Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 16:14, реферат

Описание работы

Шағын кәсіпорын өзінің іс- әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың негізгі проблемалары – ресурстық базасын жетіспеушілігі: материял- техникалық және финанстық. Шың мәніңде халық шаруашылығында бос жерге кең және жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алап кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің басында артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастайтын кәсіпкерлер болуы үшін, қаражаттары болу керек еді. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті.Сондықтан өз ісің жүргізу үшін тек қана несие керек. Оны кім береде?
Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенрлік базасы жоқ деуге болады. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең жасайтын жүйе жоқ.

Работа содержит 1 файл

Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары.doc

— 269.50 Кб (Скачать)

       Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер – 2060 адам, 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48%-ға көп. Бұл аталған сандар Алматы қаласында шағын және орта бизнестің қарқынды дамуын қөрсетіп отыр. Алайда республиканың басқа да аймақтарында даму жағдайлары байқалуда.

              Қарастырып отырған мерзім аралығында екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелер құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Мәліметтерден көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелерінің жартысынан астамы сауда саласындағы кәсіпорындарға жұмсалды.

             

 

Сурет 3 – 2007жылдағы екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелері, %

 

Ескерту – екінші деңгейдегі банктердің материалдары негізінде автормен құрастырылған

 

              Сауда қызметі шағын кәсіпорындарға неғұрлым қол жетерлік, себебі үлкен капитал жұмсалымын, тауарлы-материалды запастарды қажет етпейді, сондай-ақ ақша қаражаттарының тез шалымдылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстандық коммерциялық банктер жалпы 2007 жылы 57 млрд теңге көлемінде несие берді. Шағын және орта бизнес субъектілеріне тиетін үлес 20-30%-дан аспайды. Мысалы: 2006 жылғы есептегенде барлық деңгейдегі борыштар сомасы 1,5 трлн теңгеге жеткен. Сондықтан банкер нақты секторды несиелеудің орнына  құнды қағаздар нарығында қызмет еткенді дұрыс көреді. Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру және оның рөлін көтеру дамыған елдерге ғана емес, сонымен бірге Азия, Африка және Латын Америкасына көптеген дамушы мемлекеттеріне тән екендігін атап өту қажет. Қазіргі кезде дамушы мемлекеттердің едәуір бөлігінің экономикалық саясатының негізгі бағыты экономикасы дамыған елдер тәжірибесі мысалында ұсақ өндірісті дамыту және оның орта және ірі кәсіпкерлікпен байланысын нығайту болып табылады.

5-кесте мәліметтері бойынша, экономикасы дамыған елдерге қарағанда негізгі капиталдың мөлшері 30-40 есе төмен, дамушы елдерде ұсақ бизнес 2-5 есе жоғары. Ұлттық өндірушілердің жалпы санындағы ұсақ кәсіпкерлердің үлесі өнеркәсібі дамыған елдердің сәйкес көрсеткішінен 1,5 есе жоғары. Сондай-ақ, ЖІӨ, халықты жұмыспен қамтудағы шағын кәсіпорындардың үлесі дамыған елдердегі нәтижеге жақындауда. ҚР шағын және орта кәсіпорындар қызметінің барлық көрсеткіштерінің арасында тек ұлттық өндірушілердің 92,7% үлесі дамыған елдер шамасына сәйкес келеді. ҚР шағын және орта кәсіпкерлігінің қалған көрсеткіштері дамыған елдермен қоса, дамушы елдермен қол жеткен көрсеткіштер деңгейінен төмен.

 

Кесте 5 – Даму деңгейі әртүрлі елдердегі шағын және орта кәсіпорындар шектерінің орташа есептелген критерийлері және олардың экономикадағы алатын орны

 

Көрсеткіштердің аталуы

Дамыған елдер

Дамушы

елдер

Қазақстан

Республикасы

1. Жұмыскерлердің саны

( адамға дейін)

500

50

50

2. Негізгі капитал (мың АҚШ доллары)

170-190

5,0

-

3. Максималды жылдық

айналым (мың АҚШ доллары)

150-200

300-1000

-

4. Ұлттық өндірушілердің

жалпы санындағы үлесі (%)

60-80

90-98

92,7

5. ЖІӨ құрудағы үлесі (%)

50-60

20-40

16,3

6. Ұлттық жұмыс бастылықты

қамтамасыз етудегі үлесі (%)

60-70

40-50

10,3

Ескерту – автормен құрастырылған

 

Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруды жандандыру отандық экономиканы дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, олар арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерін шешеді: өндіріс өнеркәсібін модернизациялауды және кеңейтеді, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығарады, жұмыс орны санын өсіреді, халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін көтереді.

Барлығына мәлім, шет мемлекеттердің тәжірибелері көрсеткендей, кәсіпорынды қаржыландырудың кең таралған көздерінің бірі – коммерциялық банктердің жеке инвестициялары болып табылады. Банктiк несиеге деген сұраныс күннен-күнге өсуде, ал оған шағын бизнес субъектiлерiнiң қол жеткiзе алмауы көкейтестi мәселелердiң бiрi болып отыр. Әлеуметтiк-экономикалық ақпарат және жобалау институты жүргiзген сауалнама бойынша Қазақстанның шағын бизнес субъектiлерiнiң 84% несиеге тәуелдi екендiгiн көрсеткен. Сондай-ақ осы институттың мәлiмдеуi бойынша банктен алынатын несиелер мына мақсаттар үшiн жедел қажет:

–        айналым қаражаттарын толықтыру – 63,5 %;

–        құрал-жабдықтарды ауыстыру және жөндеу – 42,9 %;

–        ғимараттарды салу және жөндеу – 25,4 %;

–        жалақыны өтеу – 3,2 %;

–        жал және коммуналдық қызметтердi өтеу – 2,1 %.

Банктер алдында тұрған бiрден-бiр мәселе несиелiк саясатын түзету ғана емес, сонымен қатар несиелеу процесiн ұйымдастыру мәселесiн де шешуi керек сияқты. Көбiнесе отандық коммерциялық банктердiң шағын бизнестi несиелеуде – мынадай тәжiрибесiн, яғни жобалық қаржыландыру мен активтермен несиелеуiн айта кеткен жөн. Нәтижесiнде қамтамасыз етiлген несие-табысты бизнеске, жақсы қаржылық көрсеткiштерi бар белгiлi бiр қарыз алушы типiне несие берiледi. Бұл шын мәнiнде өте қатаң талап, көптеген қарыз алушылардың мұндай талапты несие түрiне қол жеткiзуi мүмкiн емес. Осыған қарамастан банк несиелерiнiң 70% стандартты деп алынса, ал қалған 30% күмәндi және үмiтсiз несиелер қатарына жатқызылады.

Осы ретте  шағын және орта  бизнес үшiн қаржы көзi болып екінші деңгейдегi коммерциялық банктер мен қорлар табылса, шағын және орта  бизнестi жандандыру үшiн берiлетiн несие әдiстерiн жетiлдiрiп қана қоймай, сол шағын бизнес субъектiлерiне қарыз қаражаттарды алу мен табу көздерiн iздестiрудi де ойлау қажет. Бүгiнгi күнi Қазақстан шағын және орта  бизнестi несиелеу бағытындағы өзiнiң азғана жиған тәжiрибесi бойынша шағын бизнес субъектiлерiмен банктерден алынған қаржы-қаражаттарын тиiмдi пайдалана алмай отырғаны белгiлi. Ал, халықтан әр түрлi қаражат тарту (жергiлiктi деңгейде) өзiнiң корпоративтi бағалы қағаздарын шығару, басқа да iрi компаниялар субъектiлерiмен бiрiккен консорциумдар құру, мүмкiн шағын бизнестi басқарудың жетiлуiне, акционерлiк ұжымдық шешiм түрiнде орта бизнес кәсiпорындарына айналуына жол ашылатын едi. Бiрақ, бұл жағдайда кәсiпорынның өзіндік  тәжiрибесi мен меншiктi бағалы қағаздары жоқ болғандықтан тағы да қиындыққа кездеседі.

Республикамыздағы тағы бір мәселе шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Өйткені қаржының басым бөлігі Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе областарында жергілікті органдардың шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына байланысты жалпы берілген несиелердің (1,5%).  Ал, Алматы облысының үлесіне барлық банктік несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан – 6%, Жамбыл облысының үлесіне небәрі 1%. Ал, екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта кәсіпорындары несиелік ресурстарға өте зәру болып отыр, яғни несие ресурстары аймақтық жобалардан тыс қалып отыр. Өйткені коммерциялық банктердің аймақтармен байланысы және аймақтық кіші және орта жобаларды қаржыландыруға олардың ынтасы жоқ.

Сонымен қатар, банктік нормативтер де шағын бизнесті қаржыландыруға олардың ынтасы төмен. Қазіргі кезде аймақтарда: ұсақ сауда орнын, тамақтандыру саласы сияқты өте қарапайым жобалар ғана ұсынылады.

Елде отандық шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, ШОБ субъектілері жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рөл атқара бастайды.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті несиелеудің және қаржыландырудың мынадай жүйесін құруды ұсынуға болады:

1.      Ең басты міндет – ол шағын және орта кәсіпорындарын несиелеу мен қаржыландыру көлемін ұлғайту;

2.      Елдің барлық аймақтарында несиелік мекемелердің желісін кеңейту бойынша нақты шараларды қолға алу;

3.      Шағын  бизнес субьектілерінің қарыз қаражаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін құру үшін Үкімет, өкіметтің аймақтық органдары шағын және орта бизнес кәсіпорындары алатын несиелердің кепілдендірілген жүйесін құру;

4.      Банк қызметін қайта құру керек. Мемлекеттің шағын және орта бизнесті несиелеу мен қаржыландыру бойынша саясатын жүргізуге маманданған банктер мен қаржы ұйымдарының жүйесін қалыптастыру;

5.      Қарыз алушының несиелік тарихын жинақтайтын несие бюросын құру қажет.

Аталған мақсаттарды орындау үшін шағын кәсіпорындарға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде   бюджеттің барлық деңгейдегі қаражаттарын бөлу керек. Сонымен қатар, соманың қайтарымдылығына кепіл беретін сақтандыру қорының жүйесі болуы шарт.

       Шағын және орта бизнесті несиелеуді қолдауда кешендік көзқарастың қажеттілігі ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың кепілі бола алады.

Мемлекеттік қолдау мен реттеуді бір ізді әлеуметтік әділеттік принципі орнығуы тиіс. Шағын және орта бизнесті несиелеуді өзінің дамуына байланысты  алғышарттар мен мүмкіндіктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж.

Олар:

-         тұтынушылық тауарлар мен қызметтер ассортиментін көбейту және өндіріс көлемін ұлғайту;

-         халыққа қажет тауарлар мен қызметтердің өндірісін шұғыл ұйымдастыру;

-         экономиканың мемлекеттік секторының тиімсіз өндірісін (аз сериялы, бөлшек) қолға алып, өнім шығару және осының есебінен ірі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру;

-         қосымша әрі көмекші өндірісті жандандыру;

-         нарық сұранысына ыңғайлы және шұғыл жұмыс істейтін өнім түрлерін шығару арқылы қоғамдық өндірістің көлемін ұлғайтып, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ету;

-         жаппай жұмыссыздықты ауыздықтауға көмектесу;

-         экономикадағы бәсекелестікті дамыту тағы басқалар жатады.

Қазақстанның танымал экономист-ғалымдары шағын кәсіпкерліктің мәселелерін терең қарастырғанда, оның өтпелі экономикадағы маңызын белгілеп берді.

Сонымен қатар, біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлікті Қазақстанда дамытудың бірден-бір жолы – бұл сала аралық шағын кәсіпорындар құру, аймақтық салалық құрылымды жетілдіруде шағын кәсіпкерліктің рөлін көтеру арқылы олардың арасындағы сапалы біркелкі үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерін қалыптастыру, нарықтық экономикасы тұсында көп деңгейлі шағын кәсіпкерлікті дамытуды жеделдету шараларын дайындау жатады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде кәсіпкерліктің құқын қорғау жөніндегі заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында анкета жүргізу, фермерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруашылық субъектілерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлікті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік негізін жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын бизнес-инкубаторларда ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.

Информация о работе Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары