Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 08:03, курсовая работа

Описание работы

Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.
Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды, қайта өңдеу және рыноктың басқа да шаруашылық жүргізу субъектерін қайта қалыптастыру бұрыннан келе жатқан агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық жүргізудің кооперативтік формаларын өзгертіп жіберді. Шағын жеке шаруашылыққа бағдарлану басқа тиімдірек ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруды тоқтатып тастады.
Жекеменшік пен шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының өсуі баға теңсіздігінің, мемлекеттің басқару атқарымдарынан өзінен-өзі кетіп қалғанының ауыл шаруашылығына әкелген теріс әсерлерін осы күнге дейін азайта алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қазіргі қалыптасқан бағалар жұмсалған шығындарды қайтаруды және кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін пайда алуды қамтамасыз етпейді.

Работа содержит 1 файл

Азык тулик.doc

— 408.00 Кб (Скачать)

Мемлекеттің араласуы әдетте төрт негізгі формада жүреді: бәсекелерді  қолдау, экономиканы тұрақтандыруға жағдай жасау, халыққа қоғамдық игіліктерді  және трансферттік төлемдерді беру, ережелер мен шектеулерді белгілеу.

Баға теңсіздігі экономиканың аграрлық секторындағы қаржылық проблемалардың басты себебі деп қарастырылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі баға теңсіздігінің жоғары болуы, яғни аграрлық өндіріске керек  ресурстардың бағасы ауылшаруашылық өнімдерінің бағасына қарағанда тез өсуі – нарықтық экономика үшін жай ғана процесс деп көрсетеді.

Дамыған елдерде сақтандыру индустриясы ұзақ мерзімді күрделі  салымдардың төрттен бір бөлігін  қамтамасыз етеді. Инвестициялық процестердің тиімділігі сақтандыру нәтижелері түріндегі кепілдемелермен анықталады.

Дегенмен, шетелдік және отандық ғалымдардың сақтандыру рыногы бойынша жүргізген зерттеулеріне  қарамастан, осы күнге дейін сақтандырудың  табиғатын түсіну жоқ (түрлерін, жіктеу нышандарын), бұл республикадағы өндірістік процестерге теріс әсерін тигізіп отыр.

Сондықтан сақтандыру рыногының  жағдайына нарықтық салада іске асыру  механизміне кешенді баға беру керек. Толығырақ айтсақ, сақтандыру рыногын  қалыптастырудағы теориялық аспектерін қарастыру, қолданыстағы сақтандыру жүйесін, әсіресе ауыл шаруашылығы өндірісін сақтандыруды талдау. Экономикалық проблемалардың жалпы кешенінде сақтандыруды дамытудың ерекше маңызы бар, себебі ол тұрақтандыру процесінің факторы ретінде сенімді инвестициялық климат қалыптастырады, шаруашылық ортаның және әлеуметтік саланың мықты бірлесуіне жағдай туғызады. Осының бәрі бірнеше қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, іс жүзінде барлық мемлекеттерде сақтандырудың бұл түрі, бір жағынан аграрлық кешенді мемлекеттік реттеу шегі болса, екінші жағынан сақтандырудың өзі мемлекеттік реттеудің қарамағына түседі, себебі сақтандыру технологиясының параметрлерін, әдетте, мемлекет белгілейді. Екіншіден, ауыл шаруашылығын сақтандыру тауар өндіруші – егіншінің белгілі бір табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Үшіншіден, ол мемлекеттік демеуқаржыларда негізделген және жеке сақтандыру компаниялары арқылы іс жүзіне асырылады, ал олар егінші – сақтандырушылармен тікелей байланысты және, ең соңында, олардың алдында сақтандыру шарттары бойынша барлық жауапкершілікті мойындарына алады.

Қолданыстағы өсімдік  шаруашылығында 1 га егістік шығындарына  байланысты міндетті сақтандыру жүйесі көрсетіп отырғандай, 2006 ж. Қазақстанда 65,1% егістік ауданы сақтандырумен қамтылған, о.і. Қостанай облысында - 92%, Ақмола – 74,8, Шығыс Қазақстан – 75,5, Павлодар – 66,5, Солтүстік Қазақстан – 64,2, Оңтүстік Қазақстан – 0,6%. Барлық сақтандырылған ауданнан дәнді дақылдардың сыбаға салмағы республика бойынша 96,6% болды, о.і. Ақмола облысы - 100%, Ақтөбе – 100, Алматы – 70, Шығыс Қазақстан – 69, Батыс Қазақстан – 100, Павлодар - 84%.

Майлы дақылдардың сыбаға салмағы сақтандырылған ауданнан Қазақстан  бойынша 3,2%, о.і. Алматы облысы – 24,4, Шығыс  Қазақстан – 30,9, Павлодар – 16,4%.

Қазақстандағы дәнді дақылдар құрылымында сақтандырылған ауданының сыбаға салмағы (2006ж) (2004жылмен салыстырғанда) 66,7%, майлы дақылдардың – 51,5, қант қызылшасының – 25,8, мақтаның сақтандырылған ауданы – 0,9%.

Сақтандырылған егістік  ауданының көлемі республика бойынша 34,1 млрд.теңге. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер сақтандыру компанияларына 756 млн теңге төледі (22%). Сақтандыру шығындардың үш статьясы бойынша жүргізілгенін атап көрсетуіміз керек (еңбек ақы, тұқымдар, жанар-жағар материалдар). 1 га егістікке аударымдардың орташа мөлшері республика бойынша 78 теңге, о.і. Ақмола облысы бойынша – 64 теңге, Ақтөбе – 133, Қостанай – 79, Павлодар – 82 теңге.

Дегенмен, тәжірибе көрсетіп отырғандай ауылшаруашылық тауар өндірушілерге  сақтандыру сыйақылар төлеуде және сақтандыру зияндарының орнын толтыруда (компаниялар) көптеген шешілмеген проблемалар пайда болды (мемлекеттің қатынасуымен).

Ол проблемалардың негізгі  себептері сақтандыру жүйесінің  өзі өте үлкен болуында және облыстардың  аймақтары бойынша 1 га егістікке  нормативті шығындарды бағалаудың өзі, сақтандыру мөлшерін төлеу және зияндарды қайтару мәселелері қиынға түскен. Ресейдің және т.б. шетелдік елдердің тәжірибелерін пайдалана отырып, алдағы өнімнің сақтандыру құнын анықтау керек деп есептейміз. Оны егістік аудандарының мөлшеріне, ауылшаруашылық дақылдарының орташа өнімділігіне (5 жылда қалыптасқан) және әрбір дақыл бойынша есепті болжалданған тиісті жылдың бағаларына байланысты жүргізу керек.

Ауыл шаруашылығы тауар  өндірушілеріне сақтандыру сыйақыларын  демеуқаржыларды есептеу үшін мемлекет белгілеген мөлшерлемелерден анықтау керек. Ал ол мөлшерлеме республикалық бюджет есебінен шартта көрсетілген құннан 10% мөлшерінде беріледі. Осының 50%-ын мемлекет есебінен қайтару керек. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен сақтандыру компаниялары арасында басқа қатынастар шарт негізінде құрылуы тиіс.

Республиканың қазіргі  даму кезеңінде мемлекет басшысы  өзекті міндет қойып отыр: жақын  он жыл ішінде Қазақстанды әлемдегі бәсекелестік қабілеті ең жоғары 50 елдің  қатарына оның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және ғаламдық экономикадағы артықшылықтарын пайдалану негізінде, ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыру есебінен қосу.

Бәсекелестік қабілеттің ең жоғары биігінде тұрған елдер тәжірибелері жекелеген салаларды дамытуда осы кластерлік тәсілдемені пайдалану бүкіл ел экономикасының бәсекелестік қабілетінің өсуіне жетуге мүмкіндік бергенін көрсетіп отыр.

Жалпы алғанда кластерлердің  үш түрлі кең анықтамалары бар, олардың  әрқайсысы оның жұмыс істеуіндегі  негізгі шегін (бағытын) айқындап көрсетеді:

- экономикалық тиімділіктің  туындас секторлар ішінде өңірлік  шектелген формалары, әдетте ғылыми  мекемелерге байланыстырылған (ҒЗИ,  университеттерге және т.б.);

- сатылас өндірістік  тізбектер, барынша қысқа анықталған  секторлар. Олардағы өндірістік процестердің шектесуші кезеңдері кластердің ядросын анықтайды (мысалы, «жеткізуші - өндіруші - өткізуші – клиент» тізбегі). Осы категорияға негізгі фирма төңірегінде қалыптасатын тізбектер қосылады;

- агрегацияның жоғарғы  деңгейінде анықталған өнеркәсіптік салалар (мысалы, «химиялық кластер») немесе агрегацияның мұнан да биік деңгейіндегі секторлар жиынтығы (мысалы, «агроөнеркәсіптік кластер»).

Кластерлік даму теориясының  негізін қалаушы М.Портер кластерге  мына төмендегідей анықтама береді: «... бұл географиялық көршілес өзара байланысты компаниялар тобы (жеткізушілер, өндірушілер және т.б.) және олармен байланысты ұйымдар (білім беру орындары, мемлекеттік басқару органдары, инфрақұрылымдық компаниялар), олардың бәрі белгілі бір сферада жұмыс істейді және бірін-бірі өзара толықтырады».

Қазіргі кезде күрішті  қайта өңдеу зауыттарында 50 мың  тоннаға жуық күріш қауыздары  бөлініп шығады, олардың барлығы  бекерге қалуда. Ал оларды физико-химиялық жолмен өңдеп аса қажетті кремний  қоспаларын алу үшін кластерлік жүйенің мүмкіндіктерін пайдалану керек.

Мемлекет күріш шаруашылығын дамытуға елеулі қаржы ресурстарын  бөліп отыр, олар мынадай мақсаттарға бағытталуда:

  • көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге;
  • тұқым өндірісін қаражаттандыруға;
  • минерал тыңайтқыштар алуға;
  • су пайдалануға;
  • өсімдік қорғауға;
  • тікелей инвестициялауға.

Дегенмен, талдаулар көрсетіп отырғандай күріш шаруашылығында оның

экспорты және бәсекелестік қабілеті төмендеп отырғаны байқалады. Бірақ біз күріш дәнінің крахмалға  бай екенін естен шығармауымыз керек.(80%-ға дейін). Сондықтан оны терең қайта өңдеу арқылы кластерлік жүйеге қосуымыз керек. ТМД елдерінде крахмал өндіретін 16 ғана кәсіпорын бар екенін, ал Қазақстанда ондай бірде-бір кәсіпорын жоқ екенін ескерсек, бұл келешекте ойланатын проблема екені өзінен-өзі белгілі.

Тоқыма өнеркәсібін  дамытуда маңызды ролді мақта-тоқыма кластері ойнайды.

Мақта – Қазақстанның оңтүстігінде өсірілетін ең маңызды  ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі. Мақта ауыл шаруашылығы саласы экспортқа  шығаратын негізгі өнім болып саналады.

Мақта өсірудің республика үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық мәні бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін  шетке шығарудың ішінде мақта-талшығы 40%-ға жуық, оның үлесі республика экспортының  жалпы көлемінде мұнайдан, түсті  металлдан және астықтан кейін тұр.

Шитті-мақтаның тиімділігі мен оны өндірудің табыстылығын арттыру үшін мемлекет өндірістік ресурстарға  қол жеткізуді қамтамасыз ету  бойынша бірқатар шаралар қабылдаған: тұқымдардың, минерал тыңайтқыштардың, суармалы аудандарда су жеткізу қызметтері құнын қаражаттау, ауылшаруашылық техникасының лизингі, жеңілдетілген несиелер және т.б. Осы шаралардың әсерін толығырақ қарастырайық.

Тоқыма өнеркәсібінде  кластерлер құру үшін мына төмендегі  негізгі міндеттерді шешу керек:

          кластерге қатынасушылардың өзара іс-әрекеті механизмдерін дайындау;

         аграрлық-индустриалдық технологиялар негізінде шикізат базасын дамыту;

         жаңартпашылық және жоғары технологиялық өндірістер енгізу;

         кадр дайындау проблемаларын шешу;

        техникалық регламенттер мен стандарттарды (халықаралық көрсеткіштермен үйлестірілген) дайындау;

        ішкі және сыртқы рыноктарда сату көлемдерін кеңейту;

        отандық тамақ өнімдерінің брэндаларын (сауда таңбасы) қалыптастыру;

        мемлекеттік реттеудің нормативтік-құқықтық базылары мен механизмдерін жетілдіру.

Сонымен, шитті-мақта  өндірісі саласында елеулі өткір  проблемалар мынадай: мақта өсірумен айналысатын ауылшаруашылық құрылымдарының майдаланып кетуі; өнеркәсіптің өсіп келе жатқан талабына жауап беретін бәсекелестік сорттардың жеткіліксіздігі; білікті мамандардың жетіспеуі; бірінші – үшінші репродукцияға дейінгі тұқым өндіретін тұқым шаруашылықтары тізбегінің нашар дамуы; өнімдерді және өндірісті сертификаттау, стандарттар, сапа менеджменті жүйелері бойынша аккредитивтік құрылымдардың болмауы; қайта өңдеу кәсіпорындарының төмен жүктелгендігі.

Мақта шаруашылығындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін 2007-2009 жж. мына бағыттарда жұмыс жүргізу  керек:

Қазақстан Республикасында  «Мақта саласын дамыту туралы» Заң қабылдау;

Мақтаны қайта өңдеу  ұйымдарында халықаралық ИСО  сериясы 9000 стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізуге жағдай туғызу;

Мақта шаруашылығы және тоқыма өнеркәсібі бойынша халықаралық  ұйымдар арқылы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

            Мақтаны қайта өңдейтін бір кәсміпорын салу; мақта егістігіне тұқым дайындау бойынша тұқым тазалайтын зауыт салу (ОҚО-да);

ОҚО-ы аумағында көлік-логистикалық терминал салу.

Тоқыма саласындағы  мақта-тоқыма сегментінің целлюлозалық қоспа (ЦДС) элементтерін қалпына келтіру үшін саланы жіп иіру және мата өндіру бойынша тұрақты және серпінді түрде дамыту керек. Себебі қазіргі кезде тоқыма саласының бұл сегменті басқаларына қарағанда бәсекеге елеулі қабілетті болып отыр. Тоқыма өндірісінің осы сегментіне қосымша құнның 80%-на жуығы келіп отыр, ал мақта-талшығы өндірісіне - 10%-дай, дайын киімдерге – 1-3%. Бәсекеге қабілетті тоқыма сегментін құру Қазақстанда өндірілетін мақтаны қайта өңдеуге мүмкіндік береді, демек қосымша құнды арттырады және тігін кәсіпорындарына қажетті әрі қарай өңдейтін өнім өндіріледі.

Қазақстанда әлеуетті тоқыма кластерінің бәсекелестік қабілетін  арттыру үшін мына төмендегі бағыттарда жұмыс жүргізу керек: еңбек өнімділігін арттыру, мақта сапасын бағалау стандарттарын енгізу (грединг), кластердің барлық компоненттері мен әлемдік сауда және логистикалық тізбектері арасындағы өзара қатынастарды қалпына келтіріп, тәртіпке түсіру, шикізат сапасын арттыру, білікті жұмыс күшімен қамтамасыз ету, жаңа ақпараттық және өндірістік технологияларды енгізу.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстанда бәсекеге қабілетті  ауыл шаруашылық саласын басқару  проблемаларын жан-жақты зерттеудің ғылыми және тәжірибелік нәтижелері төмендегідей:

1. Басқарудың экономикалық  механизмін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік тәсілдері өндірістік қатынастардың жиынтығын қамтиды. Қоғамды ұйымдастыру мәселелерін шаруашылық жүргізудің толық жүйесі ретінде немесе экономикалық ұйымдық формалар жәрдемімен ұдайы өндірісті жүргізу әдісі ретінде қарастырады. Олардың фундаментті меншік қатынастары, өзара іс-әрекеттерінің принциптері болып табылады.

Мемлекет ел экономикасын басқару атқарымдарын орындайтын ұйымға айналды. Экономиканы мемлекеттік  бақылау салықтар мен шығындардың  және тікелей заңдардың жәрдемімен жүргізілуі керек.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқару шараларын таңдау барысында табыстар деңгейі мен бағалардың арақатынастарын анықтау үшін АӨК-нің макроэкономикалық үлгісін пайдалану қажет. Себебі, ол үлгі халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге, азық-түлік тауарларын өндірудегі өзіндік құнына, кедендік тарифтер жүйесін және т.б. белгілеуге әсер етеді.

Информация о работе Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері