Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 16:14, реферат

Описание работы

Шағын кәсіпорын өзінің іс- әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың негізгі проблемалары – ресурстық базасын жетіспеушілігі: материял- техникалық және финанстық. Шың мәніңде халық шаруашылығында бос жерге кең және жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алап кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің басында артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастайтын кәсіпкерлер болуы үшін, қаражаттары болу керек еді. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті.Сондықтан өз ісің жүргізу үшін тек қана несие керек. Оны кім береде?
Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенрлік базасы жоқ деуге болады. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең жасайтын жүйе жоқ.

Работа содержит 1 файл

Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары.doc

— 269.50 Кб (Скачать)


Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары.

Шағын кәсіпорын өзінің   іс- әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың негізгі проблемалары – ресурстық базасын жетіспеушілігі: материял- техникалық және финанстық. Шың мәніңде халық шаруашылығында бос жерге кең және жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алап кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің басында артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастайтын кәсіпкерлер болуы үшін, қаражаттары болу керек еді. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті.Сондықтан  өз ісің жүргізу үшін тек қана несие керек. Оны кім береде?
Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенрлік базасы жоқ деуге болады. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең жасайтын жүйе жоқ.
Олардың істеген жұмысынан қортынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін аңықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек. Олкорупцияға апарады.
Басты проблеманың бірі–ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкі дұрыс болар, бірақ оңдай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.
Кейіңгі жылдары елімізде шағын және орт кәсіпкерлікті дамытуда көбірек көбірек көңіл бөлініп бастағаны байқалады.Оның экономиканы жандандыруға, адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызы зор екендігін әлемдегі көптеген елдердіңтәжірибесі көрсетіп отыр. Біздеде ол жайлы бүгіндерде аз айтылып, аз жазылп жүрген жоқ. Қазақстан кәсіпкерлерінің 4 форумы ел Президентінің қатысуымен 1998 жылғы 27 сәуірде Алматыда өткізілді. Форумға республиканың түпкір –түпкірінен  1600 делигат қатысы, шағын бизнесті дамытудың көптеген мәселелері жан –жақты талқыланды.
Осы бас қосуда Призедент Нұрсұлтан назарбаев мінберде тұрып « Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы» жарлыққа қол қойды. Призедент жанынаң шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніңдегі ҚР агентігі және қоғамдық бірлестк – «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы » құрылды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда атқарылған істер, қол жеткен табыстармен қатар әлі де осы саланың дамуына бөгет жасап отырған,   шешуі табылмаған мәселелер де көп екені форумға қатысушылар сөзінен   айқын байқалады.  Өзінің сөзінде ел басы  Н.Назарбаевта ондай мәліметтердің көп екенің айтып, олардың негізгі екі себебіне тоқталды.
Бірінші – қызмет бабы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікпен  байланыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлерн мен ұйымдар тарапынан  тойылмай отырған зорлық – зомбылығы.
Екіншісі –орталықтан қаржыландырудың және сауда айналымына  ғана емес, ұзағырақ мерзімге несие беру мүмкіндігің жоқтығы. Сондай –ақ кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын сот ретінде еңгізу керек, кәсіпкерлер мен тексерушілер органдар арасындағы даулы мәселелерді  ашқ процесстерде  қарайтн сот арнайы әкімшілік сот жүйесін құру да қажет және ондай сот әкімшілік жаза қолданатын құқығн болуы шарт.
Қызметкерлердің  саны аз кәсіпорындардың қызмет облысы экономикасын дамытуға әзірше үлес қоса қойған жоқ деп атап көрсетуге болады. Зандық нормативті – құқықтық бозаның, кіші бизнесті дамытудың қаржы – несиелік және инвестициялық механизімдерінің жетілмегендігі, сондай- ақ  экономикада болып жатқан дағдарыстың құбылыстар кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға кері әсерін тигізеді. Соның өзінде де кіші бизнес дамуы үстінде, экономиканың және заңдық механизімдерді жетілдіріп икемді салық саясатын қолданған кезде, нарық экономикасының маңызды болуына тиіс.  Мемлекеттік емес сектордың дамуы жаңа жұмыс орындарын жасау есебінен бәсекелесу қабілеті төмен адамдар ( жастар, зейнеткерлер, балалар, балалы әйелдер)  үшін еңбекке арнаулы мүмкіндігін ала отырып, белгілі бір дәрежеде еңбек нарығында  шиеленісті бәсендетеді.
Қазақстан Республикасындағы    шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы  щеберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуда қамтамасыз ету, экономикада оның үлесің ұлғайту, жаңа жұмыс орның саның арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше бөлігі ретінде нақты жұмыс істеп, даму үсітінде. Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын локомативтің нақ өзі.   

Шағын және орта бизнес – жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн  көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше пiкiрлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi – бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар субъектілер жатады.

кәсiпкерлiктiң  соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет және ең бастысы – әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн,  пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң басты мақсаты – өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату  немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi.

Бірқатар авторлар шағын және орта бизнес  монополияланған экономика жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны құрайды деп пайымдайды. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, шағын және орта бизнес өзінің табиғаты жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әртүрлі жақтарында көрінеді. Бір жағынан ол, монополияны қалыптастырушы элементтердің сирек және қозғалыс жылдамдығының жоғары деңгейде болатындығынан монополиялауға аз ұшырайды. Екінші жағынан, тар мамандану және жаңа техниканы пайдалану барысында шағын және орта бизнес ірі корпорациялардың монополистік позицияларын бұзатын, қауіпті бәсекелес ретінде болады.

Шағын кәсіпкерліктің басқа артықшылықтарынан, автолар айналымдылықтың жоғары жылдамдығымен, құрылыс мерзімдерінің қысқартылуымен, негізгі қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің жоғарлауымен, басқару персоналдарын ұстау шығындарының төмендігімен, ірі капиталды тарту қажеттігінің жоқтығымен қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді қолданылуынан көреді.

Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған тұжырымының және шағын және орта бизнестің қолдағы бар тұжырымдарын талдау негізінде, шағын және орта бизнестің келесі анықтамасын көрсетуге болады: Шағын және орта бизнес – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріспен басқару үдерісіне жеке қатысуын талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту жүйесі болып табылады.

  Құрамдас бөлігінің бірі – бизнес инкубаторлары болып табылатын  кәсіпкерлік ортаның дамуына ықпал ететін нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы орын алды. Қазіргі уақытта бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар территориясында өндірістің түрлі саласында 200-ден астам кәсіпорындар әрекет етуде.

Соңғы кездерде ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және нормативтік база құрылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын  (1992-1994 жж., 1994-1996 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002 жж., 2003-2005 жж.) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары айқындалды.

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.

Ресми статистика деректері бойынша республикада осы сектор дамуының оң серпіні, шағын және орта  бизнес субъектілерінің тұрақты өсуі 2006 жылы 521,5 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған, оларда шамамен 1,2 миллион адам жұмыс істейді. Шағын  кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын құрайды.

Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн орта және шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады.

2006 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері тауарлар сату мен қызметтер көрсетуден 625,5 млрд теңгеге жуық сомада кіріс алды. Елдің жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі осы жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша 2005 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсуге және 19,5%-ды құрауға тиіс. Шағын  кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік құқықтық негізі құрылды. 2004-2006 жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі төмендетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Банк секторын тұрақты дамуы қаржылай қызметтер көрсету нарығын дамытуға және шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары активтерінің ұлғаюын ынталандыратын қаржы-кредиттік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Дегенмен, зерттеу барысында шағын және орта  бизнес алдында тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. шағын және орта  бизнестің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады:

 

Кесте 1 – Шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер етуші факторлар

 

Кедергілер

2004 ж.

2005-2006 жж.

1.      Салық саясаты

2

1

2.      Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы

1

2

3.      Несие саясаты

4

3

4.      Өнімді өткізу мәселесі

4

5.      Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі

5

5

6.      Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

3

6

Ескерту – ҚР Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәлiметтерi негізінде автормен құрастырылған

 

Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған мәселелердің бірі – салық саясатының жетілмегендігі. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторларын атайтын болсақ онда мына төмендегі жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:

-         жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;

-         өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;

-         ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету;

-         салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.

Шағын бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші түрі – жалпы  экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни, АҚШ  доллары бағамының тез өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер, әлемдік қаржы дағдарысының орын алуы және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 – Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары

Ескерту – автормен құрастырылған

 

Үшінші орында кәсіпкерлер несиені алу кезінде туындайтын қиыншылықтар мәселесі. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Республика бойынша   шағын және орта  бизнес субъектілермен жүргізілген анонимді сауалнаманың мәліметтері бойынша, шағын бизнестің алдында тұрған ең негізгі мәселе-несиелік ресурстарға шығу жолының қиындығы.

       Төртінші мәселе – шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді  өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі – бәсекелестік ортаның жоғарылылығы. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Информация о работе Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары