-1. Кәсіпорын қызметі тиімділігінің жиынтығының көрсеткіштері

 

Көрсеткіштің  атауы 

Есептік формула

Кәсіпорынның  бар капиталының (активтерінің) пайдалылығы 

Меншікті капиталдың пайдалылығы

Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы

Кәсіпорынның  барлық капиталының (активтері-нің) өнімділігі (айналымдылығы)

Ұсталған шығындардың  өнімділігі

Сатылған өнім бірлігіне ұсталған шығындар (сатылған өнімнің үлесті өзіндік құны).

Р=П/А

Рмк=Пт/Мк

 

Рд=П/И

 

Ro=Q/A

R=Q/И

 

 S=И/Q

Ескертпе: [3] көзі негізінде құрылған


 

Кестеде келтірілген  көрсеткіштер экономикалық тәжірбиеде әлдеқайда кең қолданылады. Кез-келген меншік нысанындағы кәсіпорындар үшін, әсіресе акционерлік қоғамдар үшін меншікті капиталының маңызды ролін ескере отырып жалпы кәсіпорындар қызметінің тиімділігінің көрсеткіштерін - «меншікті капиталының пайдалылығы» көрсеткішімен толықтыру ұсынылып отыр. Әр келтірілген көрсеткіштің экономикалық мазмұны және оларды есептеу әдістемелері арнайы әдебиеттерде, біздің әр өлшеуіш үшін қажетті символдары қосылған толықтырулармен.

Капитал жиынтығының тиімділігі (Т), табыстылықтың (П) активтерге қатынасы ретінде кәсіпорында қол жеткізген бизнестің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделері балансын көрсетеді, сондықтан қарастырылатын көрсеткіштің деңгейі мен динамикасы кәсіпорын менеджерінің де, осы кәсіпорын қызметі тиімділігінің бағасына мүдделі сыртқы институттардың да назарының басты объектісі болып келеді. Нақты әр жақтың мүдделері басқа да көрсеткіштермен ұсынылуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын меншік иесі үшін ондай көрсеткіші меншікті капиталының пайдалылығы (Пмк) болады, ол таза табыстың (ТП) (салық пен пайыздарын төлегеннен кейінгі табыстың) меншікті капитал (МК) шамасына қатынасын анықтайды. Қызмет пайдалылығының (Т) көрсеткіші кәсіпорынның жалпы табысының (қызметтің барлық түрлерінің) кәсіпорын ұсталымдарының (И) жиынтығына қатынасымен анықталады. Қызмет пайдалылығы нақты шығын бір теңгеге шаққанда кәсіпорын қанша табыс табатынын көрсетеді. Талдау мақсаттарынан көретініміз (өнімнің нақты түрі бойынша тиімділігін бағалау қажет) жеке, берілген көрсеткішке қатынасы бойынша, өнім пайдалылығының көрсеткіші есептелуі мүмкін (өнімді сатудан табыстың осы өнім өндірісінің ұсталымдарының қатынасы). Жалпы кәсіпорын қызметі тиімділігін бағалай отырып, өнімділік (Ro) көрсеткіштерін ескерген орынды. Бұл жерде нәтижесінің сипаттамасы ретінде шығару көлемі (сату көлемі) (Q) пайдаланылады.

Қолданылған ресурстардың барлық жиынтығының өнімділігі немесе жалпы капитал қайтарымы ( активтер қайтарымы) өндірістің әр активтер (А) бірлігі қанша сатқан өнімнің ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткішті, сондай-ақ активтің айналымдылығы (айналымдылық коэффициенті) ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде оның мазмұнының түсіндірмесі – бір жыл ішіндегі капиталдың (активтердің) толық айналым мөлшері. Кәсіпорын қаражатының өнімділігінің (айналымдылығының) жоғарылауында сол бастапқы ресурстарымен үлкен шығарылым мен өнімді өткізу қамтамасыз етілген.

Ұстаным өнімділігі ағымдағы ұсталымның (R) әр ақшалай бірлігі әкелген өткізілген өнімнің жалпы ақшалай бірлігінің мөлшерін көрсетеді. Егер қолданылған ресурстардың өнімділігі өнімнің сипаттамасы және оны өндіру технологиясына байланысты бірліктен айтарлықтай аз да, көп те бола алса, онда кәсіпорынның ұсталым өнімділігі анағұрлым аз ауытқиды және қажетті табысты қамтамасыз ете отырып, компания қызметі пайдалы-лығының деңгейі мен динамикасын ескере отырып бірлігінен көп болуы ке-рек.

Тәжірибеде  тиімділікті бағалауда көлем  болып келетін, ұсталым өнімділігі көрсеткішіне кері көрсеткіш жиі  қолданылады. Бұл көрсеткіш – өткізілген өнім бірлігіне үлесті ұсталымдар. Кестеге сүйене отырып берілген көрсеткіштің құрылымы бойынша оның мағынасы бірлігінен аз болатынын айтуға болады. Осындай диапозонға себепші болатын себеп үлкендігі болып келетін, мәлім шамаға кері алдыңғы көрсеткішті сипаттау кезінде көрсетілген. Тәжірбие көрсеткендей, қарастырылған көрсеткіштер өте қажет және жалпы компания қызметінің тиімділігін бағалау үшін. Бірінші төрт көрсеткіш  ресурсті беру (нәтиженің шығынға қатынасы) принципі бойынша құрылған. Бұндай тәсіл компания қызметі тиімділігінің жалпы көрсеткіштері құрылымының ең орындысы болып келеді, өйткені бұл жағдайда бұл көрсеткіштердің өзгерісін бағыты тиімділік динамикасы тенденциясымен түйіседі: бұл көрсеткіштердің мәнінің өсуі тиімділіктің өсуі туралы айтады.

Бесінші көрсеткіш (өткізілген өнім бірлігіне үлесті ұсталым; өткізілген өнімнің өзіндік құны) (Өз.құн) шығын сиымдылығы принципі бойынша құрылған (шығынның нәтижеге қатынасы). Берілген көрсеткіштің жоғарылауы компания қызметінің жалпы тиімділігінің төмендеуін куәландырады. Берілген көрсеткіш, алдында айтқанымыздай, ұсталым өнімділігіне кері шама болып келеді. Бұл екі көрсеткіш бір шаманың арақатынасымен пайда болады және барабар мағыналы салмағы бар. Айта кететін жайт, үлестік өзіндік құны көрсеткіші жалпы компания тиімділігінің көрсеткіші жүйесіне бастысы пайда болған тәжірбие негізінде қосылған: ол ұсталым өнімділігіне қарағанда тиімділігін бағалау тәжірбиесінде жиі кездеседі. Қарастырылған көрсеткіштер кәсіпорынның қызмет көрсетудің жалпылама тиімділігін көрсетеді. Ресурстар мен ұсталымдар құрамынан бөлек құрылымдық құрамдас бөлігін атай отырып бөлек ресурстар мен шығындар тиімділігінің сараланған көрсеткішін есептеп шығаруға болады.

Жалпы кәсіпорын  қызметі тиімділігінің көрсеткіші компания қызметі тиімділігі қызметінің көрінісін береді. Олар іс жағдайын жалпы бағалау үшін сол кәсіпорынның басшыларына да, басқа шаруашылық жүргізу субъектілерінің ұқсас көрсеткіштерімен салыстыру үшін, бағалау объектісіне қатынасы бойынша институттарына да қажетті болуы мүмкін. Ал компания басшылары тек өндіріс тиімділігін бағалап қана қоймай, сондай –ақ оны басқаруды қалаған жағдайда, не болмаса сыртқы инвестициялық немесе реттеу институттарына ахуалды толығырақ талдауды қажет еткен жағдайында, яғни, тиімділік деңгейінен туындаған себептерін айқындау қажет болған жағдайларында кәсіпорынның өндірістік ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткішін есептеп шығарады. Бұл үшін өндірістік өндірістік ресурстар құрамында құрамдас бөліктерін өндіріс (еңбек, капиталдар, материалдар) факторлері бойынша бөледі және өндірістік ресурстарын пайдалану тиімділігінің жиі қозғаушы күш көрсеткішін қалыптастырады [10,11].

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың дамуы