Ағылшын қазақ мақал мәтелдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:44, дипломная работа

Описание работы

Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әр басқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұйымға ұйытқы болған мақал-мәтелдерге мәтін арқылы этнолингвистикалық талдау жасалынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ........................................................................................................9


Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

ҚОСЫМША.........................................................................................................59

Работа содержит 1 файл

RS_SA.doc

— 392.00 Кб (Скачать)

Тіл ғылымында дәлелденген тұрғы бойынша фразеологиялық тізбектер (Кеңесбаевша, тіркестер) мең сөйлемшелер сыңарлары өзінің лексикалық мағынасын сақтайды да, тек қана сөздердің тіркесу және қолданылу тұрақтылығына қарай тұрақты тізбек құрайды. Бұл топтың құрамына жататындардың қайсы бірі номинативтік қызмет атқарса, қайсы бірі (асқар may, оюерден жеті қоян тауып алғандай куану, скалить зубы, құлаң кою, насупить брови т.с.с.) коммуникативтік қызмет атқарады (ум не от возраста, а от головы; у хорошей головы сто рук; сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме; пышақ кескендей тыйылды т.б.). Осы тұрғыдан қарағанда тұрақты сөз тіркестерін аударуда екі жүлдеге бөлуге болады: идиомдар мен фразеологиялық тіркестер (соңғысына белгілі бір дәрежеде мақал-мәтелдерді дежатқызуға болады). Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге ұқсастығы - оның сөйлеуде дайын күйде қолданылуы. Әрине, бұл жіктердің аударылуын бірдей тұрғыдан қаруға болмайды. Аударма үдерісінде фразеологизмдердің структуралық-семантикалық сипаты ерекше ескерілетіндіктен, бұлардың ауыспалы мағынада жұмсалатындары өзгеше тәсіл қолдануды, тіпті дайын, басқа тілдегі тізбектерді талап етуі ықтимал.

Аударма үшін керекті нәрсе фразеологиялық орамдардың қорытынды мағынасы немесе соны құрастырушы сыңарлардың тұтас мағынаға қатысы, сыңарлардың айқындық я көмескілік, ерекше маңызға ие болады.

Аударма зерттеушісі  Ө. Айтбаев:«... фразеологизмдерді екі  топқа бөліп қарап олардың  аудармасын соған орай тексеру қажет. Біріншіден, мағынасы жағынан жеке сөздер мен сөз тіркесіне бара-бар фразеологизмдер. Бұларға жататындар -идиомдар. Екіншіден, синтаксистік құрамы бір тұтас, тиянақты аяқталған ойды білдіретін фразеологизмдер. Яғни мақал-мәтелдер және басқа түрлері. Бұлай бөліп қарауда мән бар. Зерттеу нәтижесін байқатқандай, фразеологизмдердің бұл екі түрінің аударылғыштық сипаты осылай бөлек қарауды талап етеді» - дейді./16,17/

Сол сияқты Р. Сәрсенбаев аталмыш мақаласында фразеологиялық бірліктерді табиғаты жағынан әр түрлі екенін ескере отырып аударуда стильдік қызметін сақтау мақсатымен фразеологизмдерді екі топқа бөліп қарауды ұсынады.

1. Идиомдарды аудару;

2. Тұрақты метафоралық тізбектер мен макал-мәтелдердің аударылуы. (Сәрсенбаев Р. - Көрсетілген еңбек.)/18, 177/.

Байқап отырғанымыздай, бұл жіктеуде айырмашылық шамалы. ұсынылып отырған еңбекте біз де осы жолды ұстанбақпыз. Өйткені идиом дайын, одан өзгелері - сөз құраудың нәтижесі. Міне, осы тұрғыдан біз аудармаға қатысты фразеологиялық мәселелерді екіге бөліп қарағанды дүрыс санаймыз: 1. Идиомдарды аудару; 2. тұрақты фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдерді (фразеологиялық сөйлемшелерді) аудару.

F. Мүсірепов үлгісін  келтіріп отырған себебіміз идиомдарды  қанша жерден «аударылмайды»  дегенмен, «қалауын тапса, қарды  да жандыруға» болатыны. Осындай қалька тәсілімен аударуға келетін бір идиом «ит үреді, керуен көшеді» - «Собака лает, караван движется». Бұған мысал ретінде «Собака на сене» деген идиомнан жасалған шығарма атының «Шөп қорыған ит» болып аударылғанын да келтіруге болады. Алайда бұл - идиомдардың аударылуындағы өнімді тәсіл деп айтуға болмайды. Олай дейтініміз басқа тілге бір тілдің идиомдарын қайтсе аударам деп орынсыз талпынулардан шыққан жансақтықтар да аударма тәжірибесінде баршылық. Мәселен, белгілі лингвист Қ. Жұбанов А. М. Самойловичтің қазақ тіліндегі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалау», «тайға таңба басқандай» деген фразеологизмдерін «заставить жаворонка нести яйца на овце», «ясно, как то, на жеребенка положили тавро» деп аударғанын кешірімсіз олқылыққа санайды. Бұндай жансақ аудармаға бірталай мысал келтіруге болады. «Вот где собака зарыта» - «Иттің көмілген жері - осы»; «Перегнуть палку в другую сторону» - «Таяқты басқа жаққа майыстырып жіберу»; «Держать нос по ветру» - «Мұрнын желге тосу» т.с.с. Бұлардың мағынасы түсініксіз екені өзінен-өзі белгілі болып отыр.

Тіл-тілдегі идиомдардың  бәрі де құрастырушы сыңарлардың жеке-жеке алғандағы магынасынан тыс тұтас мағына беретін, жеке лексема тәріздес номинативтік мағынаға ие бірліктер екені белгілі. Оның үстіне идиомда ұлттық колориттің қалың болатыны тағы бар. Бұлар әуел баста шыққанда компоненттердің жеке-жеке ауыспалы мағынада жұмсалып, қазіргі күйде қалыптасып кеткен. Идиомдарда көнерген создердің, реалий сөздердің жиі кездесетінін байқауға болады. Осы тұргыдан келгенде, идиомдарды басқа тілге дәлме-дәл жеткізудің мүмкіндігі азая түседі. Бұған қоса бір тілдің идиомасын басқа тілге тұрақты соз тіркесі етіп аударудың мүмкіндігі шамалы.

Тұтас адамзаттың бөлшегі ретіндегі кез келген халықтың өміріндегі ұқсас тіршілік пен құбылыстар нәтижесінде туған фразеологизмдерді бір-біріне дайын балама ретінде пайдалануға болады. Өйткені ұлт-ұлттың ойлауы, елестетуінде ұқсастық болуы - заңды нэрсе. Осы тұрғыдан алғанда, кейбір фразеологиялық тіркесті аудару, тіпті, мүмкін емес. Сондықтан бүндай жағдайдағы ұтымды да оңтайлы әдіс - дайын фразеологизмдермен алмастыру. Мысалы: ағама жездем сай - два сапога пара; из одного теста; на один покрой. Малтасын езу - чесать языком, төбесі көкке жеткендей болу - (быть) на седьмом небе, кежегесі кейін тарту — душа не лежит, зарубить себе на носу — жадында ұстау; попадать на седьмое небо - төбесі көкке жету, ац түйенін карны жарылу - пир горой т.е.с. Бұл жерде, тағы айтамыз, қадағалайтын құбылыс - тағы да контекст.

Тұрақты фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдерді (фразеологиялық сойлемшелерді) аудару. Қай тілде болсын фразеологиялық тізбектер мен сөйлемшелер метафоралық жолмен жасалатыны белгілі. Мұндай тізбектер идиомаларға қарағанда құрамындағы компоненттерінің мағынасынан ажырау, жартылай айырылу жағынан ерекшеленеді. Фразеологизмдерді кең де тереңдей зерттеген І.Кеңесбаевтың пікірінше, «Фразеологиялық түйдек (идиом.- Ж.Ж.) пен фразеологиялық тіркестер тілдегі қолдану сәтіне қарай бағзы уақыт бірінің орынына бірі жүріп, ауысып отырады. Бұл екеуінің кей ретте шегін белгілеп, ажыратып алудың өзі қиын./16,.22/ Осы тұрғыдан қарағанда, бұларды аударуда идиомдарга байланысты қолданылатын тәсілді назарда ұстауға да тура келеді. Өйткені фразеологизмдердің бұл түрлерінде де ұлттық бояу болатыны анық, сондықтан оны дәлме-дәл аудару көздеген мақсатқа жеткізе бермейді. Мысалы: слона-то не приметили дегенді көрмес - пілді де көрмес деп аударғаннан гөрі көрмес - түйені де көрмес деп қазақшалаған тиімді болар еді. Сол сияқты палец об палец не ударить деген тіркесті сөзбе-сөз саусағын саусағына соқпау дегеннен гөрі қазаққа екі қолын қусырып отырудың немесе бұрау басын сындырмау дегеннің, делать из мухи слона деген тіркесті шыбынды пілдей ету дегеннен гөрі контекске қарап түймедейді түйедей ету дегеннің бейнелік мәні күшті болады.

Метафоралық тұрақты тізбектердің құрамына енген сөздер белгілі бір дәрежеде өзінің тура немесе ауыспалы мағынасын сақтай алады. Сондықтан бұларға дайын балама іздеу түпнұсқаның стильдік реңін, контекстік мәнін бұрмалауы да мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, оларды аударуға тура келеді. Мысалы: Беречь, как зеницу оқа - көздің қараіиыгындай сақтау; Утопающий хватается за соломинку - Суға кеткен тал кармайды; Кусать себе палец - Бармағын тістеп қалу; Көзге шыпан сүйелдей - Как бельмо на глазу; Иттей ыза болу - Злиться как собака; Ит біле ме - Пес его знает т.с.с.

Мақал-мәтел, қанатты сөздерді (крылатые вырежения) аударуда өзгеше амалдар іздеуге тура келеді.

Тілдегі мақал-мәтелдер де белгілі бір дәрежеде тұрақты сөз тіркесіне жатады, ғалымдардың бұларды фразеологиялық сөйлемшелерге жатқызуы да тегін емес. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерді жақындастыратын белгі ретінде оларға ортақ мынандай құбылыстарды атауға болады:

1. мақал-мәтелдер де, фразеологизмдер де сөйлеуде дайын күйінде (аздап грамматикалық өзгерістерге ұшырауы да мүмкін) қолданылады;

2. екі біаліктің де құрастырушы сыңарлары тұрақты, бұл сыңарлардың орынын қалай болса солай ауыстырып жұмсауға болмайды;

3. кейбір фразеологизмдер сияқты макал-мәтелдер де құрастырушы сыңарларының лексикалық мағынасын сақтап тұрады;

4. фразеологизмдер сияқты макал-мәтелдерде де ұлттық колорит болады;

5.мақал-мәтелдерде де, әсіресе, тұрақты сөз тіркестерінде де образдылық, метафоралық мән болады.

Сонымен қатар бүлардың арасында елеулі айыр-машылықтар да бар:

1. оның бастысы - мақал-мәтелдерде сөйлемдік қасиет болғандықтан, олар коммуникативтік қызметке ие болса, тұрақты сөз тіркестері, негізінен, бейнелеуіштік-номинативтік қызметке ие болып тұрады;

2.  мақал-мәтелдерде үлгі-өнегелік, нақылдық, өсиеттік маңыз болса, фразеологизмдерде бейнелеуіштік қана мән болады;

3.  мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры болып есептеледі, яғни бұларда көркем әдебиеттің сипаты баршылық, ал фразеологизмдер, негізінен, таза тілдік құбылыстардың қатарына жатқызылады (Еске тусіру артық болмас, Халел Досмұхаммедұлы тұрақты сөз тіркестерін де ауыз әдебиетінің бір түрі деп есептеген);

4. мақал-мәтелдер әрбір жеке жағдайға байланысты туса, қолданылса, фразеологизмдерден мұны байқау қиын.

Сонда, мақал-мәтелдерді басқа тілге жеткізуде ескеретін жайттар - мақал-мәтелдерде ауыспалы мағына болатындығы, ұлттық колорит, реалиялық сипатын сақтауға тырысу, көркем әдебиет түрі болгандықтан, оның сол қасиетін - ұйқасы мсн ырғағын, дыбыс үйлесімдерін жеткізуге тырысу.

Зерттеушілердің әрқайсысы мақал-мәтелдерді аударуды өзінше топшылап, жинақтаса да, бұл мәселеде қарама-қайшылықтан гөрі пікір тоқайласуы басым. Сондықтан олардың әрқайсына тоқталып, талдау жасауды артық керем із.

Жоғарыда айтқандай, сол  мақал-мэтелдерді қолданып жүрген халықтың мінез-машығы, әдет-ғұрыбы, салт-санасы, тұрмыс-жайы, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани ерекшеліктері оздерінің мақал-мәтелдерінде көрініс беріп отырады. Бұл жағынан, аударма мәселесіне келгенде мақал-мәтелдер реалияларға, идиомдарға үқсап кетіп отырады. Осы себеппен келгенде, мақал-мәтелдерді аударуда идиомдарды қолданылатын тәсілдерді де ескеруге тура келеді.

Мақал-мәтел компоненттері өзінің лексикалық мағынасын сақтайтынына орай, екіншіден, мақал-мәтелдің басқа ұлтық екенін ескеріп оларды дәл аударуға да тура келетін кез кеп.

Аударма жүзесінде мүндай жағдайда - екі тілде де ұқсас мақал-мәтелдер болган жагдайда - түпнұсқаға адал болу мақсатымен жэне олардың басқа халықтікі екенін андату үшін дайын балама алу емес, аудару арқылы жеткізу де қолданылып жүр. Әрине, бұл жерде аудармашының назарынан түпнүсқаның стильдік бояуы, контекстік мәні тыс қалмауга тиісті. Мәселен, орыстың Лучше поздно, чем никогда дегеніне қазақша Игіліктің ерте-кеші жоқ деген балама бола түрса да, оны Ештен кеш жақсы деп аударып, бұл аударма мақал осы күні қазақ тіліне сіңіп кетті. Сондай-ақ жоғарыдағы Ложка дегтя портит бочку меда дегенді осы мақсатпен Бір қасық қара май бір бөшке балды бүлдіреді деп аударуды жен көретін пікір бар (Сәрсенбаев Р. Көрсетілген мақалада).

Зерттеушілердің талдауларына жүгінсек, мақал-мәтелдерді аударудың төменде көрсетілгендей жолдары бар. Енді соларға жеке-жеке тоқталайық.

Бірінші тәсіл. Өзге тілдегі  мақал мен мәтелдің образды астарын жоғалтпай, лексикалық құрамын, стильдік оңін, құрылымын сақтап аудару, ягни калька жолымен жаңа мақал я мәтел жасау. Мұндайда мақал-мәтелдердегі ұлттық, тарихи фактілер, географиялық атауларды сақтау кездеседі. Мәселен, Мәскеу бір күнде салынбаған деген тәржіма - Москва не один день строился деген мақалдың калькасы, егер «Москва» урбонимін өзгертсек, мақалдың орыс халқынікі екенін аударма оқырманы байкамаған болар еді (Тілтанушылар бұл макалдың озінің латыннан аударылып келгенін айтады. Алғашқы түпнұсқасы Рим не один день строился екен). Сол сияқты Абылай аспас асу дегенді Даже хану Абылаю не посте деп аударғанды аудармашының ауызша сөйлеуінен естідік. Осы тәсілмен аударылған мақал-мәтелдерге біраз мысал:                                                                                                        

Кто правду говорит, того люди не любят                    

Кто на быке едет, того собаки не любят

Өгізге мінгенге ит өш,

Адалын айтцанга жүрт өш;

И волки сыты,и  овцы целы                                         

Қасқыр да тоқ,                                                               

Қой да аман;

Утро вечера мудренее - Кешкі ақылдан таңғы мақұл жақсы;

Хорошая жена - каменная стена,

А худая - на голову положенная беда -

Жақсы әйел - тac қорған,

Жаман әйел - сордан;

Берерменге  бесеу көп,

Аларманга алтау  аз. -

Пять - много кажется дающему,

Шесть-мало кажется берущему;

Іріген ауыздан шіріген  сөз шығады. - Изо рта гнилого и гнилое слово т.с.с. макалдар мен мәтелдер аудармалары жетіп артылады.

Кейбір мақал-мәтелдердің  аударма тілде мағынасы сай келетін  жуықтастығы болса да, тупнүсқалык  қасиетін сақтау үшін оларды аударып  береді. Мысалы, Взялся за гуж: — не говори, что дюж дегеннің Қолымен істегенді мойынмен көтер деген баламасы бола тура, оны Ауыр жүкке жегілме, жегілсең, егілмедеп аударуға болады. Сондай-ақ Делу время, потехе час (Қойшының ңызы, кой келгенде, іс тігеді) — Іс - уақытында, сайран — сағатында; Семь раз отмерь - один раз отрежь (Кеңесіп пішкен тон келте болмас)—Жеті өлшеп, бір кес (Аудармалар М.Әлімбаевтікі) т.е.с.

Информация о работе Ағылшын қазақ мақал мәтелдері