ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:03, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................7-11
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................11-16
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................16-21
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................22- 31
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 31-36
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...37-41
3.2. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 41-43
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР сауда экономикасы дамуы.DOC

— 846.00 Кб (Скачать)

• сыртқы және ішкі сауданы дамытуда шетел инвестициясын және несиесін кіргізу,

• сауда инфрақұрылымының негізгі элементтерін қалыптастыру;

• экспорттық қадағалауды күшейту.

Халықаралық саудадағы мемлекеттін рөлі сауда барысындағы тиімді және ашық үш жағдайға байланысты:

- ұлттық экономиканың дамуы және оны басқару

- күнделікті ресми қадағалауды жүргізу

- өнім мен қызмет көрсетуде ірі кәсіпорындарды басқару. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ХЭҚ-та өзінің бағыттарын кеңейтуде. Оған себеп болушы бірнеше факторлар ықпал етті. Негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер (1997 жылдың 1 қантары) төмендегі 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте

Қазақстан Республикасының негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер 1997 ж.

КӨРСЕТКІШТЕР

 

1.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӘ)

1,1

2.

ЖІӨ, адам басына шаққанда (млн. $)

1275

3.

Экспорт, мли. $ (ТМД елдерінен)

6230 (3472)

4.

Импорт, млн. $ (ТМД елдерінен)

4261 (2964)

5.

Импорт ЖІӨ-ге % есебінде

-20,2

6.

Экспорт ЖІӨ-ге % есебінде

29,6

7.

Сауда сальдосы, млн, $

1969

8.

Төлем балансына дефицит

-1,8

9.

Инфляция

30

10.

Жумыссыэдық деңгейі, %

4,1

11.

Орташа жалақы (АҚШ $-ы)

101,8


 

Бірақ та сыртқы байланыстар ішіндегі дамыған сыртқы сауда. Оның сандық көрсеткіштері 1 және 2 суреттерде көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасының импорттық тауар құрылымы

1-сурет

 

 

Қазақстанның басқа елдерге экспортының үлес салмағы 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте

 

 

1994

1995

1996

Барлығы (млн. %)

3230,7

4974,4

6230,4

оның ішінде ТМД

1905,2

2801,3

3671,6

%-тік қатысы

58,97

56,31

58,93

Дамушы елдер

635,5

19,67

949,4

19,09

1226,4

19,68

Дамыған елдер

690

21,36

1223,7

24,6

1332,4

21,39


 

Таблицадан көріп отырғанымыздай ТМД елдерініде үлес мөлшері көпшілік орнды алады, яғни 1996 ж. 58,93%. 1997 жылы көбейіп келеді (62% құрайды).

Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы сауда айналымы 1996 ж. 10491,7 млн. $ (1995 жылғы деңгейлермен салыстырғанда 120%), оның ішінде экспорт - 6230,4 млн. $ (125%), импорт – 4261,3 млн. $ (113%). Оның ішінде негізгі сауда серіктестері Россия (49%), Украина (3%), Өзбекстан (3%).

Ал алыс шетелдердің сыртқы сауда айналымындағы үлес салмағы мынадай Еуропа елдері 23%, Германия (4%), Нидерланды (35%), Ұлыбритания (3%), Азия-тынық мұхит аймағында үлес салмағы 13%; Қытай (5%); Оңтүстік Корея (2,5%).

Ал дамыған капиталистік елдер мен экспортың үлесі 1996 ж. 21.39%-тен аспай отыр. Бұл елдермен сыртқы сауда байланыстары қалыптасу үстінде. Импорттың құрылымында тұтыну өнімдері және оларды өндіруге кететін шикізаттар басым. Ал экспортттқ саясат көбінше шикізат және жартылай шикізат шығаруға негізделіп отыр. Жақын жылдардағы республика тарапынан экспортты және импортты реттеу мәселесі маңызды және кезек күттірмейтін саясатқа айналуы тиіс. Экспорт пен импортың географиясына қарап мемлекеттік реттеудің басқару әдістерінің әлсіз екенін байқауға болады, ол өздігінен республика экономккасына зиянын тигізеді. Бақылаудың нәтижесінде Қазақстан қуатының дамуына және валюта құралдарының ағымна төмендегідей экономикалық проблемалар мен қиындықтар кедергілер жасайды. Батыс пен Шығыс транспорттық тораптарының болмауы. Барлық транспорт торабының Россия арқылы өтуі. Қазақстанның негізгі шикізат ресурстарын тұтынатын Еуропа елдері болып отыр, ал оған жеткізу жолдары қымбатқа түсуде.

2. Қазақстан дүниежүзілік нарықта экспорттық өлшемдердің маркетингтік зерттеулерін жүргізе алмауында, сондықтан да дүниежүзілік нарықтың конъюнктурасына бағынышты болып өзінің толық бағытта экспорттық саясатын жасай алмай отыр.

3. Өндірістің дайын бұйымдары өздерінің төмен деңгейімен және технологиялық нашар дамуымен дүниежүзілік нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сондықтанда әлемдік дайын бұйымдар нарығында өздерінің алатын орнын табу қиын болып отыр.

4. Қазақстанның  сыртқы  экономикалық  ұйымдарынң сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру тәжірибесінің аздығы, сондықтан да көптеген қателіктер жіберуінде. Қолға не түссе соны арзанға сата беру экспорттық саясат емес Экспортер өзіне ұзақ мерзімге және сенімді серіктес іздеуі қажет. Жасалған контрактілер ұзақ мерзімге және әлемдік нарытың болашақ коныонктурасына сай болуы керек.

5. Қазақстанның әлемдік нарықта бет-бейнесі әлі қалыптасқан жоқ. Қазіргі кезде фирмалар артық төлеуге дайын, бірақ өнім шығарушы нақты, тұрақты, сапалы өніммен қамтамасыз етуі қажет. Ал, Қазақстанның ондай мүмкіншілігі қазірше жоқ.

Алдағы ұзақ жылдар болжамыңда Батыс серіктестер Қазақстан экспортындағы әдеттегі өнімдердің экспортына қызығушылығы осы қалыпта болады деп айту қиын. Себебі ондай шикізаттар өздерінде де жеткілікті (мысалы, көмір, қара металл, астық т.б.).

Ал Шығыс серіктестерге келсек, олар қерісінше болашақта Қазақстанның әдеттегі экспорттық өнімдерін алуға қызығушылығы артады, себебі бұл аймақта индустриализацияның сондай сатысында тұр. Оларға құрылыс материалдары, отын, металл т.б. ресурстар қажет. Бірақ бұл жерде де транспорт проблемалары тұр. Импорттық саясат тек халықтың күнделікті қажетін өтеу және өндірістің қызметін бақылау ғана емес, сондай-ақ экономиканы күшейту, оның тиімділігін және бәсекелесу қабілеттілігін арттыру. Жақын жылдардағы импортты ұтымды ауыстыру бағыттары, импортты айырбастау өндірістерін ұйымдастыру (жартылай шикізат, басқа да материал түрлері). Ол өнімдер импорт өнімдерінің бағсна қарағанда аз шығындрмен өндірілуі тиіс. 

 

3.2. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары 

мен перспективалары

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең көп  дамыған нысаны сыртқы сауда. Дүние жүзіндегі елдерде маңызы ерекше. Американ ғалымы Д.Ж.Сакс «Қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда еңбек бөлінісі  негізінде әртүрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланстардың нысаны және олардың өзара тәуелділігі.

Халықаралық сауданы реттеп, оның еркін дамуы жолындағы кедергілерді жойып отыратын негізгі халқаралық ұйымы тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ТСБК) (ГАТТ).

ТСБК – ны құру туралы келісімге 1947 жылы ең алдымен 23 ел қол қойып, ол келісім 1948 жылы күшіне кірген  болатын. 1995 жылы ТСБК өз қызметін тоқтататын Бүкілдүниежүзілік сауда принциптері, құқықтық механизмі өзінің жалғасын Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымнан тауып отыр. Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы -  қатысушы елдердің өзара саудасын белгілі бір принциптері, құқықтық нормалары, сауда жүргізу ережелері арқылы мемлекеттік деңгейде реттейтін көпжақты халықаралық келісім.

1. ТСБК-ның құқықтық механизмі төмендегі принциптерге негізделген болатын:

2. Мемлекетаралық сауда қарым-қатынастарды бір-біріне ең қолайлы жағдай жасау. Осы тәртіпке сәйкес келісім шарт жасаған елдер бір-біріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі тиіс, екі ел арасындағы жасаған келісім автоматты түрде басқа мүше елдерге де міндетті:

3. Алаламау (дискриминациялау) принципі. Бұл принципке сәйкес ТСБК-ғa қатысушы елдердің барлығының қарым-қатынастары тең құқықтық жағдайда атқарылуы тиіс;

4. Ұлттық рынокты қорғауға мүмкіншілігіне тарифтік құралдарды қолдану: импорттық квоталарды (үлестер) т.б. тарифтік емес шектеулерді алып тастау;

5. Көпжақты келіссөздер арқылы кеден бажын прогрсссивті түрде төмендету:

6. Дамушы елдер мен сауда қарым-қатынастарында преференциялар (жеңілдіктер мен артықшылықтар) беру;

7. Сауда саттық қатынастарындағы кездескен қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешу.

1996 жылдын басында ТСБК-ның мүшелігінде 130 мемлекет болды. Осы жылдың қаңтарында ТСБК Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы болып қайта құрылды. Қазіргі кезде оған 142 мемлекет мүше. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ТСБК-ның принциптеріне қосымша қызмет көрсету саудасы және интелектуалдық меншік саудасы жөніндегі келісімдермен толықтырылды. Әлемдік базарға шығарылатын тауарлар мен өнімдердің 90 пайызы осы елдердін үлесіне тиеді. Отыз мемлекет (Ресей, Қазақстан, Өзбекстан т.б.) ДСҰ-ға мүше болу сатысында тұр. Көрші мемлекетіміз Қытай 2001 жылы қараша айында мүше болды. Қазақстан 1996 жылдан бастап мүшелікке қабылданудың төмен сатыларынан өтіп, бес сатысына өтті. Осы жылдар аралығында елімізде кеден, стандарттау, сертификаттау, патенттік құқық мәселелерін реттейтін заңдық құжаттарға өзгертулер енгізілді.

Өнімді тек шикізат күйінде экспортқа шығару біздің еліміздің және экономикамыздың басты ерекшелігі. Ол ДСҰ-ға мүше болудың шарттарына кедергі жасамайды. Ал өңделген өндіріс өнімін экспортқа шығару еліміздің ұзақ мерзімді стратегиялқ міндеттерінің бірі. 2000 жылы 12 қазанда ДСҰ Қазақстанды нарықты экономика елі деп атады. Себебі - сыртқы сауда ырықтандырылып, мүліктің 80 пайызы жекеменшікке беріледі. Макроэкономика тұрақтандырылып, ұлттық валюта тенге бағамы қалыпт деңгейде тұр. ДСҰ - ға мүше болып кіру экспорттан түсетін кіріс көлемін арттырып отандық тауар өндірушілердің мүмкіндігін кеңейтті.Ал импорттың өсуі ішкі нарықтағы бәсекелесті күшейтеді және тұтынушыларды сапалыда арзан тауар түрлерімен қамтамасыз етеді. Ал біз ДСҰ-ға кіру үшін дайындықты 1996 жылдан бастадық. Негізгі келісөз жүргізуші әріптестер АҚШ, Жапония, Канада, Австралия, Швецария және Европалық қауымдастық.

ДСҰ-ға кіру пайдасы кеден салығы төмендеп, басқа салықтар азайады, нәтижесінде елімізге сапалыда және арзан тауарлар көптеп келе бастайды. Бұл кеден жүйесіндегі жаулап алған коррупция әлсірейді, жекелеген бұйымдар және өнімдер еш кедергіссіз сырт елдердің нарықтарына шыға бастайды. Шет елдермен ғылыми-техникалық процестер алыс-беріс көбейеді. Кәсіпорындар бәсекелестікте өмір сүруге тез бейімделеді, мүше елдер арасында шикізат, дайын өнім, жұмыс қолы мек күші әртүрлі қызмет көрсету мен ой еңбегі еш кедергіссіз жүре алады.

Информация о работе ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері