Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:22, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….......................3
1. Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері......................................................................................................6
1.1 Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның
ерекшеліктері…………………………………………………………………..................…6 1.2 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету…………………………………......…8
1.3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері…..............................10
2. Грамматиканы және фонетиканы оқыту........................................................14
2.1 Грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлері……………14
2.2 Грамматикалық материалды түсіндіру. Алғашқы сатыда грамматикалық структуралар мен етістік шақтарын түсіндіру. Грамматикалық материалмен жұмыс……………………………………………....................................19
2.3 Фонетикалық дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесі…………………………………………27
Қорытынды………………………………………………………………………………....29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………….…………………………………………….31

Работа содержит 1 файл

kursavoсссс.doc

— 490.00 Кб (Скачать)

2.оқушыларды шетел тіліне ынтақтыру мақсатымен фонетикалық жаттығулар орындап, шағын тақпақ, өлеңдерді күйтабақтан, магнитофоннан тыңдау, оларды қайталау;

3.Оқушылаға сабақтың мақсатын айқын ашып көрсету;

4.Қажетті кезеңдерде әрқашан тақтаны дұрыс пайдалана білу;

5.Жаңа сабақ өткізер алдында өткенді қайталау, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында ұқсастыққа сүйеніп, қарама – қарсылық принциптерін пайдалану;

6.Лексикалық, грамматикалық жаңа материалды түсіндіру, соңынан пысықтауға арналған жаттығуларды орындау;

7.Жаттығуларды біртіндеп қиындата түсуді ескеру;

8.Оқушыларға орындалатын жаттығулардың алдын ала орындау шарты мен мақсатын түсіндіру;

9.Жаттығуды орындаған кезде оқушылардың белсенділігін арттыра алатын жұмыс тәсілдерін пайдалану; жаппай және жұптар бойынша жұмыс жүргізу, жарыс ұйымдастыру, бұл істе хорды, әнді, ойындарды пайдалану, көрнекі және техникалық құралдарды қолдану;

10.Қоңырау соғылмастан бұрын үй тапсырмасын түсіндіру, оны күнделікке жаздыру;

11.Сабақтың соңында оқушылардың білімін, тілдік дағдылары мен сөйлеу іскерліктерін бағалап, сабаққа қорытынды жасау;

12.Сабақты қалыпты қарқынмен, айқын мұқаммен, ұстаздық өнегілілікпен жүргізу.

     Сондай – ақ мұғалім тіл материалының әрқайсысымен және сөздің әртүрлі әрекеттерімен жұмыс жүргізгенде төмендегі ерекшеліктерді мен сатыларды ескермесе болмайды.

     Тіл материалы бойынша жүргізілетін жұмыс барысында мынадай жүйелілік ескерілуі тиіс:

1.Лексикалық жұмыс а) жаңа сөздің мағынасын түсіндіру:

2.Зат – сурет көрнекілігін, тиісті жағдайды және т.б. тәсілдерді пайдаланып сөздің мағынасын түсіндіру;

3.Жаңа сөздің мағынасын оқушылардың дұрыс түсінгенін тексеру;

4.Жаңа сөздің айтылуын және үлгі сөйлемдердегі жаңа сөздің айтылуын жаттықтыру;

5.Сөзді тақтаға жазып, оның грамматикалық, орфографиялық ерекшеліктерін тынастыру;

6.Сөздің сөйлемде қолданылуын таныстыру. ә) Пысықтауға арналған АВСД/Е жаттығуларын орындау.

 

1.Грамматикалық жұмыс.    

     Ең алдымен грамматикалық материалды түсіндіру жолдарын (индуктивті, дедуктивті, лексикалық) анықтап алу қажет: а) Жаңа грамматикалық материалды түсіндіру:

1.Грамматикалық материалдың атқаратын қызметі мен мағынасын түсіндіру;

2.Оның жасалу жолдары мен формасын түсіндіру;

3.Оның қалай қолданылатынын түсіндіру (жағдай, үлгі сөйлемдер беру);

4.Түсінгендерін тексеру. ә) Пысықтауға арналған жаттығуларды орындау:

- Ауыстырмалы кестемен жұмыс;

- АВСД/Е жаттығулары.

 

2.Фонетикалық жұмыс.

а) тиімділігіне қарай төмендегі жұмыс тәсілдерінің біреуін таңдап алып, сол бойынша жұмыс істеу:

1.Мұғалімге/дикторға/еліктеу, қайталау; 2. Қалай айту ережесі түсіндірілгеннен кейін дыбыстарды қайталау, жаттықтыру; 3. Талдап және жинақтап дыбыстау тәсілі бойынша жұмыс жүргізу.

ә) Пысықтау жаттығуларын орындау (жаңа дыбыстар мен сөздерді қайталау, үлгі сөйлемдерді айту, оқу, айту ережелерін ескере отырып, жаттығуларды орындау).

Сөз әрекетінің түрлері жұмыстарының мынадай ретте жүргізілуін ескерген жөн:

1.Тыңдап түсіну:     

а)Тыңдалатын мәтіндегі түсінуі қиын кедергілерді жою; 

б)Мәтіңннің мазмұнын жалпылама түсінуге нұсқау беру;

1.Мәтінді тыңдау;

2.Тыңдалған мәтіндегі жалпы мағлұматтарды қалай түсінгенін тексеру.

Егер мұғалім оқушылардың мәтінді толық түсінгенін тексеруді мақсат етсе, онда оқушыларға мәтінді екінші рет тыңдатуы керек, арнайы тапсырмалар құрастыруы қажет.

    

1.Монологқа үйрететін жұмыс кезеңдері:  

     Оқушылардың оқыған мәтіні бойынша өзімен өзі сөйлеуін төмендегіше ұйымдастыруға болады:

1.Мәтіннің мазмұнын түсінуге қиындық келтіретін сөздерді, грамматикалық жағынан күрделі сөз тіркестерін мәтінді оқыту алдында түсіндіру, қайталау;

2.Мәтіннің мазмұнын жалпы түсінуге нұсқау беру (тексеру жолдарын, сұрақтарды алдын ала айтуға болады);

3.Оқушыларға мәтінді өз бетімен іштей оқыту (оқуға берілетін уақыт белгіленеді);

4.Мәтіндегі жалпы мағлұматтарды тексеру;

5.Мәтіннің мазмұнын толық түсінуді талап ету, мәтінді екінші реет оқу үшін арнайы тапсырмалар беру.

6.Мәтінді оқушылардың толық түсінгенін тексеру;

7.Мәтіннің мазмұнын айту;

8.Мәтіндегі оқиғаға өз пікірін айту.

     Шетел тілі сабағында оқушының монологты түрде сөйлеуінің мынадай түрлеріне көңіл бөлу керек: оқыған, тыңдаған мәтіннің мазмұнын айту, қысқа хабар жасау, өткен тақырыптар бойынша әңгіме құру, бір нәрсені суреттеу, кейіпкерлерге мінездеме беру, өз пікірлерін айту.

 

1.Диалогқа үйрететін жұмыс кезеңдері:

1.Диалогты түрде сөйлеуге қажет лексикалық, грамматикалық материалдарды қайталау; 

2.Диалогты құруға қажетті жағдай жасау (сөзбен немесе көрнекіліктер арқылы);

3.Рольдерді бөліп беру;     

4.Мұғаліммен 1 – 2 оқушының сөйлеуге (диалогқа) қатысуы;

5.Диалогты түрде сөйлеу барысын тексеру.

     Диалог сөзде үйретуде өткен тақырыптар, оқыған, тыңдаған мәтіндер, қосымша аутенттік диалогтар, суреттер, жағдаяттар кең түрде пайдаланылуға тиісті.

1.Оқуға және оқу техникасына үйретуге арналған жұмыс кезеңдері:  

     а) Оқуға арналған жұмыстардың реті:

1. Оқуға қиындық келтіретін сөздерді түсіндіру, аудармасын беру;

2. Мазмұнын толық түсінуге арналған оқу;

3. Оқушылардың мәтінді қалай түсінгенін сұрақтар арқылы тексеру;

4. Жоспар құрғызу;

5. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтқызу және т.б.

     ә) Оқу техникасына жаттықтыру:

1. Мұғалімнен (диктордан) соң қиын оқылатын сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді қайталау;

2. Мұғалім қойған сұрақтарға оқылған мәтіннен дауыстап жауап оқып беру;

3. Оқушыларға мәтінді азат жол бойынша дауыстап оқыту;

4. Оқығанда кеткен қателерді талдау, оқу ережелерін еске түсіру.

     Оқу техникасын жаттықтыру кезінде мәтінді оқыға берілетін уақытты алдын ала белгілеп қою маңызды болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

     Сабақ – колледждегі оқу – тәрбие жұмыстарының негізгі формасы, өйткені оқытушы сабақта оқушыларға білім береді, оларды тәрбиелейді және жеке бас қабілетін жан – жақты дамытады. Шеберлікпен ымдастырылған оқышылардың әр сабағының болашақ мамандарға берері зор. Сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, жаңа инновациялық әдістері жене жалпы оқытушылар мен оқушыларды жаңа технологияны өздігінен іздеуге итермелейді.

     Кәсіби педагогикалық мамандар даярлауда практикаға ерекше көңіл бөлінеді. 2002 – 2003 оқу жылдары 22 – ші және 2003 – 2004 оқу жылы 4 – ші орта мектепте өткен практикада оқушылар өздерінің теориялық білімдерін, шетел тілін сабағын ұйымдастырудағы ерекшеліктерді практикада қолданып, кәсіби біліктіліктерін жетілдірді.

     Мысалы: әр сабақта студенттер жоспарлы тақырыптарға сай тіл жаттықтыру үшін фонетикалық жаттығулар ретінде шағын тақпақ, өлеңдер мен мақалдарды, оқушыларды шетел тіліне ынтықтыру мақсатымен бірілген бағыт – бағдар бойынша тыңдатып, қайталатып отырады. Әр сыныпта фонетикалық жаттығулармен жұмыс ұйымдастырылмастан бұрын оқушыларға төменгі жұмыс бағыт – бағдары беріледі.

1.Өлеңді тыңдап мағынасын түсінуге тырыс.

2.Әр жолдағы ағылшын тіліне тән дыбыстардың дыбысталу ережесін ескер.

3.Ағылшын сөйлемдерінің түріне орай оқылу ережесін ескер.

4.Әр өлең жолын тыңдап, хормен қайталап тілінді жаттықтыр.

5.Әр өлен жолын тыңдап, жеке қайтала, тілінді жаттықтыр.

6.Дыбыстау ережесін ескеріп өлеңді оқы.

7.Өлең жолдарын жатқа айт.

     Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіргенде заттың өзі, сурет көрнекілігі қолданылады. Сонымен бірге сөздердің мағынасын сөздіктен таба алуына ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылардың дұрыс түсінгенін тексеру үшін, сөздің дыбысталуы және сөйлемдерді қолданылу жолдары келесі бағыт – бағдар бойынша жаттықтырылады:

1.Суретке мұқият қарап мағынасын түсінуге тырыс.

2.Жаңа сөздің айтылу ерекшелігін есте сақта.

3.Сөздің орфографиялық ерекшелігін есте сақта.

4.Сөздің сөйлемде қолданылу жолдарын есте сақта.

     Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктен дұрыс табу үшін оқушыларға келесі бағыттармен жұмыс ұсынылады:

1.Сөздің бірінші үш әріптерін ата.

2.Дауысты әріптердің оқылу ережелерін ата.

3.Берілген сөз аудармасын тап.

4.Сөздің оқылуына көңіл аудар.

5.Сөз аудармасын есте сақта.

     Оқушылар жаңа тақырыптар бойынша өткен сөздерді басқа адамдармен қарым – қатынаста қолдана алу үшін, ағылшын тілінің тілдік тұлғаларының сөйлемдерде қолданылу ережелерін яғни ағылшын тілі грамматикасын білуі керек. Грамматикада жай және сұраулы сөйлемдерді құрастыру жолдарын, етістіктердің әртүрлі шақтарда сөйлемдерде қолданылу ережелерін студенттер талдай және қорытындылай келе компьютердің көмегімен әр ереже бойынша грамматикалық кестелер дайындап, өз сабақтарында келесі бағыт – бағдар бойынша жұмыстар ұйымдастырады:

1.Грамматикалық материалдың атқаратын рөлі.

2.Оның жасалу жолдары.

3.Қолданылу жолдары.

4.Грамматикалық материалды үлгі сөйлемдер көмегімен қолдану.

     Тілге үйрету жаттығулардан басталады. Жаттығулар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сай беріледі. Күнделікті сабақтарда қолданылатын жаттығулар түрлері:

1.Берілген сөйлемдердің болымсыз және сұраулы түрлерін жаз.

2.Етістіктердің дұрыс түрлерін қолданып, сөйлемдерді аяқта.

3.Етістіктердің дұрыс түрін қолданып, сөйлемдерді аяқта.

     Сұраулы сөйлемдердің 4 түрлерін құрастыра білу, оларға дұрыс жауап бере білу, сөйлем үлгілерін ауызша еркін қолдана білу, ағылшын тілінен қазақ тіліне аудара білу, тақырыптар бойынша шығарма жазу сияқты жаттығулар түрлері ағылшын тілінде сөйлетін адамдармен қарым – қатынас жасап үйренуге бағытталады. Кез келген сөйлемге сұрақ қою үшін келесі бағыт – бағдар бойынша жұмыс ұсынылады:

1.Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тап.

2.Етістіктің түрін ата.

3.Етістіктің қай шақта тұрғанын ата.

4.Сөйлемді аудар.

     Оқушылардың тілін дамытуда оқудың алар орны ерекше. Ағылшын әріптері мен әріп тіркестерінің оқылу ережелерін меңгерген оқушыларды анық, тез оқитын дәрежеге жеткізу керек. Мәтінмен жұмыс кезінде көбіне сынып оқушылары үш топқа бөлінді. Әр топ оқушылары өздеріне бірілген мәтін мғынасын түсініп, әңгімелеп беру үшін төмендегі бағыт – бағдар бойынша жұмыс орындады:

1.Мәтінді өз бетінше іштей оқы.

2.Мәтін мағынасын түсінуге тырыс.

3.Әр сөйлемдегі таныс емес сөздер мағынасын сөйлемдегі басқа таныс сөздер мағынасына орай түсінуге тырыс.

1.Сөйлемдегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықта.

2.Түсінгеніңді суретке түсір.

3.Өз ойыңды жеткізу үшін жаңа сөздерді, грамматикалық ережелерді дұрыс қолдан.

4.Мәтін мағынасын сурет, диаграмма көмегімен басқа оқушыларға жеткіз.

     Кәсіптік біліктілігі жоғары, әдістеме ғылымының жаңалықтарымен қаруланған, техникалық оқу құралдарын қолдану жолдарын меңгерген болашақ мамандар дайындау бүгінгі басты мақсатымыз.   

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Аудиовизуальные материалы по иностранным языкам – важное средство интеллектуального развития учащихся. “Методика преподования иностранных языков в вузе” 1993 г.

2.Бородулина М.К. “Шетел тілін үйрену” – М, “Просвещение”, 1975 ж.

3.“Білім” №2/2006. 46-47 бет.

4.“Білімдегі жаңалықтар” №2(20) 2005 ж.

5.Қазақ тілі мектепте колледж және жоғары оқыту орнында оқыту №4/2004 ж. 37 бет.

6.Қазақ тілі әдістеме. №3/2009 ж. 2 бет.

7.Қазақстан мектебі №6/2010 ж. 21 бет.

8.Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері/Иностранные языки в школах Казахстана. Мамыр – Маусым. №3/3(45)/2009 ж. 29-33 бет.

9.Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері/Иностранные языки в школах Казахстана. Наурыз – Сәуір. №2(50)/2010 ж. 3-5 бет.    

10.Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері/ Иностранные языки в школах Казахстана. Қыркүйек – Қазан. №5/2003 ж. 31-34 бет. 

11.Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері/ Иностранные языки в школах Казахстана. Наурыз – Сәуір. №2(14)/2004 ж. 70-72 бет.  

12.Кузьмичева Т.Н. “Технические средства в обучении английскому языку”. – М. “Просвещение”, 2001 ж.

13.Мектептегі шет тілі №3/2006 ж. 41 бет.    

14.“Мектептегі шет тілі” №4/2003 ж, 30 бет.

15.“Мектептегі шет тілі” №2/2003 ж, 38 бет.

Информация о работе Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері