ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:03, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................7-11
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................11-16
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................16-21
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................22- 31
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 31-36
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...37-41
3.2. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 41-43
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР сауда экономикасы дамуы.DOC

— 846.00 Кб (Скачать)

Дәл қазір ДСҰ-ғa кіру әзірше қолайсыз, себебі еліміздегі өзіндік құны жоғары, сапасыз өнім шығаратын кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық көбеюі мүмкін. Кеден және тағы басқа тариф салықтары азайса, бюджетке түсетін кіріс көлемі де азайады. ДСҰ-ның ережесі бойынша әлемдік сауда аймағы ортақ тәртіпке бағынуы керек. Мысалы кеден және тағы басқа салықтар көлемі бірдей болады (әсіресе, транзиттік жүкке).

ДСҰ-ның шарты әлемдік еңбек бөлісу мен адамзатқа қажетті табиғи байлықтарды тиімді пайдалану.

ДСҰ-іш толыққанды мүше болу үшін елімізде біраз уақытты талап ететін көпжақты даму стратегиясының негізіне енетін дайындық жұмыстарды жүргізу керек. Ең бастысы - әлемдік тәжірибсін пайдалана отырып, табиғи өнімдерді шығарудың ең озық технологиясн пайдалану, оның жетістіктерін өндіріс орындарына енгізген әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке жарайтын сапалы да арзан өнімдерді шығаруды қолға алу керек. Бұған қоса сыртқы саудаға дайын өнім шығаратын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан жеңілдіктер берілуі және қолдауы керек. Осы мәселелер оң шешімін тауып жатса, онда Қазақстан ДСҰ-ғa мүше болуға толық құқы бар. Сонымен бірге ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан дотация берілуі керек. Өйткені дотациясыз ауылшаруашылығы дамымайды. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойлатын халықаралық талап - ол негізінен өнімнің экологиялық қауіпіздігі.

ДСҰ-ға мүше болудағы ең басты артықшылық-транзиттік жүк тасымалдары тарифтерінін бір жүйеге келтірілуі. Өйткені еліміздің тауарларын батыс базарларына шығару үшін Ресей, Литва және тағы басқа елдер арасынан өтеді. Сол елдср әр бекет сайын әртүрлі тариф қолданып, тауар өзі көздеген жеріне жетем дегенше құны жоғарлауы мүмкін. Сол үшін Кеден одағына мүше мемлекеттермен кіру мүмкін емес болған жағдайда Ресеймен бірге кіруіміз тиіс. Себебі - екі ел экономикасыда біршама жақсы, транзиттік жүктер екі ел арасында кең көлемде жүреді. Дайындықты бастаған жылдары бері еліміз төменгі сатыларынан өтті дедік. Осы жылдар ішінде ішкі рынокты импорттық алмастыру саясатын, отандық тауар өндірушілерімізді қолдау және тағы басқа заңдар қабылданды. Бұл шарттар ДСҰ-ғa мүше болудың алғы шарттары еді.

ДСҰ-ға мүше болғысы келген елдерге дамушы ел немесе өтпелі кезеңдегі мемлекет деген мәртебе береді. Мүше болғанда дамушы ел мәртебесін алу тиімді. Өйткені - ол бұлардың 3-жылға дейін импорттық кеден тарифтері мен импорттық лицензияларды келіссөздср арқылы сақтауға және тағы басқа шектеулерді қойдырмауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, Қазақстан 2004-2005 жылдар аралығында ДСҰ-ғa кіру тиімді деп санаймыз. Өйткені ол кезге дейін бюджет кірісінің көздерін іздестіру, бюджет табысын молайтуға, кәсіпорындарымыз бәсекелестік ортаға үйренеді, ауыл шаруашылығы экологияға қауіпсіз өнімдер шығаруға, ол кезге дейін көршілес елдеріміз мүше болады, содан соң Қазақстанның мүше болып кіруі өзінен-өзі туындайды. Дәл қазір кіруіміз Қырғызстан сияқты дағдарысқа ұшырауымыз мүмкін. Сол үшін асығыстық жасамай, келешекте мүше болуға бағытталу керек.

 

 

 

 


Қортынды

 

Еліміз   бүгінгі   таңда  әлеуметтік – экономикалық    жаңару   мен   демократизацияланудың    жаңа   кезеңіне   қадам   басып   келеді . Қазақстан  Республикасының   президенті  Н.Ә. Назарбаев  2006  жылғы   Қазақстан  халқына   Жолдауында    «Қазақстанның     әлемдегі  бәсекеге      барынша  қабілетті   50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясын   ұсынды».

Осыған    орай,  алдыңғы   қатарлы,  озық  қоғамның   сана   деңгейіне   көтеріліп,  жан – жақты   өркендеу,  қоғамның  салалық   жаңа   экономикалық  ойлау   жүйесін    қалыптастыруға   көшу   міндеті  тұр.

Қазақстан   Республикасының  Президентінің   халыққа   арналған  «Бәсекеге  қабілетті   Қазақстан  үшін,  бәсекеге қабілетті  экономика  үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық   үшін»   жолдауын  негізге ала  отырып   халықтың  тұрмыс деңгейін  көтеру  және   инфляцияны  төмендету  болып  отыр.

Қоғамның    экономикалық   дамуы   экономикалық     өсуді,  экономикалық   құрылымдық   өзгерістерді ,  тұрғындардың   жағдайы   мен   өмір   сүру   сапасын     жақсартуды    қамтитын   көп  қырлы  процес.  Қоғамның   экономикалықөмірі   үнемі   қозғалыста   болады,  ол  бір  қалыпты   сандық   және   сапалық    өзгерістер  арқылы    сипатталады.  Бұл  өзгерістер  тек  қана   өндірістік   күштер   мен  өндірістік   қатынастарға   ғана   емес,  сонымен  қатар   еңбектің  өсіп   жатқан   өнімділігіне,  оның  игіліктердің   үлкен   көлемін   құрудағы   қабілетіне   де   қатысты.

Курстық   жұмыстың  бірінші   бөлімінде   сауда  саяты  мен   оның  негізгі   түрлері   негізге   алынып   сауда  мен   халықаралық   сауданың   мәнінің   экономикаға   тигізер  әсері. Сауда  саясатын  жүзеге    асырудың  әлемдік   тәжірибесі  2  принципке   негізделген,  еркін  сауда  және   протекционизм . Зерттеулер   көрсеткендей,  осы  шараларды   іске  қосудың  уақытша   параметрлері  бойынша,  барлық  мемлекеттер   бір  бірінен   өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар   мемлекеттер   өз  реформаларын   импорттық  саясатты   басқарудың   қатаң   курсынан,   ал   кейбіреулері   оны   толық  ырықтандырудан   бастайды.

Ал  екінші   бөлімде   сауда  мен    халықаралық  сауданың   Қазақстан   Республикасындағы    даму   ерекшелігіне   байланысты     статистикалық    мәліметтерге   сүйене  отырып    жазылған. Қазақстан  Републикасының   сыртқы   сауда  айналымыда   Ресей  Федерациясымен  жасалатын  сауда  жетекші   роль   атқарады,  ол  бұрынғы  тарихи  қалыптасқан   процестердің  арқасында  Қазақстанның  негізгі  сауда  әріптесі  және қазақстан   өнімінің  негізгі  тұтынушысы  болып  табылады.

Курстық   жұмыстың  үшінші  бөлімінде   сауда  саясаты  мен  халықаралық  сауданың   шешу мәселелері  қаралған. 

Біз  Қазақстанның   жаһандану  экономикалық   үрдістерге  сәйкес  дамып   келе  жатқан   ед  болуын  қалаймыз. Әлемдегі  жаалған   жаңа  мен  озық  атаулыны   бойына  сіңірген , дүниежүзлік  шаруашылықтан  шағында  болса  өзіне  лайық  орнын  иемденген,  әрі  жаңа  экономикалық  жағдайларға  жылдам  бейімделуге  қабілетті  ел  болуын  қалаймыз.

Біз  қатаң  бәсекеге   әзір  тұрып,  оны  өз  мүддемізге  пайдалана  білуіміз  керек. Қазақстан  көп  тарапты  халықаралық  экономикалық  жобаларға  белсене   қатыса  алады,  қатысуға  тиіс те,  өйткені  олар   біздің жаһандық  экономикаға   кіруімізге  жәрдемдеседі  әрі  сол  арқылы  біздің  қолайлы  экономикалық – географиалық  жағдайымызға  және   қолымыздағы  ресурстарымызға  сүйенеді.

Мемлекет  өз  тарапынан  іскерлік  бастамашылықтың  жолындағы  заңнамалық,  әкімшілік  және  бюрократиялық  кедергілерді  ысырып  тастауға,  және  жекеменшік   капиталдың  келешегі  үлкен  кемел  бастамаларына  тікелей  қолдау  көрсетуге  міндетті.

Қазақстанның   БСҰ-ға  кіруі  жолындағы   келіссөз  үдерісі  тоқтпусыз  жүргізіліп  жатыр.Республиканың  сыртқы  сауда  режимін  реттйтін  заңдарының    едәуір  бөлігі  қазірдің  өзінде  БСҰ  нормаларына   сәйкес  келтірілді  немесе  Парламентте  талқылану  үстінде.

Еліміздің  осы  халықаралық  экономикалық  ұйымға  енуі  Қазақстанның  дүниежүлік  рыноктағы  бесекеге  қабілеттілігін   нығайту  үшін   кең  мүмкіндіктер  ашатынына  сенеміз.                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің «Қазақстан 2030 стратегиясы».

2.      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2005 ж. 18 ақпан.

3.      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2006 ж. 1 наурыз.

4.      Актілер жинағы 2007 жылы №115,  116 бет

5.      Дала мен қала 2006 29 қыркүиек

6.      Әубәкіров Ә.Я. «Экономикалық теория», Алматы: «Экономика», 2001

7.      Камалин Сыртқы сауда эканомикасы  Алматы  2005 

8.      Қ.Қ. Ілиясов «Қаржы» Алматы 2005жыл.  506 – 513 бет

9.      Мадияров

10. Мамыров Н.Қ. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. – Алматы.Экономика, 2004. 59 – 91 бет

11. Интернет. www. Coogle. kz.

12. Расулов.Н. «Инфляцияның дамуы және көрсеткіштері» // Қаржы қаражат 2007 ж . Алматы № 6 24-27 б.б

13. Шеденов «Экономикалық теория негіздері», Алматы: «Экономика», 1999.

14. Хабаршы // 2007 №3 (61)

15. С. Райымқұлұлы «Экономикалықтеория негіздері» Алматы 2003 154 – 163 бет.

16. Студенттік 10 – шы конференция //  200 бет 2001ж 

17. Статистикалық бюллетен. №2  2006ж. 80 – 81 бет

18. Статистикалық жинақ «Тәуелсіз Қазақстан 10 жыл» 16 – 226 бет.

19. «Экономика   әлемдік  классика» 4 том.  Алматы 2006 жыл 304  - 309 бет.

20. «Экономика   әлемдік  классика» 6 том. Алматы 2006 жыл 472 – 478 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері