ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:03, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................7-11
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................11-16
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................16-21
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................22- 31
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 31-36
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...37-41
3.2. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 41-43
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР сауда экономикасы дамуы.DOC

— 846.00 Кб (Скачать)

Мердігерлік келісімшарт бойынша атқарылатын жұмыстардың қатаң түрде жеке орындалатынына байланысты, мұндай келісімшарттар ғылыми-өндірістік және басқа да бірлестік байланыстарды бекіту барысында кең таралымға ие болды. Мердігерлік келісімшарттардың негізгі ерекшелігі - мердігердің атқаратын жұмысы үшін толық жауапкершілікте болуы. Мердігерлік келісімшарттың ерекшелігі келесілерге келіп тіреледі:

- кооперацияланатын өнімді өндіру мен жеткізу үшін келісімшартқа қол қою көбінесе ұзақ мерзімді бірлесу шарттарын анықтайтын келісімдерді бекітумен қоса жүреді;

- бұл шарттар машиналарды конструкциялауды бірлесіп жасауды, тапсырыс берушінің техникалық құжаттамасы мен берілген үлгі бойынша кооперацияланатын бөлшектердің өндірісі мен жеткізілуін қарастырады;

- кооперацияланатын өнім өзіндегі материалдармен де, тапсырыс берушінің материалдарынан да жасала береді және жабдықтаушылар қолданылған материалдардың сапасына жауапты болады;

- әдетте, мұндай келісімшарттарда егерде жабдықтаушы өнімді жасауды уақытында бастамаса немесе тапсырысының сапасы, жеткізу мерзімі бойынша лайықты деңгейде атқармаса, онда тапсырыс беруші келісімшарттан бас тарту құқына ие болатыны көрсетіледі;

- мұндай келісімшарттарда сапасыз өнімдермен дер кезінде жеткізіліп бермегені үшін қатаң айыппұлдар салу қарастырылған;

- айыппұл шаралары төлене отырып, зиян шеккен тарапқа тікелей шығындарды өтеу қарастырылады.

Халықаралық саудада қысқа мерзімді (рейтинг), орта мерзімді (хайринг) және ұзақ мерзімді жалға беру қолданылады. Жалға деген келісімшарт бойынша мүліктік жал қатынастары мына жағдайларда жасалады, егерде бір елдің жалға берушісі келесі бір елдің жалға алушысына келісілген ақы бойынша мүлікті уақытша пайдалануға берсе. Мұндай келісімшарттар тараптардың құқықтары мен міндеттемелерінің кең ауқымын қамтиды, Рейтингтік келісімшарт әлемдік тәжірибеде өте сирек жасалады. Бұл келісімшарттарда көлік құралдары, туристік тауарлар және қысқа мерзімді қолданыстағы басқа да тауарлар қолданылады. Әдетте, мұндай келісімшарттар жалға берушінің сақтандыру мен жалға берілетін заттың техникалық қызмет көрсету міндеттемелерін қарастырады.

Ренталық мөлшерлемелер әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Көлік құралдарын экипажымен және жүргізушісімен қоса жалға алудың келісім-шарттары „тайм-чартер" деп аталса, экипажсыз жалға беру „бербоут" деп аталады. Халықаралық тәжірибеде орта мерзімді жалға беру үшін жасалатын келісімшарттар өте жиі қолданылады. Мұндай келісімшарттарда көлік құралдары, жол-құрылыс машиналары, құрал-жабдықтарды құрастыру, ауыл шаруашылығы машиналары қолданылады. Орта мерзімдік жалдың ставкалары нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Келісімшартқа сәйкес сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді жалға беруші немесе жалға алушы жүзеге асырады. Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімді жалға беру кеңінен қолданылады. Лизингтің негізінде кеңсе, құрылыс-монтаждық және технологиялық құрал-жабдықтар жатыр. Лизингке тұтастай өнеркәсіптік кәсіпорындар жалға беріледі.

Қарама-қарсы сыртқы сауда операциясының сипатты белгісі мынада: әріптестердің негізгі және қарама-қарсы міндеттемелері бір құжатта, яғни келісімде немесе келісімшартта тіркеледі. Қарама-қарсы сатып алу (халықаралық жіктеу бойынша «бай-бек» операциялары) импорттаушы елдегі тауарды белгілі бір сомаға сатып-алуға жасалған экспорттаушылардың міндеттемелерін білдіреді. Мұндай міндеттемелер, әдетте келісімшарт құнының белгілі бір бөлігін құрайды. Бұл операция бартерлік келісімшарт сияқты импортгаушыға жасалған жеңілдік болып саналады. Сыртқы саудалық қарама-қарсы сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мынадай:

- импорттаушының ұстанымы;

- келіссөздер кезінде, әдетте тауар бағасына келісілгеннен кейін импорттаушы тауарларды экспорттаушының елінде белгілі бір сомаға сатып алудың міндетті шарты етіп қояды (бұл сома мәмледен түскен пайызбен есептеледі). Импорттаушы бұл шартты келісім-шартқа енгізуге мүдделі және осыған тырысады. Сондай-ақ шартты орындамағаны үшін айыппұл шаралары қолданылады (орындалмаған міндеттер сомасы 20 пайыздан 50 пайызға дейінгі көлемде). Бұл жердегі импорттаушының көздейтін мақсаты - өз еліндегі валютаньтң бөлігін сақтау және нарыққа экспорттаушы елдерді кіргізуі.

Экспорттаушының ұстанымы. Таңдау еркіндігі кезінде ол үшін қарама-қарсы сатып алуға қарағанда, әдеттегі коммерциялық келісімшарт анағұрлым тиімді болып табылады. Алайда, шиеленіскен бәсекелестіктің ықпалымен экспорттаушы қарама-қарсы саудаға келіседі және бұл жағдайда келіссөздердің негізгі құралы - осындай сауданың көлемін анықтау болып табылады. Шетелдік экспорттаушылардың қарама-қарсы міндеттемелерді орындауы немесе оларға банктік кепілдемелерді ұсынумен, не болмаса импорттаушылардың кезекті төлемінен түсетін кепілдік сомаларын ұстап қалу құқығымен қамтамасыз етіледі. Кепілдемелік ұстап қалу мөлшері қарама-қарсы міндеттемелер сомасының 1,25-1,5 пайызын құрайды. Шетел экспорттаушылары қарама-қарсы міндеттемелерді атқаруда үшінші фирмаға жүктеуі мүмкін, алайда оның атауы қарама-қарсы міндеттемелерде көрсетілуі тиіс және оларды атқару үшін жауапкершілік шетел экспорттаушыларына қалады. Қарама-қарсы міндеттемелерді нақты бір тауармен оны жабдықтаушы көрсетілуі немесе тауар мен жабдықтаушыны таңдау мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Бартерлік операциялар белгілі бір құны бар тауарларды осы құнмен тең басқа бір тауарларға айырбасын білдіреді. Бартерлік операциялар контрагентгер арасында ешқандай ақшалай есеп айырысуды ұйғармайды. Бартер бұл тауар айырбас сауданың көш нысаны. Бартерлік операцияның келесідей ерекшіліктері бар:

- бартерлік операциялар кезінде әрқашан екі контрагент қатысады;

- бір ғана келісімшарт жасалады, бұл жерде ең алдымен бір тараптың міндеттемелері, содан кейін екінші тараптікі кетеді;

- операция ақшалай есеп айырбастауды қажет етпейдіндіктен, "төлем шарты" деген тарау болмайды;

- тараптар тауарлар жеткізу көлеміне келіссөздер жүргізу барысында бағаны бірінші орынға қойып, көбінесе тауардың бағасы бойынша келіссөздер жүргізеді және тауардың бағасы келісілгеннен кейін барып қана, бартерлік сауданың құрылымы мен көлемі туралы келіссөздер басталады.

Келісімдік шарттардың құндық бағасы:

- айырбастың эквивалентілігін (баламалдығын) қамтамасыз ету;

- тауардың сақтандыру сомасын анықтау;

- міндеттемелер орындалмаған кедергі айыппұлдарды есептеу;

- сапасыз тауарларды жеткізу кезінде тауардың бағасын төмендету шамасын есептеу үшін қолданылады.

Компенсациялық мәмлелер өзінің мәні бойынша бартерлік (тауар айырбасы) операцияларды білдіреді. Көбінесе өнімге деген өндіріс құралдары айырбасталады. Кәдімгі бартерлік операциялардан компенсациялық мәмлелердің келесідей ерекшеліктері бар:

- егерде бартерлік операциялар негізінде тек екі тауар қолданылса, компенсация операция кезінде әрбір тараптан бірнеше тауарлармен айырбас жүргізіледі;

- бартерлік операциялар кезінде өзара жеткізу құны өте дәл теңестірілуі керек болса, ал компенсациялық операция өзара жеткізу құнының арасында ақшалай айырмашылықтарға жол беріледі. Бұл айырмашылық контрагент келісімшартта көрсетілген барлық келісілген соманы ұсына алмаған жағдайда қалыптасады. Өзара жеткізілген тауарлар құнының арасында пайда болған айырмашылық конверттелмеген сальдо деп аталады. Негізінен бұл импорттаушы елдің экспорттаушы елге қарызы болып саналады. Оның конверттелмейтін деп аталу себебі - бұл ақшаны импорттаушы банктік көшіру арқылы аудара алмайды. Тараптар бұл жағдайда ақша айырмашылығын импорттаушы елдің осы ісі үшін арнайы ашылған шотыңда. сақтайды. Экспорттаушы бұл қаржының қалған қалдығын экспорттаушы елдің шеңберінен шығармай сол елде қолдана алады. Күрделі технологиялық құрылғыларды сату барысындағы компенсациялық операциялар жиі орын алады. Келіссөздер кезінде импорттаушы құрал-жабдықтарды (жабдықтауға дейін) өзіндік арналар арқылы өткізуге шарт қояды. Осылайша импорттаушы өзінің шығындарын төмендетеді. Жабдықтау жөніндегі жабдықтаушының міндеттемесі негізгі импорттық келісім-шартқа қосылады. Мұндай келісімшарт жабдықтаушы міндеттемесі қандайда бір қаржылық кепілдіктерді талап етпейді, өйткені мұндай міндеттеме импорттаушы сатып алатын құрал-жабдықтардың негізгі техникалық шарты болып табылады. Егерде аталған мәміле компенсация жағдайында жүзеге асырылатын болса, онда импорттаушы экспорттың атына өз еліндегі банкте шот ашады. Конверттелмейтін сальдо елден шағарыла алмайтындығына байланысты экспорттаушы бұл сальдоны жарнаманы ұйымдастыруға, ақпараттарды жинау мен талдауға, өкілдік мақсаттарға, техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға, командировканың ақысын төлеуге және тағы басқа мұқтаждықтарға жұмсайды. Компенсациялық мәміле келесідей тәртіппен жүзеге асады:

- контрагенттер тауарлар тізімін талқылайды;

- тауарлар тізіміне келісе отырып, олар тізімдердің әрбір ұстанымы бойынша бағасын талқылайды;

- екі қосымшасы бар келісімшартқа қол қойылады, оның біріншісінде бір тарап ұсынатын тауарлардың тізімі көрсетілсе, екіншісінде келесі тарап ұсынатын тауарлар тізімі мен конверттелмейтін сальдоның шамасы көрсетіледі.

Берілетін шикізатты өңдеу шарттары. Бұл операцияның мәні шикізаты бар, бірақ та осы шикізатты өңдейтін белгілі бір қуаттағы өндірісі жоқ мемлекет, екінші бір мемлекетке өзінің шикізатын өңдеуге беріп, сол өндірілген өнімге өнімнің бір бөлігін ақы ретінде төлейді. Өңдеуге берілген шикізаттан дайын өнім алынса, оны берілетін шикізат деп атайды. Бұл операция өзінің мәніне байланысты бартерлік немесе қарама-қарсы контрактіге жақын. Берілетін келісімшарттардың ерекшеліктері келесі жағдайға келіп тіреледі:

- ол теңдестірілген валюталық емес, алдын ала бағаланған және ұзақ мерзімді, өйткені контрагенттердің арасында ұзақ және берік байланыстар орнаған;

- шикізатты экспорттау және дайын өнімді импорттау келісімдері бір ғана келісімшарт арқылы жасалады;

- бағалауға шикізат құны, қайта өңдеу құны, дайын өнім құны кіреді;

- келісімшартқа қол қойыларда өзара міндеттемелер белгіленеді және тасымалдауға және баж төлеуге кеткен барлық қосымша шығындар бағаланады;

- берілетін шикізаттың жеткізілуі кезінде келісім бойынша өңдеушінің шығындары ғана емес, сонымен қатар белгіленген пайда алу да қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта келісімшартта шикізаттың әлемдік бағасы, өңдеу бағасы, өңделетін шикізат бағасы көрсетіледі. Жеткізілетін шикізаттың саны қайта өңделетін өнімнің жоспарланған санынан келіп туындайды;

- уақытында жеткізілмеген немесе лайықты деңгейде өңделген шикізатқа байланысты есеп айырысулар жеткізілетін шикізат санының түрленуімен жүргізіледі.

 


ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективася және

ерекшеліктері

 

3.1. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы

 

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесшің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өңдірістік өнеркәспті кооперациялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгерді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүниежүзінде белгіленген сауда-құқықтық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация ұйымның принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әр түрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылатн алғашқы қадамдар жасауда.

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әр түрлі жолдары бар екені белгілі, батыс ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және онң еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқ сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді шешеді.

Қазіргі кезде Қазақстан және Өзбекстан тұрақты халықаралық сауда-экономнкалық байланыста. Аймақтық эксперттердің ойы бойынша республикаға беретін пайдасы мналар:

а) отандық өнімдерді экспорттауға әдеттегі тосқауылды алу жағдайы әлемдік экономика мен сауда-экономикалық байланыстарды терендетеді, капиталдың ағлу жолдарын халықаралық мамандануға қарай бұрады;

ә) халықаралық саудадағы тендік, дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін барлық мемлекеттер сияқты сауда қағидалары мен жеңілдіктерге ие болады;

б) сыртқы сауданы дамытуда ұзақ жылдарға болжам жасау арқылы сауда стратегиясын ойластыру мүмкіндігінің болуы, сондай-ақ отандық кәсіпкерлердің әлемдік нарыққа шығуына жол ашу;

в) республикалардың дүниежүзілік сауда ұйымына мүше балуынан бастап осы ұйымға мүше елдер тарапынан мейлінше қолайлы жағдай туғызуы;

г) халықаралық сауда қағидалары мен тараған принциптердің негізінде әр түрлі келіспеушіліктерді реттеу;

ғ) халықаралық сауда ауқымында болып жатқан хабарлар базасын қолдану мүмкіншілігі.

Халықаралық сауда жүйесіндегі қауымдастқ процесінде сауда саясатының негізгі мақсаттарының аспекттері төмендегідей:

• Орта Азия мемлекеттерінің халқның гүлденуіне жету мақсатында өзара пайда және тең құқықты сақтау және ашықтықты қамтамасыз ету;

• сауда тәртібінің мейлінше бейтараптығына қол жеткізу;

• республикалардың халықаралық сауда ұйымына толық құқықт мүше болуына жетуі.

Осы жетістіктерге жетудгі республикалар алдына сауда саясатын ұстауда мынадай міндеттер жүктейді:

• сыртқы және ішкі сауданы одан әрі либералязациялау (босату);

• халықаралық нарықтың жан-жақты дамыған аймақтық сауда жүйесіне кіргізудегі белсенділігін арттыру,

• экспорттық салалардың даму жолында экономиканың құрылымын қайта құруды мүлде жетілдіру,

• сауданы реттеуде қолданылып жүрген халықаралық құқық нормаларын ары қарай жетілдіру,

Информация о работе ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері