Қазақстан республикасының кітап музейі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:06, реферат

Описание работы

Республикалық кітап музейі қазақ халқының тарихы мен мәдениетін сақтаудың, насихаттаудың нақты бір көрінісі деуге болады. Музей экспозициясында жазу, кітап басу ісінің, ғылым, әдебиеттің, мәдениет пен өнердің және қазіргі кітап басу, шығару ісінің жағдайы жан-жақты көрсетілген. Музей кітап тарихына, кітап басу ісіне, кітаптарға байланысты тұрақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 

Работа содержит 1 файл

китап.docx

— 120.89 Кб (Скачать)

Өткен ХІХ ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысында Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов және т.с.с. дарынды ғалымдардың, көрнекті ағартушылардың, қажырлы қоғам қайраткерлерінің үлкен көші өтті. Бұл көштен Қазақстан ғылымының, мәдениетінің өркендеуіне үлесі зор ұшан-теңіз мұра қалды. Сол кезеңдерде баспа ісінің дамуы халық ауыз әдебиеті мен ақын-жазушылар, ағартушылар, көрнекті қайраткерлер шығармаларының хатталуына оңтайлы болды. Халық ауыз әдиеті мен отандық ғылымның бастауында тұрған көрнекті ғалымдар, ағартушылар және «Алаш» қайраткерлерінің алғашқы басылымдағы кітаптары көрме маңыздылығын арттыра түсті.

Алғашқы қазақ баспа кітаптары ХІХ ғасырда Санкт-Петербург, Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент қалаларында шыға бастады. Қазақ баспа кітаптарының алғашқысы саналатын «Сейфүлмәлік» дастаны араб әрпімен 1807 жылы Қазанда жарық көрді. Қазан қаласы ХІХ – ХХ ғғ. Ресейдің шығыс халықтары тілдеріндегі кітаптарды бастыру ісінің ірі орталығы болды. Қазақ ауыз әдебиетінің туындылары – қиссалар, эпостық, лирикалық жырлар, айтыстар, діни дастандар мен аңыз-ертегілердің басым бөлігі Қазандағы Б.Домбровский, М.Чирков, Ш.Хусаинов, И.Харитоновтардың жеке баспаханаларында басылды. Баспа кітаптар ХХ ғасыр басында Қазақстанда Верный, Семей, Кереку, Қызылорда және т.б. қалаларында да басылып шықты.

Мұражай экспозициясына Қазақстан тарихының құнды дереккөзі саналатын жазба мұралар да ерекше сән береді. Шыңғыс хан өмірі мен үрім-бұтағы шежіресін өрбітетін «Шыңғыс-наме» (қолжазба ХІХ ғ.), «Ахбар Чингиз-хан уа Ақсақ Темир» (Ташкент, 1889 ж.), «Тимур наме» (Ташкент, 1920 ж.), Түркістан өңірінде өткен шейхтер, ғұламалар өмірі мен шығармаларынан мол мағлұмат беретін «Түркістан-наме» (қолжазба 1884 ж.), Санкт-Петербургте 1768 ж. жарық көрген алғашқы басылымдағы Әбілғазы шежіресі мұражай көрмесі төрінен лайықты орнын алды.

Ресейде 1845 жылы Императорлық Орыс Жағрафиялық Қоғамы құрылды. Қоғамның Батыс Сібір, Орынбор және Түркістан бөлімдері Қазақстан аумағын жан-жақты зерттеумен тікелей шұғылданды. Орта Азия халықтарының, оның ішінде қазақ халқының этнографиясын, тарихын, мәдениетін, ауыз әдебиетін зерттеген орыс және шетел ғалымдарының еңбектері мен материалдары Ресей басылымдарында ұдайы жарияланып тұрды. Мұражай көрмесіне XVIIІ–ХІХ ғғ. жарық көрген В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, И.Н. Березин, Н.Н. Пантусов, А.Д. Нестеров, П.М. Мелиоранский, Н.И. Ильминский, А.Е. Алектров, П.С. Паллас, П.И. Рычков, И.Г. Георги, Н.Я. Саркин, Н.Ф. Катанов және т.б. ғалымдардың ғылыми кітаптарының топтамасы қойылды. Батыста «тарих атасы» аталған Геродотты алғаш орыс тілінде сөйлеткен орыс тарихшысы А. Лызловтың «Скифская история» (Мәскеу, 1787 ж.) кітабы, танымал картограф, географ-ғалым Н.М. Пржевальскийдің көзі тірісінде жарық көрген «Зайсаннан Хами арқылы Тибетке және Сары  өзеннің жоғарғы жағалауы» (СПб, 1883 ж.) еңбегі мұражайдағы құнды кітаптардың бірі ретінде ұсынылды. Аталған кезеңдегі қоғам өмірінен, мәдени даму деңгейінен мол мағлұмат беретін бұл кітаптар құнды жәдігерлер қатарынан лайықты орын алды.

Еуропада кітап басу ісі XV ғасырдың 40-жылдарынан бастау алады. Еуропадағы ғылыми-техникалық даму мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай заман талабымен әртүрлі саладағы кітаптар жарық көрді. Энциклопедияларға, сөздіктерге, ғылыми-танымдық жанрдағы кітаптарға сұраныс артты.

Көрмеден XVI-XIX ғасырлар аралығында жарық көрген бояуы қанық көркем иллюстрациясымен, сапалы қағазымен көз тартар, өз заманының қайталанбас туындысы ретінде құнды Батыс Еуропалық сирек кітаптарды көруге болады.

Мұражай көрмесіндегі басқа да қолжазбалар мен сирек кітаптар «Қазақтың жазба мұралары», «Ірі ойшылдар жауһары», «Қазақтың алғашқы баспа кітаптары», «Қазақстан тарихының дереккөздері», «Қазақ сахарасындағы оқу-ағарту ісі», «Шетел ғалымдарының еңбектеріндегі Қазақстан», «Қазақ даласы орыс зерттеушілерінің көзімен» сияқты тақырыптық экспозицияларда ұсынылды.


Информация о работе Қазақстан республикасының кітап музейі