Ағылшын қазақ мақал мәтелдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:44, дипломная работа

Описание работы

Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әр басқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұйымға ұйытқы болған мақал-мәтелдерге мәтін арқылы этнолингвистикалық талдау жасалынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ........................................................................................................9


Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

ҚОСЫМША.........................................................................................................59

Работа содержит 1 файл

RS_SA.doc

— 392.00 Кб (Скачать)

Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты бір бөлігі — еңбек жайлы мақал-мәтелдер. Мұның сыры еңбекгің тіршіліктің негізі, қоғамның, өмірдің қайнар көзі болғандығында болса керек. Көненің көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпаққа еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек сүйгіштікке, адал еңбек етуге баулиды, жалқаулық, бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ салуға шақырады,

Қонақжайлық - қазақ ұлтының сүтімен кіріп, сүйегіне сіңген ұлы дәстүрдің бірі. Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялысы А.Янушкеевич "Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін аралап шығар едім",- деп қазақ халқының қонақ жайлылығын риза көңілмен бағалаған екен. Қазаққа қонақ болу үшін оның таныс болуы, діндес, тендес болуы шарт емес, қонақасыны "бөлінбеген еншім" деп тануының өзі кеңінен таралып, дәстүрге айналған халық жорасының бірден-бір көрсеткіші. Алайда, А соnstant guest іs пеvег welkome. Бір күнгі қонақ - күт, Екі күнгі қонақ - жұт тәрізді тұрақты тұлғалар жиі келген келген қонақтың қадірін жоғалтатынын, оған өзі қалағандай құрмет көрсетілмейтінін бейнелі түрде жеткізеді. Екі ел мақал-мәтелдерін талдап-тарату барысында алыс  жатқан, салт-санасы, әдет-ғұрпы, тілі-діні» әр басқа халықтардың айтайын деген ой-тұжырымы, көзқарасы мен өмірлік ұстанымдарының өзара сәйкес келіп жататындығы анықталды. Мұның сыры өмірдің өзінде, адамзаттың көріп-біліп, көңілге түйген ойында, өмірден алған тәжірибесінде жатса керек./2, 208/

Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі.

Мысалы, " Таке саге оf реnсе апd the роunds will tаке саге оf tһеmsеlvеs" (с.с.а.: Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.

 Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.

Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Маппеrs такеth тап", Маппеrs таке tһе тап" (с.с.а.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты калыптаскдн. Әсіресе, ХІV ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік,   ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты.

Мысалы, Соосі таппеss таке iһ а тап. 

Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; If yои sit bу worthier тап tһап tһуsеlf аrt опе, Suffеr һіт fіrst tо tоисһ tһе теаt (с.с.а.: Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, ягаи соған қарап ас іш) т.б.

"Жалғыз  қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас" деген мақал. қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-катынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне карамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қаздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.

 Діни мифологиялық  наным-сенімге байланысты ММ-дердің  этнолингвистикалық уәжі. Ағылшын және казақ тілдеріңде наным-сенімге байланысты макал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі "Gоd һеlрs tһоsе who һеlр tһеmself" (с.с.а.: Өзіне өзі көмектескендерге құдай да жәрдемдеседі) тіркесінің шығу төркінің біздің жыл санауымызға дейінгі 570 жылы жазылған "Геракл және күймеші" атты Эзоптың (Аезор) аңыз әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпақка батып түрып калған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклді шандырады. Адамның бұл қылығына катты ашуланған Геракл: "күйменің доңғалағының артына иығынды тіреп итер де, өгізінді алға айда" дейді және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген. Мысалы, Дж.Барэт (Іоһп Вагеі) "Аn Аtуеагіе" (1580) атты еңбегінде: "Gоd helps thоsе іn tһеіг аnаіге, which aге іndustrious" (с.с.а.: Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе, Дж. Херберт (G. Herbert) "Jасиlа Рtudеntum" деген шығармасында "Неlр tһуsеlf, аnd Gоt will һеlр tһее" (с.с.а.: Өзіңе өзің көмектес, сонда сондай да жәрдем береді) деп, сәл түрлендіре қолданған. Қазіргі уақытта тұрақты қолданысқа ие "Got һеlр thоsе, wһо һеlр tһеmsеlf" мақалы алғаш рет 1736 жылы Б.Франклиннің (В. Ғгаnкlіп) "Роог Rісһагd's Аlmаnаск" атта еңбегінде қолданылды.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде, жаратқан ие, алла тағалаға қатысты ММ-дерді салғастыра зерттей отырып, олардың семантикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталды. ММ-дер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының, ғасырлар бойғы тіршілікте көзі жетіп, көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады./21,77/ Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді ,оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар"  аясында қарастырды.

Осы жоғарыда аталған  тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар - Н.Н. Амосова, А.М. Бабкин, В.П. Жухов, М. Нагиев,

М.А. Филипповская, А.Н. Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н.Н. Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген пікір ұсынады.

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне     сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологазмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

Мақал-мәтелдер – ауыз халық шығармашылығының кең таралған жанры. Мақал-мәтелдердің пайда болуының уақыты белгісіз, бірақ бірі дұрыс: мақалдар да, мәтелдер де көне заманда пайда болған, содан бері тарихының бүкіл бойында халыққа ілеседі. Мақал-мәтелдердің тұрақтылығына және еске алушылығына жететін көмегімен құралдарға да көңіл аударылады. Сондай құралдардың бірі – айқын немесе ассонансты ұйқас:

Little strokes tell great oaks

A stitch in time saves nine.

Мақал-мәтелдердің кәдімгі  балансталған формасы ең жиі пайдаланылатын тәсіл, мысалы:

More haste, less speed

Easy come, easy go

Like father, like son.

Қысқалылық еске алынатын айтулардың маңызды аспектісі болып табылады. Тек ең көп емес мақал-мәтелдер көпсөзді, олардың көпшілігі бес сөзден тұрады:

Boys will be boys.

Dead men tell no tales.

Better late than never.

Practice makes perfect.

Тіл туралы ғылымда мақал-мәтелдерге жалпы қабылданған көзқарас құрылған жоқ.

Кейде мақал-мәтелдер астында өмірдің  әртүрлі құбылыстарын бейнелейтін  және аяқталған сөйлемнің формасымен ие болатын мерген бейнелі нақыл  сөздер түсіндірілді. Мақалдар аяқталған  пікірді белгілйді.

Мәтелмен мақалдан ақыл қорытындысының бітімсіздігімен айырылатын қысқа бейнелі нақыл сөздерді атайды.

Ұқсас анықтама барлық түсіндірме сөздіктерінде  де, көптеген арнайы баптарда да, зерттеулерде де кездесуі мүмкін.

Фразеология бойынша бөлек жұмыстарда мақалдың мәтелден басты айырмашылығы: мақал жалпы пікірді түсіндіреді, мәтел – пікірді жиілік мінезінде. Осы лингвистердің пікірі бойынша тек қана мақалдар емес, және де мәтелдер аяқталған сөйлем формасымен ие бола алады.

Мәтел сондай құрылыстың тұрақты сөйлемі  болып саналады, мақал сияқты, бірақ дидактикалық мазмұнынан айырылған.

Көбінесе мәтелдер ретінде мынандай сөйлемшелер келтіріледі:

When pigs can fly.                                       When two Sundays come together.

When hell freezes over.                          The Dutch have taken Holland.

 

 

 

 

 

    1.   Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары

 

 

Фразеологизмдерді зерттеушілердің  қай-қайсысы болсын оларды басқа  тілге жеткізудің филология ғылымында  үлкен мәселе екеніне тоқталып отырады  Бұл туралы шолу талдауды Ә.Ө. Айтбаевтың «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс»/16,147/ еңбегінде қарастырылған, яғни қай тілдің фразеологиялық бірлігін алсақ та, олардың сол ұлтқа тән бейнелік ерекшелігі, тарихи қалыптасуы болатындықтан, келесі тілге соның өңін өзгертпей, ұлттык бояуын, эмоциялық-экспрессивтік сипатын сақтап жеткізу аудармашыдан үлкен біліктілікті қажет етеді. Сондықтан да фразеологиялық бірліктердің аударылуын сөз етпес бұрын аудармашыға оның тілдік табиғатын түсініп алу қажет болады.

Фразеологизмдердің бейнелік қасиеті, экспрессивті-эмоционалдық бояуы, құрастырушы сыңарларының бірлігі контекст арқылы айқындалып отырады, сондықтан бұларды контекст аясында қарастырған жөн. Ал аудармада контекстің қызметі өлшеусіз екені өзінен өзі мәлім. Бұған қоса фразеологизмдердің стильдік жіктердегі ролі, жеке автордың стилін анықтаудағы рөлі айрықша.

Көркем шығармада болсын, саяси, публицистикалық шығармада болсын фразеологизмдер жиі қолданылып, оларда айтылған ойдың ұтымдылығын, ұшқырлығын арттырып отырады. Демек, бұл бірліктер тілдегі лексикалық бірліктер сияқты мағына жағынан түрленіп, белгілі бір стильдік қолданысқа сай пайдаланылып отырады.

Фразеологизмдердің жалпы  сипаттары, өзіндік ерекшелігін  түгендемесек те, ұзын-ырғасын санамалап  шығуға болады:

1. Фразеологиялық бірліктер белгілі бір дәрежеде лексикалық бірлікке ұқсап тұрады, номинативтік, көпмағыналық, ауыспалы мағынаға ие бола алады;

2. Фразеологиялық бірліктер контекстен тыс тұрганда еркін тіркестермен омонимдес болып тұрады. Мысалы: контекст болмаса «бұл кісінің көзі ашылды» деген сөйлемдегі «көзі ашылды» фразеологиялық тіркесінің мағынасын түсіне алмаған болар едік;

3. Көптеген фразеологиялық бірліктердің тууында тарихи себеп, ұлттық салт-дәстүрлік негіз болады. Сондықтан аудармада фразеологизмдердің үлттық бояуын жеткізу елеулі қиындық тудырады. Бұл тұрғыдан фразеологизмдер ұлттық реалия создерге ұқсас жатады;

4. Фразеологиялық тіркестің  компоненттерінің магынасы олардың  тұтас мағынасына тікелей қатысты болмауы мүмкін. Бұл аудармашыны адастыруы ықтимал;

5.  Фразеологизмдер  стилистикалық тұрғыдан әр түрлі топтарға қатысты болады.

Фразеологиялық орамдар  тіл білімінде әр түрғыдан едэуір дәрежеде зерттеледі. Алайда оны жіктеуде, шегін айқындауда тоқтамды түрде келісілген пікір пәтуасы бола қойған жоқ.

Мәселен, оның құрамына күрделі создер де, метафоралық қолданыстар да тіпті қос сөздер де кіріп жүрген жайттар кездеседі.

Фразеологиялық бірліктер  лингвистикада соңғы кездерде тұтас  шығатын мағынаға компоненттерінің қатысы жағынан, компоненттерінің тұрақтылығы жағынан дәлелді түрде жіктеліп түр. Көпшілік жүгінетін В. Виноградовтың жіктеуі бойынша фразеологизмдер фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек болып болінсе, М.Н. Шанский бұған фразеологиялық сөйлемше дегенді қосады. Қазақ фразеологизмдерінің бірегей зерттеушісі ғалым I. Кеңесбаев бұл бірліктерді негізінен екі арнаға -фразеологиялық түйдек (идиом сипатындағы тіркес), фразеологиялық тіркестерге бөледі. Сонымен қоса фразеологиялық орамдардың мақал-мәтелдерден елеулі айырмасы болатынын ескерте отырып мақал-мәтелдерді де тұрақты сөз тіркесіне жатқызады. /13,218/

Айта кету керек, кейінгі  кезде қазақ тіл білімінде  де байкалып жүрген зерттеу тәсілдері - компоненттік талдау жолымен, этнолингвистикалық жолмен фразеологиялық бірліктерді зерттеу аударма теориясы үшін де мол материал, кең мүмкіндік берер еді. Бірақ бұл жолдармен зерттеу айтарлықтай деңгейге жетті деп айта қою қиын.

Сонымен жоғарыда көрсетілген  классификациялардың қай-қайсын алмасақ та құрылымдық-семантикалық тұрғыға - идиомдық және тұрақтылыққа сүйенетінін байқауға болады. Мәселен, тұтастықтар мен бірліктер құрастырушы сыңарлары өзінің номинативті мағынасынан түгелдей немесе жартылай айрылып, ол тіркесті тұтас алғанда жеке сезге бара-бар болып тұрады. Мысалы: қас пен көздің арасында - жылдам (әңгіме қас пен көз туралы болып тұрган жоқ), сол сияқты: жүрек жұтқан - батыл, бос белбеу - былжыр, түйе үстінен сирац үйіткен - ебдейсіз, пускать пыль в глаза - обманывать, намылить шею - поругать, во всю Ивановскую - очень громко, лясы точить - болтать пустяки т.с.с. Бұндай орамдардың сыңарларының тіркесуі нормадан өзгеше болуы, құрамында магынасы көмескі сөздердің кездесуі әбден мүмкін. Ескерте кету керек, орыс тіл   білімінде мақал-мәтелдерді фразеологиялық бірлікке де жатқызады./17,56/

Информация о работе Ағылшын қазақ мақал мәтелдері