Қазақстан республикасының кітап музейі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:06, реферат

Описание работы

Республикалық кітап музейі қазақ халқының тарихы мен мәдениетін сақтаудың, насихаттаудың нақты бір көрінісі деуге болады. Музей экспозициясында жазу, кітап басу ісінің, ғылым, әдебиеттің, мәдениет пен өнердің және қазіргі кітап басу, шығару ісінің жағдайы жан-жақты көрсетілген. Музей кітап тарихына, кітап басу ісіне, кітаптарға байланысты тұрақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 

Работа содержит 1 файл

китап.docx

— 120.89 Кб (Скачать)

Өйткені бұл ұғымның  ғасырлар бойы мынау жалпақ әлемде еркін өмір сүріп, ұрпақ өрбіткен, әлемдік өркениетке өшпес үлес қосқан алаш баласымен біте қайнасып, кіндігі бірге жаратылатындай көрінетіні бар. Алла берген жұмыр басын бостандықтың бодауына байлаған, азаттықтың ақ жолында шейіт болған әлемде екі халық болса, оның бірі қазақ шығар, бәлкім?!

Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ

Республикалық кітап музейінің директоры,

профессор, академик, жазушы.

Азаттыққа жету жолында  елін сүйген ержүрек батырлар қандай қызмет сіңірсе, алты ауыз сөзі алты алашқа жайылған арқалы ақын-жыраулар да одан кем еңбек еткен жоқ. Тарлан тарихтың тереңіне сүңгісек, көне дүниедегі “Күлтегіннің көк тасында” ерлік пен елдік, бодандыққа бас имеу, бұғалыққа бағынбау сынды мәселелер алдыңғы кезекте жырланады. Көненің күмбіріндей болып бүгінде аман-есен ұрпағымен қауышқан “Күлтегін” жазуында: Көкте көк тәңірісі, түркінің қасиетті жер, суы былай депті: “Түркі халқы жойылмасын”, –  дейді, “Ел болсын”, – дейді”, – деген елдіктің өзекті сөзі айтылады. “Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен,

Сарбаздарымен аттанып,

Төрт бұрыштағы  халықты

Көп алған, бәрін бейбіт еткен,

Бастыны еңкейткен,

Тізеліні бүктірген,

Білге қағандар екен,

Алып қағандар екен!”

Республикалық кітап  музейінің бірінші залынан бұл жолдарды оқығанда рухымыз көтеріліп, кеудемізді шаттық кернейді. Арыстан жүрек  бабаларымыз алдында бүгінгі рухты ұрпақ бас иіп тұрғандай болады.

Ұлтарақтай жер  үшін ұлы бабаларымыздың қаны төгілді. Қаншама асылдарымыз бен арыстарымыз  қапаста  көз  жұмып, құны сұраусыз кетті. Біз осындай қорлыққа көнген, қияметті көрген   халықпыз. Ардақты да, салмақты  ақын  Несіпбек  Айтұлы  бостандықтың біз үшін қаншалықты киелі, қасиетті екендігін былай деп шабыттана, шаттана жырлайды.

Халқымның сан ғасырлық ғұмыры да,

Уақыттың жұқ  болмапты жұмырына.

Армысың, Азаттығым, қыран қанат,

Қалықтап қайта қонған тұғырына.

Кең ашып берекеге есігіңді,

Түзетіп тербете біл бесігіңді,

Сан ғасыр бұршақ салып мойыныңа

Құдайдан күтіп едің осы күнді

Тажалдың тамағы боп игілігің,

Заманның көрдің салған қиғылығын.

Еркіңде қалай бұрсаң аттың басын,

Өзіңе өз тізгінің тиді бүгін! – деп, Тәуелсіздік тұғырын бекіте түсуге, жарқын болашаққа сеніммен қадам басуға үндеді.

“Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан” бергі уақыттың бедерінде Ресейге бодандықты мойындаумен жат жұртқа телмірген қазақ халқының санасы мен жан-дүниесін мазалаған түйткілді ойы ұлттық Һәм мемлекеттік тәуелсіздік еді.  Қазақ халқының басына бұл бақытты дәурен осыдан 20 жыл бұрын қайта оралды.

Түсімізге кірмеген тарихи бақытқа ие болдық. Сан мың ұрпақ жете алмаған тәуелсіздікке жеттік. Азаттық жолында қанды майдан жорықтар мен құрбандықтар аз болған жоқ. 1991 жылғы 16-желтоқсанда жұлдызды сәт туды. Содан бері бір ұрпақ өсіп-өнген мерзім өте шығыпты. Бас-аяғы 20 жылда заман, қоғам өзгерді, ой-сана өзгерді, мемлекеттігіміз қалыптасты, экономикамыз нығайды, демократия орнықты, бізді әлем таныды.

Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі – еліміздің биік халықаралық мәртебесін айғақтайды.

Азаттық тарихының  басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың үлесі орасан зор. Президентіміз дәйектеген: «Алдымен – экономика, содан кейін – саясат», “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін”, Еуразиялық одақ, Азия кеңесі, ядролық қарудан бас тарту, Астананы көшіру, әлемдік діндер съезін шақыру идеялары Тәуелсіздік құрылысына да, Отандық тарих ғылымының ізденістеріне де соны серпін бергенін ешкім бекерлей алмайды. «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы»  кітаптары – заманауи үдерістің заңдылықтары мен қиыншылықтарына жаңа әдіснамасымен бойлаудың тамаша үлгісі.

Нұрсұлтан Назарбаев  көпұлтты шаңырақ  астында бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етіп, бұл жетістікті  20 жыл ішінде көзінің қарашығындай сақтап келеді. Бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің бірегей институты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, жұмыс істеп келеді. Осылайша, Н.Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының берік негізін қалады.

“Біз билік құрудың  жаңа ұстанымдарын бекіткен және азаматтардың негізгі құқықтарын қорғайтын өз Конституциямызды қабылдадық. Және біз басты жетістіктерімізге 1995 жылы жалпы халықтық референдумда қабылданған Конституциямыздың арқасында жетіп отырмыз»,– дейді Президент өз сөзінде әділ мақтанышты сезіммен. Қазақстан Республикасының Конституциясы халқымыздың игілігіне, тәуелсіз еліміздің бейбітшілік пен келісіміне, береке және өркендеу жолымен одан әрі дамуына қызмет ете береді.

Бүгінгі таңда еркіндік, теңдік пен татулық мұраттарынан құралған Ата Заңымыз азаматтардың құқықтары мен бостандықтары теңдігінің сақталуына және қорғалуына негіз болып, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси  салаларда қарышты  дамуына, елдегі азаматтар арасындағы татулықты, бейбітшілік пен келісімді, елдің ынтымағын нығайтуға тың серпін берді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы ел азаттығының айғағына, Тәуелсіздігінің тірегіне, бірлігінің қайнар бастауына, әрбір азаматтың мақтанышы мен қорғанына айналды.

Осы орайда тәуелсіздік  шежіресін жазып қалдырған кітаптардың рөлі ерекше. Халқымыз «Қаламмен жазылған балтамен шабылмас» дегендей, адам ойы мәңгі жасап, әр дәуірде өмір сүрген, әралуан тілде сөйлеген адамдар кітап арқылы бір-бірімен тілдесіп, сыр шертісіп келеді.

«Адамзаттың бүкіл  өмірі кітап бетіне қаттала берген. Адамдар, рулар, тайпалар, мемлекеттер жойылып кеткен, ал кітаптар қалған» деп, – А. И. Герцен айтқандай осы – республикалық кітап музейі – бар халықтың ғасырлар бойы сақталып қалған сирек қолжазбаларын, кітаптарының құндысын, құм арасынан қазып тауып, тірнектеп жинап, залдарға жайғастырған.

Республикалық кітап музейінің құрылғанына ширек ғасырдан астам уақыт болды. Бұл рухани мұра ордасы – ежелгі кітап мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа таныстыратын, бабалар қалдырған рухани қазына – кітапты сақтайтын бірден-бір мәдени орталық.

1978 жылы қазанның  20-жұлдызында Алматыда республикалық кітап музейі ашылды. Бұл бұрынғы Кеңес Одағындағы  Мәскеу  мен Киевтен кейінгі үшінші, күллі кіндік Азиядағы жалғыз кітап музейі. Музей қызметінің ең түпкі мақсаты – бұл музейге келген әрбір азаматтың бойына кітапты қадірлеу сезімін, кітапты үзбей оқу дағдысын дарыту кітаптың адам, қоғам өміріндегі атқаратын жасампаздық құдіретті күшіне оның көзін жеткізе түсу, ізгілік, имандылық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, халықтар мен елдер арасындағы татулық, бейбітшілік мұраттарын марапаттау мақсатына бағындырылған. Тәуелсіз Қазақстанның рухани байлығын, кітаптарын,қолжазбалар мен барлық басылымдарды халыққа көрсететін киелі орын.

Ұлы Абай: «Артық білім  кітапта, ерінбей оқып көруге»  – деп кітапқа айрықша мән берсе, осыдан жиырма ғасыр бұрынғы заманда ғұмыр кешкен, 767 жылы туған араб жазушысы  Әл-Жиһаз кітап туралы тебіреніп: «Мен одан артық қайырымды көршіні, одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарыңды ақылшыны білмеймін» деген екен. Шыныңда да сонау Платонның, Сократтың, Аристотельдің, Әбу Нәсір әл-Фарабидің, Гомердің, Дантенің адамзаттың өзге де кемеңгерлерінің туындыларынан, осынау сарқылмас рухани байлықтан асқан байлық бар ма әлемде!

Бүкіл адамзаттық осынау қазына – байлықтың ажырамас бір бөлігі тамырын  қадым ғасырлар қойнауынан тартатын терең бір арнасы – түркі және қазақ кітаптары.

Біздің ұлы бабаларымыз  өздерінің қолжазбаларын, кітаптарын әуел баста түркі, соғды, ұйғыр әліппесімен жазса, X ғасырдан бастап араб әліппесімен жазған кітаптары да адамзаттың алтын қорына қосылған рухани қазынаға айналып отыр. Кітап музейінде сақталған бабаларымыздың түркі, соғды, араб, парсы, латын, кириллица әрпімен басылып, әлем таныған кітаптары осының айқын куәсі.

Бұрынғы Тұран, қазіргі Қазақстан жерінің шығыс, батыс бөліктеріндегі алғашқы шыққан кітабымыз – «Ырық бітік» – «Сәуегейлік кітабы» деп аталады. Кітаптың соңғы бетіндегі, оның басылып шығуына байланысты  берілетін деректеме қызыл түсті бояумен таңбаланып  «Сәуегейлік» бұл кітап – таңғажайып туынды. Біздің көне замандағы тағы да бір кітабымыз – VI ғасырда дүниеге келген  «Ики йылғызном» – «Егіз негізді киелі кітап». Бұл туындыда Манихейлердің, Жетісу өңіріндегі қала тұрғындарының әдет-ғұрпы, шежіресі жазылған.

Ендігі бір V ғасырда жазылған көне кітабымыз  «Нарван сутра» деп аталады.

Бұл кітаптардың  бірі қағазға жазылса, екіншілері  теріге, ағаш қабығына жазылып келген. Шығыс  және Батыс Түркістан – қазіргі Қазақстан топырағында, соңдай-ақ кітап парақшалары да үздіксіз шығып тұрған.           Мінеки, біздің дәуіріміздің бесінші, алтыншы ғасырларының  өзінде қазіргі Қазақстан жерінде басылған ежелгі кітаптар аз болмаған. Олар өзінің безендірілуі жағынан да ерекше назар аударған. Тіпті сол бір ежелгі замандардың өзінде кәдесый кітаптары да басылып тұрған.

Бұған біздің музейіміздің залындағы қойылымдар арқылы көз жеткізу оңай. Әлемдік жазу-сызудың, ежелгі түркі-қазақ кітаптарының пайда болу, қалыптасу, даму кезеңдеріне арналған осы бірнші залымызда түркінің көне жазу ескеркіштеріне арналған сөрелер бар. Бұл сөрелерге Орхон, Енесай, Талас өзендері бойынан VI-VIII ғасырларда табылған жазу ескеркіштері қойылған. Солардың бірі «Білге қаған» және «Күлтегін» жазу ескірткіштері…

Ұлы бабаларымыз  Қорқыт Атаның, Әбу-Нәсір әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнның,  Махмұт Қашқаридің, Қожа Ахмет Иассауидің асыл мұралары бүгінде музейіміздің мақтанышы.

Кеңес өкіметі жылдарындағы небір сұмдық зобалаңдардың кесірінен, әсіресе отызыншы жылғы сталиндік қанды қасаптың кесірінен қазақ зиялыларының: ғалымдарымыздың, қаламгерлеріміздің  кітаптары да қапасқа түсті, өртелді, не қолды болып кетті. Мұның зардаптарын біз музей залдарын қайта жабдықтырып, қайта безендіру барысында көрдік. Айталық, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев сынды алыптарымыздың, арыстарымыздың жиырмасыншы, отызыншы жылдары жарық көрген кітаптарын және  кітаптарының көшірмелерін Мәскеуден, Санкт-Петербургтен басқа да қалалардан әдейі алдырдық.

Мәскеудегі бұрынғы  В.И. Ленин атындағы мемлекеттік  кітапханадан арыстарымыздың 100-ге тарта кітабының көшірмелерін алдырдық. Соның ішінде Мағжан Жұмабаевтың 1923 жылы Ташкентте шыққан таңдамалы өлеңдер жинағына енген туындыларын  толық қолымызға түсірдік. Әлихан Бөкейхановтың Томскіде, Омбыда басқа қалаларда шыққан кітаптары да біздің қорымызға келіп түсті.

Біздің кітап  сөрелерімізде Міржақып Дулатұлының 1936 жылы түрік тілінде  Ыстамбұлда жарық көрген «Оян, қазақ!» кітабы, 1954 жылы Ыстамбұлда басылып шыққан «Түркістан» атты өлеңдер жинағы тұр. Бұл кітаптарды музейімізге Американың Висконсин университетінің ұстазы Теңіз Балқамыс деген ғалым сыйлаған болатын. Осындай тарту-таралғы жолымен де бірқатар аса бағалы кітаптарға қолымыз жетті.

Белгілі тарихшы  Мұхаммед Қайдар Дулатидің 1541-1546 жылдары қағазға түсірілген атақты «Тарих-и-Рашиди» қолжазбасының парсы тіліндегі бір нұсқасы Санкт-Петербургте Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану Институтында сақтаулы. Институт басшылығының көмегімен осы қолжазбаның көшірмесін түсіріп алып, түптеп біз оны сөремізге қойдық. «Тарих-и-Рашидидің» 1849 жылы түркі тіліне тәржімаланған қолжазбасының көшірмесіне де қолымыз жетіп, оған сөреден орын беріп отырмыз.

Ұлы Даланың иесі, туған жердің киесі – батыр бабаларымыз бен білімдар даналарымыздың ойы  асқақ, шешімі тоқпақ қайраткер билеріміздің де ежелгі еңбектері  осынау  рухани орталық, халық қазынасының  ақыл сарайында сарапталған.

Абай мен Шоқанның  Санкт-Петербургте шыққан тұңғыш кітаптары, Мәшһүр  Жүсіп Көпеевтің, Махамбеттің қолжазба  дәптерлері ХҮІІ ғасырдағы қолжазба кітаптары,  поэзия жинағы  Хафиз, Бедил, Руми,  Физули, Әлішер Науаи ХҮІІ ғасырдағы алтын сиямен  көшірілген қолжазба «Құран», орама-бүктеме қолжазба кітаптар, Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикметінің»  қолжазбасы Қазан қаласында басылып шыққан баспа кітабы, Меккеге  барған қажыларға сыйға тартылған  бармақтай  ғана миниатюралық  сегіз қырлы діни кітаптар т.б.

Халқымызға жанашыр  болған шығысты зерттеушілер  С.А. Маловтың, А. Гумбольдтың, В.И. Дальдің, Г.Н. Потаниннің, В. Бартольдтің, В.В. Радловтың, А.Левшиннің, П.П. Семенов-Тянь-Шаньскийдің еңбектері өз алдына  бір төбе.

Өмірден кеше  көз алдымызда  өткен  қазақтың  нарқасқа ғұлмалары, атақты академиктер  М.Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұландар туындысы музейдің абыройы мен ары деп айтуға болады.

«Кітап  маған  тақтан да қымбат» – деп В.Шекспир  айтқандай музейде құнды, қымбат  кітаптар  өте көп.  Молда Мұхаметжан Самарканди 1831 жылы  қауырсын  қаламмен көшірген   Әлішер  Науаидің    «Хамса»   поэмасының  данасы  құнды да сирек  ұшырасатын жәдігерде  Әлішер  Науаидің өз сөзімен айтсақ  «Кітап  ақылына ақы сұрамайтын  алтын қазына» дегендей   музей қазынасына үлес қосып тұр.

Ал кітап қорындағы, музей залдарындағы  қолжазба  құрандардың  алар орны, беретін әсері ерекше. Осы сияқты  қолжазбалар  Каир, Константинополь, Лахор, Ташкент, Хиуа, Уфа, Қазан қалаларынан  парсы, араб, түркі, шағатай  тілдерінде жазылған  діни кітаптар  бізде сақталған.

Информация о работе Қазақстан республикасының кітап музейі