Бюджет шығыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 15:42, реферат

Описание работы

Бюджеттік сыныптама / Бюджеттік жіктелім - бюджетке түсетін түсімнің және бюджеттен жұмсалатын шығынның орталық атқарушы орган бекітетін атқарымдық, идаралық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастырмасы. Бюджеттің кірісі мен шығысы, сондай-ақ оның тапшылығын қаржыландыру көздері заң жүзінде белгіленген бір текті белгілер бойынша топтастырылады.

Работа содержит 1 файл

Бюджет шығыстары.doc

— 209.00 Кб (Скачать)

 Қаржыны орталықтандырудың  арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

 Сөйтіп, объективті  бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды- жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.

 Қаржы қатынастарының  белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

 Құндық бөліністің  айрықшалықты сферасы ретінде  мемлекеттік бюджет мына өзгеше  белгілермен сипатталады.

1) мемлекеттен  жалпы қоғамдық өнімнің бір  бөлігін оқшауландырумен және  оны қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыруға пайдаланумен  байланысты бөлгіштік қатынастардың  айрықша экономикалық нысаны  болып табылады.

2) құнды жасау  және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы олұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған.

3) қоғамдық өнімнің  оның тауар нысанындағы қозғалысымен  тікелей байланысты емес құндық  бөліністің стадиясын білдіреді  және одан белгілі үзілісте  жүзеге асырылады, ал қаржы  қатнастары материалдық өндірісте  де, өндірістік емес сферада да тауар- ақша қатнастарымен тығыз тоқайласып жатады.

 Мемлекеттік  бюджет, кез- келген басқа экономикалық  категория сияқты, өндірістік қатынастарды  білдіреді және оларға сәйкес  келетін нақты материалдық- заттық  түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор- бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуымен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалысы процесін білдіреді.

 Бюджет саясатының  мазмұны мен міндеттері. 

 Экономикалық  категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

 Мемлекеттік  бюджет экономикалық категория  ретінде жалпы қаржы категориясына  сай келетін бөлу және бақылау  функцияларын орындайды. Бұл функциялардың  іс- қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы  бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру, әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамассыз ету, ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.

 Мемлекеттік  бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық  процестер бейнеленетіндіктен, сондай- ақ барлық негізгі қаржы институтары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай- ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.

 Негізгі қаржы  жоспары мемлекеттің қаржылық  қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының  көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

 Мемлекеттік  бюджет ұлттық экономиканы басқарудың  басты механизмдерінің бірі. Ол  экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған  ақша қорын жасау мен пайдаланудың  нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады .

 Ақырында, мемлекеттік  бюджет мемлекет заңдарының бірі  болып табылады (мысалы, келесі қаржы  жылына арналған республикалық  бюджет туралы заң) .

 Сөйтіп, бюджеттің  сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың  жиынтығы ретінде қараған жөн  (14.1 сызбаны қараңыз).

 Мемлекеттік  бюджет- ұлттық табыс пен жалпы  ішкі өнімді қайта бөлудің  негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді.

 Бюджет Қазақстанның  бүкіл аумағында өндірістік күштерді  неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.

 Нарықтық  механизмге көшу жағдайында мемлекеттік  бюджеттің қаражаттары ең алдымен  экономиканың құрылымын қайта  құруды, кешенді мақсатты бюджеттік  бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми- техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

 Шығыстар  мен салықтар арқылы бюджет  экономика мен инвестицияларды  реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

 Бюджет қаражаттарының  әлеуметтік бағыттылығының зор  маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы  басымдықтар – халықтың табысы  аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай- ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

 Қаржылық  жоспарлау процесінде бюджет  ұлттық шаруашылықтың салаларына  және өндірістік емес сфераны  мекемелеріне айтарлықтай ықпал  етеді. Мемлекеттің ақша қорын  жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене байланысқан.

 Бюджеттік  жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы  процесінде ұлттық шаруашылықтың  қаржы- шаруашылық қызметіне бақылау  жасалынады. Нарықтық қатнастарға  көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.

Информация о работе Бюджет шығыстары