Ағылшын қазақ мақал мәтелдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:44, дипломная работа

Описание работы

Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әр басқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұйымға ұйытқы болған мақал-мәтелдерге мәтін арқылы этнолингвистикалық талдау жасалынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ........................................................................................................9


Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

ҚОСЫМША.........................................................................................................59

Работа содержит 1 файл

RS_SA.doc

— 392.00 Кб (Скачать)

Гендерлік қатынасқа  байланысты   этнолингвистикалық уәжі.

Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше, себебі ол шағын мемлекет іспетті. Осы шағын мемлекетте әйелге артылар жүк те, жауапкершілік те айтарлықтай. Қазақтың құтты босағасында ер адам — отағасы, үйдің қожайыны, алайда, үй ішінің бүкіл тауқыметі, тұрмыс-тіршілігі, бала тәрбиесі, әдеп пен әдет, рухани қарым-қатынас т.б. барлығы әйел адамнық құзыретінде. Ағылшын және казақ тілінің паремологиялық қорындағы әйелдердің жеке басына қатысты мақал-мәтелдерден әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы мәдени-әлеуметтік орнын аңғаруға болады. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік: A good wife makes a good husband (c.c.a.: Жақсы әйел жақсы күйеу жасайды). Қазақ тілінде тәрбиелік мәні зор тіркеске мағынапас келетін бірқатар мақал-мәтелдер бар:

Жақсы әйел жаман  еркекті би етеді.

Салыстыра қарастырғанда, халықтар менталитетіндегі ортақ көзқарас, өзара сәйкес ұғым-түсінік, біркелкі ұстаным байқалады.

Жаман әйел жақсы  еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді,

Жақсы әйел жаман  еркектің көрдегі басын төрге  сүйрейді.

Жоғарыдағы "алған  әйелің жақсы болса, елге сыйлы етер" деген ұғымды білдіретін қазақ мақалында айтылар ой төр мен көрді салыстыру арқылы жеткізілген. Қазақ халқының когнитивгік санасында "төр" — тек қазақ үшін ең қастерлі, сыйлы орын.

Зерттеу барысында ағылшын  және қазақ қоғамдастығында әйелдер дәрежесін ер адамдардан сәл төмендетіп көрсететін стеореотиптің, пайымдаудың орын алғандығын білдіретін ММ-дердің жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшын тілінде The death of wives and the life of sheep make her husband rich (c.ca.: әйелінің өлімі мен қойдың өмірі ер адамды бай етеді); Women have no souls (c.c.a.: әйелдердің жаны жоқ), қазақ тіліндегі "Башпал жүйрік парқы жоқ, қатын шешен, нарқы жоқ", "Әйелдің ишшы ұзын, ақылы қысқа" мақал-мәтелдері белгілі бір заман кезеңіндегі әйел адам дәрежесінің көрсеткіші іспеттес. Көне заманнан қалыптасқан қазақтың ата дәстүріндей Англияда да орта ғасырларда балаларының үйлену, тұрмыс құру тәрізді мәселелерін ата-анасы шешетін, себебі текгі жердің қызына үйлену, ұлына тұрмысқа шығу арқылы материалдық жағдайын түзеп, қоғамдағы алатын орнын жақсартуға мүмкіндіктер туындайтын. Жоғарыдағы "The death of wives and the life of sheeps makes her husband rich" мақалы өз заманындағы материалдық, рухани дүниенің тілдік бейнесі болып табылады, яғни көне дәстүрдің тілдегі көрінісі іспеттес.

Сондай-ақ, 1918 жылдан бастап жасы отыздан асқан әйелдердің кейбіріне сайлауда дауыс беруге құқыіқ берілді және ағылшын әйелдерінің басым кемшілігі үй шаруасымен айналысты немесе жұмысшы, қатардағы қызметкер болды. Жоғары лауазымды қызметкер әйелдердің саусақпен санарлықтай болуы және оның биік дәрежеге көтерілуінің қисықсыз өрескел болып танылуы "Women in state affaire are like monkeys in glass shops" (c.c.a.: Үкімет басындағы әйелдер айна сататын дүкендегі маймылдарға ұқсайды) бейнелі тұрақты орамнан айқын көрінеді.

Байырғы ағылшын қоғамдастығында қалыптасқан әдептілік дағдысы бойынша, тұрмысқа шықкан әйел ерін өзінің қожайыны ретінде кабылдауы тиісті. Бұған бой ұсынбаған әйел соққыға жығылатын. 1891 жылға дейін ерлерінің "ер адамның бас бармағынан жіңішке " әйелдерін ұруларына, егер қаласа бөлмеге құлыптап қоюларына заңды құқықтары болған. "A woman, a spaniel, and a walnut-tree, The more you beat them the better they be" (c.c.a.: Әйел, спаниель (итгің түрі) және жаңғақ ағашы ұрған сайын жақсарады), "A woman, an asse, and a walnut-tree, Bring the more fruit, the more beaten they be" (c.c.a.: Әйел мен есекті және жаңғақ ағашын ұрған сайын жемісті молырақ береді) тәрізді тұрақты тіркестер жоғарыда айтылған келеңсіз оқиғалардың орын алғандығы жөнінде бұлжытпас тілдік дәлел болып табылады. Қазақ арасында да мұндай жәбірлеулердің болғаны, әлі күнге дейін сирек те болса кездесетіні және оның әдеттегі от басында болып тұратын елеусіз оқиға ретінде танылатыны мәлім.

Сонымен, гендер категориясына қатысты тұп тамыры теренде жатқан тілдік орамдар екі тілде де молынан ұшырасады. Олар — белгілі бір лингвомәдени қоғамдастықта қалыптасқан дүниенің тілдік белгісі болып табылады. Дүниенің тілдік көрінісі адам-тіл-мәдениет-өркениет жиынтығын зерделеу арқылы айқындала түседі.

Уақыт өлшеміне қатысты мақал-мәтелдердің лингвистикалық уәжі. Бұл тақырыптық топтағы бейнелі орамдар уақыттың көз ілеспес жылдамдығын, оны босқа өткізіп, өмірді өксітпеуді, алтын мезетті пайдалы іске арнауды уағыздайды. Мысалы, "Time is money" (c.c.a.: Уақыт — ақша); "Уақыт — білгенге қазына, білмегенге — быламық", "Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық". Туыс емес екі тілдің бірліктері уақытты ұғымды пайдаланып, тынбай еңбек етсең, мол қазынаға кенелесің деген ұғымды білдіреді. Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің казіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Theophrastus) жазбаларымен ұштастырады.

"There is a time for everything' (c.c.a.: Әр нәрсенің өз уақыты бар). Қазақша баламасы: Сабақты ине сәтімен. Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " To everything there is a season, and a time to every purpose under the heaven", (c.c.a.: Аспан астында әр нәрсенің, өр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықшамдалып, тұрақты қалыпқа енген.

Салыстыра алғанда, уақыт мағыналық өрісіне енетін мақал-мәтелдердің аздау кездесетіндігі анықталды.

Тілге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық  "Тәрбие басы — тіл", орны мен орайын тауып қолданса, сөзден, яғни тілден асқан ғажап сиқырлы күш жоқ деп білген халық ұрпағын ойланып, дұрыс сөйлеуге баулыған. Зерттеу барысында тілге, сөзге қатысты мақал-мәтелдердің екі тілде де жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы:

Good words cost nothing and are worth much;

Жылы-жылы сөйлесең, Жылан інінен шығады.

Қатты-қатты сөйлесең, Пышақ қынынан шығады; Екі тілге қатысты орамдардың жеткізер ойы бір, яғни адам жанын жадыратар жақсы сөздің құндылығы. Ағылшын мақалында тек жылы сөздің мәні айтылса, қазақ мақалдары қатты сөздің адам жанына әсерін қоса жеткізеді. Бір ауыз қатты сөзді қолға ірген тікенге теңей келіп, сол бір ауыз қатты сөзден пышақ қынынан шығатынын, үлкен дау туатынын ескертеді.

Осы жерде айта кететін жайт, ағылшын мен қазақ мақал-мәтелдерінде айтылатын ойдың кейде орайлас келмей, қарама-қайшы түсетін тұстары да кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде: "Stiks and stones may break my bones, but words will never hurt me" (c.c a. Таяқ пен тастар менің сүйегімді сындыруы мүмкін, бірақ сөз мені жаралай алмайды) десе, қазақ мақалы керісінше "Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді",— деген пікірді қалыптастырады.

Еңбекке қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты бір бөлігі — еңбек жайлы мақал-мәтелдер. Мұның сыры еңбектің тіршіліктің негізі, қоғамның, өмірдің қайнар көзі болғандығында болса керек. Көненің көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпақсыз еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек сүйгіштікке, адал еңбек етуге баулиды, жалқаулық, бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ салуға шақырады.

 Қонаққа қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Қонақжайлық - қазақ ұлтының сүтімен еніп, сүйегіне сіңген ұлы дәстүрдің бірі. Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялысы А.Янушкеевич "Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін аралап шығар едім",- деп қазақ халқының қонақжайлылығын риза көңілмен бағалаған екен. Қонаққа конақ болу үшін оның таныс болуы, міндес, тендес болуы шарт емес, қонақасыны "бөлінбеген еншім" деп тануының өзі кеңінен таралып, дәстүрге айналған халық жорасының бірден-бір көрсеткіші. Алайда, A constant guest is never welcome. Бір күнгі қонақ — күт, Екі күнгі қонақ- жұт тәрізді тұрақты тұлғалар жиі келген келген қонақтың қадірін жоғалтатынын, оған өзі қалағандай құрмет көрсетілмейтінін бейнелі түрде жеткізеді. Екі ел мақал-мәтелдерін талдап-тарату барысында алыс жатқан, салт-санасы,     әдет-ғұрпы,  тілі-діні  әр басқа халықтардың айтайын деген ой-тұжырымы, көзқарасы мен өмірлік ұстанымдарының өзара сәйкес келіп жататындығы анықталды. Мұның сыры өмірдің өзінде, адамзаттың көріп-біліп, көңілге түйген ойында, өмірден алған тәжірибесінде жатса керек.

Ақша, қаражатқа байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, " Take care of pence and the pounds will take care of themselves" (c.c.a.: Пәнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.

Ағылшындар фунт пэнстен құралады десе, қазақтар теңгенің тиыннан өсетінін ескертеді. Әр елде ақша өлшемі ретінде қабылданған ұлттық валютаның атауы әр түрлі болатыны белгілі. Теңге, тиын - қазақ елінің ақша эквиваленті. Сонау VI-VIII ғасырларда ру-ұлыс нышандары айшықталған теңгелердің қолданыста болғаны, Отырар, Тараз қалаларында теңгелер шығарған ұстақаналар жөнінде тарихи деректер бар.

 

    1.    Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары

 

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі арқылы кезендерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай белігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақта тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады./21,77/ Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, "all is well, that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқгалған істін бәрі жақсы), "Appearances are    deceptive"  (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алқамшы),

"Better late than never" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар"  аясында қарастырды.

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірліктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақта тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

Осы "келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне     сүйенер          болсақ,     мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

 

 

 

2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары

 

Паремиология мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі. Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен қүнарлысы болып саналатын мақал-мәтеддер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс. Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның біріншісі қоғам мүшелерінің өзара түсінуіне; пікір алмасуына қажетті қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі де, екіншісі-өмір шындығын, барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету қызметі. Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты, өйткені олар белгілі бір гілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен, даналығын бойында сақтап, атадан балаға, үрпақтан-үрпақа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады.

Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, үйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмүнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. В.Виноградов мақал-мәтелдердің түрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді. Өйткені олардың мағыналық бірліктері түрақты сөз тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды және дайын күйінде қолданылады.

Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің  бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі  тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталган, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

 

1. Бұйрық райлы  сөйлемдер:

 

Make hay while the sun shines-

Темірді қызғанда соқ.

 

Let sleeping dogs lie –

Жатқан жыланның қүйрығын баспа.

 

Cut your coat according to your cloth –

Көрпеңе қарай көсіл.

 

Catch the bear before you sell his skin –

Қашпаған сиырдың  ұзынан дәметпе.

 

First think, then speak –

Ойнасаң да ойлап  сөйле.

 

2.  Болымсыз  түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым  салу;

 

Never say die - Салық  сұра кетпесін.

Don't count your chickens before they are hatced -

Тігілмеген  етігіңді мақтама,

орылмаған етігіңді ақтама.

 

Donft cross a bridge before you cote it- Байыбына бармай бал ашпа.

Don't hallo until you are out the wood -Асатпай жатып, құлдық  деме.

Информация о работе Ағылшын қазақ мақал мәтелдері