Техникалық ТОО

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 23:56, реферат

Описание работы

техникалық ТОО-лар

Работа содержит 1 файл

Үш күндік жолдың бүгінгі.docx

— 88.05 Кб (Скачать)

- Көрдің бе, жәдігөйді!- деп күңк етті. Қодар мен Қамқаны  бұл күйде көреміз деген жоқ  еді. Мынадай сарылып отырған  кайғыны көргенде, өзге болса  жүрегі шайылар еді. Қасындағылар  аттан түсуден де іркілгендей  болатын. Бірақ, Қамысбай «шаш  ал десе, бас алатын», Майбасардың  өзінен асқан бүлік, бұзақы, қанқұйлының  өзі. 

- Түсіңдер!- деп бұйырды  да, бәрін аттан түсірді. Борсақтың  да оны қостайтын біреуі табылды.  Ол Жексен дейтін дәукес шалдың  інісі - Жетпіс еді. 

- Көрден бас бұрмауын, көрде басы қалғырдың!- деді Жетпіс  те. Қодар мыналардың әдейі келген  жайын байқап, бұрылды да, сабырлы  суық жүзбен:

- Нелерің бар,  жандарым?- деп еді. 

Қамысбай тепсініп кеп:

- Неміз болушы  еді? Сендерді ұлық шақыртып  жатыр. Мына Қарашоқыда елдің  игі жақсысы жиналып отыр, тосып  отыр!- деді.

- Жақсың кім? Ұлығың  кім өзі? 
- Ұлығым старшын Майбасар, бастығы - Құнанбай. Мына келінің мен екеуіңді жауапқа шақыртады. Тұр, жүріңдер!

- Сандалып жүрмісің? Не ақьің бар? 

- Не дейсің? Әкім  шақырса, ақың не деймісің?

- Құдай жүзін көрмегір, мынау кім өзі әкіреңдеген!- деп  Қамқа қаны қайнап, қатты ашуланды.

- Құдай жүзін көрмейтін  сендерсің, қос қара бет! Сенсің, шашты 

сайтан!- деп, Қамысбай бастырмалатып, қамшы үйіре бастады.- Жүр, ал! Алып жүр! Мінгіз ана атқа екеуІн де!- деп, қастарындағы жігіттерге бұйрық етті.

Төрт жігіт әуелі  Қодарға қарай ұмтылды. Қодар:

-А, құрыған құдай,  нең бар еді?- дей беріп, қасына  бұрын барған екі жігітті қойып-қойып  жібергенде, біреуі мұрнын басып  ұшып түсті. Бірақ сүйткенше  болмай, қалған төртеуі жабыса  кетіп, даяр шылбырмен қолын  сыртына қайырып, байлап алды. Қамқаны да сүйретіп отырып, аттың  жанына алып кеп, Қамысбайдың  алдына мінгізді.

Қодардың артына Жетпіс мінді. Ол да еңгезердей мықты  жігіт. Жалма-жан аттарына тегіс  міне сап, күншығыс жақтағы Қарашоқыны беттеп, тұмсық аса шаба жөнелісті. «Шабар қылыш, атар оқ, бұлармен сөйлесер сөз де жоқ. Не де болса ұлығымен бір тілдесермін» деп ойлап еді  Қодар.

Өзімен аталас болса  да, жол бойы артындағы Жетпіспен  де бір ауыз тіл қатқан жоқ.

Шынында Қодар мен  Қамқаның осы сорына себепкер болған да дәл осы Жетпіс пен соның  ағасы даукес, бәлеқор Жексен.

Олар Қодардың ең малды ағайыны болатын. Басында  Құтжан өлген соң, осы көктемде жұрт Жексенді кінәлай бастады.

Қодар аталас жақыны еді. Әрі кедей, әрі жалғыз, жетім-жесір  боп қалды. Соған қолы ұзын Жексен қарайласса нетуші еді? «Көшерге көлік  бермей, бір қораға жалғыз тастап кетті» деп кіналаған-ды. Осы сөзді бір  емес, екі емес есіте берген Жексен, ең әуелі өзінің болыспауына 

сылтау етем деп:

- Сол құрғырдан  көңілім тіксініп жүр, болыспайын  демеймін, бірақ шошып қалдым,- деп,  Бөкенші - Борсақтың жиынында  ең алғаш бәле сөздің басын  бір шығарған.

Артынан Сүйіндік осы  сөздің мәнісін сұрағанда:

- Келінімен жақын  екен ол кәпір... Маған не қыл  дейсің? Қасыма алып жүрсем, ертең  бетіме түкірмеймісің?- деп ақталған-ды.

Алғашқы бір дақпыртты  осымен жұртқа жайып жібергеннің  бірі енді Сүйіндік те болды.

Бірақ басында өздері жайып жіберіп, кейін осы өсек, еріккен қызыл ауыздың бәрін  кернеп кеткен уақытта Сүйіндік тағы бір келіп Жексеннен енді анық дерегін сұраған. Жексен қыстыгүні - Құтжанның жетісі болған күні, Қодар  айтқан бір сөзді дәлел қылды.

Қодар қайғыдан сандалып, жаны күйіп отырып:

- Маңымда тұлдыр  жоқ. Құдай маған қылды ғой.  Кәпір өтсем де енді кәрінен  аянарым жоқ. Құдай маған қылса,  менің құдайға қыларым сол...- деген. 

Осыны Жексен өз бетімен  топшылап, «бұл құдайға не қылады?»  деп, жүріп-жүріп кеп, ақыры: «Мұнысы  келіні болды!» деп байлаған-ды.

Содан бері өсекті өзі  таратуына тағы бір себеп: Қодарда  біраз жер бар. Мұның қыстауына  ең жақын, жерлес адам сол. Әйтеуір, жәйі біткен неме ғой. Елден қудырып жіберіп, жерін де басайын!- деген арғы түкпірде жатқан есебі еді.

Осыдан ұшқындаған сөз Құнанбайға жетіп, одан «Сыбанның  жиынында Солтабай Тобықтыны мазақ  етіп сөйлепті» дегеннен бері қарай, Сүйіндік бәленің ұлғаятынын біліп, Жексеннен қайта кеп сұрастырған. Жалғыз Жексен емес, маңайдан да сұрау  салды. Көрші ағайын, бастығы Әйтімбет қойшы боп, өз еркімен осының анығына  жетуді ойлады. Сөз бақпаған момын  ағайынның бәрі де Қодарды қараламады. Қайғы шеккен, дертті күйін ғана айтушы еді.

Бірақ Жексен мен  мына Жетпіс болса, сол қайғының өзін де:

- Әдейі істеп жүрген  сырты. Сүйтпей қоя ма? Бәлені  түн жамыла бастайды ғой,- дескен-ді.

Өзі анығын білмеген және ол анық болса, осыны сылтау қып  Құнанбай Борсақ, Бәкеншіге бір нұқсан келтіреді деп есептеген Сүйіндік сырт кісімен сөйлескенде: 

- Осы сөз бекер  болар,- деген. Құнанбай алдында  да соны нық ұстармын деп  еді. Бірақ Құнанбай ырық бермеді. 

Оның үстіне, жақында  Қодарға өзі әдейілеп жіберген Бектен көсе жолшыбай Жексен аулына соғып, тіпті  бүлдіріп қайтты.

- Қодар, «Құдай  да, Құнанбай да керек емес. Не  қылсам өз еркім, менде не  ақыларың бар?»- деп қуып шықты.  «Құдай маған қылса, мен құдайға  қылдым»- дегені дәл сол бәленің  өзі болды!- деп ентелетіп, төндіріп  келген-ді.

Құнанбай жағынан  ықтап қайтқан Сүйіндік, көзі жетпесе  де байлау етті. Сонымен, ақыры, Қодар  күйі кеп бұған соқты.

Жолшыбай «келінімен тілдестірмеймін» деп, Қамысбай Қодарды  алдына салып, өзі әдейі оқ бойы жер  артта, іркіле жүріп келе жатыр. 
4

Қарашоқы Қодар  қыстауынан алыс емес. Шыңғыстың үлкен  биігінің бірі. Соңың бауыры әдемі, тоғайлы өзен болатын. Тал-терегі болсын және тау қайыңы-қисықша қызыл  қайың болсың, барлығы да көктеп, жайнап тұр. Бұл ара бір құйқалы, жақсы қыстау. Бөкенші, Борсақ ерте кеп, осында орнап қап, әлі бауыр  басып келеді. Ырғызбай ішінен әсіресе  осы Қарашоқыға қызығушылар көп  болатын. Бұнда отырған ауылдар  Борсақ, Жексен аулы. Ол Борсаққа әлдеқандай көрінгенмен, өзге жұрттың келесінде  бұта құрым болатын.

Жиын осында екен. Жексен ауылы төрт үй. Өзенге мінбелеп, төніп тұрған бір тіп-тік жартастың  түбіне қоныпты. Осы араға Қодар  мен Қамқаны алып келе жатты. Тыста:

- Келе жатыр. Алып  келе жатыр... Әне Қодар...- деген  үндер естілген соң, Жексен  үйінде отырған Құнанбай бастаған  топтың бәрі тысқа шықты. Тұмсық  асып келе жатқан Қамысбайлар  келгенше, мұндағы барлық жиын  бір араға қарай екшеліп, ауылдың  сыртына барып топтанды. Сол арада  қазыққа бұйдалап байлап, шөгеріп  қойған бір үлкен, биік қара  атан жатыр. Беліне шом салып,  екі өркешінің арасын жоталап  биіктепті де, соның үстінен бастыра  бір ашамайды орнатып, мықтап  шандып, таңып тастапты.

Қамқа жиыннан шошып  кетті. Жолшыбай сұрамаса да, енді ауылға тақала бергенде Қамысбайдан:

- Жаным-ау, адам баласысың  ғой... Осы айыбымыз не? Не қылмақсыңдар? Айтып өлтірсеңші?- деген. 

Бұған шейін «ләм»  деп жауаптаспай келген Қамысбай енді ғана тіл қатты. Бірақ тілі зәрдей еді:

- Анау атаңмен  - Қодармен жақын болғаның үшін, қазір екеуің де жайрайсың!- деді. Ол осыны айтып, «Қамқа не  дер екен?» деп еді, байқаса,  Қамқада үн жоқ. Бір ғана  ыңыранды да, сылқ етіп, аттан  құлап барады. Қамысбай өзі де  аттан жығылып қала жаздады.  Қамқаны құшақтап, қысып алды  да, желіп отырып, жиынның алдына  келді. 

Алдыңғылар Қодарды  түсіріп жатыр екен. Бұ да кеп  Қамқаны сүйемелдей ұстап тұрып, өзі бұрын түсіп, артынан келіншекті түсірді. Қамқа түскен жоқ. Былқ етіп құлап жығылды да, талған бойында  жерде сұлық жатып қалды.

Қодардың алдында  жүз қаралы жиын тұр. Ортасында Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар - бәрі бар. Алдағы осылар да, артында  ентелеп тұрған - ақсақал, қарасақал. Әр рудың, көп рудың адамдары. Ылғи атқамінері ғана. Ішінде жұпыны киімді біреу жоқ.

Қодар сәлем бермеді, өзі таңулы. Ішінде удай қайнаған ыза  мен ашу бар.

Жиын ортасында, жалғыз көзі бұған оқтай қадалып тұрған Құнанбайды танып, соған қарап түйіліп, қатты ақырып:

- Уай, Құнанбай, мені  құдайдың жылатқаны аз ба еді?  Бұ не қырсығың?...- дей бергенде  Майбасар бастаған әулекі жуандар: 

- Тарт тілінді! 

- Қысқарт! 

- Жап аузыңды!- деп  арс-арс етті. Құнанбайға жаңағы  Қодарша зекіп сөйлеген қарсыльіқ  сөздерді олар естіген емес.

Қодар аз үндемей  тұрып, аналар басыла бергенде:

- Ел-жұртқа масқара  етіп, қор етіп, анау соқыр көзіңнің  құнын менен алайын деп пе  едің!- дегенде Құнанбай:

-Шығартпа үнін! Жоғалт  көзін!- деді.

Майбасар да ілесе:

- Өй, куарған көктөбет!-деп,  қамшы үйіріп кеп қап еді. 

Қодар саспастан  тұрып, қарсы ақырды.

- Иә, мен көк ит  болсам, сендер көп итсің! Жабыларсың, таларсың да жерсің!- дегенде,  Қамысбай мен бағанағы төрт  жігіт Қодарды сүйрей жөнелді.  Сүйретіле бара жатып, Қодар  зор дауыспен барынша шырқап:

- Ақ, қарамды тексермедің  бе, өңшең қан жұтқан, қара бет?!- деп, қанталаған көзімен Құнанбайға  бұрылып, атып жіберердей қарады.

Бірақ осы кезде  мойнына шылбыр түсіп қалып еді. Төрт жігіт жетектеп жылдам тартып, анадай жатқан қара атанның оң жағына апарды. Басына қап сияқты бірдеңені  жаба салды. Бес-алты кісі тапжылтпай, түйенің абырғасына басып, жығып  ұстап тұрды. Қодар тағы лағынат  айтып айқайлай беріп еді, сыртынан бір қатты күш тарпып, серпіп жібергендей  болды. Тұрып бара жатқан түйенің  қабырғасы қаққан. екен. Осыдан әрі  мойнынан «лық» етіп, темірдей қысып, жанын суырып әкетіп бара атқан таудай ауыр күш басты. Жалған жапырылып, үстіне кеп құлады... өзінің оты жарқ етті де, сөніп бара жатты. Жиында үн жоқ. Түйенің р жағына Қодармен тең  қып асқан Қамқа, түйе тұрысымен, бір сәтте үзіліп кетті. Оны бәрі көріп тұр. Қодар бір жиырылып, бір созылып, тез өле алмады... Батырға біткен зор денесі, созылған уақытында, бұрынғысынан да ұзарып нар  түйенің бойына теңелгендей, аяғы жерге  тиер-тиместей болды. Түйені тұрғызып бірталай ұстап тұрғанда, жиын әлі  үн қатпады. Екі жанның өлім азабын өз үстіне арқалап тұрған түйе де үнсіз.

Дәті шыдамаған  Байсал кейін бұрылып, шетке шығып  кетті Сөйлегендер болса, сыбырмен ғана сөйлейді. Қаратай Бөжейге күбір  етіп:

- Өле алмай қиналды-ау  бақыр! Бейшара жаңа білдім, арыс  екен ғой!- деді.

Бөжей мұның бетіне қатты сұрланған жүзбен, ажырайып қарады да:

- Арысыңды, ендеше, арыстан  жеді,- деп сырт айналып кетті. 

Жұрт сыбырлап:

- Өлген жоқ, әлі  өлген жоқ...- десе берді. 

Қодардың денесі шынында әлі тітіркенгендей дірілдеп қап, кейде тартыла түсіп қояды.

Құнанбай жұрттың  күбірі көбейіп бара жатқанын енді сезді. Өлтіргеннен де қинау бататын  тәрізді. Оң қолымен қатты ишарат қып, түйені шөгер деп бұйырды.

Түйе шөккенде Қамқа  серейіп сұлық түсті де, Қодар  өлмеген екен, бүктетіліп түсті. Сол  арада жұрттың есін жиғызбастан, Құнанбай қасындағы құзды көрсетіп:

- Шық алып мынаның  басына! Құлатыңдар содан кәпірді!  Бітсін сонымен!- деді.

Бағанағы Қамысбай мен сол жігіттер үнсіз Қодарды  түйенің үстіне көлденең салып, арқанмен байлады да, тау басына тарта жөнелді.

Бұл құздың арғы сырты  жазаң. Көлбей біткен бетегелі жазаң  болатын. Тосып тұрған жұрттың ішінен бірен-саран дәті шыдамағаны сусып, кетейін деп еді, Құнанбай:

- Ей, тарқама түге! Тоқта былай!- деп саңқ етіп  зілді бұйрық берді. Жұрт қайта  иірілді. 

Аздан соң құздың басына ереуілдеген жаяулар шықты  да, ойдағы жиынға қарады. Құнанбай түрегеліп, оқшауырақ шығып, қолын төмен  сілікті, «таста» дегені. Жоғарыдағы төрт жігіт, Қодар денесін қаумалап, ілгерілі-кейінді толқытып тұрып, бір  кезде тастап жіберді. Бұл тас - бауыр 

жағы ойылғандай шұқшиған тас еді. 
Азап пен қорлық шеккен, онсыз да өлі дене, жолшыбай бір тасқа соқпастан тұпа-тура ағып кеп, ауыр салмақпен күрс етіп бір-ақ түсті. Қазір де шоқтай жиылып қалған топтың қақ қасына кеп құлады. Шетірек тұрған кісілерге естілгендей боп, ақырын ғана күтір етіп сүйек-сүйегі сына түскендей болды.

Дәл осы кезде  Жексен аулына төменгі тоғай ішінен шығып, қатты жүріп кеп, екі сал  атты түсіп еді. Денелері ықшам, біреуі бала бейнелі. Олар аттарын шеткі  үйге байлай сала, жылдам басып келе жатқан Абай мен Жиренше болатын.

Аттан түсе бере, бұлар  тас басына тегіс аңырып, қарап  тұрған жиынды көріп, өздері де солай  қадалды. Бір кезде шекпенінің етегі  қанаттай боп шалқи шашылып, құлап  келе жатқан дене керінді. Жиренше атты байлай сала топқа қарай жүгіргенде, Абай кезін басып отыра кетті... Бітті, өлді...

Информация о работе Техникалық ТОО