Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 08:03, курсовая работа

Описание работы

Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.
Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды, қайта өңдеу және рыноктың басқа да шаруашылық жүргізу субъектерін қайта қалыптастыру бұрыннан келе жатқан агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық жүргізудің кооперативтік формаларын өзгертіп жіберді. Шағын жеке шаруашылыққа бағдарлану басқа тиімдірек ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруды тоқтатып тастады.
Жекеменшік пен шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының өсуі баға теңсіздігінің, мемлекеттің басқару атқарымдарынан өзінен-өзі кетіп қалғанының ауыл шаруашылығына әкелген теріс әсерлерін осы күнге дейін азайта алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қазіргі қалыптасқан бағалар жұмсалған шығындарды қайтаруды және кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін пайда алуды қамтамасыз етпейді.

Работа содержит 1 файл

Азык тулик.doc

— 408.00 Кб (Скачать)

Мемлекет тауар өндірушілерге  баға деңгейін елдің ішкі рыногында жоғары ұстап тұруға жәрдемдеседі, сыртқы рыноктарда экспорттық тауарлардың бәсекеге қабілетін арттыру үшін оларға баға деңгейін төменірек қояды.

Ішкі рынокта бағаны реттеу өндірушілерге бағаның белгілі  деңгейде тұруына кепіл беру жолымен  және өндіріс шығындарына демеуқаржы бөлу арқылы іс жүзіне асырылады.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу үшін айқын жолға  қойылған ішкі экономика қажет, олай болмаған жағдайда сапалы сыртқы экономикалық қызмет мүмкін емес.

Жалпылама қорыта айтқанда мемлекеттік реттеуді мына төмендегі топтарға бөлуге болады: сыртқы сауданы басқарудың және реттеудің экономикалық құралдары; кеден баждары, кеден алымдары, шекаралық теңестіру салықтары, акциздер мен дамыған ішкі салық салу, ішкі тауар өндірушілерге демеуқаржылар; реттеудің әкімшілік әдістері: шығындар және экспорт пен импортты шектеу, әкелу мен шетке шығаруды лицензиялау және үлестеу, экспортты өз еркімен шектеу; саудадағы техникалық тосқауылдар; стандарттар мен техникалық мөлшерлер, стандарттарға сәйкестігін анықтау әдістері; қауіпсіздік ережелері мен нормалары; тауарларды сертификаттау жүйелері; санитарлық-ветеринарлық нормалары мен денсаулық сақтау нормасы және т.б.; ұлттық шетке шығарушыларға сәйкес келетін және шетке шығару үшін тауар өндірушілер өлшемдері; валюталық-қаржылық өлшемдер – есепті банк мөлшерлемелерін икемдеу, ұлттық валюталық бағамен жоғарылатуға немесе төмендетуге бағытталған іс-әрекет; несиелік механизмдерді пайдалану; сауда-сартық және басқа да осындай елдің сыртқы саудасын дамыту үшін құқықтық жағдайлар қамтамасыз етуге қаражаттар.

Қазақстан аграрлық азықты таза - шеттен әкелетін дәстүрлі ел болып  табылады. Осыны ескере отырып, ДСҰ-на кіру агроөнеркәсіптік сектордағы ахуалды ауырлатады деп біржақтама қорытуға болмайды. Осы сектордағы ДСҰ-ға кіргеннен кейінгі зияндар мен артықшылықтарды бағалау сараланған тәсілді қарастырады: шеттен әкелу тарифін (белгіленген бағаны) төмендету, ең алдымен, бюджет табыстарында көрініс табады (тауар өндірушілердің жағдайында емес); сонымен бірге заңшығарушылықты үйлестіру отандық аграрлық аық-түлікті шетке шығарушыларға қолдау көрсетуі мүмкін.

Ішкі және сыртқы рыноктарға бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы  өнімдері мен азық-түлік өндірісін  басқаруда сол рыноктардың талаптарын жақсы білуіміз керек. Қазақстан  ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту проблемаларын шешу тек ауыл шаруашылығы экономикасын қайта құрылымдау, банкроттыққа жіберу жолдарымен шешіле қоймайды. Шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын дамытуға бағытталған стратегия қажет. Осыған байланысты экономикалық ғылым мен тәжірибеде маңызды міндет болып адамның еңбек ету қызметінде материалдық механизм құру қала береді. Олай болмаған жағдайда аграрлық өнім өндірісін басқару да, дамыту да мүмкін емес.

Біздің зерттеулер, тарифтеу процесі мен белгіленген бағаларды байлап қою рыноктарға қол жеткізуді барлық уақытта қамтамасыз ете бермейтінін көрсетті. Ішкі рынокты қорғау үшін мемлекет ДСҰ-ның талаптары жүйесінен әр түрлі іліктерді пайдаланады.

Іс жүзінде барлық елдерде, ДСҰ-ға мүше елдерінің бәрінде  тарифтермен байланысты болған мөлшерлемелердің мәні ауыл шаруашылығы тауарлары үшін өнеркәсіптік тауарларға қарағанда жоғары. Мысалы, (2004-2006жж) Үндістанда бұл көрсеткіш, тиісінше, - 124,3 және 59,0%, жалпы алғанда – 67,4%; Польшада – 52,8 және 10,6%, жалпы – 19,9%; Кореяда – 62,2 және 11,4%, жалпы – 18,3%; Норвегияда – 123,7 және 3,4%, жалпы – 26,0%; Түркияда – 63,9 және 40,7%, жалпы 44,1%.

Тарифтердің қолданыстағы мөлшерлемелері қатты бидайға (2006ж) оның құнына пайызбен белгіленген: Аргентина мен Бразилия үшін – 13; Чили мен Қытайда – 11; Латвияда – 25; Ресей мен Беларусьта – 5; Қазақстанда – 1; Украинада – 15; Венгрияда – 41; Польшада – 20. Мал шаруашылығы өнімдеріне шеттен әкелу тарифтің орташа мөлшерлемесі де оның құнына %-бен белгіленген: Аргентина үшін – 13,7,оның ішінде сүтке – 17, сиыр етіне – 13; Қытайда – тиісінше, - 46,6; 25 және 25; Ресей, Беларусь және Қазақстанда – 10,5; 15,0 және 15,5; Украинада – 19,3; 20,0 және 20,0.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіндегі мүмкін болатын артықшылықтары АӨК  үшін мына төмендегідей деп атап көрсету керек:

- экспорттық әлеуетті  дамыту және әлемдік рыноктарға  шығу;

- тасымалдау шығындарын  ескере отырып біздің елдің  географиялық орналасуын пайдалану;

- банк саласында бәсекелестік  орта құру;

- халықаралық еңбектің  бөлінуінде қатынасу және әлемдік рынокта кемсітушілікті болдырмау.

Жағымсыз салдарлары:

отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен қорғау нашар;

халықтың елеулі бөлігінің  тұрмыс деңгейі төмен;

инфрақұрылымдардың дамымауы, тиімді көтерме сауда жүйесінің  және тауар қозғалысының болмауы;

            өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларына баға теңсіздігі

            проблемалары;

АӨК-ін техникалық жарақтандыру деңгейі төмен.

Жағымсыз салдарлары тізімінде екі негізгі проблемалар  бөлінеді: біріншісі – ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейімен байланысты, екіншісі – рынокты мемлекеттік реттеудің тиімділігімен.

Жағымсыз факторларды болдырмау  және ауыл шаруашылығы өнімдерінің, шикізаттар мен азық-түліктердің  сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру  жағдайында бәсекелестік қабілетін жоғарылату үшін көтерме сауда жүйесін, осы сферадағы шығындарды төмендету мақсатында жаңғырту керек.

Әлемдік рыноктағы отандық азық-түліктік бәсекелестік қабілетін нашарлататын маңызды факторлар болып азық-түлік  рыногында инфрақұрылымдардың даму деңгейінің, отандық көтерме сауда жүйесін азық-түлік тауарларымен қорғау және дамытудың төмен қалуы саналады. Көптеген елдерде – ДСҰ-ға мүше елдерінде қызметтің осы сферасы ДСҰ-дың ережелерімен емес, ұлттық заңшығарушылықпен реттеледі. АӨК-ін тікелей мемлекеттік қолдау шаралары ДСҰ-дың ережелерімен шектелетінін ескерсек, азық-түлік рыногының инфрақұрылымдарын дамытудың шығындарды төмендетуде елеулі маңызы бар. Бұл бағытта ДСҰ-дың ережелерінде шектеу қарастырылмаған, ал инфрақұрылымдардың даму деңгейі нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда он еседен де төмен.

Сондай-ақ, азық-түлік рыногының  инфрақұрылымдарын жоғалту, өткізу рыногын жоғалтуға апарып соғатынын есте сақтау керек, ал оны қайта қалпына келтіру елеулі қаражат пен уақытты талап етеді. Өкінішке орай, бүгінгі таңда Қазақстан АӨК үшін қызмет көрсетудің осы сферасы жоғалған деп санауға болады.

Осыған байланысты, отандық азық-түліктің бәсекелестік қабілетіне нұқсан келтіретін негізгі қауіп-қатерлер қатарында (ДСҰ-ға кірген жағдайда), азық-түлік қауіпсіздігінің проблемалары шиеленісіп кетуі мүмкін. ДСҰ-дың талаптарына сәйкес мемлекеттік қолдау деңгейі қысқаратынын, ал отандық тауар өндірушілердің өнімдерін өткізуге жағдай құрылмағанын есекере отырып жан-жақты ойластырылған мемлекеттік саясат қажет. Ол саясат сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандырудың жағымсыз салдарларын тегістеуге жағдай туғызатын болады. Тиісті өзгертулер мен қосымшалар енгізуді талап ететін заң актілерінің қатарына «Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу туралы» Заңын жатқызуға болады. Ол заңда отандық тауар өндірушілердің мүдделері және ішкі рынокты қорғау үшін жасырын реттеу әдістері толық есепке алынбаған.

ДСҰ-дың талаптарына сәйкес өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын дамыту бағытында заңшығарушылық қызметті жетілдіру керек, өңірлердің халықаралық нормалар мен ережелерді орындауын және елдегі өңірлік саясаттың нормалары мен принциптерін дайындауды ДСҰ-дың нормалары мен принциптеріне сәйкестендіру қажет. Бүгінгі таңда, экономиканың жаһандануы мен әлемдік сауданың ырықтануы жағдайында, мемлекеттік сыртқы сауда саясатының маңызды міндеті болып елдің бәсекелестік артықшылықтарын дамыту саналады.

Кейсиандық теория мемлекеттің  экономикаға дискрециялық қазына саясаты  жолымен белсенді араласуын қолдайды.

Бұл саясатта негізгі кейсиандық теңдеуден туындайтын жиынтық шығындар мен олардың элементтеріне акцент жасалады:

У = С + І + Е + J + G , мұндағы                                                     (2)

У – экономикалық белсенділік  деңгейі;

С – тұтыну;

І – инвестиция;

Е – экспорт;

J – импорт;

G – мемлекеттік шығындар.

Қазіргі уақытта қазына саясатының кейсиандық әдістерін жаңа индустриалды Азиядағы елдерде тиімді пайдаланылады: Гонконг, Малайзия, Тайланд, Сингапур, Тайвань. Өнеркәсібі дамыған елдердің ішінде салықтық мөлшерлемелер мен мемлекеттік шығындарды икемді өзгерту саясатын белсенді жүргізіп отырған мемлекеттер – Жаңа Зеландия, Австрия, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жапония, Швеция және Швейцария.

Қазыналық саясаттың  тиімділік дәрежесі бойынша елеулі жоғары рейтинг – 9. Оған ие мемлекеттер: Гонконг, АҚШ, Жапония, Сингапур, Тайвань, Тайланд, Малайзия, Индонезия және Үндістан. Ол көрсеткіш сегіз критерийлерге негізделеді, атап айтсақ ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығындар үлесі, қаржылық рыноктың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласу дәрежесі, саудада және басқаларда шектеудің орын алуы, және т.б.

Елдің экономикалық дәулеттілігі адам капиталының бәсекеге қабілеттілігімен де қосымша нығайтылуы керек. Адам әлеуетінің даму индексі қазіргі уақытта әмбебап біріктірілген көрсеткіш ретінде көпшілік мойындаған. Ол өмірдің болжалды ұзақтылық индексінен, демек, осы елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жағдайының көрінісінен; білім деңгейінің индексі – ересек халықтың сауаттылық дәрежесі мен халықтың бастауыш, орта және жоғары біліммен қамтылуы; халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ индексі – елдегі азаматтардың табыс деңгейінің көріністерінен тұрады.

Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасына (ПРООН) сәйкес (Қазақстандағы адам дамуының индексі туралы есеп), 2006 ж. АДИ – 0,782 деңгейінде бағаланған, бұл 1999 жылғы көрсеткіштен 6%-ға жоғары (АҚШ-та – 0,939, Белгия мен Нидерландыда – 0,942, Норвегияда – 0,956, Швецияда – 0,946, Швейцарияда – 0,936).

Қазақстанда ауыл шаруашылығы  өндірісіне қаржылық қолдау көрсету үлесі төмен болып қалып отыр. Талдау жұмыстары, мемлекет бюджетінен ауыл шаруашылығының жалпы өніміне көрсетілетін қаржылық қолдау (демеуқаржы) үлесі 2004-2005 жж. орташа 1,7% болған, табыстардағы үлесі – 1,5%. Бұл көрсеткіш ДСҰ-ға кірген ЕО елдерінде, тиісінше – 48,0 және 34,8%, Жапонияда – 71,0 және 57,5% (3-кесте).

 

3-кесте. Мемлекеттік  бюджеттен қаржылық қолдау үлесі 

              (жекелеген елдерде 2002-2004 жж.), %

 

Елдер

Жалпы өнімдегі мемлекеттік  қолдаудың үлесі

Австралия

Норвегия

Исландия

Корея

Жапония

ЕО елдері

Канада

АҚШ

Жаңа Зеландия

Ресей

Қазақстан

4

-

-

-

71

48

21

28

65

6,5

1,7 (2006 ж.)

Ескерту – ОЭРС мәліметі бойынша автор құрастырған.


 

Есептеу көрсетіп отырғандай, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне демеуқаржы көлемі 2005 ж. 1,7 пайыздан 2010 ж. 14,0 пайызға дейін артуы тиіс, яғни ауыл шаруашылығы ЖӨ-дегі демеуқаржы 14 млрд. теңгеден 112 млрд.теңгеге дейін  өсуі керек. Оның ішінде тұқым шаруашылығын дамытуға – 1,3 млрд.теңгеден 10,3 млрд.теңгеге дейін, асыл тұқымды мал шаруашылығына, тиісінше, 1,9 дан 15,6 млрд.теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға – 1,8 ден 15 млрд.теңгеге дейін, тауар-материалдық құндылықтарға – 7 ден 57,5 млрд.теңгеге дейін, мал шаруашылығы өнімдері өнімділігі мен сапасын жоғарылатуға – 1,0 ден 8,2 млрд.теңгеге дейін, су жеткізіп берудің құнын төмендетуге – 0,7 ден 5,6 млрд.теңгеге дейін.

Қазіргі өнім өндірушілердің тұрақсыз қаржылық жағдайы қажетті материалдық-техникалық базасын ұстауға, мерзімдік жұмыстарды жүргізуге айналым қаржылар бөлуге мүмкіндік бермейді. Ал Қазақстандағы негізгі өндірістік қорлардың тұрақты қысқарып отыруы – олардың толық деңгейде тозуына жеткізді. Негізгі капиталдың қысқаруы олардың істен шығу коэффициентінің жаңалау коэффициентінен жоғары болу есебінен орын алуда.

Бюджет қаражаттарын бөлуде ауылшаруашылық тауар өндірушілердің негізгі проблемасы олардың өнімдеріне төлем қабілеті бар сұраныстың төмен болуында екенін есте ұстау керек. Қазіргі жағдайда ауылшаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету, ең алдымен, өнім өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталуы тиіс. Ол үшін отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін тамақ өнеркәсібіне инвестициялар салу керек, отандық өнімдерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін міндетті сатып алу жұмысын қолға алған жөн. Халықтың табыстары мен тұрмыс деңгейін жоғарылатуға бағытталған макродеңгейде және басқа да бағдарламалар дайындау керек.

Қазақстан ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу мына төмендегі  бағыттарда жүргізілуі тиіс: салық  салу, баға белгілеу, қаржы-несие саясаты, сақтандыру, инфрақұрылымдарды дамыту, лицензиялау, сыртқы қаражаттандыру және т.б.

2006-2008 жж. арналған бірінші кезектегі шаралардың негізгі бағыттары, агроөнеркәсіп кешенін 2006-2010 жж. тұрақты дамыту Тұжырымдамасын іс жүзіне асыру бойынша, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін орта және ірі құрылымдарға бірігуге ынталандыру болып табылады.

Осы бағытта мына төмендегідей шаралар қарастырылады:

- көктемгі-дала және  жинау жұмыстарын жүргізу үшін  жанар-жағар май материалдарының,  минерал тыңайтқыштарының құнын  және суаратын суды жеткілікті қаражаттандыру;

- шағын тауар өндірушілердің  кооперативтерге бірігуіне арнайы  технологиялық жабдықтар (сиыр сауатын жабдықтар, тоңазытқыштар, азықтандыру жабдықтары және т.б.), тасымалдау көліктерін алуына, мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарды алғашқы қайта өңдеуге мини-цехтар құруына несие беру жолымен жәрдемдесу;

Информация о работе Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері