MS Access

Автор: n******************@mail.ru, 24 Ноября 2011 в 21:44, реферат

Описание работы

MS Access ең кең таралған деректер қорын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады.
MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).
Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.
Формалар- форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құрасыз.

Работа содержит 1 файл

ЖАТ.docx

— 1.42 Мб (Скачать)

 

Таспалық форма кестеге ұқсас, бірақ ондағы берілгендер кестедегідей жинақы емес, олардың әрқайсысы бір таспада орналасқан.

 

Кестелік форма сыртқы түрі бойынша кәдімгі кестеден айырмашылығы жоқ. Шындығында, форма статусындағы кесте, басқаша айтқанда, форма үшін кесте режимі қамтылған. 

 

Макростар

Батырмалы форманы пайдаланғанда ең бірінші  қарастыратын керекті құрал, яғни байланыстыратын  құрал -  бұл макростар.

Макрос  бұл - жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Байланыстырушы құрал. Бұл  MS ACCESS бағдарламасының 6 объектісі және оның көрікті, кең көлемді болып безендірілуіне улкен үлес қосады. Макросты бір ғана құру жолымен құрамыз. Оны конструктор арқылы ашып жөндеуге болады. Макрос жалпы макрокоманда, ескерту, макрокоманд аргументінен тұрады. Макрокоманда бірнеше функция атқарады мысалы, форманы ашу, кестені ашу, сұранысты ашу, сақтау, жазу іздеу, сағат шығару, бағдарламаныны жауып шығу. Осы функцияларды таңдау арқылы оның аргументіне керекті аргумент енгіземіз. Мысалы, форма ашу үшін макрокомандадан открыть форму - ды таңдап, аргумент макрокомандадан ашу керек форма атын беріп, сақтаймыз. Сол сияқты функцияларды орындай береміз.  

Информация о работе MS Access