Қазақстан республикасының кітап музейі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:06, реферат

Описание работы

Республикалық кітап музейі қазақ халқының тарихы мен мәдениетін сақтаудың, насихаттаудың нақты бір көрінісі деуге болады. Музей экспозициясында жазу, кітап басу ісінің, ғылым, әдебиеттің, мәдениет пен өнердің және қазіргі кітап басу, шығару ісінің жағдайы жан-жақты көрсетілген. Музей кітап тарихына, кітап басу ісіне, кітаптарға байланысты тұрақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 

Работа содержит 1 файл

китап.docx

— 120.89 Кб (Скачать)

 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  КІТАП МУЗЕЙІ 
 
 
Республикалық кітап музейі қазақ халқының тарихы мен мәдениетін сақтаудың, насихаттаудың нақты бір көрінісі деуге болады. Музей экспозициясында жазу, кітап басу ісінің, ғылым, әдебиеттің, мәдениет пен өнердің және қазіргі кітап басу, шығару ісінің жағдайы жан-жақты көрсетілген. Музей кітап тарихына, кітап басу ісіне, кітаптарға байланысты тұрақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.  
 
Қазақстанда ХХғ. 20 жылдарына дейін баспа, кітап шығару базасы болған жоқ. Тек, Семей, Орынбор, Орал, Верный, Омск, Троицк, Астрахань секілді қалаларда қазақ және орыс тілдерінде әр түрлі әдебиеттер шығарған ғылыми қоғамдар мен жеке адамдардың баспалары болды. Негізінде өлкетанулық сипаттағы әдебиеттер шығарылды. Қазақ кітаптарының көп бөлігі Қазанда, Уфада, Петербургте шығарылды. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік баспа 1920 ж. Орынборда қалыптасты.  
 
Қазақстанның кітап мұражайының экспозициясы 1978 жылы ашылды. Музейдің алты экспозициясы залында қатаң хронологиялық тәртіппен орналастырылған құжатта, баспа және көркем экспонаттар қазақ кітап баспасының пайда болуының алғышарттарын ашып, көрсетеді. Қазақ жазушыларының, ғылым, өнер, мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен қызметі, Қазан төңкерісінен кейінгі кітап басу ісінің қалыптасуы, кітап басу, баспа ісінің қазіргі ісінің жағдайы бейнеленген. Музей экспозициясын қала тұрғындары, шетелден келген қонақтар көріп тамашалайды. Алғашқы күндерден бастап Қазақстандағы жазба, кітап басу мәдениеті ескерткіштерін жинау, сақтау, зерттеу және насихаттау мақсаттары тұрды. Бұл мақсаттарды шешуде мұражай үнемі сирек және бағалы қолжазбаларды жинау, іздестіру экспедицияларын жүргізді. Тұрақты түрде тақырыптық жоспарлар жасалып, экспозиция жетілдірілді. Әр түрлі көрмелер ұйымдастырылып, мұражай залдарында коллективтік экскурсиялар жүргізілді. Қазіргі кезде мұражай қорында 20 мыңнан аса зат бар. Мұнда араб, парсы, қазақ басқа түркі тілдерінде жазылған қолжазбалар мен ескі кітаптар, 20-30-шы жылдардағы қазақ баспасының өнімдері, газеттер мен кітап жазбалары, әр түрлі фотоматериалдар, ғылыми қосымша қор бар.  
 
Музей қорын қалыптастыруда Мемлекеттік А.С.Пушкин атындағы кітапхана, Республикалық баспалар мен мәдени мекемелер көмек көрсетті. Музей қорына Мәскеу, Қазан, Дүйшенбі, т.б. қалалардан кітаптар келіп түсті. Бұл кітаптардың көбі – Қазақстан авторларының басқа халықтар тілінде шығарылған шығармалары. Музейдің сирек баспа өнімдері қорындағы 19 ғ. қазақ ағартушыларының алғашқы ғылыми және әдеби басылымдарының үлкен тарихи және мәдени құны бар.  
 
Қордың негізін қазақ және орыс тілдерінде шығарылған кітаптар құрайды. Сонымен қатар 16-19 ғ.ғ. қолжазбалар, 20 ғ. басында ескі нұсқада басылған басылымдар, қазақ баспасының қазіргі кезеңдегі ең жақсы басылымдары, қазақ авторларының шет елдердің тілдерінде басылған кітаптары, сирек фотоматериалдар қамтылған. Музей экспозициясында мыңнан аса экспонаттар, кітаптар, газеттер, альбом, плакаттар, графика, скульптура сонымен бірге ғылыми-қосымша материалдар, диорама, карталар, макеттер, ксерокөшірмелер қойылған. 

 

 

 

 

 

Мұражай


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Лондондағы Британдық мұражай

Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Музей заттық және рухани құндылықтарды  танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде  тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл  атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал  ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең  ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың  қалыптасуына ықпал етеді.[1]

Мазмұны  

[жасыру] 

  • 1 Тарихы мен дамуы
  • 2 Түрлері және қызметі
  • 3 Қазақстандағы мұражай тарихы
  • 4 Пайдаланылған әдебиеттер
  • 5 Cілтемелер

[өңдеу]Тарихы мен дамуы

Музей алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын  қазыналық қор ретінде қалыптасты. Музейлердің қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: “коллекция – шашыранды заттарды бір топқа біріктіру” деп түсіндірді. Коллекциялау ісімен Аристотель, Рим патшасы Юлий Цезар, т.б. айналысты. Еуропада тарихи музейлер 16 – 18 ғ-ларда пайда болды. Музейдің қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 ж. Германияда өнер музейлері құрылды. 1811 ж. Ресейде – Феодосияда, 1825 ж. Одессада, 1828 ж. Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи музейлер құрылды. 19 ғ. этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық музейлер құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм(1874), Париж(халықтану музейі, 1877), Роттердам (1883) қалаларында құрылған этнографиялық музейлер. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық музейлер Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланды, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты.[2]

[өңдеу]Түрлері және қызметі


Ресейдегі Екатеринбург қаласындағы  әскери мұражай

Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.), көркемөнер музей (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), ‘‘жаратылыстану музейі’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), ‘‘кешенді музейлер’’ (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері), мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер). Музей ісінің негізгі бағыттары – музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін жетілдіру. Музей жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, музейлік басылымдар шығару, т.б. жатады. Мысалы, Қазақстандық музейлерде кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізілді.[3]

[өңдеу]Қазақстандағы мұражай тарихы


Мұражайлардың қор жинақтау жұмысында далалық экспед., ғылыми институттармен бірлескен жұмыстардың  нәтижелері кеңінен қолданылады. Қазақстанда музейлер тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық музей ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. – 29 музей болса, қазіргі таңда музейлер саны 154-ке жетті. Оңтүстік мемлекеттік музей (1830), Ә.Қастеев атындағы республикалық өнер музейі (1935) Президенттік мәдени орталық (2000), Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі (1994), ҚР ҰҒА Археология музейі (1973), Үлттық валюта музейі (1993), Кітап музейі (1978) Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар музейі (1980), “М. Әуезов үйі” ғылыми орталық музейі (1962), т.б. Мемориалдық музейлер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері:Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің, Ғaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық музейлері. 1889 ж. 20 маусымда халықаралық “Музейлер ассоциациясы” құрылды. 1918 ж. Халықаралық музейлер Бюросы құрылып, “Музеон” журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-ның “Музеум” журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық Музейлер Кеңесі құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. – 29 мемлекет, 1950 ж. – 43 мемлекет, 1977 ж. – 109 мемлекет, 1999 ж. – 135 мемлекет музейлері мүше болды. 2002 ж. мамыр айынан бастап “Қазақстан музейлері” журналы шыға бастады.[4] 1977 ж. Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр ‘‘Халықаралық музей күні’’ болып белгіленді. Қазіргі таңда музейлер қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде.[5]

Түрлері және қызметі


Ресейдегі Екатеринбург қаласындағы  әскери мұражай

Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.), көркемөнер музей (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), ‘‘жаратылыстану музейі’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), ‘‘кешенді музейлер’’ (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері), мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер). Музей ісінің негізгі бағыттары – музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін жетілдіру. Музей жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, музейлік басылымдар шығару, т.б. жатады. Мысалы, Қазақстандық музейлерде кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізілді.[3]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сирек кездесетін кітаптар мұражайы


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Сирек кездесетін кітаптар мұражайы


Шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 
Сирек кездесетін кітаптар мұражайы 2010 жылы құрылды.

Мұражайдың мақсаты


Мұражайдың негізгі мақсаты  – Қазақстанда және шетелдерде сақталған ел тарихына, мәдениетіне, ғылымына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды жинақтау, зерттеу, дәріптеу, отандық жазба ісінің дамуын, әртүрлі мәдени-тарихи жағдайлардағы кітаптың әлеуметтік рөлін жан-жақты көрсету.

Мұражайдың қоры


Сирек кездесетін кітаптар мұражайының экспозициясы Орталық  ғылыми кітапханада жинақталған  көне қолжазбалардан, аз таралыммен шыққан сирек кітаптардан, ғылым мен  мәдениет қайраткерлерінің алғашқы  басылымдарынан, қолтаңбалары қалған кітаптардан, ерекше әсем көркемделіп  безендірілген, форматы жағынан  айрықша басылымдардан жасақталды. Экспозицияға қоғамдық-тарихи маңызы зор XІII–XX ғғ. аралығындағы жазба мұралар  таңдап алынды. Сан түрлі тақырыптағы  қолжазбалардың, соның ішінде тарихи және әдеби шығармалардың құндылығы  жоғары бағаланады. Бұл ретте мұражай  көрмесінен атақты шығыс шайырлары Әлішер Науаидің диуандарын, Ораз Молда аудармасындағы Әбілқасым Фирдоусидің «Шаһнамесін», Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн»шығармасын ел арасында қолдан-қолға көшірілген қолжазба күйінде көруге болады. Ақын Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өлеңдерін жеткізуші, әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлының1906 жылы жазылған қолжазбасы, көрнекті ақын, халық мұрасын жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің діни шығармалары қолжазбасы мұражай төрінен орын алды. Мұражай экспозициясындағы ең құнды жәдігер – ортағасырлық шағатай тілінде жазылған «Хандар шежіресі» (шамамен XVIII ғ.), қолжазба Құрандар, құрбандыққа шалынған жануарлар терісіне көне еврей тілінде жазылған «Тора» орамасы да (ХІІІ–XVIII ғғ.) түпнұсқада қойылды. 
Алғашқы қазақ баспа кітаптары бүгінге шектеулі басылыммен жетті. Санкт-Петербург, Қазан, Уфа, Орынбор қалаларында шыққан алғашқы қазақ кітаптары – жыр-дастандар және ХІХ ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысында өткен ұлт зиялыларының алғашқы баспа кітаптары мұражай көрмесінен лайықты орнын алды. XVIIІ–ХІХ ғасырларда орыс ғалымдары түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының этнографиясын, тарихын, мәдениетін, ауыз әдебиетін зерттеп жеке кітап етіп бастырып отырды. Көрмеде XVIIІ–ХІХ ғғ. орыс ғалымдарының ғылыми кітаптары коллекциясы қойылған, соның ішінде химия саласындағы іргелі зерттеулердің авторы, ғалым Д.И.Менделеевтің, орыстың алғашқы жаратылыстанушы ғалымы М.В.Ломоносовтың, «Арифметика» оқулығының авторы Л.Ф.Магницкийдің алғашқы басылымдағы еңбектері бар. Бұл кітаптар қоғамның даму деңгейін және сол кезеңнің мәдениетін сипаттайтын құнды ғылыми мұра қатарынан саналады.

[өңдеу]Мұражайдың экспозициясы


Мұражай еншісіндегі басқа  да көне қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар «Көне жазба жәдігерлері», «Ірі ойшылдар жауһары», «Қазақтың алғашқы баспа кітаптары», «Құранныңқолжазба үлгілері», «Алып және кішкентай кітаптар», «Көне еврей және шіркеу-славяндық жазба кітаптары», «XVIII–XIX ғғ. ғылыми географиялық зерттеу еңбектері», «Шетелдік ғылым, мәдениет қайраткерлерінің танымал шығармалары», «XVI–XX ғғ. Батыс Еуропа басылымдары» сияқты т.б. түрлі тақырыптық экспозицияларда ұсынылды.

 

 

 

МҰРАЖАЙЛАР

Республикалық кiтап мұражайы

Ұйымның басшысы: Қапалбеков Нағашыбек Қапалбекұлы  
Республикалық кітап мұражайы Қазақ СРО Министрлер кеңесінің 09.11.1977 жылғы № 658 р бұйрығы негізінде 20.10.1978 жылы ашылды. Ктаптың Республикалық мұражайы Орта Азияда жалғыз және Мәскеу мен Киевтен кейінгі үшінші болып табылады.

Мұражайда 51,3 кітап, оның ішінде 5213 астамы сирек ескі кітаптар мен қолжазбалар саналады.

Мұражай 6 көрме залынан тұрады.

  • Бірінші залы бүкіләлемдік жазуға, көне түрік алфавитіне арналған.
  • Екінші зал ХІ ғасырдан Абай Құнанбаевқа дейінгі уақытты қамтиды.
  • Үшінші залда революцияға дейінгі кітаптар басылымы ұсынылған.
  • Төртінші залда Ұлы Отан соғысының 62-жылдығына арналған көрме ұсынылған.
  • Бесінші залда ҚР Тәуесіздігі күніне арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылған.
  • Алтыншы залда қазіргі кітаптар, суретшілер дизайны қалай ресімделетіні көрсетілген.

Жылдан жылғараритерлік  кітаптар мен мұражай қорының сирек қолжазбаларымен толтырылады, келушілер саны өсті, өз халқының мәдени байлығын зерделеуде жас ұрпақтың қызығушылығын тудыртты, ол олардың интелектуалды деңгейі туралы айтады.

Кітаптар мұражайының  маңыздылығы Ресей, Өзбекстан және т.б. сияқты басқа елдер тәжірибесімен  қарым-қатынасты жоғарлату болып табылады.  
Мұражайжың ерекшелігі, мұражай мәдение, рухани байлықты құтқару және сақтауға әрекет етуінде жатыр.  
Мұражай Әлем мұражайлар көрсеткішіне шықты.

Ұйымның мекен-жайы, телефоны, факсы, веб-сайты:  
Алматы, Қабанбай батыр к-сі, 94, 
тел: 8 (7272) 72-91-55,61-38-21,61-20-09. 
E-mail: muzei@inbox.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САЙТҚА КІРГЕНДЕР


 

 

Жаңарудан – жасампаздыққа

19-Желтоқсан, 2011 | 1,661 рет оқылған

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі – әрбір қазақстандықтың, әрбір қазақтың жүрегінде қуаныш сезімін туғызады. Отан тәуелсіздігінен қымбат еш нәрсе жоқ. Қазақ үшін бұдан асқан қасиетті ұғым болмаса керек-ті.

Информация о работе Қазақстан республикасының кітап музейі