Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Бюджет-салық саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие саясаты.doc

— 678.50 Кб (Скачать)

     Жоспарлаудың (болжау) тактикалық және  стратегиялық мақсаттарды шешуге  салық процесін уақытылы және  толық бақылау шараларымен қамту көмектеседі. Сонымен қатар салық әкімшілігі және білім беру мекемелерінің тарапынан салық төлеушілер арасында кең ауқымды әдістемелік жұмыс жүргізу маңызды.

     Нарықтың және мемлекеттің демократиялық  негіздерінің қалыптасуы жағдайында бюджеттің барлық деңгейлерін қалыптастыру принциптеріне жаңадан көзқараспен қарауда тура келеді. Яғни, жалпы мемлекеттік бюджеттік-салықтық жоспарлау мен болжау процесіне де, оның корпоративтік менеджментпен байланысын қалыптастыруға да жаңа әдістер қолданылу керек. Бұл кездегі басты ортақ стратегия — мемлекет ауқымынды тұракты экономикалық базисті құру.

     Бюджеттік-салықтық жоспарлау мен  болжауда аймақтар мен территориялардың   дамуын   болжау   мен   бағалау   ерекше   маңызды   болып табылады. Бұл жерде мемлекеттік және корпоративтік көзқарастар киылысады. Банктердің. қаржы-шаруашылық топтардың, шетел елшілес компаниялардың филиалдар желісін құру аймақтардың қаржы ресурстарының жеткіліктілігіне негізделеді. Жалпы мемлекеттік тұрғыдан қарағанда территориялардың қаржылық базасының беріктігі қайта бөлу процестерін оптимизациялауға, ақша қаражаттарының трансферттік ағымдарын азайтуға, әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

      Бюджет түсімдерінің 90-95% салықтық түсімдерге келеді. Халыққа үш негізгі салықтың ауыртпалығы түседі: жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және мүлік салығы. Ал кәсіпкерлік сектор екі салықпен көрінеді: корпорациялық табыс салығы және мүлікке салынатын салық.

     2006 жылдың алғашкы  10 айында мемлекеттік бюджетке жалпы салық түсімдері 1 799 327 415 мың теңге мөлшерінде жиналды (1 667 266 558 мың теңге жоспарында) және жоспардың орындалуы 107,9% болды. Республикалық бюджетке бұл соманың 1 365 804 594 мың теңгесі аударылды. Жоспар (1 242 560 151 мың теңге) 109,9% үлесінде артығымен орындалды. 2005 жылғы салық түсімдеріне келетін болсақ мемлекеттік бюджет жоспары 107,4%-ға республикалық бюджет жоспары 108,6%-ға орындалды.

     Қазақстанда     бүкіл     салықтық     түсімдер     арасында     басты     орынды корпорациялық табыс салығына келеді, 32,3% шамасында. Бұл салықты Ұлттык банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда ҚР резиден занды  тұлғалары,  сондай-ақ Қазақстанда  қызметін  тұрақты  мекеме  арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезиден заңды   тұлғалар   төлейді.   Салық   салынатын   табыс,   төлем   көзінен   салық салынатын   табыс   және  ҚР-да     қызметін  тұрақты   мекеме  арқылы  жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы бұл салық салынатын табыс объектілері     болып     табылады     121.      

     Корпорациялық     табыс     салығының мөлшерлемесі   30%   болып   белгіленген.   Негізгі   өндіріс   құралы  жер   болып табылатын салық төлеушінің салық салынатын табысына 10%-ң мөлшерлеме бойынша салық салынады. Төлем көзінен салық салынатын табыстар дивиденттер, депозиттер бойынша сыйақы, ұтыстар, заңды түлғаларға төленетін сыйақы. Эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтін купон түріндегі сыйақы 15% мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады. Бейрезиденттердің ҚР-ғы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзіне 5-15%, ҚР-ғы көздерден алынатын табыстарына 20% мөлшерлемеде салық салынады. Корпорациялық табыс салығы бойынша 2006 жылдың қаңтар-қазан айлары ішінде мемлекеттік бюджетке түсімдер 548042318 мың теңге жоспарында 596684725 мың теңгені кұрады, яғни жоспар артығымен нақтылайтын болсақ 108,9%-ға жүзеге асырылды. Республикалық бюджетті қарастыратын болсақ, жоспарланған 548 042 318 мың теңгенің орнына 596 684 725 мың теңге корпорациялық табыс салығы жиналды, болжанған жоспар 108,9%-ға орындалды. 2005 жылы бұл салық түрі бойынша мемлекетті бюджетке түсімдер 773 526 125 мың теңге етіп жоспарланды, нақты болса түсімдер 829291613 мың теңгені құрап, жоспарға қарағанда өткен жылғы корпорациялық табыс салығының мемлекетті бюджетке түсімдері 107,2%-ға орындалды. Республикалық бюджеттегі жағдай 2005 жылы сондай сипатты иеленді, яғни жоспар 107,2%-ға орындалды, накты мөлшерлеріне келетін болсақ жоспарлы 773 526 125 мың теңгенің орнына 829 291 613 мың теңге түсім алынды.

     Жеке табыс салығы бойынша  қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін  жеке тұлғалардан алынатын табыс  салығы) барлық салық түсімдерінің 8,3% алады /12, 4026/. Салық салу объектілері  бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі, салық салу объектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар болып табылады. Салық мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай 5%-дан 20%-ға дейін белгіленген. Дивиденттер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15% мөлшерлеме, адвокаттардың және нотариустардың табыстарына 10% мөлшерлеме бойынша салық салынады. 2006  жылдың  каңтар-қазан аралығында  мемлекеттік бюджетке  жеке  табыс салығы бойынша 132 634 709 мың теңге келіп түсті. Жоспарда белгіленген 129651351 мың теңге түсім артығымен, яғни 102,3%-ға орындалды. 2005 жылы бұл салық түрі бойынша кірістер 113201883 мың теңге жоспарында 118 552 760 мың теңгені құрап, жоспар 104,7%-ға жүзеге асырылды. Жеке табыс салығынан түсетін кірістер де әлеуметтік салықтікіндей жергілікті бюджеттерге қалдырылады.

     Жеке табыс салығы мен әлеуметтік  салық бойынша мемлекеттік бюджетке  түсімдердін көбеюінің негізгі  себебі ретінде мемлекеттік қызметкерлерінің еңбекақысының өткен жылдардағы еңбекақымен салыстырғанда өскендігі деп айтуға болады.

     Әлеуметтік салық – мемлекетте  алынатын салықтың бірі. 2004ж. бюджетке  түсетін барлық салықтардың 14,2% алды, 2003ж. бұл көрсеткіш 9,8% болды.  Бұл салық 1999 жылдан бері осы кезге дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға : зейнетақы, мемлекеттік әэлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген /4, 2396/. Жұмыс беруші төлейтін ақша немесе заттай нысандағы кез-келген табыстар, сондай-ақ өтемді кызметтер көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдер (жеке кәсіпкерлерге төлемдерді қоспағанда) түріндегі оның қызметкерлерге төлейтін шығыстары резидент заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұракты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, заңды тұлғанын құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық салудың объектісі, ал жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін олардың өздерін қоса алғанда, кызметкерлер саны бұл салық салудың объектісі болып табылады. ҚР-ның резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ кызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері 7-20% мөлшерлеме бойынша, ҚР-ның резидент-заңды тұлғалары сондай-ақ қызметін ҚР-нда тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер әкімшілік-басқарушы, инженер-техник қызметкерлердің шетелдік мамандары үшін 5-11% мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық төлейді. 2006 жылдың каңтар-қазан айларына әлеуметтік салықтан мемлекеттік бюджетке түсімдердің түсуі 189 863 663 мың теңге деп жоспарланды, ал іс жүзінде бұл сома 187 201 772 мың теңгені құрады, жоспар 2 661 891 мың теңгеге аз орындалды, пайыздық белгіленуде бұл 98,6%. 2005 жылы әлеуметтік салықтың түсімдері белгіленген жоспарға қарағанда 102,5%-ға орындалды, жоспарланған 184667353 мын теңге түсім іс жүзінде 189 249 368 мың тенге сомасын құрады. Бұл салықтан түскен түсімдер жергілікті бюджеттерде қалатындықтан республикалық бюджетте олардың мәні нөлге тең.

     Мемлекетті бюджеттің салықтық  түсімдер арасында корпорациялык  табыс салығынан   кейінгі   маңызды   орынды      үлесі   2004ж.   алдындағы   жылмен салыстырғанда азайғанмен  қосылған құнға салынатын салық  алады (ҚҚС) 20,5%  (2003ж.   24.4%).   Салық төлеуші мемлекетке  оны төлеу нәтижесінде шеккен   шығысының   орнын   бағаны   көтеру   жолымен   толықтырады   және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Демек, бұл салыктың ерекшелігі – оның салық салынатын объектісі сатудан түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында.  ҚҚС-ң артықшылығы мынада:  ол жаңа  күн жасалынған  орын  бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады: төлеушілер  үшін   есептеудің   салыстырмалы   қарапайымдылығы;   бағалардың өзгеруіне,   инфляция   деңгейіне   қарамастан   мемлекет   бюджетінің   кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұракты базасын қамтамасыз етеді /4, 2226/ 2004ж. 1қаңтарынан ҚҚС мөлшерлемесі 15%-ға тең. Түсті және қара металдар сынығының экспортын қоспаған экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға. халықаралық тасылымдарға байланысты орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін кызметтерге нөлдік ставка бойынша ҚҚС алынады.

     Қосылған құн салығы бойынша 2006 жылдың қаңтар-қазанында мемлекеттік бюджетке 405 984 139 мың теңге келіп түсті. Бұл жоспарға қарағанда 19 445 292 мың теңгеге артық жоспар 105%-ға орындалды. 2005 жылы мемлекеттік бюджетке түскен ҚҚС сомасы 269 234 678 мың тенге жоспарында 315 725 160 мың теңгені құрап, жоспардың жүзеге асырылу денгей: 117.3% көлемінде болды.   Республикалық бюджетке бұл салық түрі бойынша  түсімдер  жоспарының орындалу пайызы да сондай,  өйткені ҚҚС бойынша түсімдер жергілікті бюджеттерге аударылмайды.

     Бюджет кірістеріндегі салықтық  түсімдерінде акциздер 2,5% құрайды.  Акциздер – бағаға қосылатын  және сатып алушы төлейтін  тауарларға салынатын салық. Акциздер  қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке  кіріктіріледі. ҚР-нда акциз мына тауарлар мен қызметтерге салынады: спирттін барлық түрлері алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, бекіре мен қызыл балық уылдырығы. алтыннан, платинадан, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар. дизель отыны, жеңіл автомобильдер, ойын бизнесі, лотереялар және т.б. 2 Акциз мөлшерлемелерін Үкімет пайызбен немесе абсолютті сомада белгілейді. 2006 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында мемлекеттік бюджетке акциздер 34 558 97 мың теңге жоспарында 38 519 276 мың теңге мөлшерінде түсті. жоспар мұнда да артығымен орындалды - 111,5%. Республикалық бюджетке сол жағдайларда жоспарланған 9 883 397 мың теңге орнына 12 290 947 мың теңге түсті, яғни жоспардың жүзеге асырылу көрсеткіші 124,5% құрады. 2005 жылғы акциздердің мемлекеттік бюджетке түсімдеріне тоқталатын болсақ жоспар орындалмады, оның жүзеге асырылу пайызы 99,7% болды.

     Жер салығы 1992ж. енгізілді. Оны  төлеу барлық жер иелері, соның  ішінде жалгерлер үшін міндетті (бірқатар жағдайларды қоспағанда) болады. Салық мөлшерлемелері жердің  сапасына, тұрған орнына, сумен қамтамасыз етілуіне қарай сараланған және жер алаңының бір өлшеміне - гектарға, шаршы метрге белгіленген. Коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын жерлерге елді мекендердің базалык мөлшерлемелерінің 2 еседен 10 есеге дейін көбейтілген мөлшерлемелері белгіленген. 2004ж. мемлекеттік бюджетке 6 294 млн. теңге акциз түсті, 2003ж. ол 5 497 млн. теңге болды, яғни 2003 жылға қарағанда 2004 жылы осы салықтың түсімі 14,4 %-ға өсті. 2005 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында бұл салық түрі бойынша бюджетке 5 050 млн. теңге түсті /4, 3156/.

     Жоғарыда келтірілген салықтың  түрлерімен қоса мемлекеттік  бюджеттің салытық түсімдеріне  келесідей салықтар жатады: мүлік  салығы, көлік құралдарына салынатын  салық, табиғи ресурстарды пайдаланғаны  үшін түсетін түсімдер, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдағы кеден төлемдері, халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқада салықтар, мемлекеттік баж, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, ҚР аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым, теңіз, өзен кемелерін. азаматтық әуе кемелерін, радиоәлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым т.б. 
 
 
 
 

1.3 Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және  оның салық-бюджет саясаттарымен байланысы 

    Монетарлық саясат өте күрделі  табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

     1)   Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының 

           (М/Р)S    мәнінің өзгеруі;

    2)   Ақша нарығыңдағы пайыз мөлшерлемесінің  өзгеруі; 

  1. Пайыз   мөлшерлемесінің динамикасына   байланысыты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;

     4)  Жиынтық сұраныстың өзгеруіне  байланысты өнімм көлемінің өзгерісі.

     Ақша ұсынысының езгерісі мен  жиынтық ұсыныс реакциясының  арасыңда тағы екі аралық баспалдақ  жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.

  Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің  өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл  
 

                                                                  
 

                        

          R 

                                         LS1             LS2                                                                                                                                                                     

                                                                                         

                                                       
 

      ∆R 
 

                                                                                      LD                                                                                                                                                      

Информация о работе Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау