Ақша ағымдарын жоспарлау "КазМұнайГаз" АҚ мысалында
Курсовая работа, 22 Апреля 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде кәсіпорын табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырмасы болып табылады.
Ақшалай ағымның бағалануы көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер, кәсіпкерлермен, шығарушылар. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:
Ақшалай ағымдар және бухгалтерлік есеп. Басқадай қате көздерге байланысты бұл бухгалтерлік есепті әр түрлі біріктірулер және кірістер, ал олар көбінесе бір келісімде болмайды, қорытындыға келу үшін ақша ағымы қажет.
Содержание
КІРІСПЕ.........................................................................................................3-4
І АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Акша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны..............5-7
1.2 Ақша ағымдарының экономикадағы рөлі............................................7-9
ІІ АҚША АҒЫМДАРЫН «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» КОМПАНИЯСЫ МЫСАЛЫНДА ЖОСПАРЛАУ
2.1. «ҚазМұнайГаз» компаниясының қаржылық жағдайы................10-13
2.2.«ҚазМұнайГаз» компаниясының ақша ағымдарының жоспарлануы............................................................................................13-14
ІІІ АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ
3.1 Ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер........................15-18
3.2 Компаниядағы ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы басқару жолдарын жетілдіру.........................................................................................1822
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................24
ҚОСЫМШАЛАР.............................................................................25-26
Работа содержит 1 файл
курсовойс.doc
— 282.50 Кб (Скачать)
Ақша ағымын бағалау көптеген көріністер көрсетеді. Ақша ағымдары бюджетпен капитал құнының бағалануынан көрінеді. Менеджерлер өзіндік көрсеткіштерде кірістер көтерілсе ал керісінше болса ол түсуі мүмкін. Бұның бірі менеджерлердің айлық көрсеткіші олардың жұмыс көрсеткішіне қарай.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттаиды [3].
1.2 Ақша ағымдарының экономикадағы рөлі
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін , жалпыға балама айрықша тауар.
Ақшанын объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бул тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай – ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
-жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
-айырбас құнының дербес формасы;
-еңбек өлшемінің эаттай (материалдану) формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар [4].
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс және жаны гурт деп аталады.
Толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
-құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
-құнның қағаздан жасалған белгілері.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметіне мыналар жатады:
1.құн өлшемі және баға масштабы;
2.айналыс құралы;
3.төлнм құралы;
4.қорлану және қор жинау құралы;
5.дүниежүзілік ақша [5].
Ақшаның құн өлшемінің қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері сондықтан олардың құнын өзіндік құны нақты ақшалар өлшей алады.Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдық баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді [6].
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі: Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті қашаннан алтынға жүктелген.Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1.Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ депозиттік шоттардағы сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2.Банктегі халық салымдарында облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында [7].
ІІ Ақша ағымдарын «КазМұнайГаз» компаниясы мысалында жоспарлау
2.1. «ҚазМұнайГаз» компаниясының қаржылық жағдайы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Маңғыстау мен Атырау облыстарындағы құрлық бетіндегі 44 мұнай-газ кен орындарының меншік иесі болып табылады.Кен орындарының жалпы аумағы 837,4 км² құрайды. Компанияның өндірістік бөлімшелері 90 жылдан астам қызмет істеп келеді, ал мамандар терең білім мен бай тәжірибеге ие. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы. Қазақ мұнайының тарихы тым әріде жатыр. Дүние жүзінде 152 жыл бұрын ал-ғашқы мұнай тамшысы АҚШ-та алынса, осыдан 40 жыл өткенде қазақ жерінде де “қара алтынның” бастапқы бұрқағы атқылады. Содан бері 112 жылдың жүзі ауды. Атырау облысының Жылыой ауданындағы Қарашүңгіл кен орнынан осынша жыл бұрын алғаш рет 7 тонна мұнай алынған. Бір ғасырдан асса да қазақ жерінен қара май алу әсте тоқтаған емес. Бұл күндері тәуелсіз Қазақстан мұнайы дегенде, алдымен Атырау мен Маңғыстау өңір-леріндегі ірі кеніштер келешегі ойға оралады. Мәселен, Каспий қайраңындағы Қашаған кенішінің барлануы мен “Теңіз” кенішінің игерілуі елімізге шетелдік мұнай компания-ларының келуіне жол ашты. Әрине, Елбасы Н.Назарбаев шетел компанияларын елге ша-қырып, инвестиция салуға иландырмаса, “Теңіздей” ірі кеніштен мол мұнай алу қиынға соғар еді. “ҚазМұнайГаз” шетелдік компаниялармен бәсекелес болардай ірі компанияға айналмас еді. Қазір «ҚазМұнайГаз» отандық мұнай-газ өнеркәсібінің локомотивіне айналды. Мұнай өндіруде ең озық технологияларды кеңінен қолданатын болды. Кезінде шетелдік компанияларға сатылған отандық үлестерді кері қайтарып алатындай қауқарлы да, қаржылы компанияға айналды. Тіпті Румыниядағы мұнай өңдеу зауытына иелік еткен инвесторлық қадамын сәтті жалғастыруда. Бұрнағы күні «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдиннің «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Ембімұнайгаз» ӨФ, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесуінде осы жайттарды ой елегінен өткізіп үлгерген едік. «ҚазМұ-найГаз» басшысы Атыраудағы өндірістік құрылымдардың өткен жылғы жұмыстары сара-ланған, алдағы жоспарлары пысықталған басқосуда отандық мұнай-газ өнеркәсібінің қарышты қадаммен дами беретініне тоқталды. Еліміздің бас мұнайшысының айтуынша, Тәуелсіздіктің 20 жылында қазақ мұнайын өндіру 5 еседен астамға ұлғайған. Оның ішінде отандық мұнайшылардың үлесі басым. Дәлірек айтқанда, тек өткен жылы «ҚазМұнайГаз» 22 миллион тонна мұнай өндірген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 17 пайызға артық. Соның ішінде 37 кен орнынан «қара алтын» тасқынын толастатпаған «Ембімұ-найгаз» өндірістік филиалының мұнайшылары 2 миллион 800 мың тонна мұнай өндіруге қол жеткізген. Өндірілген мұнайдың басым бөлігін еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында өңдеуге бағыт ұсталуда. Нақты дерекке жүгіне айтар болсақ, былтыр 14 миллион 600 мың «қара алтын» өңделуі мұнай өңдеу зауыттарының дамылсыз жұмыс істеуіне серпін бергені даусыз. Олай деуімізге Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Талғат Байтазиевтың «Былтыр біздің зауыт таза пайдамен жұмыс істеді» деуі дәлел бола алады. Осы зауытта өткен жылы 4 миллион 300 мың тонна шикізаттық мұнай өңделіпті. Соңғы 14 жыл бойы Атыраудағы мұнай өңдеушілер осынша мұнайды өңдеуден өткізуге қол жеткізген емес-ті. Мұны атыраулық мұнай өңдеушілердің биік белесті бағындыруы десе болғандай. Бұған аталған зауытты жаңғырту жұмыстарының оң әсер еткенін баса айтқан ләзім. Қазір бұл зауыттағы жаңғырту жұмыстары бірнеше бағытта өз жалғасын табуда. Мәселен, «ЭЛОУ-АВТ (электрмен тұзсыздандыру) вакуумды блогын және баяу кокстау қондырғыларын қалпына келтіру» жобасын іске асыру АтМӨЗ-де вакуумды газойл өндіруді жылына 800 мың тоннаға, бензин компонентін жылына 161 мың тоннаға, дизель отыны компонентін жылына 308 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. «Хош иісті көмірсутегін өндіру ке-шенінің құрылысы» жобасы жоғары октанды бензин көлемін өндіруді арттыруға, Еуро-3 стандартына сай келетін дизель отынын, сонымен қатар, мұнай химиясы үшін бірден-бір шикізат көзі болатын бензол мен параксилол өндіруді бастауға жол ашады. «Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасы шеңберінде жоғары октанды бензин, авиа және дизель отындарын өндіруді арттыра отырып, мұнай өңдеу тереңдігін 87 пайызға жеткізу, ал мотор отындарының сапасын Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сәйкестендіру жоспарланған.
Бүгінгі таңдағы «ҚазМұнайГаз» компаниясы корпоративті басқару саласында халыққа ақпараттардың жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді Компанияның қаржылық жағдайын талдау барысында қолданылған құжаттар компанияның сайтынан алынды. Талдауға компанияның 2010 жылғы бір жылдық көрсеткіштері пайдаланылып отыр. 2 кесте
Б.В=ағ.а+ұз.а (1)
Б.Вж.б= 1717171230+3408783465=
Б.Вж.а=1719339395+3747759823=
Кәсіпорынның мобилділік коефиценті
Км=Ағ.а/Б.В (2)
К м.ж.б=1717171260/5125954725=0,
К м.ж.а=1719339395/5467099218=0,
Кәсіпорынның мобилділік және иммобилділік қаражаттарының қатынасының коефиценті
Км/им=Ағ.а/Ұз.а (3)
Км/им ж.б.=1717171260/3408783465=0,5
Км/им ж.а=1719339395/3747759823=0,5
Тәуелсіздік коефиценті
Ктс=МК/БВ (4)
Ктс.ж.б=2358242681/5125954725=
Ктс.ж.а=2600167409/5467099219=
Тәуелділік коефиценті
Кт=ҚК/БВ
Кт.ж.б=1384918423/5125954725=
Кт.ж.а=1326799792/5467099219=
Қаржыландыру коефиценті
Кқ=МК/ҚК
Кқ.ж.а=2358242681/1384918423=
Кқ.ж.а=2600167409/1326799792=
Қарыз және меншікті құралдардың арақатынасы коефиценті
Кқ.ж.б=1384918423/2358242681=
Кқ.ж.а=1326799792/2600167409=
Қаржылық тұрақтылық коефиценті
Кқ.т.=МК+Ұз.м/БВ
Кқ.т.ж.б=2358242681+
Кқ.т.ж.а=2600167409+
Қарыз қаражатын ұзақ мерзімге тарту коефиценті
Кқт=Ұз.м/МК+Ұз.м
Кқт.ж.б=1904105172/2358242681+
Кқт.ж.а=1870457283/2600167409+
Инвестициялау коефиценті
Кинв=МК/НҚ
Кинв.ж.б.=2358242681/
Кинв.ж.а=2600167409/
Меншікті айналым капиталы
Мак=МК-Ұз.а
Мак.ж.б=2358242681-3408783465=
Мак.ж.а=2600167409-3747759823=
Жұмсау коефиценті
Кж.ж.б=-1050540784/2358242681=
Кж.ж.а=-1147592414/2600167409=
Жалпы өтімділік коефиценті
Көжж.б=1717171260/863606872=2
Көжж.а=1719339395/996474526=2
Компанияның қаржылық жағдайын талдау барысында мынадай қорытындыға келуге болады: Компанияның қаржылық жағдайы тұрақты деп айтуға болады. Компания сыртқы қарыз көздерінен тәуелді және ішкі айналым капитмлына ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі байқалады, солай бола тұры компания нарықта жұмыс істеуге қабілетті, активтері өтімді, қаржылық тұрақтылығын сақтай алады.[23]
2.2. «ҚазМұнайГаз» компаниясының ақша ағымдарының жоспарлануы
«ҚазМұнайГаз» компаниясы еліміздегі бірден бір ірі ұлттық компания болып табылады. Компанияның ақша ағымдарының қозғалысы есебінде жылдық қаражаттарда триллиондық көрсеткіштерде ақша қозғалысы жүреді.2010 жылғы ақшалай қаражаттар есебінің көрсеткіштерінеде 3 кестеде жыл басында 675543113 мың теңге ақша қозағылысы жүргізілсе жыл аяғында бұл сумма 587832255 мың теңгені құрап отыр. Бұл сандардан көретініміз компанияның айналым қаражаттығының көптігі. Компаниядағы ақша қозғалысының есебін талдау барысында бізге «ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» ққұжатты беріледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.