Бюджет шығыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 15:42, реферат

Описание работы

Бюджеттік сыныптама / Бюджеттік жіктелім - бюджетке түсетін түсімнің және бюджеттен жұмсалатын шығынның орталық атқарушы орган бекітетін атқарымдық, идаралық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастырмасы. Бюджеттің кірісі мен шығысы, сондай-ақ оның тапшылығын қаржыландыру көздері заң жүзінде белгіленген бір текті белгілер бойынша топтастырылады.

Работа содержит 1 файл

Бюджет шығыстары.doc

— 209.00 Кб (Скачать)

 Бюджеттік  инвестициялар бюджеттік инвестициялық  жобаларды іске асыру, концессиялық жобаларды ортақ қаржыландыру, мемлекеттік заңи тұлғапардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге арылады. Шешілетін міндеттердің маңыздылығы деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар республикапық және жергілікті болып бөлінеді.

Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді бюджеттік  бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады. Бюджеттік инвестициялық жобаның  белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін Қазақстан  Республикасы заннамасында көзделген экономикалық және басқа сараптамалар жүргізілуге тиіс, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді. Үкімет және жергілікті атқарушы орғандар Қазақстан Республикасынын концессиялар туралы заннамасына сәйкес концессиялық міндеттемелер қабылдауы мүмкін.

 Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды орталық мемлекеттік орғандар республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, жергілікті бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды жергілікті атқарушы орғандар іске асырады. Бюджеттік кодексте сонымен бірге гранттарды - донорлардың (шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына кайшы келмейтін шет елдерің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникапық көмегін қолдану қарастырылған.

 Гранттар  берілу шарттары бойынша былай  бөлінеді:

байланыстырылған  гранттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донардан одан ары қарыз алуын немесе байланыстырылған грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден ортақ қаржыландыруды көздейтін грангтар;

байланыстырылмаған  гранттар қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донардан одан ары қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден ортақ қаржыландыру көзделмейтін гранттар. 

Байланыстырылған  гранттарды пайдалану жеке бюджеттік  бағдарлама бойынша көзделеді және оны байланыстырылған грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады. 
 

[өңдеу]

Пайдаланған әдебиет

↑ Қаржы-экономика  сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым  министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. 

Мемлекеттік бюджеттің  кірістері мен шығыстарынын құрамы мен құрылымы

Уикипедиядан  алынған мәлімет, ашық энциклопедия  

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен  және пайдаланумен байланысты болып  келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің  түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.

 Түсімдер  мен шығыстардың құрамы мен  құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық  және тарихи жағдайларда жүзеге  асырылатын мемлекеттің бюджеттік  және салықтық саясатты жүргізудің  бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

 Бюджеттің  құрылымы бюджеттік сыныптама  негізінде құрылады және мынадай  бөлімдерден тұрады:

кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері;

шығындар;

таза бюджеттік  кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік  кредиттерді өтеу;

қаржылық активтермен  операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;

бюджет тапшылығы (профициті);

бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік  қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары. 

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендігі республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджеттік түсімдердің сомасына тең. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық максаттарда пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайлық емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайлық емес секторын нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері ұзақ мерзімді кезеңде кеміті- луге тиіс. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы мемлекеттік бюджетінің құрамы және кірістері мен шығыстарының құрылымы мына мәліметтермен сипатталады (14.1 кесте). (2009 жылғы бұл мәліметтерді қосымшадан қараңыз). 
 
 

Кестеден көрініп  түрғандай, кірістердің негізін  салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген.

Кірістер, бюджеттік  кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің  қаржылық активтерін сатудан түсетін  түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер  болып табылады.

 Бюджеттің  кірістері салықтық, салықтық емес  түсімдер, негізгі капиталды сатудан  түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа  міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін  міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.

Негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік  мекемелерге бекітілген мемлекеттік  мүлікті, мемлекеттік материалдық  резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.

Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір  деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін  трансферттер түсімдері. Бюджеттік  кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен  алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.

Қарыздар - мемлекеттік  эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық  ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі  мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.

Бюджеттің шығындары  қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар. Шығындардың катаң максатты арналымы болады.

Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін  ақшалар.

Қаржылық активтерді сатып алу - заңи тұлғалардың, соның  ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар.

Қарыздарды өтеу - қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық  келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.

Таза бюджеттік  кредиттеу бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің  арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рэсімдерін кіріктіретін үдеріс. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.

Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа  және Қазақстан Республикасы заңнамасына  сәйкес бюджеттік кредит бойынша  негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады.

Қаржылық активтермен  операциялар:

қаржылық активтерді сатып алуды;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді. 

Қаржылық активтер мен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен  мемлекеттің қаржылық активтерді сатудан  түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

 Қаржылық  активтерді сатып алу және мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және кажылық активтермен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджеттік қаражаттар калдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу соіуасынан асып түсуі ретінде айқындалады.

 Фюджет тапшылығын  қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.

Бюджет профицитін пайдалану қарыздар бойынша негізгі  борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты бос қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді. Республикалық бюджеттің мұнайга қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.

 Мемлекеттік  бюжеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы көзделді.

 Үкімет пен  жергілікті атқарушы орғандардың  резевтері республикалық және  жергілікті бюджеттерді әзірлеу  кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы  қаржы жылында щұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Бұл резервтер: төтенше резервті, шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар кала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтерді кіріктіреді.

 Үкімет резервінің  жалпы көлемі республикалық бюджет  туралы заңмен белгіленеді.

 Жергілікті  атқарушы орған резервінің жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. Төтениіе резерв Қазақстан аумағындағы табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою максатында пайдапанылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві Қазақстанның басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетілуіне де пайдапанылуы мүмкін. Шүғыл шығындарга арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік- аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына катертөндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарга арналған резерві, сондай-ак оның шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін. Соттардық иіешімдері бойынша міндеттемелерді орындауга арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемелекеттік орғандардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы орғандардың міндеттемелерін орындауга пайдаланылады.

Информация о работе Бюджет шығыстары