Акционерлік қоғамдардың дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 22:37, курсовая работа

Описание работы

Негізі ретінде құралдарға жеке меншігінің болу және еңбек нәтижесі болып келетін нарықтық экономика жағдайында оның бастапқы тобының жетекші ұйымдық нысаны болып ұжымдық кәсіпкерліктің және акционерлердің инвестициялық белсенділігінің жеткілікті икемділігін қамтамасыз ететін акционерлік қоғамдар бой көрсетеді. Бірақ, тәжірбие көрсеткендей, оларды қамтамасыз ету акционерлік қоғамды басқарудың қандай жүйесі жұмыс істейтіндігі мен оның шаруашылық ету қызметіне ықпал ететін факторлардың қандай шамада ескерілетіндігіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................6
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ....11
1.1 Акционерлік қоғамдардар кәсіпкерліктің жетекші ұйымдық нысаны ретінде ..............................11
1.2 Акционерлік қоғамның дамуын және тиімді жұмыс істеуін ынталандыратын факторлары және экономикалық механизмі……................17
1.3 Акционерлік қоғамдардың тиімді қызмет етуін бағалаудың әдістемелік сұрақтары ......................22
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫН ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ .35
2.1 Кәсіпкерліктің акционерлік нысанының даму жағдайы .............................35
2.2 Акционерлік қоғам қызметінің тиімділігін талдау және бағалау ..............39
2.3«Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамның экономикалық тиімділігін талдау..........................44
3 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДАҒЫ ҮЛЕСТІРУШІЛІК ҚАРЫМ–ҚАТЫНАСТАР МЕН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ......60
Акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары.......60
Акционерлік қоғамдардағы үлестірушілік қарым-қатынастардың тиімділігін жоғарылату жолдары .................71
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................81
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................84

Работа содержит 1 файл

айка+дипломка.doc

— 1.52 Мб (Скачать)

 

Бұл методикалық  жобада аймақтағы Акционерлік қоғам саны әр түрлі факторлармен анықталады. Сонымен қатар тіркелген тіркелген Акционерлік қоғам санының 41%- і Алматы қаласында шоғырланғанына назар аудармауға болмайды. Кестедегі мәліметтер көрсеткендей, әсіресе акционерлік қоғам санын жоғарылатудың айтарлықтай резерві Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында.

Тиімділігін жоғарылату және дамудың ірі резерві аймақтағы  Акционерлік қоғам жұмысын активизациялауды қамтамасыз етумен пайымдалған, әрекет етуші Акционерлік қоғамдардың аймақтар бойынша тіркелгендердің санына үлес салмағы 52 % -ден 81%- ге дейін ауытқып тұрады. Берілген көрсеткіш бойынша жоғары деңгей Маңғыстауда жеткен, бірақ бұл көрсеткішпен ғана шектеліп қоюға болмайды. Жалпы жұмыс істеп тұрған кіші кәсіпкерліктің төмен үлесі бар аймақтар басым. 6облыста және Алматы қаласында 40 пайыздан астамы әрекет етпейді және 6 облыста – 30 пайыздан астамы тіркелген акционерлік қоғамдар.

Экономикалық қызмет түрлері  бойынша Акционерлік қоғам дамуын зерттеу сондай-ақ берілген кәсіпкерлік нысанының даму резервінің бар болуын куәләндырады.

 

Кесте-8. 1қаңтар 2011 жылға экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген және әрекет ететін акционерлік қоғамдар саны

 

Көлемі бойынша  кәсіпорындар түрі

 

Тіркелген, бірлігі

Олардың ішіндегі әрекет етуші

бірлігі

Тіркелгендер  санының,% - бен

Республика бойынша барлығы,

3634

2181

60

Оның ішінде:

     

Ауыл шаруашылығы, аң аулау, орман шаруашылығы

189

111

58,7

Балық аулаушылық және балық өсірушілік

2

1

50,0

Кен өндіру өнеркәсібі

73

50

68,5

Өңдеуші өнеркәсіп

597

375

62,8

Электроэнергия, газ, суды өндіру және бөлу

100

66

66,0

Құрылыс

378

222

58,7

Сауда-саттық, автокөліктерді жөндеу, тұрмыстық бұйымдар, жеке бас пайдаланатын заттарды сату

757

351

46,4

Қонақ үйлер  мен мейрамханалар

30

13

43,3

Транспорт және байланыс

370

228

61,6

Қаржылық қызмет

435

327

75,2

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және қызмет көрсету

554

334

60,3

Мемлекеттік басқару

1

1

100

Білім беру

34

25

73,5

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

43

34

79,1

Коммуналды, әлеуметтік және дербес қыметтер көрсету;

71

43

60,6

Ескерту: [13]көзі негізінде құрылды


 

Кесте мәліметтері  бойынша акционерлік қоғамдардың  ең көп саны өңдеуші өнеркәсіпте, сауда-саттық, автокөліктерді жөндеу, тұрмыстық бұйымдар, жеке бас пайдаланатын заттарды сатуда, қаржылық қызметте, жылжымайтын мүлікпен операциялар және тұтынушыларға қызмет көрсетуде құрылған.

Экономикалық  қызмет түрлері бойынша Акционерлік қоғам дамуын қарастыру барасында кен өндіру өнеркәсібінде 73, ал өндіріс пен эгектроэнергия, газ, суды бөлуде –100 акционерлік қоғам тіркелгенін атап өткен жөн, бірақ, тәртіп бойынша, олар басқа салалармен салыстырғанда айтарлықтай ірі болып келеді. Акционерлік қоғамдар санының жоғарылауының ең үлкен мүмкіндігі ауыл шаруашылығы, құрылыс, транспорт және байланыста. Жоғарыда келтірілген мәліметтерден көрінетіні, республикада әсіресе сауда-саттықта, қызмет көрсетуде, құрылыс пен ауыл шаруашылығында компанияның жұмысын активизациялау есебінен кәсіпкерліктің бұл нысанының экономикалық көрсеткішін жақсартудың айтарлықтай резерві бар. Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғамның дамуын талдау бөлек акционерлік қоғамдардың дамуын сипаттайтын мәліметтермен толықтырылуы мүмкін.

 

2.2 Акционерлік қоғам қызметінің тиімділігін талдау және бағалау

 

Қазақстан Республика Президенті Жолдауында экономикалық өсудің қарқынды факторына, тиімділікті және барлық жұмысты жоғарылатуына батыл өтуге айқын нұсқаулар тұжырымдалған. «Гүлденген және серпінді дамыған қоғамның фундаменті тек қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономика бола алады». Ол іскерлік ынта мен тапқырлық негізінде болу керек. Тапқырлық білдіруді аса қажет ететін маңызды экономика саласының бірі акционерлік қоғамдар болып келеді. Экономикалық реформа жылдары бойы бұл ұйымдық бизнес нысанын басқарудың айтарлықтай тәжірбиесі жиналған. Олардың жұмысының тиімділігі жоғарылайды, залалды кәсіпорындар саны азаяды .

 

Кесте-9. Табысты және залалды акционерлік қоғамдардың үлес салмағы

(%-бен)

Жылдар

Табысты

Залалды

2006

56

44

2007

60

40

2008

61,4

38,6

2009

65,1

34,9

2010

68,4

31,6

2011

70,7

29,3

Ескерту: [14]көзі негізінде құрылды


 

Қарастырылған кезеңдерде табысты қоғам үлесінің өсуге беталысы байқалатыны кестеде көрінеді. Нәтижесінде залалды акционерлік қоғамдардың үлес салмағы жалпы санмен 2006 жылдан 44% 2011 жылға дейін 29,3% төмендеді. Алайда бұл кәсіпкерлік нысанының жұмыс нәтижеесін жеткілікті деп санауға болмайды. Негізі қоғамның үштен бірі дерлігі залалды қызмет етеді[14].

Акционерлік қоғам жұмысының тиімділігін бағалау үшін ұйымдық-құқықтық нысандар бойынша ірі кәсіпорындардың кірістілігін салыстырмалы зерттеу қызығушылық көрсетеді.

Жоғарыда келтірілген  кестеде көрсетілгендей, акционерлік  қоғам басқа ұйымдық нысан  кәсіпорнына қарағанда жоғары нәтижелі жұмысқа ие. Кіріс алған акционерлік қоғамның үлес салмағы кәсіпорындардың жалпы санымен алғанда 2010 жылы 52% Акционерлік қоғам үлесіне жатады, 47,5%- шаруашылық серіктестікке, бірақ жалпы кіріс жинақ сандықшасына мемлекеттік кәсіпорындардың салымы (0,5 %) өте ынсапты. Ірі кәсіпорындар тиімділігін бағалау залалды кәсіпорындар туралы көрсеткіштер айтарлықтай толтырады. Егер 2010 жылы шамамен  жарты мемлекеттік кәсіпорындар залалды болса, онда залалды акционерлік қоғамның үлестік салмағы жалпы санның үштен бірін құрады. Акционерлік қоғам жұмысының тиімділігін жоғарылату резервін табу үшін көлемі бойынша әр-түрлі – ірі, орта және кіші кәсіпорын түрлерінің нәтижелерін зерттеу маңызды орын алады. Акционерлік қоғамдардың жалпыланған мәліметтерінің жоқ болуына байланысты бұл мәселені жалпы кіші, орта және ірі кәсіпорындар жұмыстарының нәтижелері бойынша қарастырайық.

Қазақстанда үздіксіз және айтарлықтай тез қарқынмен  кіші кәсіпорындар саны көбеюде, және де олардың көп бөлігі Акционерлік қоғам үлесіне кіреді. Кәсіпкерліктің акционерлік нысанының тиімділігін бағалау үшін кіші кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігін зерттеу маңызды [15,16,17] .

   

Кесте-10. 2007-2011 жж. Қазақстан Республикасындағы кіші кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының қаржылық нәтижесі

 

Жылдар

Табыс алған  кәсіпорындар

Залал көрген кәсіпорындар

Кәсіпорындар  саны, бірлік

Жалпы санға %-дық  үлес салмағы

Табыс, млн. тенге

Кәсіпорындар  саны, бірлік

Жалпы санға %-дық  үлес салмағы

Табыс, млн. Тенге

2007

21587

53,6

56 103

18 680

46,4

64 359

2008

24501

54,5

60 152

20 486

45,5

88 959

2009

26241

54,5

103 349

21 917

45,5

112389

2010

27806

54,1

170 620

23 583

45,9

114 508

2011

30495

53,4

388 630

26 570

46,6

199 108

Ескерту: [15] көзі негізінде құрылды


 

Кестеде берілген мәліметтер бойынша табысты және залалды кәсіпорындар үлесінің ара қатынасы бес жыл ішінде сақталғаны көрініп тұр. КК алатын табыстар мен залалдардың абсолюттік шамасын алатын болсақ бұл жерде айтарлықтай өзгерістер орын алады.  Барлық кіші кәсіпорындар табыстарының жалпы соммасы 6,9 есеге өсті, залал 3,1 есеге өсті, кіші кәсіпорындар жұмыстарының нәтижелері жақсаруына белгілеген тенденциясын куәләндырады.

Пайдалылықтың мәні мен маңызы жұмыстың әдістемелік бөлімінде  атап өтілген. Әр түрлі кәсіпорын жұмысының тиімділігін толығырақ бағалау үшін олардың 2007-2011 жж. Пайдалылық деңгейін қарастырайық.

 

Кесте-11. 2007-2011 жж. ірі, орта және кіші кәсіпорындар және ұйымдардың пайдалылығы (залалдылығы), (%)

 

Экономика саласы

2007

2008

2009

2010

2011

А. Орта және ірі  кәсіпорындар, барлығы

14,8

18,5

21,6

25,7

29,0

Оның ішінде:

         

Кен өндіру өнеркәсібі

37,8

31,9

38,8

67,5

90,6

Өңдеуші өнеркәсіп

13,8

19,2

21,4

22,8

23,0

Электроэнергияны, газды және суды өндіру және бөлу

-7,9

-7,1

-2,1

1,3

-5,9

Құрылыс

4,5

5,2

5,0

3,4

5,4

Б. Кіші кәсіпорындар, барлығы

-0,7

-1,7

-0,4

1,7

3,9

Оның ішінде

         

Кен өндіру өнеркәсібі

20,4

-7,2

-5,8

1,9

53,0

Өңдеуші өнеркәсіп

-1,9

-1,9

-3,4

-1,7

-0,4

Электроэнергияны, газды және суды өндіру және бөлу

-7,7

-12,6

-13,6

5,3

-2,0

Құрылыс

5,1

0,0

0,8

3,0

-2,9

Ескерту: [15]көзі негізінде құрылды


 

Шаруашылық  ету субъектілерінің нәтижелілігін жалпылама өлшеуіші болып келетін пайдалылық деңгейі келтірілген мәліметтер бойынша оң бағалануы мүмкін.

Ол 2007-2011 жж. орта және ірі кәсіпорындар бойынша үздіксіз өсіп отырды, екі есеге өсті, ал кіші кәсіпорын бойынша оң тенденция белгіленді – 2010 және 2011 жылдары табысты жұмыстарға қол жеткізілді. Ірі және орта кәсіпорындардың пайдалылық жұмысы көбінесе кіші кәсіпорындардың табыстылығын жоғарылатады. Орта және ірі кәсіпорындар акционерлік қоғамдармен басым көрсетілген, осыдан негізінен жұмыс пайдалылығына қол жеткізетін тек Акционерлік қоғам болып келеді деп пайымдауға болады.

Акционерлік қоғам жұмысының тиімділігін көтеру резервінің бар болуы төменде көрсетілген республика және акционерлік қоғамдар бойынша өнімді өндіру мен өткізуге шығын жүйесі туралы салыстырмалы мәліметтері куәландырады.

 Кестеде берілген мәліметтер бойынша акционерлік қоғам «кезең шығыстарын» азайту есебінен шығындарды төмендетуді қамтамасыз етеді. Бұл шығыстардың үлес салмағы шығындар жиынтығында республика бойынша ірі кәсіпорынға жататын акционерлік қоғамдар 2011 жылы 29,7 пайызды, сонымен қатар бұл көрсеткіш орта кәсіпкерлікке жататын акционерлік қоғамдар 21,1 пайызды құра йды. Талдау көрсеткендей сондай-ақ акционерлік қоғамдар берілген ұстама топтары бойынша шығындарды айтарлықтай төмендетудің резервіне ие. Дәлірек айтатын болсақ, өнімді өткізу және қызмет көрсету бойынша шығыстарды, әкімшілік шығыстарды, қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстарды қысқарту есебінен, ең бірінші алынған несиелердің пайыздарын төлеу бойынша шығыстарды, қаржылық жалдауға берген активтер шығынын және басқаларды кішірейту жолымен жүзеге асырылады.

 

Кесте-12. 2011 жылға республика және акционерлік қоғам бойынша өнімді өндіру және өткізуге шығындар құрылымы

 

Акционерлік қоғамдар (ірі және орта кәсіпорындар)

Шығындар, барлығы

Сонымен қатар

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын құрайтын шығындар

Кезең  шығындары

Қазақстан Республикасы бойынша

соның ішінде:

Акционерлік қоғамдар (орта кәсіпорындар)

Акционерлік қоғамдар (ірі кәсіпорындар)

100

 

100

 

100

70,3

 

70,3

 

78,9

29,7

 

27,0

 

21,1

Ескерту: [16]көзі негізінде құрылған

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың дамуы