Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2011 в 12:19, курсовая работа

Описание работы

Екінші тарау мемлекеттің экономиканы басқарудағы дағдарыстар туындауы және дағдарысты реттеудегі мемлекеттің рөліне арналған. Тәжірибе көрсетуі бойынша мемлекеттік басқару оның ішінде дағдарысқа қарсы басқару шараларына байланысты дағдарыстар әртүрлі өтеді. Өйткені дағдарыс сферасы тек объект ғана емес, сонымен қатар басқару субъектісі де болуы мүмкін. Тіпті соңғысы дағдарыс көзі болуы да мүмкін, оның жағдайы мен дамуы басқару объектісінің даму тенденциясы мен жағдайына сай келмей дағдарыс жағдайы туындауы мүмкін. Бұны мемлекеттік басқару жүйесінде қарастыру өте маңызды.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................................3


1 БАНКРОТТЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ .........................................................5



Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні ......5
Кәсіпорындағы дағдарыс түсінігі, типтері және дағдарысқа қарсы
басқару .......................................................................................................................11

1.3. Дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастыруды, концептуалды

тұрғыдан қарастыру .................................................................................................15



2 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ БАНКРОТТЫҚ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСТАР, ОЛАРДЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ ...........................................................................19


2.1 Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы .........................................................19

2.2. «Тас - құм» АҚ сипаттамасы және оның қаржылық - экономикалық жағдайын талдау .......................................................................................................22


3 КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ..............................................................................32



ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................

Работа содержит 1 файл

Банкроттықтың мәні және кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару Жазира Ф2 2011-0.doc

— 343.50 Кб (Скачать)

   Басқаша айтқанда, экономикалық бағыт кәсіпорынның банкроттығын экономикалық механизмдерін, яғни оны қаржы банкроттықы ретінде  қарастырады, ал құқықтық бағыт-кәсіпорынның төлемқабілетсіз, яғни банкроттық жағдайға душар болғанын мойындағаннан кейінгі кәсіпорындардың жоюлуы. Ұйымдастырушылық – құқықтық механизмі, банкроттықтың күрделі табиғатынан туындайды, яғни ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық аспектіге ие: экономика тұрғысынан банкроттық және ликвидациялық процесс ретіндегі банкроттық.

   Сонымен, банкроттық деп кредиторлар мен  борышкерлер арасындағы соңғылардың  төлемқабілетсіздігі мен міндеттемелері бойынша уақытылы қарызын төлей  алмауы бойынша қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

   Кез келген басқару қызметі өз деңгейінде тәуекел сипатына ие болады. Қазақстандағы  нарықтық қатынастардың қалыптасуы басқару шешімдерінің қабылдау күрдешілікті мен олардың нәтижесін болжау күрделілігімен сипатталады. Коммерциялық ұйымдар пайданы максимализациялауға ұмтылуда заңдылыққа сүйенеді: пайда көп болған сайын, тәуекел де көп болады. Мұндай жағдай үш мүмкін болатын экономикалық нәтижесінен сипатталады: теріс (жеңілу, жоғалту, банкроттық, зиян), нөлдік, оң (жеңіс, пайда, табыс).

   Кәсіпкерлік және тәуекел екі ажырамас түсінік. Банкроттық жағдайында кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдығы жоғары болады.

   Кәсіпкерлік процестің қозғаушы күші (тәуекелге  бару тілегі) Макконел К.Р. мен Брю  бойынша жеке қызығушылық: «әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді іске ұмтылады. Сондықтан кәсіпкерлер мақсаты кәсіпорынның пайдасын максимализациялау немесе жоғалтуларды максимализациялау болып саналады. Осыған байланысты кәсіпкер пайда табу үмітіне қарай баруға мәжбүр.

  Кәсіпкерліктің  соңғы нәтежиесі-өндірілген өнім  мен  қызмет болып табылады. Жалпы кәсіпорынның  табысты дамуын  қарастыруға болады,ол 4 сатыдан тұрады :

     1) Жаңа идеяларды іздеу мен бағалау.

Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер,яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма   оларды   белгілі   бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.

      2) Бизнес-жоспарды құру.

Бизнес-жоспарды құру -күрделі мәселелердің бірі, яғни өзіне нарық   сегменттерін қосатын, оның қөлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарын,  өндірістік және қаржылық    жоспарларды   қамтамасыз  ету болып табылады.

     3) Қажетті  ресурстарды   табу.

Бұл ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден  қаталама  деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.

     4) Құрылған кәсіпорынды басқару.

Әрбір кәсіпорынды басқару мәселесі - нақтыланған  өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық  құрылым   құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін  және де әлсіз   жақтарын   табу   арқылы шешім қабылдаудан тұрады.

  Ал  жалпы жаңа  кәсіпорын құру  процесі 3 негізгі кезеңнен тұрады:

1-ші  кезеңді дайындық кезеңі деп  аталады,  мұнда кәсіпкердің қызмет  түрін және көлемін анықтау  және ұйымдастырушылық- құқықтық   формасын таңдайды;

2-ші  кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде  құрылтайшы құжаттарды дайындау  процесиері мен  мемлекеттік  тіркелу және  кәсіпорынның  атрибуттарын  енгізу мәселелері шешіледі,

3-ші  ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның  ұйымдастырушылық құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі өндірістік құрылымын, басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік инфрақұрылым.

 ған    нұсқалармен   салыстырғанда табыс  ала алмау немесе зиян шегудің  ықтималдығы.  Шаруашылық тәуекелдің  негізінде   мүмкін болатын және шығындар мен нәтежиелердің ара-қатынасы   жатады.

 Сонымен  қатар, кәсіпкерлікті тиімді ұйымдастырудың мәнді сипаттамалары да бар және олар келесідей:

     1) Мақсатты анықтау.Ол пайдалылықтың негізін  енгізуде маңызды болады. Кезінде Барух Спиноза әлемді билейтін мүдде деп атап көрсеткен екен.Ал Аристотельде мүдде туралы: игілік барлық жерде екі шартты сақтауды талап етеді Біріншісі-қандай қызмет болмасын ең соңғы мүддені дұрыс табу. Екіншісі-сол түпкі мүддені іске асыру үшін керекті құралдарды табу.

     2)  Мақсатқа жету жолдары. Мақсатқа  жету жолында кәсіпкер жету  құралдарын, әдістерін анықтауы  қажет. Бұл тұрғыда пайда алу  мен басқару сапасының өзара  үйлесуінің қамтылуы қажет.

     3) Мадақтау мен жазалау жүйесінің болуы. Мұнда жұмысты ұйымдастыруда шығармашалақ ықылас көрсеткені үшін марапаттау туралы айтылады. Жазалау-ықыластың жоқтығы үшін мәселені қою жөнінде болады. Кәсіпкер алдына жаңа мәселелерді іздеп қояды және оларды шешудің жолдарын іздейді. Бұл жағдайда ғылыми тәсіл  қолданылады.

     4) Басқару стилі. Мұнда кәсіпкерге  төнетін қаіп-қатер де, адамдарды  жұмысқа жұмылдыру, оларды марапаттау  және тағы басқа факторлар  да жатады.

      5) Ұйымдастырушылық құрылым. Бұл жерде оның икемділігі туралы сөз болады,яғни оның негізгі объектісі-өндіріс болып табылады. Құрылым өндіріске қарағанда екінші болып, рынок жағдайына байланысты бағытталуы тиіс.

      6) Кәсіпкерлік кәсіпорындардың айырмашылығы, яғни сонымен қатар, сандық  сипаттары бары: жұмыскерлер саны, капиталдың жылдық айналымы, кәсіпорындардың шамалары.

      7) Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі  қасиеттері- ол қызмет еркіндігі,  субъектілердің тәуелсіздігі, сонымен  қстар, кәсіпкерлік қызмет өрісінде  тәуелсіздік.

     8) Қандай басқару тәсілін таңдау қажеттілігі. Еркіндік өндіріс бағдарламасын қарастыруда көрінеді,мысалы бағдарлама, өндіріс жоспары.

     9) Тәуекелдікке қатынасы. Жасағыштық  тәуекел және тәуекелдік түрлерінің  жиынтығының тепе-теңдігі болып  саналады.

      Енді кәсіпкерге тән сипаттарды анықтайтын болсақ ол келесідей болады:

  1. қызмет өрісін кәсіпшілік біліммен басқару;
  2. өндірістік-маркетингтік қызметті басқару үшін басқарушы білімі мен тәжірибесі болу;
  3. өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу және рыноктағы жағдайды ескеру, қаржы құралдарын тарта білу,
  4. экономикалық ойлау қабілеттілігі, құзыретті болу, іскерлік мәдениетті, тәжірибелі болу,
  5. өндірісті ұйымдастыруды білу, қойған мақсатқа жету үшін тәуекелге бару,
  6. талдай білу және рыноктің мүмкіндіктерін пайдалану, жаңашыл ойлар болуы.

  Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен қызметіне байланысты жіктелінеді:

   біріншіден, көлемі бойынша:-шағын,орта,ірі;

   екіншіден, меншік түріне қарай:-жеке, мемлекеттік және аралас;

   үшіншіден, аумағы бойынша:-жергілікті, аймақтық, республикалық, халықаралық;

   төртіншіден, салалық бағыты бойынша:-өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, көліктік, саудалық, инфрақұрылымдық;

   бесіншіден, атқаратын қызметтеріне  байланысты:-өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестік;

   алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:

  индивидуалды  кәсіпкерлік, өндірістік кооперациялар; 

  толық  серіктестіктер; -сенім серіктестіктері; 

  жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктер;

  біріккен  кәсіпорындар формалары;,

  акционерлік  қоғамдар.

     Ал жалпы экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш негізгі нысанан кездестіруге болады: жеке шаруашылық, серіктестік, корпорациялар.

     1) Жеке шаруашылық дегеніміз әрбір  меншік иесі жеке өзі ғана  шешім қабылдап, шаруашылықтың барлық  ісіне жкек жауапкершілікті алатын, өндірісті ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, 80-жылдар ортасында АҚШ-та 7 миллионға таяу жекеше шеруашылықтар болған.

     Артықшылығы: барлық істің жүруіне  меншік иесі -қожайынның толық  бақылауы.

     Кемшілігі: капитал мөлшерінің аздығы, шығын, зиян және тағы басқалары үшін жеке жауапкершілік.

     2) Серіктестік дегеніміз-екі немесе  бірнеше кәсіпкерлер кәсіпорын  үшін бірге шешім қабылдап, бірге  жауап беретін өндірісті ұйымдастыру  түрі болып саналады. Мысалы, АҚШ-та 80-жылдардың ортасында 1 миллионнан астам серіктестік түрінде кәсіпкерлік болған.

    Артықшылығы: капитал мөлшері  жоғары, барлық серіктестіктер бірдей  иелік етеді және шығын үшін  де, зиян үшін де бірдей жауап  береді.

  Бұл  кәсіпкерлік түрі көбінесе сауда,  делдалдық қызметтерде, қызмет көрсету салаларында көбірек тараған, немесе көпшілік жағдайда ол өндіріске байланыссыз болады.

     Банкроттық  кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың жоғарыда аталған бірнеше әдіс-тәсілдерін ескере кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін талдау сызбасы арқылы да түсіндіруге болады (Сурет-1).

  

   

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Сурет-1 Банкроттық кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін талдау сызбасы 

  Барлық  дерлік экономикалық әдебиеттерде, кәсіпорынды  қаржылық сауықтыру – кәсіпорындарды трансформациялау мен оның басқаруды  жақсартуға бағытталған принциптерін өзгерту, өндірістің тиімділігі мен шығарылатын өнімнің бәсекеқабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын төмендету, мемлекеттік қолдау, қаржылық сауықтыру жоспарларын даярлау мен жүзеге асыру, дағдарысты кәсіпорындарға инвестициялық ресурстар тарту, реабилитациялық процедуралармен жалғасқан инфрақұрылымдар (сақтандыру, лизингтік, субконтрактылық немесе т.б.) мен дағдарысқа қарсы кампаниялар ұйымдастыру іс-әрекеттері арқылы кәсіпорынның қаржы-экономикалық нәтижелерін жетілдіру.

  Банкроттық кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі мақсаты, өнеркәсіптің өндірістік-технологиялық құрылымының кәсіпорынның пайдалы жұмыс жасауына қол жеткізілуі жағдайындағы нарықтық төлемқабілетті сұранысқа сәйкестендірірілуін қамтамасыз ету болып табылады. 
 

    1. Кәсіпорындағы дағдарыс түсінігі, типтері және дағдарысқа қарсы басқару
 

   Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуын-дағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән қүбылыс және социа-листік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бұрьндары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды [1].

         Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын  немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бүндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.

          Мұндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын қүрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды қүбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалыкты нақты болатынын көріңізші?

Информация о работе Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер