Техникалық ТОО

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 23:56, реферат

Описание работы

техникалық ТОО-лар

Работа содержит 1 файл

Үш күндік жолдың бүгінгі.docx

— 88.05 Кб (Скачать)

Аса түсіп ағы  да

Әжімі де көбейді,-

деп «аһ ұрғандай»  боп кеткенде, Абай Барластың қайғысын да танығандай болады.

«Ел ұйтқысы шайқалды»  дейді. Бұрын Абайдың естімеген  зар-шері сияқты.

Беті-түсі айқын болмаса  да, әр заманда, әр жерде күңіреніп, қайғы шеруін тартып жатқан кәрі әжесі  сияқты, көп жасаған, көп қайғыны  көрген, үлкен бір шері бар. «Ол  кім?..» дәлін, барын Абай біле алмайды.

Осы жолы Абай әрі  өзі ысылып, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл  бір айдай жібермеді. Бұл уақыттарда жас бала: Барлас, Байкөкшемен біржолата  дос, жақын боп алды. Бертін келе түнде ол Барластың қойнына кіріп  те жатады. Күндіз барынша күтеді. Мұның  ұғымтал зеректігіне қатты ырза боп, шын сүйсінген Барлас бір  оңашада, жай ғана тақпақтап:

Шырағым, ер жетерсің,

Ер жетсең сірә не етерсің,

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң шыңға  жетерсің,-

деп кеп Абайға домбыраны  ұсынды.

- Міне, балам, осы  менің батам болсын. Тіпті шынымен  мейірім түсіп айтқызып отыр,- деді. Абай ыңғайсызданып қысылды  да, үндемеді. Бұл «Барластар ертең  жүреді» деген түнде, ас алдында  болған сөз еді. 

Ертеңінде ақындар  аттарын ерттеп, жүрерге тақағанда, Абай шешесін тысқа шығарып алып:

- Апа, екеуіне  де жақсы қып тұрып сый беріп  аттандыршы!- деді. Ұлжан үндеген  жоқ. 

Қонақтар қымыз  ішіп болып, енді қоштасарға келгенде Ұлжан Барласқа қарап бір сөз  айтатындай пішін блдірді. Қонақтар іркіліп қалған еді.

- Мынау балам оқудан  қайтқалы сүле науқас боп, арыла  алмай қойып еді. Сендер келгелі  жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей  болдыңдар. Қадамы құтты қонақ  болдыңдар!- деді.

Абай шынында да дәл осы кезде өзін-өзі бар  сырқаттан құлантаза боп арылғандай, нық бір қайрат жиып алғандай сезді. Шешесі үндемесе де, ашып айтпаса да, «білгіш, танығыш, сыншы» сияқты көрінді. Ол бөгелсе де сөзін бітірген жоқ-ты.

- ...Тағы да келе  жүріңдер. Анау кәрі әжесі мен  бізді де көп сейілттіңдер. Жолдарың  болсын! Келген сапарларыңа тыста  бір азырақ ырым байлаттым.  Ала кетіңдер... Риза, қош боп аттаныңдар!- деді.

Абай тысқа шығып, Барластарды аттандырып жатып, енді көрді. Осы үйдің екі жылқышысы  Беркімбай мен Жарқын Барласқа арнап  бір семіз көк атты, Байкөкшеге арнап бір торы құнанды ноқталап ұстап тұр екен.

Екі ақын екеуін жетекке  алып, тағы да «қош, қош» айтып, жүріп  кетті.

Абай шешесіне дән  риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір  кішкентай күніндегі еркелігіне басты. Ұлжанның мол денесін қапсыра  құшақтап, қатты қысып, бетінен, мұрнынан, көзінен қайта-қайта сүйді.

Информация о работе Техникалық ТОО