Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:22, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….......................3
1. Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері......................................................................................................6
1.1 Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның
ерекшеліктері…………………………………………………………………..................…6 1.2 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету…………………………………......…8
1.3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері…..............................10
2. Грамматиканы және фонетиканы оқыту........................................................14
2.1 Грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлері……………14
2.2 Грамматикалық материалды түсіндіру. Алғашқы сатыда грамматикалық структуралар мен етістік шақтарын түсіндіру. Грамматикалық материалмен жұмыс……………………………………………....................................19
2.3 Фонетикалық дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесі…………………………………………27
Қорытынды………………………………………………………………………………....29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………….…………………………………………….31

Работа содержит 1 файл

kursavoсссс.doc

— 490.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Грамматиканы және фонетиканы оқыту.

 

2.1 грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың

түрлері.

 

     Грамматиканы оқытудағы басты міндет сол грамматикалық құбылыстарды сөз әрекетінің әр түрінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырып, одан әрі дамыту болғандықтан, шетел тілін оқытуда грамматикалық материалды бекітуге арналған жаттығулар жетекші орын алады. Грамматикалық дағдыларды қалыптастырудағы басты қиындық тілдің жекелеген фактілерін есте сақтап қалуда емес, сол фактілерді қолдануда. Грамматикалық материалды бекітуге арналған жаттығулар төмендегі талаптарға сәйкес болуға тиіс:

  1. жаттығулар грамматикалық материалмен жұмыс істеуге үйретуге тиіс;
  2. олар сөз әрекетінің дамытылып отырған түрлерінің психофизиологиялық және лингвистикалық заңдылықтарына сәйкес келуі керек;
  3. жаттығулардың коммуникативтік бағдары болуға тиіс;
  4. жаттығулар дидактиканың жеңілден ауырға қарай деген принципіне сәйкес болуға тиіс;
  5. олар оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс.

     Репродуктивтік сөзге қажетті грамматикалық дағдылар рецептивтік сөзге қажетті дағдылардан өзгеше болады. Сондықтан оларды қалыптастыруға арналған жаттығулар да бірдей емес. Сөз әрекетінің әр түрін арнайы жаттығулар арқылы қалыптастырамыз.

     Репродуктивтік сөзде қолдануға арналған грамматикалық материалды бекітетін жаттығулар.

     Психологиялық зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, сөз механизімін қалыптастырудың мынадай алғы шарттары бар:

а) сөздің грамматикалық механизмдерін таныс (яғни түсіндіру кезеңін өткен) материал негізінде қалыптастыру;

ә) операциялар мен әрекеттердің қиындығын ескере отырып, оларды бірізділікпен қалыптастыру;

б) әрекетті автоматтандыру;

в) сөз механизмінің құрылымын бірте – бірте кеңейтін бірліктер негізінде қалыптастыру;

г) әр бірліктің коммуникативтік құндылығы.

     Осыған байланысты репродуктивтік сөзде қолданылатын грамматикалық материалды бекітуге арналған жаттығулардың үш түрін ажыратқан жөн:   

     1–түрі–грамматикалық құрылымдарды еліктеу арқылы қайталауға бағытталған жаттығулар. Мұнда оқушылар жаңа грамматикалық формасы бар сөз тіркестері мен сөйлемдерді үлгіге қарап қайталап айтады. Бұлай істеудің қажеттігі – кез келген әрекетті орындау үшін үлгі керек, ол үлгіге саналы түрде еліктеу қажет. Осы еліктеуіш жаттығуларға да коммуникативтік бағдар беруге болады. Мысалы:

     1) мұғалімнің айтқанын растаңдау. 

    Мұғалім: Altyn speaks English very well, doesn’t she?

     Оқушы: Yes, she does. Altyn speaks English very well.

     2) аталған іс - әрекеттерді сендер де істегендеріңді айтыңдар:

     Мұғалім: I swam so much in summer.

     Оқушы: I swam so much in summer, too.

     2–түрі–грамматикалық құрылымдардың кейбір элементтерін өзгертуге бағытталған жаттығулар. Мұнда оқушылар трансформация, перифраз жасайды, берілген құрылымды кеңейтеді. Бұл жаттығулар грамматикалық стереотиптердің қалыптасуына көмектеседі. 2–түрдің жаттығуларына коммуникативтік бағдар беру үшін арнайы тапсырмалар беру керек:

- Аталған іс - әрекеттің басқа оқушыларға да қатысты екенін айтыңдар. Мысалы: V: Farida stands near the blackboard. – O: Batyr and Umit stand near the blackboard, too.

- Менің істегенімді сенің де істегің келетігін айт: мысалы: M: I saw many interesting places in Almaty. – O: I’d like to see many interesting places in Almaty, too.

- Аталған іс - әрекетті істеуге мүмкіндігін жоғын айт: - Bakhit can take part in this competition. – An have not any chance to take part in this competition.

- Мұны істеу қиын екенін айт: - Laila may go to all museums of Almaty. – It’s too difficult to vizit all museums in Almaty.

     3 – түрі - өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде айтып жеткізу үшін грамматикалық құрылымдарды құрастыруға бағытталған жаттығулар қиындығына қарай бұлар екі топқа жіктеледі:

1. тіл материалы берілген, мазмұны белгілі жаттығулар;

2. тіл материалы берілмеген мазмұны белгісіз жаттығулар,

     Бұл жаттығуларды орындағанда жағдайды пайдаланып отыру керек, олардың әрқашанда коммуникативтік сипаты болуға тиіс. Мысалы:

  1. тіл материалы берілген, мазмұны белгілі жаттығулар:
    1. үзіліс кезінде кезекші не істейтіні айт (осы шақты қолдан);

     ә. сыныптан досын ауылға демалуға барды. Одан жазғы демалыс кезіндегі өмірі жайлы сұра (өткен шақты қолдан).

     2. тіл материалы  берілмеген, мазмұны белгілі емес жаттығулар:

    a. жанұяң туралы айт;

    ә. досың туралы айт;

     б. мектебің, кітапхана т.б. жайлы айт.

     Рецептивтік сөзде қолданылатын грамматикалық материалды бекітуге арналған жаттығулар.

     Рецептивтік сөз дегеніміз – басқа бір адамның ауызша немесе жазбаша сөзін қабылдау, сонны түсіну, қабылдау процесіне табу, теңестіру (идентификация) және тану операциялары кіреді. Демек, рецептивті сөзде қолданылатын грамматикалық құбылыстарды бекітетін жаттығулар сол құбылысты мәтіннен табуға, оны басқа ұқсас құбылыстардан ажыратуға, жаңадан түсіндірілген құбылыспен теңестіруге соның нәтижесінде оны танып түсінуге үйретуге тиіс.

     Осыған байланысты рецептивтік сөзде қолданылатын грамматикалық құбылысты бекітетін жаттығулардың мынадай түрлерін ажырату керек:                             

     1–оқып жатқан грамматикалық құбылыстарды мәтінде тануға арналған жаттығулар, мысалы: мәтінді оқындар, ондағы ырықсыз етістегі етістіктерді тауып, оның белгілерін атаңдар және т.б.

     2–грамматикалық құрылымды алдын ала болжауға арналған жаттығулар: сөйлемді жетпей тұрған құрылымдармен толықтырыңдар. 

     3–ұқсас құрылымдарды  бір–бірінен ажыратуға арналған  жаттығулар: сөйлемдерді оқып, олардағы  етістіктердің шақ формасын анықтаңдар. Мәтіннен етістіктерді көшіріп жазып алыңдар да, дұрыс етістіктерді бір бөлек, бұрыс етістіктерді бір бөлек топтастырыңдар.

     4 - өтіп жатқан грамматикалық құбылыстарға сүйеніп, осыған түсінуге үйрететін жаттығулар: мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беретін сөйлемдерді табыңдар. Мәтінді оқып, берілген жоспарға сай мазмұны бойынша үзінділерге бөліндер. Мәтінді оқыңдар, берілген үш сөйлемнің қайсысы оның негізгі ойын білдіретінін анықтаңдар т.б.

     Грамматикалық жаттығулардың мынандай түрлері бар:

1.Тану жаттығулары. Олар грамматикалық құрылымдар арқылы ауызша беріледі. Мысалы: сөйлемді таңдап, егер Past Indefinite де тұрған етістіктер болса, қолдарыңызды көтеріңіз деп тапсырма береді.

     Mike lives in Pushkin Street. I lived there last year.

     Ann comes home at half past two.

     She came home at 4 o’clock yesterday.

     Оқушылар мүғалімді тыңдап, етістікті таныса, қолдарын көтереді.

     Мұғалім әрбір оқушының түсінгенін тексере алады. Мысалы: сөйлемді оқыңыз.

  1. іс – қимыл аяқталмаған – She was reading the book.
  2. іс – қимыл аяқталған – She had read the book.
  3. Mother was cooking dinner

     Mother had cooked dinner     when I came.         

  1. Mary was sending letters

Mary had sent letters                when I saw her in the Post Office.

  1. It was raining

It had rained                             when they left home.

     Сөйлемді оқып, етістіктің дұрыс формасын таңдаңыз.

  1. I (go, went) to the library last Monday.
  2. Tom (takes, took) a bus when he goes to dchool.
  3. The children (say, said) good bye to the teacher and run away.

     Оқушылар сөйлемді оқып шығып, етістіктің осы сөйлемге байланысты берілген дұрыс түрін таңдауы керек.

     Үйрету жаттығулары қиынырақ, ол оқушылардың сабаққа қатысып, сөйлеуін талап етеді. Шет тңлңн үйретіде үйрету жаттығулары міндетті. Тек қана тыңдап және көру арқылы жаңа тақырыпты меңгеру мүмкін емес. Олар үйреннедерін дауыстап және іштей сөйлеп дағдыландырулары керек. Көбірек айтып, сөйлеген сайын тақырыпты жақсы меңгереді. Үйреті жаттуғулары төмендегші бөлінеді:    

    1. қайталау жаттығулары. Оқушылар сөйлеу үлгісіне еліктей отырып мұғалімнің соңына жекелей және хормен қайталайды: They are dancing in the park немесе оқушылар диалогты тыңдап қайталайды.

- Is Ann dancing now?

- No, she isn’t.

- What is the doing?

- She is watching television.

     Мысалы:

     Kate is helping her mother.

     Your sister is doing her homework.

     This girl is working at the farm.

     Сөйлеу үлгісінің, дыбыстардың, екпіннің, әуеннің дұрыс айтылуына назар аудару керек.

     ә. сәйкестендіру. Оқушылар сөздерді сәйкестендіріп қоя білу керек. Мысалы: the children are dancing in the park (in the garden, in the street, in the yard, in the hall, after classes, at the party).

     Бір оқушы сөздерді сәйкестендіріп қояды, қалғандары қайталап оқиды. Содан соң сөйлемдегі dancing сөзін басқа сөздермен алмастырып қойып, үйренеді.

     Мысалы: they are dancing (singing, working, walking, playing, running, talking, watering the flowers, planting trees, helping the workers) in the park.

     Белгілі бір етістікті қолдану суреттермен, сөздермен беріледі, аз жұмыс жасалып көп нәтижеге қол жеткізіледі, бұл жұмыс көп уақыт алмайды. Бұл жаттығудың тағы бір артықшылығы оқушы бұл жаттығуды грамматикалық құбылыс деп қарамайды, ол тек сөздермен жұмыс істейді, формаға назар аудармайды.

     б. қорытындылау (аяқтау). Оқушылар мұғалім көрсеткен суреттерді көре отырып, сөйлемдерді аяқтауы керек.  

     Мысалы:

     T: Look at the picture. Mike is a

     P1: Mike is getting up.

     CE: Mike is getting up.

     T: Mike is a

     P2: Mike is dressing.

     CE: Mike is dressing..

     Бұл жаттығуларды is етістігінің қолданылуына назар аудару керек. Мұғалім: Mike is a деп айтуы керек, бұл оқушының is етістігін тастап кету қателіктерін болдырмайды.

     в) мұғалімнің сқрақтарына жауап беру жаттығулары.

     Мысалы:

     T: Is Mike getting up?

     P1: Yes, he is.

     T: Who is getting up?

    P2: Mike is.

     T: What is Mike doing?

     P3: He is getting up.

     Үйрету жаттығулары ауызша не жазбаша, ауызша сыныпта, жазбаша үйде істеледі. Мысалы: оқушыларға берілген үлгі бойынша 5 – 7 сөйлемді жазып келу беріледі.

     Келесі сабақта үй тапсырмасы ауызша тексеріледі. Оқушылар өздерінің тапсырмаларын оқи отырып, тыңдауды үйренеді.

     3. Шығармашылық жаттығулар – бұл жаттығудың көп еңбекті талап ететін күрделі түрі. Мынадай түрлері бар:

     a. мұғалім көрсеткен сурет, зат бойынша әңгіме құрастыру. Мұғалім суретті көрсетіп Present Continious 3 – 5 болымды сөйлем құрастыруға тапсырма береді;

     ә. берілген грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар оқушылар Past Indefinite шағында қойып жауап береді;  

     б. мұғалім берген оқиға бойынша оқушылар әңгіме құрастырады. Мысалы, бір оқушы басқа оқушыға қимыл істеуге бұйрық береді, ал оқушы қимылды істейді, екіншісі қимылды суреттейді.

     P1: Go to the door Sasha.

     P2: Sasha is going to the door.

     P3: Open the door.                   

    P4: Sasha is opening the door.

     Бұл ретте Present Perfect және Past Indefinite шақтарында қолдануға болады.

     He has opened the door.

     We opened the door a minute ago.

     в. тақырып бойынша әңгіме (topic). Оқушы сынпқа келгеннен не істегенін айтып береді;

     г. грамматикалық тақырыптарды пайдаланып диалог құрастыру.

     Мысалы: P1: I have read an interesting book.

     P2: What is it about?

     P1: Indians.

     P2: Will you give it to me to read?

     P1: Why not?

     ғ. оқылған мәтінді ойлау;

     д. қайталап айтып беру;

     е. ағылшын тіліне аудару; 

     ж. еркін сөйлеуге қатысу. Мысалы: It есімдегі бар сөздің құрылымдары берілген (it is cold). Мұғалім бұл құрылымды мұнадай сұрақтар арқылы бекіте алады:

     T: What is the weather like today?

     Is it cold today.

     Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар сөйлемді жақсы үйренеді.

  1. Грамматикалық мәтіндер жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру мәтіндері арқылы да беріледі.
  2. тыңдап, түсінуге арналған мәтіндер;
  3. cөйлеуге арналған мәтіндер;
  4. оқуға арналған мәтіндер;
  5. бақылау тест мәтіндері.

     Бақылау тест мәтіндері оқушылардың грамматикалық білімдерін тексеруге мүмкіндік береді. Оған бос жерді толтыру, жақшаны ашу, өзгерту, кеңейту, т.б. тапсырмалар жатады.

       

       2.2 Грамматикалық материалды түсіндіру. Алғашқы сатыда грамматикалық структуралар мен етістік шақтарын түсіндіру. Грамматикалық материалмен жұмыс.

Информация о работе Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері