Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Бюджет-салық саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие саясаты.doc

— 678.50 Кб (Скачать)

1.1 Монетарлы саясаты: негізгі түсініктер және көзқарастар 

     Ақша-несие  саясаты  елдегі  макроэкономикалық тұрақтылыққа  қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар     жасауға     бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының  маңызды  құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты— бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттің ақша-несие саласында пайдаланылатын өз ара байланысты шаралар жиынтығы.

     Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.

     Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор кызметін қамтамасыз етеді.

     Несие бойынша сыйақы ставкалары  ақша-несие саясатын бір құралы ретінде нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкаларынан және оның іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейіне тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.

     Позитивті пайыздық ставканы  Қазақстанның экономикасын және  қаржысын сауықтырудың кепілі деп жиі айтылатынын атап өткен жөн. Шынында да позитивті пайыздық ставка инфляцияға қарсы қызметті орындауға қабілетті, себебі ол жинақтарды ынталандыру нәтижесінде пайда болатын сұранысты тежейді және несиені қымбаттату арқылы инвестициялық салымдарды шектейді.

     Нарық жағдайында банк жүйесі  екі деңгейде болады: Орталық  банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен де айналысады.

    Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйьмдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

     Орталық банк ақша ұсынысын  ақша базасына және мультипликаторға  әсер ету арқылы қадағалайды.  Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

     Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік  ақша-несие саясатын анықтайтын  және жүзеге асыратын орган  болып табылады. Қазақстан Ұлттық  банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

     Ақша-несие — бұл айналыстағы  ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы  мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы  банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады.    Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

     Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалар жылдарында қайта қаржыландыру ставкасын пайдалану қолайсыз болды. Тек 1994 жылдың екінші жартысында Ұлттық банк жан-жақты сынға қарамастан позитивті ставканы белгілеуге көшті. Қайта қаржыландыру ставкасын 270%-тен 300%-ке дейін жоғарылату есебінен сұраныс инфляциясы төмендетілді, содан кейін бір айдан соң 340% ке жоғарлатылды. Ставкалардың нақты мәні және оның нарықтық ставкамен сәйкестілігі несиелік ресурстар аукционында анықталды. Осындай өзгерістердің нәтижесінде валюталық операциялар бойынша табыстылық пен салыстырғанда несиелік операциялар бойынша табыстылықтың жоғарылауы байқалды. Соның нәтижесінде шетел валюталарына деген сұраныс пен валюта бағамынын, тұрақтылығы байқала бастады.

     Қайта қаржыландырудың жоғарғы  ставкасын ұзақ мерзімге ұстап  отыру тиімді болып табылды  және қайта қаржыландыру ставкасын  340% деп белгілеген кезден соң  бір айдан кейін, яғни қыркүйек  айынан бастап Ұлттық банк  жылдың соңына дейін оның мөлшерін 230% ке дейін төмендетті. Осындай шараны инфляция деңгейінің төмендеуі және айырбас бағамының тұрақтануы байқалғаннан кейін іске асыру мүмкіндігі туды.

     1995  жылы қайта қаржыландыру  ставкасын одан әрі  қарай  45%  ке дейін төмендету осы жылдың қараша айында оның деңгейін 52,5% ке дейіи   жоғарлатуға   өтті,   соның нәтижесінде инфляция деңгейі 2,4%-топ 4,4%-ке дейін өсті.

     Мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, Ұлттық банктің ноталарының және  банкаралық несиелер бойынша  пайыздық ставкалардың мөлшері олардың нарықтық мөлшерімен сәйкес келіп отырды. 1994-1995 жылдары аралығында нақты нарықтық пайыздық ставкалар оң нәтиже, ал валюталық спекулятивті операциялар бойынша табыстылық теріс нәтиже берді.

     1996  жылы ҚҰБ позитивті пайыздық ставканы белгілеуді жалғастырды. Тек қана 1996 жылдың ішінде ғана қайта қаржыландыру ставкасы он рет өзгерді және жылдың басымен салыстырғанда 24 пунктке, ломбарттық несиелер бойынша пайыздық ставка 31 пунктке темендеді. Енді пайыздық ставкалардың позитивтілігін анықтайық. Дәстүрлі анықтамаға сәйкес ол инфляция деңгейін ескеретін нарықтық пайыздық ставканы білдіреді. Яғни, R = І+Rm

Мұндағы, — позитивті пайыздық ставка

                 — бұрын болған пайыздық ставка

                 — инфляция қарқыны.

    Инфляция кезінде несие бағасынан және кредитордың табыс мөлшерінен басқа, пайыздық ставкаға несиенің капиталдану құнын сақтау қызметі де кіреді.

     Несиенің капиталдану құнын құнсызданудан  сақтаудың пайыздық схемасының  альтернативті әдістемесі болатынын атап өткен жөн. Бұл жағдайда берілген ссудалардан түсетін табысты көбейту міндеті екіге бөлінеді. Біріншісі — капиталдану құнын сақтау, екіншісі — табыс алу. Осындай әдістеме пайыздық схема кезіндегі кездесетін мәселелерден аулақ болуға мүмкіндік беруі мүмкін. Сонымен бірге, схема бойынша пайыздарды алу индекс есебін көрсететін индекстеуге қарағанда техникалық жағынан қолайлы. Сонымен қатар, индекстеу кезектілік тәртіппен іске асырылады және соған байланысты біле тұра уақыттық интервалдың пайда болуына әкеледі. Бұл кезде нақтылық жоғарылайды, бірақ интервалдың әсерінен схема тиімділігі төмендейді, яғни төлеу уақыты басталғанша, инфляция оған тиісті құнның бір бөлігін жоюға үлгереді.

     Инфляциялық күтілімдерді ескере  отырып ставканы анықтауға негізделген пайыздық схема кезінде нақтылық төмен болады.   Бұл  жағдайда болашақтағы инфляция деңгейінде ткілікті мөлшерде бағаламау арқылы кредитор немесе оны артық бағалау арқылы қарыз алушы ұтылады. Индекстік әдіс арқылы мәселелерді жартылай шешу уақыттық интервалды төмендетуі мүмкін.

     Біздің ойымызша, жоғары инфляция  жағдайында экономикалық саясаттың  бір міндеті оптималды пайыздық  ставканы іздестіру болуы мүмкін. Яғни бұл жағдайда тиімсіз  инвестицияны істен алуға және  бір уақытта ставкалардың кері  әсер етуінен экономиканы қорғауға мүмкіндік беретін деңгей деп түсіну қажет. Осы құралдың іске асырылуын қайта қаржыландыру ставкаларының мөлшерінің өзгеруін мысалға ала отырып қарастырайық. Егер Орталық банктің мақсаты-несиелік институттардың несиелік патенциалын азайту болса, онда ол қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатады. Ұлттық банк алға қойылған мақсатына қол жеткізу үшін ақша нарығына тағы басқа әдістер мен де әсер етуі қажет (ең төменгі резерв бойынша ставканы жоғарлату жолымен және т.б.). Қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатқан кезде коммерциялық банктер үшін қайта қаржыландыру қымбаттайды, яғни бұл жағдай елдегі несие құнының өсуіне әкеледі. Бірақ кейбір ірі коммерциялық банктердің орталық банктің пайыздық ставкаларды жоғарлатуына қарамастан өздеріне неғұрлым көп клиенттер тарту үшін өздерінің пайыздық маржаларын төмендетуге мүмкіндіктері болады. Коммерциялық банктерді қаржыландырудың альтернативті әдісі орталық банкте вексельдерді қайта есепке алу болып табылады. Осы форманың тиімділігі бұл операция кезінде кепіл талап етілмейді, ал гарант ретінде вексель беруші болады.

     Сонымен бірге, вексельдерді қайта  есепке алу экономиканың нақты  секторына қаржылық қолдау көрсету  құралы  ретінде де тізіміне  енгізілген кәсіпорындардың ғана  вексельдері қайта есепке алынады. Мысалы, соңғы екі жылда Қазақстанда тек екі кәсіпорын ғана "Казатомпром" және "Қазақстан Темір Жолы" вексельді қайта қаржыландыру жүйесі бойынша несиелер алған. Осыған байланысты, ҚРҰБ-ң есептік ставкасы ақша-несие саясатының оперативті құралы және ақша-несие саясатының индикаторы ретіндегі өзінің қызметтерін толық орындамай отыр.

     Сонымен қатар, вексельдік қайта қаржыландыру жүйесінің дамымауы ҚРҰБ-ң 2002-2004 жылдар аралығындағы өзінің дамуында приоритет ретінде анықталған инфляциялық таргеттеу саясатына өту кезінде қиыншылықтар тудыруда. Соның әсерінен ақша-несиелік трансмиссияның адекватты механизмі жоқ болуда.

Информация о работе Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау