Ағылшын қазақ мақал мәтелдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:44, дипломная работа

Описание работы

Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әр басқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұйымға ұйытқы болған мақал-мәтелдерге мәтін арқылы этнолингвистикалық талдау жасалынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ........................................................................................................9


Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

ҚОСЫМША.........................................................................................................59

Работа содержит 1 файл

RS_SA.doc

— 392.00 Кб (Скачать)

Don't look a gift horse in the mouth- Алғанды білген-анайы, бергенді  білген сыпайы.

Don't trouble until trouble troubles you - Жатқан жыланның құйрығын баспа.

3.  Шартты  райлы сөйлем түрінде:

 

When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа, құрбақа  құлағында ойнар.

If it were not for hope, the heart will break- Үмітсіз шайтан.

 

4.  Болымсыз  жай сөйлемдер түрінде:

All are not friends that speak us fair - Жалған дос көзіңе мақтар, сырт айналып сойылын сатар.

All are not hunters that blow the horn - Мылтық ұстағанның бэрі  аңшы емес.

All are not thieves that dogs bark at - Ит үргеннің бәрі ұры  емес.

Мақал-мәтелдерде халық  сөзді барынша үнемдеп қолданады. Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады. Мысалы: "No sweet with out some sweat" деген мақалда бастауыш та баяндауыш та, ал "Ақыл-жастан, асыл-тастан" дегенде "Шығады" сөзі қалып қойған.

Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.

Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар мен  нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым  болып келеді.

Мысалы:

"It is useful to lock the stable door, when the steed is stolen"

«Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді, ырысы кеткеннің, иті үры

кеткен соң үреді»

Business before pleasure

Еңбек түбі-бейнет,

Бейнет түбі-зейнет.

East or West, home is best

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Great boast, small roast

Сөзге көп-іске жоқ.

No sweet with out some sweat

Жылай-жылай жер қазсаң,

Күле-күле су ішерсің.


 

Мақал-мәтел тұлғасына тән дәстүрлі тұрақтылық (оны паремиология «клише» деп атайды.

Қаншама берік және тіл  үшін нормаға айналған стандарт болса да, абсолюттік ұғым емес, ол тілдің тарихи дамуына байланысты, көрші тілдердің әсерінен, сондай-ақ тілдің ішкі даму заңдылықтарына сәйкес, стильдік қолданысқа сөз зерерлеріне сөз саптау шеберлеріне байланысты ертүрлі өзгерістерге түсіп отырады. Бірақ бұл өзгерістер мақал-мәтелдердің жалпымазмунына, мағынасына, бүкіл тіркеске негіз дәнекер болып тұрған образ бейнеге бөленденуі сан келтіре қоймайды./25/

Мақал-мәтелдердің осылайша әртүрлі өзгерістерге, түлғалық модификацияларға үшырауы салдарынан пайда болған, тіл практикасында бір-ақ рет қолданыс табатын түрлерін инварианттар деп атаймыз.

Инварианттық, өзгерістер авторлық тек өз еркіне, асыл тасты  ер қырынан бір көрсетіп қүбылта  білетін шебердей, мақал-мәтелдердің  көркемдік өрнегін, образы мен бейнелеушілік әсерін, эмоция-экспрессивтік қуатын бойында сақтай отыра, пайдаланатын талантына байланысты.

Мақал-мәтел инварианттары  бірде олардың компоненттеріне  инверсия жасау арқылы, бірде оларды түсіріп, иллипсис түрінде айту арқылы, бірде дербес екі түрлі мақал-мәтелдердің элементтерін өзара шебер қиыстыру арқылы, т.б. жолдармен жасала береді.

1. Компоненттерін өзгертіп айтуға байланысты инварианттар: «Қырық жұт қырғын болса да ажалды өлер, Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз адам тірі қалар» деген... (М.Мағауин «Қияндағы қыстау», 37-бет)

«A living dog is better than a dead lion» (From the Bible)

"Haslit was unable to appreciate the writer till he was dead-that he thought a dead ass better than a living lion".

Мақал-мәтелдердің жеке элементтері ғана сақталатын инварианттар:

«Өтіріктің  құйрығы бір-ақ тұтам, Есеней оңай түсінді... Қазақ айласының құйрығы бір-ақ түтам (Ғ.Мүсірепов Ш.Ж, 5-том, 400-бет)

"The last straw breaks the camel's back" "He can't stand to the last straw" (Martin Eden, p 45)

Компоненттерінің        орнын        ауыстыруына        байланысты инварианттар: Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

- Уай, жарандар!  Бұл  түстен кейін маңырайтын ақсақ  қой дейсіңдер ғой. (М.Әуезов, Абай  жолы 1-том, 82-бет)

"All is not gold that glitters"

It will be an age not, perhaps, of gold but at least of glitter (Arnold "The English Word)

Мақал-мәтелдерден біз  белгілі бір халықтың этнос болмысын, оның рухани-заттық мәдениетін, дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғүрып, наным-сенімін, т.б. туралы бай информация табамыз.

Қазақ мақал-мәтелдері мал шаруашылығына, саятшылық-құс баптауға, кей кездері егіншілікке байланысты болса, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерінің көп бөлігі бағбаншылық саласын қамтиды.

Мысалы:

The rotten apple injures its nature

Шірік алма табиғатын  бұзады

Бір құмалақ бір қарын майды

шірітеді

Acorns were good till bread was founded

Адамның

тоғышарлығына

байланысты

Тойғанда тоқтының еті топырақ татиды. Қарын тойса, қарта әлем сасиды.


 

Айтылған сөздер, үзінділер  халықтың көңілінен шығып, кең қолданысқа  көз   болса  бірте-бірте  қанатты   сөзден  мақал-мәтелге айналады.  Шекспирден алынған кейбір үзінділер қазақ тілінен өз баламаларын тауып жатады: Brevity is the soul ofwit- Аз сөз-алтын.

Rieh gifts are poor when givers prove unkind –

Ғайыптан тапқан алтыннан ақсақал берген бата артық, қайыры жоқ жақыннан жаңы жақсы жат артық.

 

A little learing is

dangerous

To err is human

Who shall deeide

When doetors disagree

Шала оқу қауіпті

Жол білмеген

адастырады,

Жөн білмеген

шатастырады.

Жаңылмас тұяқ Жоқ.

Ауру азайса, тәуіп

ауырады.


деген сөздерде де дәл аударылады.

Тілі бар  халық, халық,

Тілі жоқ  халық-балық.       (Шерхан)

Талап, еңбек  терең ой,

Қанағат, рақым  ойлап қой,

Бес асыл іс, білсеңіз.                   (Абай) /43/

Адасқанның  алды-жөн,

Арты-соқпақ.                               (Абай)

Ағылшын ауыз әдебиетінде көп кездесетін кейіпкерлер мақал-мәтелдерден де өз орындарын тапқан.

Ағылшын

Мағынасы

Баламасы

A good Jack makes a good Jill

Жақсы ер адамның әйелі де жақсы

Жақсы әйел жігітке

біткен бақ,

Жақсы жер, жайлы

қамыс алтын таң.

Жақсы әйел теңі жоқ

жолдас, түбі жоқ сырлас.

Jak off all trades and master of none

Әр істің басын шалу

Аузымен астау шапқан, қолымен жаңқа жара алмас.


Қай халық болмасын, билік пен байлыққы сүйенген абырой-атақты мысқылдап отырған. Ағылшын тілінде бұл қаһарлы Цезарьдың атымен байланыстырылса, қазақ әдебиетінде бай-болыстарды мысалға келіп еді.

 

Ceaserfs     wife     is above suspicion

Цезардың әйелі күдіктен жоғары

Аузы қисық болса  да, бай баласы сөйлесін.


 

Әр халықтың тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдері сол  халықтың менталитетінен хабар береді.

Leopard can not change his spots

Колбарыс өз дақтарын өзгерте алмайды.

Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді не Қара киізді қанша жусаң да ағармайды

As hungry wolf

Қасқыр

Аштық ас талғатпайды


 

Қазақ халқы отбасы тербиесіне, ұрпақ тәбиесіне, ата-ана қүрметіне, қыз бала тәрбиесіне өте ерекше көңіл бөлген. Сондықтан да болар, кей мақалдың баламасы болса, мысалы:

 

Like father, like son

Үлы әкесіндей

Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз

өсер.


 

Кейбір мақалдардың  баламалары жоқ.

Мысалы: Қызға қырық үйден тыю,

Қала берді, есіктегі күңнен тыю, Үлыңы басқа  үйден тойғызба, Қызыңды басқа  үйге қонгызба   т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

"Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лингвистикалық және этнолингвистикалық сипаты" деп аталған  тарауында мақал мен мәтелге анықтама беріліп, өзара ортақ тұстары және айырмашылықтары айқыңдалды. Сондай-ақ, зерттеу нысаны болып отырған тұрақта тұлғалардың коммуникативтік, кумулятивтік қызметіне, әлеуметтік мәні мен қайнар көздеріне сипаттама берілді. Қазақ және ағылшын тілдері бойынша мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып, аталмыш тілдік бірліктерді топтастыру ұстанымдары айқындалды. Этнолингвистика ғылымының бастау алуы, қалыптасу кезендері, қазақ және ағылшын тіл білімінде зерттелуі де осы тарауда баяндалды.

Мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан, ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады:

-  мақал көп жағдайда үлгі, өнеге, өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрінде келіп, көңілдегі   ойды емеурін арқылы жеткізеді және нақты тұжырым, қорытынды пікір жасалмайды;

- ағылшын тіл білімінде мақал мен мәтелдің ара жігі нақты ажыратылмай, біртұтас тұрақты тіркес ретінде қарастырылады;

- мақал-мәтелдер өзге тұрақты сөз орамдарына (қанатты сөз, нақыл сөз т.б.) қарағанда, тұлға жағынан ықшам, мазмұны жағынан тұтас, әмбебап болады;

- мақал-мәтелдердің тұлғасының тұрақтылығы мен тілде бұрыннан   "дайын" материал ретінде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді;

- этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың жалпы тіл білімінде нақты сала болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдердің тілдік сипатын сараптап қана қою жеткіліксіз, олардың ұлттық ерекшеліктерін, этнолингвистикалық сипатын ашу — бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі;

- мақал-мәтелдердің  этнолингвистикалық табиғатын айқындауда Табиғат - Адам - Қоғам" деп аталған үш бірлестікгі қамтитын идеографикалық классификация тиімді;

- бірқатар қазақ және ағылшын макал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалды, абсолютті эквивалент, яғни теңбе-тең балама түрлері де кездеседі;

- ағылшын мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана құралса, қазақ мақалдарының басым көпшілігі екі, не бірнеше тармақты болып келеді. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылар ойдың басқа бір жағдай, не құбылыспен салыстырыла жеткізуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуға болады;

- кейбір қазақ мақал-мәтелдерінің күндерегі қазақ қоғамында қалыптасқан билер институтымен, яғни Майқы, Төле, Әйтеке есімдерімен, Абай, Ыбырай, Жамбыл т.б. шығармаларындағы мазмұнды сөз үлгілерімен, қоғам қайраткерлерінің қанатты сөздерімен, жұмбақтар және діни мазмұндағы шармалармен, тығыз байланысты;

- ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің құрамында елді-мекендердің, атаулары мен кісі есімдері жиі кездеседі;

- туыс емес тілдердегі бірқатар мақал-мәтелдердің өзара мағыналас болып келу қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәжірибесінің, көзі жетіп,  кекейіне түйген ой-тұжырымдарының ұқсастығымен, астастығымен байланысты;

- тіл-тілдегі макал-мәтелдер әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен әдет-ғүрпы, салт-дәстүрі жөнінде ақпарат көзі, яғни дүниненің тілдік бейнесі болып табылады;

- әртектес тілдердің мақал-мәтелдерін салғастырмалы түрде зерттеу жұмыстары жалпы тіл білімін теориялық тұрғыдан соны тұжырымдармен толықтыра түседі және кейбір практикалық мәселелердің шешімін табуына септігін тигізеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Иностранные языки  в школе//2005

2. Мақал – мәтелдерде  ағылшын сабағына қолдану// Иностранные  языки в школе, 2005, 3

3. Smith W. С, Сowie А.Р., Маскіn Rаnd Мс.Саіg І.К., Тауlог А., Whiting В.J., Seidi J., Мс Моrdiе W., Ridout R. Аnd Witting С, Аррегsоn G. L., Lindа аnd Rоgеr Ғlаvеll, А.В. Куниннің сөздіктері мен көркем әдеби шығармалары қолданылды.

       4. Жүсіпова Р.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал – мәтелдердің синонимдік мәні// Қаз ҰУ Хабаршысы – Филология сериясы // N 3- 2003

       5. Аргингазина Ш.Б. Ағылшын және  қазақ тілдеріндегі етістікті  фразеологизмдердің лексика –  семантикалық сипаты// Алматы – 2004

       6. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі  етістікті фразеологизмдердің синонимдігі// АГУ им. Казахстанская филология:  проблемы и перспективы. –  Алматы – 2002

                   7. Ағылшын – қазақ тілдеріндегі  кейбір ұқсастықтар туралы // Қазақстан     

               мектебі – 2001, N 3

Информация о работе Ағылшын қазақ мақал мәтелдері