Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Бюджет-салық саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие саясаты.doc

— 678.50 Кб (Скачать)

     Ал енді салықтың мемлекеттің  5-суреттегі қаржы және қазына саясатына назар аударайық: 
 

        Салықтар  -

        бұл жеке және заңды тұлғалардың бюджетке міндетті төлемдері

           
         
                       
        Материалдық категория:

        бұл белгілі бір ақша сомасы

          Экономикалық  категория:

        бұл мемлекеттің табысы

          Заңгерлік категория:

        салық- бұл заң

Сурет 5 

Салық салу - табысты және мемлекет қаржысын толықтыруды реттеу

әдісі       

                                   

 

Сурет 6 
 

 Салық  салу принциптері

      Мемлекеттің бюджет жүйесінің  аса маңызды кұраушы негізі мемлекеттің салықтық құқығының көмегімен мәжбүрлеу арқылы алынатын міндетті төлемдер — салықтар, алымдар, баждар, төлемақылар және т.б., яғни жинақтап айтканда салықтық түсімдер болып есептелінеді. Салықтар мен бюджетке төленетін баска да міндетті телемдердің экономикалық-құқықтық маңызы олардың теленілуіне байланысты туындайтын қаржылық-экономикалық және құқықтық қатынастарда, яғни салық төлеушілердің мемлекетке салықтық төлемнін. затын (сомасын) берулері кезінде салық зандарымен белгіленген салықтық құқықтық қатынасқа қатысушы мемлекет пен салық төлеушілердің арасында туындайтын қатынастарда жарқын көрініс табады.

     Салықтар экономикалық және әлеуметтік-саяси  қатынастарды өзінің бойында  жинақтаушы күрделі әрі қоғам  өмірінің көп аспектілі қаржылық-құқықтық құбылысы болып табылады. Сондықтан ол өзіне тән көптеген айрықша белгілерімен ерекшеленеді.

     Сонымен салық мемлекет тарапынан  біржақты шығарылған заңдардың  негізінде, сол заңдарда айқындалған  нақтылы мөлшерде және қатаң  белгіленген мерзімдерде, Республикалық немесе жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті занды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты түрде уәкілетті мемлекеттік органдар алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай (кейде заттай) міндетті төлем болып табылады.

     Салық салу процесінде нақтылы  салық төлеуші орындауға тиіс  салықтық міндеттемелер салықтық  заң актілерінде белгіленген  әрбір салықтың құрамдас бөліктерінің  жиынтығы–салық элементтері арқылы  айқындалады.

     Салық төлеушінің (оған қатысты заңи фактілерге сәйкес) салық төлеу жөніндегі мемлекет алдындағы міндетін оның салықтық міндеттемелерінде нақтыландыратын, республикалық немесе жергілікті бюджетке төленетін салықтық төлем сомасына байланысты салықтық міндеттемені және оның орындалуын айқындайтын, сондай-ақ мемлекеттің салық жүйесіндегі әрбір салықтың әлеуметтік-экономикалық және зани мән-жайының тектік белгілерін, қолданылу тәртібін ашып көрсететін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген әрбір салыктың құрамдас бөліктерінің кешені—салық элементтері болып есептелінеді.

     Салық элементтері салықтық міндеттемелердің  элементтерінде толық әрі сапалы  көрініс тапқан жағдайда салық  жүйесінің фискалдык және реттеуші  кабілеті күшейе түседі.

     Салық элементтеріне:

  1. салық субъектісі;
  2. салықобъектісі;
  3. салық базасы;
  4. салық базасын есепке алу тәртібі;
  5. салық ставкасы;
  6. салық салу бірлігі;
  7. салық заты;
  8. салықтық кезең;
  9. салықты есептеу тәртібі;

    10)салықты төлеу мерзімі;

     11) салықтық төлеу тәсілі мен тәртібі;

     12) есеп беру кезеңі;

     13) салық женілдіктері мен преференциялары;

     14) салықтық құқық бұзушылық үшін  жауапкершілік жатады. Салықтар—өте  көп қырлы, мемлекеттің даму  кезендері өзгерген сайын нақтыландырылатын,  ұдайы жүзеге асырылатын міндетті  ақшалай төлем болып табылады.

     Салықтардың функциялары экономикалық  табиғаты мен заңи мән-жайына  қарай мемлекет кірісін бөлу  және қайта бөлу құралы сипатында  мемлекеттің салықтық қызметінің  негізгі бағыттарында пайдаланылатын  салықтардың тек өзіне тән  экономикалық-құқықтық қасиеттері ретінде көрініс табады.

     Экономиканың қазіргі даму мүмкіндіктерін  есепке ала отырып мемлекеттік  қажеттіліктерге сай айқындалған  салықтардың функциялары мемлекет  белгілеген бағыт бойынша іске  асырылады.

     Экономикалық категория ретінде салықтың функцияларына:

  1. фискалдық функцияны;

      2) бөлуші функцияны;

      3) реттеуші функцияны;

      4) бақылаушы функцияны;

      5) жеңілдік беруші функцияны жатқызуға болады.

     Салықтарды топтастыру олардың  айырмашылықтары мен ұқсастықтарын белгілеуге септігін тигізеді, саны жағынан шамалы топтарға бөлу арқылы олардың ғылыми зерделенілуін және практикада қолданылуын жеңілдетуді көздейді. Салықтарды топтастырудың кейбір негіздеріне:

     1) алыну тәсілдері бойынша;

     2) салық салу субъектілері бойынша;

     3) салық салу объектілері бойынша;

     4) кірісіне салықтық түсімдер (төлемдер) есептелінетін бюджет деңгейі 

         бойынша;

     5) салықты енгізудің мақсат-бағдары  бойынша;

     6) салықтық түсімдерге деген салықтық құқыктарын пайдалану ауқымы

         бойынша;

     7) салықтық төлемдерді төлеу көздері  бойынша жіктеу принциптер

          жатады.

     Мәселен, салық салу субъектілері  бойынша: заңды тұлғалардан алынатын  салықтар; жеке тұлғалардан алынатын салықтар; салықтық түсімдерге деген салықтық құқықтарын пайдалану деңгейі бойынша: өздеріне тұрақты берілген (бекітілген) салықтар; бөліктерге (сомаларға, проценттерге) бөлу арқылы белгіленетін (берілетін) реттеуші салықтар болып белінеді. 

     Салықтардың мән-жайларына байланысты: тікелей және жанама салықтар; тұрақты бекітілген және реттеуші салықтар; мемлекеттік деңгейдегі және жергілікті аумақтардағы салықтар; жалпы және максатты салықтар; ұдайы алынатын және біржолғы салықтар сияқты түрлері болады.

     Қазақстан аумағында алынатын  салықтардың түрлеріне:

     1) корпорациялық табыс салығы;

     2) жекелей табыс салығы;

     3) қосылған құн салығы;

     4) акциздер;

         4-1) экспортталатын шикі мұнайға,  газ конденсатына рента салығы;

     5) жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;

     6) әлеуметтік салық;

     7) жер салығы;

     8) көлік құралдары салығы;

     9) мүлік салығы жатады.

     Алымдар. Алымдар дегеніміз мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өтінуші-келуші белгілі бір тұлғаларға қатысты нақтылы көрсетілген тиісті қызметтер мен берілген құқықтар немесе арнайы рұксаттар үшін сол заңды емесе жеке тұлғалардан алынатын мақсатты - бағдарлы, біршама - эквивалентті әрі міндетті ақшалай төлемдер.

     Алым өзіне тән мынадай:

     1) біржолғы төлем;

     2) біршама-эквивалентті төлем;

     3) міндетті төлем;

     4) нақты тұлға үшін ерікті сипаттағы  төлем;

     5) ақшалай төлем;

     6) өтемдік сипатта болатын төлем;

     7) көрсетілген қызметтің құны  есепке алына отырып жүзеге асырылатын

         төлем;

     8) кейде мемлекеттің материалдык  мүддесі басым болып кететін  төлем

         сияқты белгілерімен ерекшеленеді.

    

     Қазақстан Республикасында алымдардың мынадай түрлері:

     1) заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркегені үшін;

     2) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік  тіркегені үшін;

     3) жылжымайтын мүлікке және олармен  жасалатын мәмілелерге

          құқықтарды мемлекеттік тіркегені  үшін;

         3-1) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік  тіркегені үшін;

     4) радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды

          мемлекеттік тіркегені үшін;

     5)  механикалық көлік құралдары  мен тіркемелерді мемлекеттік  тіркегені

           үшін;

     6) теңіз, өзен кемелері мен  шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені

          үшін;

          6-1) Кеменің немесе жасалып жатқан  кеменің ипотекасын мемлекеттік

                  тіркегені үшін;

     7) азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік  тіркегені үшін;

     8) дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік  тіркегені үшін;

         8-1) туындыларға және сабақтас  құқықтар объектілеріне құқықтарды,

                 туындыларды және сабақтас құқық  объектілерін пайдалануға

                 лицензиялық шарттарды мемлекеттік  тіркегені үшін;

     9) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы

         жүріп өткені үшін;

     10) аукциондардан алым;

     11) жекелеген кызмет түрлерімен  айналысу құқығы үшін лицензиялық

           алым;

  1. телевизия және радиохабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік

           спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынады.

     Баждар. Баж — арнайы мамандандырылған уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өздеріне өтінуші - келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі бір іс-қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол занды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама - эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.

     Мемлекеттегі баждар мемлекеттік  және кедендік болып бөлінгенімен  жалпы сипаттамасы көптеген белгілері  бойынша сәйкес келетіндіктен  бажға тән қасиеттер ретінде  мына:

     1) міндетті төлем;

     2) мәжбүрлі төлем;

     3) арнаулы пайданы мақсаттайтын  төлем;

     4) ақшалай төлем;

Информация о работе Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау