Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:00, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы жергілікті басқарудың құқықтық негіздерін ұсыну табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылды:
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерін айқындау;
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелерін белгілеу;
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің дамуын сипаттау;
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды заңмен қамтамасыз етудегі проблемаларды жан-жақты талқылау;
Жергілікті өзін-өзі баасқарудың құқықтық негіздерінің мәселелерін шешу жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе 3
І. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің теориясы 5
1.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері 5
1.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелері 12
ІІ. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы 16
2.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың Конституциялық негіздері 16
2.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің дамуы 20
2.3 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды заңмен қамтамасыз етудегі проблемалар 24
ІІІ. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басақаруды жетілдіру жолдары 27
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары 27
3.2 Жергілікті өзін-өзі баасқарудың құқықтық негіздерінің мәселелерін шешу жолдары 31
Қорытынды 37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 39

Работа содержит 1 файл

Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері.doc

— 295.50 Кб (Скачать)

Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық бірліктің төменгі буынынан, яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен, жергілікті өкілетті органдар өзін-өзі  басқару органы сияқты биліктің өздерінен  жоғары тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда нақты көрініс табуы керек. Бұл жерде басты мәселе оның бюджетінде, қаржылай негізінде болып отыр. Бүгінде жергілікті бюджеттерді мәслихаттар бекітеді. Онда мәслихаттар туралы заңға да түзетулер енгізілуі тиіс еді. Бюджетаралық қатынастар проблемасының үлкен бір бөлігі – бюджет қаржысын мақсатты пайдалануды, басымдықтарды, мемлекеттік сұраныстарды бақылау шешімін табар еді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық-құқықтық реттеудің теориялық базасы Еуропа Хартиясы бекіткен муниципалды демократия мен муниципалды басқарудың әлем мойындаған құндылықтарынан тұратыны белгілі. Олар мыналар: жергілікті өзін-өзі басқару кез келген демократиялық құрылыс негіздерінің бірін құрайды; азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу құқы тікелей жергілікті жерде жүзеге асырылады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарына шынайы биліктің үлес беруі; демократиялық жолмен құрылған жергілікті өзін өзі басқару органы өзінің құзырына кіретін мәселелерді үй ішінен үй тіккендей бөліп алуы және оларды жүзеге асырудың тәртібін анықтап алуы керек және ол үшін қаржысы болуы қажет.

Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқаруды енгізу Қазақстанның бірнеше халықаралық саяси институттарға және үдерістерге қатысуына, бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көрінуіне, ЕҚЫҰ-ны басқару мақсаттарымызға және Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жүзеге асыруымызға қызмет етуге тиіс.

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын:

1. Қазақстан Республикасының Президенті;

2. Қазақстан Республикасының Парламенті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы;

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі;

5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық өкілетті орган;

6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық өкілетті орган;

7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілетті орган;

8. Ішкі бақылау жөніндегі орталық өкілетті орган;

9. Мәслихат;

10. Жергілікті атқарушы орган құрайды. Бюджетаралық қатынастардың дамуын қалыптастыруға тікелей әсер еткен бірқатар факторларды атап кету жөн:

-   мемлекеттік құрылыстың ауысуы;

-   еліміз аумағының кеңдігі;

-   ел аймақтарының ресурстық әлеуетінің, табиғи-климаттық жағдайының, қаржы-экономикалық базасының әртүрлілігі;

-   Аумақтық-орналастырушьшық факторды (аймақтардағы көлік, энергетика, коммуникациялық байланыс жүйелерінің әралуандыгы).

Ал әлеуметтік фактор халықтың өмір сүру деңгейінің әр аймақта әр түрлі екендігін көрсетеді. Осыдан келіп назар аударуға тұрарлық мынадай мәселелер туындайды:

-   жергілікті басқаруды құқықтық реттеу;

-   жергілікті бюджет (табыс көздері, шығындары, оларды теңестіру механизмдері);

-   жергілікті меншікті иелену;

-   жергілікті қызмет.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды құқықытық тұрғыда жетілдіру барысында көптеген мәселелер оң жолға қойылып келеді. Жергілікті басқарудың басты объектісі жергілікті шаруашьшық ауыл шаруашылығына негізделген. Оны мемлекет тарапынан реттеу әкімшілік әдістермен де жүзеге асып келеді. Оған «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақ-тарды мемлекеттік реттеу» туралы Заңы нақты дәлел бола алады. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақгарды мемлекеттік реттеудің мақсаты - ауылдық Аумақтық әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту, мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық және әлеуметтік тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеуде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға экономикалық жағдай жасау болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаларының бірі — мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату. Осыған байланысты жергілікті өкілетті органдардың (мәслихат) өкілеттіктері мынадай:

1) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту;

2) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақ саласындағы шараларды қаржыландырудың көздері қарастырылған жергілікті бюджетті бекіту;

3) жергілікті атқарушы органдар жетекшілерінің агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақты дамыту мәселелері бойынша есептерін тындау.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері (әкімият):

1) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақты дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, мәслихаттын бекітуіне ұсыну;

2) агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне мемлекеттің осы саладағы саясатының бағытын, механизмдерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

3) ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін дамытудың орта-мерзімді жоспарларын әзірлеу бойьшша ұсыныстар жасау;

4) агроөнеркәсіп кешенінде кадрлардың біліктілігін көтеру, оларды дайындау, кадрмен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру;

5) ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағдарламасының қатысушыларын анықтау бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру;

6) агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық тәжірибені таратубойынша жұмысты ұйымдастыру және т.б. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақты дамытуды емлекеттж реттеу құралдары:

    • агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарда кредиттеуді дамыту;
    • субсидиялау;
    • сатып алу операцияларын жүргізу;
    • бағалық интервенция;
    • мамандандырылған ұйымдар кұру;
    • аталған кешеннің тауарларын экспорттау мен импорттауды реттеу;
    • техникалық жабдықтау;
    • ақпараттық-маркетингілік қамтамасыз ету;
    • ғылыми, нормативті-әдістемелік қамтамасыз ету және кадрларды дайындау;
    • ауылдық аумактың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымына инвестиция тарту;
    • ауыл халқын ұжымды орналастыру;
    • салыктық, бюджеттік, кедеңдік-тарифтік, техникалық реттеу.[2]

2008 жыл ішінде Үкіметтің 2008 жылға заң жобалары бойынша жұмыс жоспарын іске асыруда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бірлесіп «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» және «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді.

Қазақстан Республикасында  жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін енгізу бойынша халықаралық және жергілікті сарапшылармен кездесулер өткізілді, сонымен қатар,  семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

2007 жылдың мамыр айында  Қазақстанда өзін-өзі басқаруға  қатысты Конституцияға өзгерістер  енгізілген. Біріншіден,  қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына жол берілмейтіндігі туралы норма алынып тасталды.

Екіншіден, жергілікті өзін-өзі  басқаруды халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын  аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару  органдары арқылы  жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қазанында  жұмыс істеп  тұрған жергілікті өкілетті органдар-мәслихаттардың тиісті мемлекеттік өкілеттіктерінің базасында жергілікті өзін-өзі басқарудың осы заманғы жүйесін құру  мүмкіндігі туралы пікір айтқан болатын.

Бұдан басқа, заң жобасында  мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі  басқарудың негізгі буыны ретінде  рөлі мен функцияларын айқын бекіту қажеттігі атап көрсетілді.

Айтылғандарды ескере отырып заң жобасында жергілікті өзін-өзі  басқаруды тікелей, сондай-ақ мәслихаттар  және халық топтары жинақы тұратын  аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару  органдары арқылы  жүзеге асыру көзделген.

Заң жобасына сәйкес жергілікті өзін- өзі басқару облыс, аудан, қала, аудандық маңызы бар қала, ауылдық  округтер, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін кенттер және ауылдар  шегінде жүзеге асырылады.

 

1.2 Қазақстандағы жергілікті  өзін-өзі басқарудың мәселелері

 

Жергілікті жерлерде, әкімшілік-аумақтық бірліктерде мемлекеттік  басқаруда жергілікті атқарушы органдар: облыс, аудан, қала, ауыл, село поселкі  әкімдері; жергілікті атқарушы органдардың  басқармалары, бөлімдері, комиссиялары үлкен роль атқарады. Конституция жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіретіндігін, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақтардың даму мүддесі мен сұраныстарына үйлестіре жүргізуді камтамасыз ететіндігін белгіледі.

Облыстардың, республикалық  дәрежедегі қалалардың және астананың  әкімдерін қызметке Премьер-министрдің ұсынысымен Президент тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерін соған катысты жоғары тұрған әкімдер қызметке тағайындап, қызметтен босатады.

Әкімдер Президент пен  Үкіметтің өкілдері болып табылады. Республика Президенті өз қалауымен  әкімдерді қызметінен босатуға құқылы. Облыс, республикалық дәрежедегі қала және астана әкімдерінің өкілеттігі республиканың жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен күнінен бастап тоқтатылады.

Жергілікті әкімшіліктің қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін әкімнін  аппараты құрылады. Аппарат әкімге бағынады [4].

Аппараттың штатын, еңбек ақы төлеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайын республика үкіметі белгілеген лимит және бөлінген қаржы шегінде әкім бекітеді. Қызмет аппаратының құрылымы тиісті әкімшіліктің атқаратын жұмысының көлемі мен сипатына байланысты болады. Ауылдық және селолық әкімдердің іс-жүргізушіден және есепші-кассирден тұратын аппараты болады. Ол әкімшілік ісін жүргізеді, құжаттардың сақталуына жауап береді, азаматтардың анықтамаларын ресімдейді, әскерге міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың алғашқы есебін қамтамасыз етеді және басқа жұмыстар атқарады. Облыстарда, аудандарда, қалаларда аппарат жалпы бөлімнен, ұйымдастыру-нұсқау бөлімінен, жергілікті әкімшілік хатшылығынан, кадр бөлімінен, заң бөлімінен (бюросынан) немесе заң кеңесінісінен және басқаларынан тұрады.

Облыстық әкімшіліктері  бөлімдерінің, басқармаларының және баска бөлімшелері мен қызметтерінің  тізбесін республика Үкіметі жобалап  әзірлейді және бекітеді. Аудандық, калалық, қаладағы аудандық әкімшіліктердің  бөлімдерінің, басқармала-рының және басқа да бөлімшелері мен қызметтерінің тізбесін жоғары түрған әкім әзірлейді. Жергілікті әкімшіліктердің штатын, енбек ақы төлеу және материалдық-ехникалық жағынан камтамасыз ету жағдайын (республика бюджетінен қаржылан-дырылатыннан өзге) республика үкіметі белгілеген лимит және бөлінген қаржы шегінде жергілікті әкімдер белгілеп, өзгертеді.

Облыстық, аудандық, калалық  мәслихаттар депутаттардың жалпы  санының үштен екісінің жабык  көпшілік дауыс беруімен жергілікті әкімшілік органының басшысына  сенімсіздік білдіруіне және осы мәселе бойынша дәлелденген шешім қабылдайтын және ол туралы тиісті мәслихатты хабардар ететін тиісті әкім алдына оны қызметінен босату туралы мәселе коюға құқылы.

Елімізде мемлекеттік  басқару жүйесіне көптеген жаңа механизмдер  енгізілу үстінде. Бұл құбылыстың негізгі ағымдарын анықтап, белгілі қорытындылар жасауға мүмкіндігіміз бар екендігі талас тудырмайды. Дәл қазір жергілікті басқару жүйесі қалыптасып бітті деуге де негіз бар. Жергілікті басқару мәселесі  күн тәртібіне нық қойылып, оны жетілдіру жолдары жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылдануда.

Таяуда қабылданған 2007-2024 жылдарда Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасының басты мақсаты өмір сүрудің сапасын арттыру және ұзақ мерзімді болашакта елдің бәсеке қабілетін қамтамасыз ету негізі ретінде Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси аспектілерінің тепе-тендігіне қол жеткізу болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді бағдарламасының «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудін іргетасы ретінде одан әрі  жаңарту мен әртараптандыру» тарауында қарастырылған мәселелердің ішінде 2015 жылға дейінгі аумақтың даму стратегиясы әзірлеу көзделген. Осыған сәйкес Үкімет отырысында аталмыш стратегияның жобасыәэзірленіп, бірауыздан қабылданды.

Стратегия өңірлік және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастырудың экономикалық әлеуетті және халықты орналастыруды ұтымды ауқымдылықта ұйымдастырудың негізінде елдің тұрақты дамуын және халықтың қолайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Құжат аумақтарда кластерлерді қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып, инфрақұрылымдық қамтамасыз етудегі елдің аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиісті мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды қалыптастырудың немесе түзетудің негізіне айналады. Орта және ұзақ мерзімді кезеңде минералды шикізат ресурстарын игеру және өндіруші өнеркәсіпті дамыту елдің экономикалық даму қарқынын белгілеп береді [5].

Информация о работе Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері