Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:00, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы жергілікті басқарудың құқықтық негіздерін ұсыну табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылды:
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерін айқындау;
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелерін белгілеу;
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің дамуын сипаттау;
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды заңмен қамтамасыз етудегі проблемаларды жан-жақты талқылау;
Жергілікті өзін-өзі баасқарудың құқықтық негіздерінің мәселелерін шешу жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе 3
І. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің теориясы 5
1.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері 5
1.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелері 12
ІІ. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы 16
2.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың Конституциялық негіздері 16
2.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің дамуы 20
2.3 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды заңмен қамтамасыз етудегі проблемалар 24
ІІІ. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басақаруды жетілдіру жолдары 27
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары 27
3.2 Жергілікті өзін-өзі баасқарудың құқықтық негіздерінің мәселелерін шешу жолдары 31
Қорытынды 37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 39

Работа содержит 1 файл

Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері.doc

— 295.50 Кб (Скачать)

 

МАЗМҰНЫ

 

беттер

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.

Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару  – заңнамалық актілерінде белгіленген  құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.

 «Қазақстан - 2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың құрылымы мен кәсіби деңгейін жақсарту мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгеніндей, үкімет неғұрлым маңызды және жалпы мемлекеттік міндеттерді шешумен айналысып, әрбір министрлік пен басқарушы орган өздеріне тән емес функцияларды орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылу арқылы өз жұмысын жетілдіре беруге міндетті болды.

Соңғы жылдары мемлекеттік  басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету проблемасы көптеген қазақстандық саясаткерлер мен ғалымдардың талдаулары мен пікір-таластарының ерекше тақырыбына айналып, басылым беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл мәселені шешу туралы көптеген пікірлер айтылуда және әр түрлі тәсілдер ұсынылуда.

Бүгінгі күн тәртібіне  өткір қойылып отырған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселесі  жергілікті шаруашьшықты қалыптастыруға, оны жетілдіруге бірден-бір бастама болып табылады. Ауыспалы кезеңде қаржы ресурстарын әр түрлі билік деңгейлері арасында қайта бөлу, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар есебінен қаржылық көмек көрсету тетіктері бар. Жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіру үшін де алдымен оның қаржылық астарын қарастыру керек. Өйткені, біздегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, инвестициялық және тағы басқа әлеуетін салыстырмалы түрде қарастырғанда оның көрсеткіштерінің деңгейі едәуір алшақтықпен сипатталатынын көреміз. Аймақтардың қаржылық мүмкіндігін кеңейту, олардың қаржы саласындағы дербестіктерін арттыру жергілікгі шаруашылыкты дамытудағы ең басты мәселе. Сондықтан да жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюджетке трансферттер, субсидиялар бөлу унитарлы және федерациялы мемлекеттерде кеңінен тараған. Яғни қаржылық ағымдар процесі бюджетаралық қатынас-тар негізін кұрайды.

Курстық жұмыстың мақсаты  Қазақстандағы жергілікті басқарудың құқықтық негіздерін ұсыну табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерін айқындау;
  • Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелерін белгілеу;
  • Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің дамуын сипаттау;
  • Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды заңмен қамтамасыз етудегі проблемаларды жан-жақты талқылау;
  • Жергілікті өзін-өзі баасқарудың құқықтық негіздерінің мәселелерін шешу жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

І. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің теориясы

1.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері

 

Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару ежелгі тарихты қалыптастырып келе жатқан болып көрінеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі алғаш рет ХІХ-ғасырда Бельгия мен Францияда жасалған болатын. Ол ерікті қауымдастықтың  қызметі ретінде сипатталды. Мемлекет қауымдастықты құрайды, ол тек заң шығарушы, атқарушы және сот билігі ретінде таныған (муниципалдық, коммуналдық, қауымдық). Жергілікті өзін-өзі басқарудың пайда болуы тұрғылықты халықтың өздерінің экономикалық және саяси ортақ мүдделерінің сезінулерінің нәтижесі. Оны біз халықтың, яғни жергілікті ұжымдардың қалыптасуынан байқай аламыз. Мысалы, Ресейде жергілікті өзін-өзі басқару «шаруашылық ұжымға» байыпталған. Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару өркендеген демократиялық мемлекеттерде муниципалдық реформалар арқылы ХІХ-ғ-да орналасқан.  Оның қалыптасуына түрткі болған жағдай, феодализмнен шығып индустриализмге бағытталуы.

Ел өзінің күшті  жергілікті өзін-өзі басқаруына түрткі болған ұлы француздың революциясы  болды. XVIII-ғ-да жергілікті өзін-өзі  басқару жүйесіне ең алғаш рет  1790 жылы  қадам басты. Француз саясаткері Турэмэн. Ол өзінің баяндамасында екі мәселеге көңіл аударды:

         Шынайы демократия – бұл халық билігі, орындалуы халықтың қызығушылығымен атқарылады. Сондықтан барлық демократиялық мемлекеттерде конституцияның негізгі элементтері жергілікті өзін-өзі басқару болып табылады. Бұл басқарудың түсінігі жергілікті халықтың тұрған жерінде шешімді өзі қабылдап, жауапкершілігін алады. Жергілікті өзін-өзі басқару билік пен халықтың жақындауы және тусінуіне жақындатады. Өйткені, бұл демократияның алғышарты, басқарудың осы шарты жергілікті басқарудың ерекшелігін көрсетеді. Адамзаттың демократиялық жолда тез бейімделіп, демократияның орнығуына әкеледі.

Жергілікті  өзін-өзі басқару – бұл мақсат емес, тек халықтың өмірлік жағдайын көрсету, жергілікті бірлестіктерді біріктіру. Жергілікті өзін-өзі басқару ең бастысы жергілікті сұрақтардың шешілу бағыттарына мән береді. Әдетте бұл бағытқа мән берілмейді, муниципалдық орган тапсырмаларға қарсылық білдіре алады, жалпы аймақтың немесе республикалық мәнін иемденеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйелік принцип бойынша бағытталады. Жергілікті өзін-өзі басқару сонымен қатар әр түрлі форманы тікелей пайдалануға, азаматтар құқығына, муниципалдық сайлауларды жүзеге асыруға ұсыныс жасайды. Ең маңызды жергілікті өзін-өзі басқару элементі – сайлау жүйесін орнату және муниципалдық бірлестігін қалыптастыру  [5].

Қысқаша айтсақ, жергілікті өзін-өзі басқару –  бұл жергілікті жердің билігін орнату және халықтың өзіндік, яғни өз еркімен шешім қабылдауы. Басқа мемлекеттерде жергілікті ұжымдар мемлекеттің тікелей араласуына байыпталады. Жергілікті өзін-өзі басқару  деген жүйе бұл жақта мүлдем қарастырылмаған немесе тағы да солармен қатар параллельдік мемлекетке бағынатын ұжымдар болуы мүмкін. Жоғарыда қарастырылған деректерде жергілікті деңгей мемлекеттік басқару немесе жергілікті мемлекеттік басқаруын айтады. Мемлекеттік басқарумен салыстырғанда жергілікті жерде, жергілікті өзін-өзі басқару халықтың қалауы бойынша жүзеге асырылады, яғни жергілікті сайланған ұжымдар мен (жергілікті өзін-өзі басқару ) немесе мемлекеттік басқару жергілікті жерде деген термин бір сөзбен «муниципалдық басқару» деп аталынады. Ғалымдар муниципалды басқаруға әр түрлі көзқараспен қарайды. Мысалы, Ресейде негізгі жаңаша муниципалды басқаруды «муниципалдық басқару» деп белгіледі.

Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару – маманданған  – элиталық басқару, қоғамдық институт уәкілеттілігінің кемшіліктерін ғана емес, сонымен қатар белсенді функционалуында  ұйғарып отыр. Негізінен жергілікті өзін-өзі басқару жоғарыда айтылған осы үш принцип бойынша құрылып отырған басқа басқару процессі.

И.В. Выдрин жергілікті өзін-өзі басқаруды, тура демократиялық  емес институтпен уәкілеттік институттардың үйлесімді пайымдау принципінде деректелген, жергілікті өзін-өзі басқаруда тұрғындардың нақты сауалы саяси құқықтық байланыста болатын тұрғындардың төмендегі территориялардың қоғамдастығы деп қарастырады.

Сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқарудың ұзақ қалыптасуын  айта келе, біз оның астарындағы төмендегідей ерекше модельді түсінуміз керек:

1. Маманданған  – уәкілетті басқару және жергілікті  халық өзіндік шынайы мұқтаждығындағы  жоғарғы арақатынас анықталды.

2. Жергілікті  өзін-өзі басқару басқару қызметімен  таныстырады. Берілген бағыт өзін-өзі басқарумен байланысты және саясаттану, құқық, басқару теориясының мәселелері бойынша отандық әдебиет орнықты жағдайын басқарумен алмастырады. Оның көзі болып К. Маркстың мынадай жорамалы көрсетіледі: «Өзін-өзі басқаруда халық арқылы  халықтық басқару процесі бар».

3. Жоғарыда келтірілген  анықтаулар демократиямен жергілікті  өзін-өзі басқарудың бірігу қажеттілігін  анықтайды. Олардың маңызды айырмашылығына  тоқталсақ жергілікті өзін-өзі  басқару мықтылықтың қасиеті  ретінде - өзінің  жұмыстарының басқара алу мүмкіндігінде ал демократия – осы мүмкіндіктің шын жүзеге асуын қамтамасыз ететін ұйымдастырылған механизм. Өйткені «демократия» атты категориясының жиынтығын көрсетеді.

4. Жергілікті  өзін-өзі басқарудың маңыздылығын  анықтауда, оның биліктік факторлармен бөлінбейтін байланысын айтуға болады. «Жергілікті өзін-өзі басқару» ұғымында бұаралық билік және қоғамдық басқаруды біріктіреді.

5. Жоғарыда айтылған  жергілікті өзін-өзі басқаруды  териториялық деп қарастырады  анықтаудағы тағы бір қорытынды, оның формальды- заңды институтпен сәйкес келуінде.

Конституциялық  жағдайды анықтау және жоғарыда аталған  тұжырымдар Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі сызықтарын жобалауға мүмкіндік береді:

    1. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру құқығы азаматтарға беріледі. Бірақ азаматтар болғанда – бірінші тұрғылықты халық, содан кейін заң және саясатқа қатысты тұлғалар араласуы қажет. Сондықтан да – қала, акыл және басқа да аймақтың халықты тарихи, жерлілікті дәстүрлеріне сай, географиялық жағдайына байланысты  ұйымдастырушылық шекарасын есепке ала отырып, ерекше субъективке бөледі. Яғни халық деп белгілі бір територияда адамдардың тұрақты немесе уақытша қоныстануының жиналуын айтамыз. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын кез-келген қалалық, ауылдық халықтың муниципалды жеке меншігі бар. Жергілікті бюжетпен жергілікті өзін-өзі басқарудың таңдалып алынған органдары мунципалды білім берудің - жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі бірлігін заң шығарушы ретінде мойындайды.
    2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың сферасында айрықша жергілікті мағыналы сұрақтары бар. Алдымен бұл сұрақтардың барлығы халықтың өмір сүру қызметтілігін тікелей қамтамасыз етуге  арналады. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымының жалпы принцип туралы заңы таусылмайтын тақырып емес. Мунципалды құрамдастыру жергілікті аймақтағы субъектінің заңдарына қатысты сұрақтарды өзінің қарауына алуына құқылы, сонымен қатар жеке мемлекеттік өкілеттіктің орындалуы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңды түрде жүктелуі мүмкін.
    3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың- жергілікті немесе жеке мемлекеттік өкілеттік орындайтын, арнайы басқару қызметімен шешілмейтін сұрақтар – мунципалды қызметтің аясында шыңдалады. Бұл қызметтілік құқықтың және құқықтың емес формаларды қалбылдауы мүмкін. Себебі,  бұқаралық- құқықтық озық мінездемесі бар, бірақ  жеке құқықтық әдістің қолдану мүмкіндігі оған кірмейді. Мунципалды қызметтіліктің сипаты ретінде, оның атқарылатын және күн тәртібінің бастамасына жақын анықталуын жатқызады.
    4. Мунципалды біліктіліктің жауаптылықтарға бөлінеді. Жергілікті  өзін-өзі басқару органдары мен қызметтегі тұлғалары, яғни компетециялық сұрақтарға қатысты мунципалдық біліктілік, мемлекеттік құқықтық тұлғаларға халықтың алдында жауаптылықты мойындарына алады. Қазіргі жағдайда, жауаптылықтың тәртібі мен шарты мунципалды біліктіліктің жарғысымен анықталады. Жеке мемлекеттік үкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің тұлғалары, жауваптылықты іске асыруда қандай да бір үкіметтік қаржылық және материалдық құралы бар мемлекеттің органдары мен сәйкес қамтамасыз етіледі. Қоғамның құқылы мүшесі мен тұлғаларының алдындағы жауапты тәртіптілік республиканың заңды субъектісі республикалық заң мунципалды біліктіліктің жарғысымен орындалады.
    5. Табиғи екі өкілеттіліктің болуы мунципалды билікте бір уақытта екі бастауы болады: қоғамдық және мемлекеттік [5] .

Муниципалды қызметтілік, жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері мен мемлекеттің биліктің мүшелері арақатынасындағы жергілікті және мем  лекеттік сәйкестігіне байланысты құрылады. Жергілікті өзін-өзі басқару басқару мүшелері, біріккен мемлекеттік саясатқа сәйкес әрекет етіп, жергілікті басқаруға қатысты сұрақтарды шешу барысында, заңды жеке мемлекеттік өкілеттікке бөлініп, мемлекеттік – биліктік  сипаттағы толық комплексті өкілеттілікті бола алады. Осының барлығы жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы бір уақытта мемлекеттік және қоғамдық институттардың элементтерін құрай алатындығын анықтайды. Екі құрылымды сипаттағы жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі, қазіргі уақыттағы мунципалды басқарудың  концепциялық дуализм теориясына бағытталған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған аудандық мәслихаттардың өкілеттігін  күшейту мәселесі де еліміздегі демократияның  кең қанат жаюына талпыныс екені  аян. Президент Қазақстан халқына Жолдауында: “...Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз... Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген болатын.

Мәслихаттар мен әкiмияттар  өз қызметiнде:

1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық  саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң  қабылдануына жол бермеуге;

2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының  мүдделерiн сақтауға;

3) қызметтiң қоғамдық  маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;

4) азаматтардың құқықтары  мен заңды мүдделерiнiң сақталуын  қамтамасыз етуге мiндеттi  [1].

Еліміз өтпелі кезеңде  биліктің атқарушы тармағын күшейте  отырып, өзін-өзі басқару органдарының сатылық қалыптасуын анықтады. Енді бүгін, экономика мен мемлекеттігімізді нығайтып, аяғымыздан нық тұрған кезде жергілікті өкілетті органдарды күшейту туралы сөз бастауымыздың дұрыс таңдау, дұрыс жол екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас.

Сондықтан өзін-өзі басқаруға біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау болып, ол пісіп-жетілген кезде ғана табиғи жолмен келуіміз керек. Асығыстық өзін-өзі басқарудың мәнін жоғалтуға немесе мемлекеттің бүлінуіне әкеліп соғады. Мемлекет басшысы мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізі деп атады, өйткені, жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті бірлестіктер органдарының түпкі табиғи бастауы ұқсас — олардың екеуін де жергілікті жерде халық өзі сайлайды және өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің проблемаларын өздері шешуге шақырады.

Информация о работе Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері