Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:22, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….......................3
1. Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері......................................................................................................6
1.1 Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның
ерекшеліктері…………………………………………………………………..................…6 1.2 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету…………………………………......…8
1.3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері…..............................10
2. Грамматиканы және фонетиканы оқыту........................................................14
2.1 Грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлері……………14
2.2 Грамматикалық материалды түсіндіру. Алғашқы сатыда грамматикалық структуралар мен етістік шақтарын түсіндіру. Грамматикалық материалмен жұмыс……………………………………………....................................19
2.3 Фонетикалық дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесі…………………………………………27
Қорытынды………………………………………………………………………………....29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………….…………………………………………….31

Работа содержит 1 файл

kursavoсссс.doc

— 490.00 Кб (Скачать)

     V – негізгі етістік. Осыдан шығатын қорытынды: P1/3/3to be 1/1/1v+ing.

     Бұл Present Continuous – нақ осы шақтың формуласы болып есептелінді. Бұл жерде де орындарын ауыстыру арқылы сөйлем түрлерін де өзгертуге болатындығы айтылды…

     P1/3/3 to be1/1/1-V+ing/-/

     To be 1/1/1/P1/3/3 V+ing/?/

     Сабақта тек кескіндер немесе формулалар арқылы жұмыс жасап қана отырсақ, ол мағынасыз болар еді жалықтырып кетері де сөзсіз. Бұл кезде (телефон) (коментатор) (дирижер) ойындарын ойнай отырып, қорытындылар кезде формула арқылы түйіндеп отырдық. Мысалы балаларға бірнеше картинаны іліп қойып, ішіндегі біреуі туралы әңгімелеп осы арқылы қай тақырыпты қай шақта айтылғанын ойлатып қай сурет екенін таптыруға да болады.

     In this picture you can see many children. They are playing in the yard. The girls are playing under the trees. The boys are playing ball in the yard. (оқушы суреттегі ойынның Present Continuous шағында тұрғандығын айтып бере алады). Кейде осы жеке – жеке карточкаларды сыныптағы жақсы оқитын балаларға әкеліп беріп, олар бізге не үшін, қай суретке сәйкес берілгенін анықтап отыратын жұмыстардың түрлері де болады. Сарапшылар (5 – 6 – 7 сынып оқушылары) тексере келе, бұның ішінде бірнеше етістіктің шақтарына байланысты жасалған карточкалар бар екенін анықтады. 5 – сынып Present Simple бар екенін тапса, P/3/li/es/…. I go to school every day.

     P4/3/does/-V1/-/He does not go to school every day.

     Do/does/P4/3/V1….? Do we go to school every day?

     6 – 7 сынып оқушылары Past Simple:

    P7/Vii/ed/i/I cleaned the room.

     P7 did – V1….She did not clean the room.

     Did P7 V1…? Did they clean the room?

     Simple Future:

     P2/5/shall/will/V1….

     P2/5/shall/will/-V1….

     Shall/will/P2/5/V1….

     Present Perfect:

     P/3/have/has/VIII/ed/....

     P4/3/have/has/-VIII/ed/.

     Have /hasP4/3/VIII/ed/….? – бар екенін тапты.   

     Студенттердің өздік жұмысы арқылы тілдік материалдарды меңгеруі олардың меңгеру қабілеттерін және материалды практикалық тұрғыда пайдалана білуін жақсартады. Грамматикалық материалды таныстыру, пысықтау үшін карточкамен жұмыс істеу өте тиімді. Мұндай әдіс студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттырады, сонымен бірге сабақ уақытын үнемдейді. Оқу процесі кезіндегі оқытушының тікелей қатысуынсыз, бірақ оқытушының тапсырма беруі арқылы студенттің өздік жұмысы – студенттің берілген тапсырманы түсінуге, оны орындауға және тілдік материалды меңгеруге үлкен септігін тигізеді. Мысалы, кейбір студенттерге “Шақтардың қиысуы” тақырыбын меңгеру қиынға соғады. Оқытушы студенттерге олардың жаңа шақпен танысатынын (Future – in – the - past) айтып, нақты түсіндірме береді. Бұл шақпен танысып, меңгеру үшін карточка көмегіне сүйенетінін айтады. Студенттерге карточкалар таратылады. Алдымен №1 карточканы алып тапсырманың орындалуын тексереді. Ол сөйлемді Future Indefinite – те айтады, ал студент Future – in – the – Past – та айналдырады. Оқытушы бұл шақтың қалай жасалатынын және қай кезде қолданылатынын сұрайды. Егер студенттер жауап беруге қиналса, сұрақ беру арқылы түсіндірме жұмысы жүргізіледі: 1) Бірінші сөйлем қандай шақта тұр? 2) Бірінші сөйлем қалай жасалған? 3) Екінші сөйлем сіздер үшін таныс емес, бірінші Future Indefinite – те тұрған сөйлемнен қандай ұқсастығы не айырмашылығы бар? 4) Қандай іс - әрекетті білдіреді? 5) Future – in – the- Past қалай жасалған, оны қай кезде қолданамыз? деген сұрақтар қойылады.

Карточка 1.

     1. Future –  in – the – Past грамматикалық формасы. (өткен шақтағы келер шақ, будущее в прошедшем) would He said, “My sister will come on Sunday”.

     He said that his sister would come on Sunday.

     Ол оның апайы жексенбіде келеді деді.

2. III жақ жекеше түрде тұрған бұл форма қалай жасалғанын анықтаңыз.

3. Сөйлемдерді аяқтаңыз:

She said “The apples will soon be ripe”.

She said, that the apples would soon be ripe.

He said, “They will not mention her name”.

 

He dai they…

I said, “He will overcome all the difficulties”.

I said that…

He thought, “She will miss the train”…

     №1 карточкамен жұмыс істеген соң №2 карточка таратылып, тапсырма беріледі.

     Сөйлемдерді оқып, түсіну; №1карточкадағы үлгімен салыстыру; айырмашылықтарымен анықтау; сөйлемдерді дауыстап оқу.

 

Карточка 2.

     1. Мысалдарды оқыңыз. Есімдіктер мен көмекші етістіктердің өзгеруіне назар аударыңыз.

     He said, “I shall do it tomorrow”.

     He said that he would do it next day.

     Ол мұны келесі күні істейтіндігін айтты.

     2. I жақта төлеу сөздегі келер шақтың формасын анықтаңыз.

     3. Сөйлемдерді аяқтаңыз:

     He said, “I shall wake up at 7 o’clock”…

     He said that he would wake up at 7 o’clock…

     The driver said, “I shall come here tomorrow”…

     The driver said that he…

     They said, “We  shall do it at once”…

     They said that…

     The workers thought, “We shall never let it happen again”…

     №1 карточкамен жұмыс аяқтаған соң оқытушы бір студенттен ертең немесе сенбі күні не істейтіндігін айтуды сұрайды. Басқа студенттерден оның не айтқанын сұрайды. Мысалы: I shall go to the theatre – He (she) said that be (she) would go to the theatre.

     Бұдан кейін №3 карточка таратылады.

    

Карточка №3.

     Бірінші жақтағы Future – in the- Past – та жақтағы форманы оқып, түсініңіз.

     I said, “I shall read it on Sunday”.

     I said that I should read it on Sunday.

     Мен мұны жексенбіде оқимын дедім.

2. Future – in – the –  Past I шақта қалай жасалатынын анықтаңыз.

3. Сөйлемдерді аяқтаңыз:

I thought, “I shall soon reach the village”…

I though that I should soon reach the village…

We decided, “We shall grow water –  melons next year”…

We decided that we….

The teacher said, “You will read the text”…

The teacher said that I…

The engineer said, “You will come with me”…

The engineer said that we….

Oleg said, “You will buy the tickets”…

     Мұндай карточкалармен жұптық жұмыстар жүргізуге де болады. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, студенттер дауыстап оқып, қажет болса басқаларды түзетеді. Оқытушы осы материалға байланысты жаттығулар береді. Осындай жолмен “Шақтардың қиысуы” тақырыбынан басқа материлдарды да жеңіл меңгертуге болады деп есептеймін.

     Егер топтағы студенттердің білім деңгейлері жақсы болса, онда сол топтағы үздік студентке оқытушы болуды тапсырып, грамматикалық материалды қайталауға, пысықтауға түрлі жаттығулар жасатса, сабақ түрленіп, студенттерге қызықты бола түсері сөзсіз.

 

2.3 Фонетикалық дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесі.

     Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар екі топқа бөлінеді:

     1. тыңдауға арналған жаттығулар.

     2. дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығулар.

     Бұл екі топ бір–бірімен тығыз байланысты және фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін екеуі де қажет.

     1. тыңдауға арналған жаттығулар. Тыңдауға арналған таза фонетикалық жаттығулар сан жағынан онша көп емес. Тыңдау, есту дағдылары арнаулы жаттығулар орындау үстінде дамытылады. Тыңдауға арналған жаттығулар фонетикалық есту дағдыларын дамытып, жаңа фонемалар мен интонемалардың дифференциалдық белгілерін анықтайды. Тыңдауға арналған жаттығуларды тек есту арқылы, сондай – ақ жазбаша мәтінге сүйене отырып та орындауға болады.

     Тек есту арқылы орындалатын фонетикалық жаттығуларға мынадай мысалдар келтіруге болады:

     - бірқатар дыбыстарды (сөздерді) тыңдап [t] дыбысын естігенде қол көтеріңдер,

     - дыбыстар жұбын тыңдап, сол жұптағы екі дыбыс болған жағдайда қолдарыңды көтеріңдер,

     - сөйлемді тыңдап, ол сөйлемде [t] дыбысы неше рет қайталанғанын айтыңдар,

     - мына сөйлемдерді тыңдаңдар да сұраулы (хабарлы, бұйрықты, аяқталмаған) сөйлемдерінде қол көтеріңдер,

     - мына сөйлемдерді тыңдаңдар да олардың әрқайсысында қанша синтагма (екпін, қандай пішін, яғни тон) бар екенін айтыңдар. т.б.

     Графикалық сүйенішпен (яғни жазбаша мәтінге сүйене отрып) орындалатын жаттығулар мынадай болуы мүмкін.    

     Бірқатар сөздердің (сөз тіркестерінің, сөйлемдердің) ішінен мұғалім / диктор айтқан сөздің (сөз тіркесінің, сөйлемнің) астын сызыңдар (әр қатардан тек бір сөз (сөз тіркесі, сөйлем оқылады), мұғалімнің сөзінде кездескен сөйлемдердегі екпін түсіп тұрған сөздердің астын сызыңдар, тыңдап отырған сөйлемдерде мәтінді тік сызықшалар арқылы үзілістерді таңбалаңдар, мұғалімнің – диктордың дауысы көтерілген сөздердің астын сызыңдар, т.б.

     Тыңдауға арналған жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылар шетел тіліндегі сөзді тыңдауға үйренеді, дыбыстарды, дыбыс тіркестерін, интонациялық құрылымдарды тану қабілетін жетілдіреді. Кейін тыңдауға арналған жаттығулар дыбыстарды, дыбыстар тіркестерін, дауыс ырғағын еліктеп айтуға үлгі болады. Алайда, әр тапсырманың жаңа түрін орындағанда, әуелі оқушылар мұғалімнің сөзін тыңдауға тиіс, тек содан кейін ғана ұқсас жаттығуларды магнитофон арқылы тыңдап жаттығу керек.

     2. Дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығулар дыбыстау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Егер дыбыстарды айтар алдында оқушылар үлгіні тыңдап отырса, бұл жаттығулардың тиімділігі арта түседі. Мұндай жаттығулар жеке дыбыстар, буындар, сөздер сөз тіркестері, сөйлемдер негізінде құрылуы мүмкін. Бұларда материал аналогия бойынша (барлық мысалдарда бірдей белгі) немесе оппозиция принципімен (мысалда белгілі бір белгі қарама – қарсы қойылады) ұйымдастырылуы мүмкін, не материалды еркін түрде беруге болады.

     Дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығуларды тыңдау арқылы да, жазбаша мәтінге сүйене отырып та орындауға болады. Тыңдау арқылы орындалатын жаттығулар мыналар:

- Мұғалімге/дикторға/ ілесіп мына дыбыстарды / буындарды/сөздерді / тіркестерді/сөйлемдерді айтыңдар,

- көрсетілген белгіге көңіл бөліңдер, құрамында (…) дыбысы бар сөздерді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер, сөйлемдерді қайталаңдар, оған мұғалім атаған сөзді қосыңдар, т.б.

     Ал графикалық сүйеніш көмегімен мынадай жаттығулар жасауға болады: берілген сөйлемдердің екпінін, үзілістерді белгілеп, оларды дауыстап оқыңдар, мына сөйлемдердің дауыс ырғағын (логикалық екпінін) өзгертіп оқыңдар, т.б.

     Фонетикалық дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін бұлардан басқа мынадай жаттығулар жасалады: жаңылтпаштарды, тақпақтарды, шағын диалогтарды, прозадан үзінділерді жаттап алу, оқулықтағы мәтіндерден үзінділерді дауыстап оқу, т.б               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану. Жобалау технологиясын бастауыш мектепте қолдану. Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар

 

    1. Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану.

 

     Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Шетел тілін меңгеруде тыңдап түіну қабілетін дамытудың алар оны ерекше.

     Ауызша сөзді түсіну – адамның естіген сөздердің мағынасына талдау жасап, аяқтаған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады.  

     Тыңдап  түсінудің негізгі топтарына  мыналар жатады:

     a. тыңдап түсіну дағдылары (мәтіннің грамматикалық және морфологиялық формаларын тани білу);

     ә. сөздерді және сөз тіркестерін түсіне білу қабілеті;

     б. дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу.

     Тыңдау процесі есту қабілеті механизмімен тығыз байланысты. Есту, тыңдау қабілетін техникалық құралдар көмегімен жаттығулар жасау арқылы дамытуға болады. Логикалық түсіну механизмі талдау процесінде күрделі болып саналады.

     Ауызша сөзді түсіну үшін бір материалды бірнеше рет тыңдаудың қажеті жоқ. Сөзді толық түсіну бірден және толықтай бір рет айтқанда қабылданады. Қазіргі кезде шетел тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау және т.б. мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, видео–фильмдер көптеп саналады. Бірақ үнтаспа жазбасын тыңдау мен бетпе–бет ауызша сөйлесудің айырмашылығы бар. Сөйлеушінің ауызба – ауыз сөйлесудің мүмкіндігі жоқтығы, үнтаспа арқылы тыңдау барысында біршама қиыншылықтар туғызады. Сондықтан тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы аудио – жаттығулар мен аудио – мәтіндер қажет. Осы орайда мәтінді тыңдау, оқып отырған кісінің сөзін тыңдай отырып мәтінді оқып отырудың мәні зор.

     Тыңдауға үйренуді сөйлеушімен бетпе – бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқушының сөйлеуі, видеофильмдерді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Бастапқы кезде сөйлеуден тыңдау пайызының жоғары болуы мүмкін. Сабақ кезінде кейде естіген материалды қайталаумен шектелеміз, ал оны түсіну қабілетіне көбінесе мән бере қоймаймыз.

     Шетел тілін тыңдап түсінудің өзіне тән қиыншылықтары бар, Жаңа материалды тез ұғындырыуға тырысып, тілдік материалдарды көп беру қабылдауды қиындатады, сонымен бірге дағдыны қалыптастыруға кері әсер етеді. Осының әсерінен оқушы тез тыңдап, түсініп, жауап дайындау үшін ойланып отырады. Бұндай тыңдау қорытындысы – тыңдаушының сөзінде қатенің көп болуына әкеледі.

     Ауызша сөйлеуге үйрету – шетел тілін оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат – естігенін түсіну білуге үйрету.

     Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін біріншіден–сурет арқылы, екіншіден–жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Бұл жұмыс түрлері ауызша жауапқа жатпайды. Шетел тілін үйрену үшін мұндай жұмыс түрлері тыңдап түсінуге қарағанда үлкен роль атқармайды.

     Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау – алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға (жауапты жазбаша түрде беруге болады) байланысты болады.

Информация о работе Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері