Ұстаз болу жүректің батырлығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 20:38, реферат

Описание работы

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.

Работа содержит 1 файл

ұстаздық дастаны.doc

— 315.00 Кб (Скачать)

 

Әділет: Мен ауылға, атаға “бөлейін” деп тұрған жоқпын. Өз ұстаздарыңның мұрагері болғаныңа қуанып тұрмын.

Тәлтік: Ағай, өзіңіз білесіз, мені бастауыш сыныпта республикаға белгілі Тәлім ағай тәрбиеледі емес пе?

Әділет: Білем...Білем... Тәрбиең  жаман болған жоқ...

Тәлтік: Баста  білім бар, диплом қалтада! Енді ұстаздық істің қызығын көрсек деп, салып-ұрып жүрміз, ағай.

Әділет: Сабыр ет, балам! Саған айтарым: сен шәкірттеріңнің  алғашқы үш сынағынан мүдірмей өтсең, нағыз ұстаз боласың.

Тәлтік:  Ха-ха-ха! Хи- хи- хи! Менен сынақ алатын кім олар, ағай?!

Әділет: Күлме, балам! Жеңіл күлкі жетесіздік болады. Сынақ...

Тәлтік: Ол қандай сынақ, ағай, айтыңызшы?!

Әділет: Сен алғашқы сабаққа барғанда, біріншіден, киген киімің шәкірттер жиіркенбейтіндей, үстіңе қонымды, бойыңа жарасымды болсын. Екіншіден шәкірттерің қандай сұрақ қойса да, оларды қақпаламай, қанағаттандыра жауап бер. Үшіншіден, олардың әуелгіде әдейі көрсеткен оқыс қылықтарына шыдап, сабырлылықпен тәлімді тәсіл қолдана біл...

Тәлтік: Ағай, амандық болса, бұл сынақтардан “қолпарақсыз -ақ” өтем!

Әділет: Егер ең алғаш жеңіл мінез көрсетсең, оқушылардың оғаш қылықтарының оты қаулап кетеді.

Тәлтік: Ха-ха-ха! Қойыңызшы, ағай... Олар, сонда, қандай қылық көрсетеді?! Ұлағатты ұстазын сыйлай алмаған шәкірт оңа ма?!

Әділет: Алғаш жеңіл мінезіңді байқап қалса, кластағы отыз оқушы, отыз түрлі қиқарлық көрсетуі мүмкін.

Тәлтік: Оқушыларды сонша сорақылыққа жібере қоймаспын, ағай...

Әділет: Шәкірттер шәлду-бәлду сөзді, шыдамсыздықты ұнатпай, шулап кетсе, ақылың таусылып, жүйкең құриды, масқара боласың.

Тәлтік: Хи-хи-хи! Бірден жүйкем құрып не бопты сонша!

Әділет: Сынып – сиқырлы  драма орны. Онда кездейсоқ керемет оқиғалар болуы мүмкін.

Тәлтік: Сыныпта жібі түзу оқушылар да болатын шығар?! Тіпті...

Әділет: Сабақ үстінде сол “жібі түзу” оқушыларды таба біл де, солар арқылы әдепті әдіс қолданып, сабырлылық мінез көрсет.

Тәлтік: Мен, амандық болса, Тәлім ағайдың тәсілін қолданам.

Әділет: Ол қандай тәсіл еді?

Тәлтік: Сабақ үстінде қыңқ еткен оқушының басына сызғыштың жалпақ жағымен сарт еткізем. Ол менің сөзімді тырп етпей тыңдайтын болады. “Баланы бастан” деген емес пе атамыз?!

Әділет:  Балаға кешірімді болу керек. Ұру – қылмыс, қорқыту – кінә!

Тәлтік:  Ағай, сіз қызық екенсіз! Жетесіздер желігіп, кешірген сайын кесірленіп кетпей ма? “Әркім қорыққанның құлы”. Біз Тәлім ағайды қорыққанымыздан сыйлайтынбыз.

Әділет:  “Кең болсаң, кем болмайсың”. Сабырлылық, салауаттылық, салтанаттылық – ұстаздық қасиет. Онсыз болмайды, балам.

Тәлтік:  Ағай, балаға қатал болмасаңыз, ол қағынып кетеді. Ондай қағындылықты өз басымыздан да кешіргенбіз.

Әділет: “Қаталдық” дегенді қорқыту, ұрып-соғу деп түсінсең, қателесесің. Балаға қатаң талап қоя біліп, оның орындалуын ерінбей-жалықпай қадағалау керек... Қаталдық – сол.

Тәлтік: Мына сөзіңіз мишығыма қона бастады, ағай. Бұл – дұрыс.

Әділет: Дұрыс болса, солай. Оқытушы оқушылардың алдында ұлы бейнені орындап тұрған актер іспеттес болу керек.

Тәлтік:  Ха-ха-ха! Ағай, мен бес жыл ұстаздық оқуды оқып келіп, енді балалардың алдында “әртіс” болуым керек пе?

Әділет: Күлкісі жоқ, балам! Ұстаз - әрі актер, әрі философ, әрі шәкіртінің ата-анасы, қамқоршысы, қадірлі жақыны.

Тәлтік: Мына сөздеріңіз ойыма орналаса бастады, ағай.

Әділет: Баланың алдында байыпты болу, оларды жақсы көріп, білім бере білу – нағыз ұстаздық, ұлылық қасиеттер.

 

Тәлтік :  Бала қағынса, қабақ түймей, даурықса, дауыс көтермей, қалай шыдауға болады, ағай-ау?! Мынау бір қиямет екен...

Әділет: Ұстаз болу оңай емес! Қасиетін тауып, қадірлей білсең, бала қағынбайды, қайта абырой сақтап, ақыл жинайды.

Тәлтік: Енді түсіндім, ұстаз болу қиынның қиыны сияқты ғой... Мен қайтсем жақсы ұстаз бола аламын?!

Әділет: Ұстаздыққа ұстамдылық керек...

Тәлтік: Сол ұстамдылық қасиет менде жоқ па деп қорқа бастадым...

Әділет: Міне, енді ұстаздық әрекет басталды. Өз кемшілігін білген адам сол кемшілікті жоя да біледі.

 

Тәлтік: Қияметтей қиын жұмысқа шыдамым жетсе жақсы болар еді.

 

Дауыс: Ұстаздық іс – қиын күрес, мұндай зіл:

Ұстаз болсаң, шыдамыңды  шыңдай біл!

 

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің кешіміз осымен аяқталады. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! Мына ән сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар!

(“Ұстазға” әні орындалады. Өлеңін жазған Сәбит Мұқанов.  Әнін жазған Қабділрашид Қайым).

 

 

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

(Шәкірттердің ұстаздарын  құттықтауы)

 

Көркемсөз оқушы:

 

Тойлайды бұл күнді  көптен,

Біздің байтақ, бақытты  ел.

Ұстаздарын шын жүректен,

Құттықтайды шәкірттер.

 

Арналады ұстаздарға,

Құрмет деген, төр деген.

Біздің елде адам бар  ма,

Ұстаз алдын көрмеген.

 

Мерекемен құттықтаймыз,

Мұғалімін әр пәннің.

Ұстаздарды көреміз  біз,

Шұғыласындай әр таңның.

 

Сіздер біздің өлеңіміз,

Сіздер біздің әніміз.

Тәртіпті боп үнемі  біз,

Беске оқимыз бәріміз.

 

Бірінші көрініс

Бірінші оқушы:

Шыбықтай едік алтыдан жаңа асқанда,

Бірінші сынып есігін жаңа ашқанда.

 

Екінші оқушы:

-“Ботам” деген сөзді  ғана білуші ек,

“Атан” деген сөзді  әлі білмеуші ек.

 

Үшінші оқушы:

-“Апам” деген сөзді  ғана білуші ек,

“Отан” деген сөзді  ғана білмеуші ек.

 

Төртінші оқушы:

-Білім бар теңіз:  болмайды екен мүлдем шек,

Біз сізге қарап: “Үйренсек”, дедік, - үйренсек!”

 

Бесінші оқушы: 

Ардақты ұстаз! Рақмет Сізге, рақмет!

 

Екінші көрініс

Бірінші оқушы:

-Үлкендерді сыйлауды,

Құнды кітап жинауды

 

Екінші оқушы:

-Адалдарды сүюді,

Тентектерді тыюды,

 

Үшінші оқушы:

-Оқуды ауыр көрме!  – деп,

Ылғи да алға өрле! –  деп,

 

Төртінші оқушы:

-Жақсы істерді құп  ал! – деп,

Досың үшін қуан деп.

 

Бесінші оқушы:

-Санамай жылдың күн,  айын,

Баулыдыңыз ұдайы

Алтыншы оқушы:

- Ұсындыңыз қол үшін:

Рақмет Сізге сол  үшін!

 

Үшінші көрініс

Бірінші оқушы:

  - Ақылыңызды тыңдаған

  Шәкірттеріңіз мыңдаған.

Екінші оқушы:

  -Етеді еңбек әр  елде:

  Жаяды атын әлемге!

Үшінші оқушы:

  -Емші атанған шәкірт те,

  Елші атанған шәкірт  те...

Төртінші оқушы:

  -Кәсіпкер де, мұғалім,

  Журналист те, не  ғалым...

Бесінші оқушы:

  -Ақын шәкірт табылар,

  Батыр шәкірт тағы  бар...

Алтыншы оқушы:

  -Біз үшін қиған  уақытын

  Өлшеп көр ұстаз бақытын!

 

Хормен:

Кеңейткен ойдың өрісін

Рақмет Сізге сол  үшін!

 

Төртінші көрініс

 

Бірінші оқушы:

-Ұстазымыз алғашқы

Ғұмыр бойы жолбасшы!

 

Екінші оқушы:

-Қалдырмаймыз Сізді  ұятқа!

Сіз үйреткен ақылмен

Талпынамыз мұратқа!

 

Хормен:

-Берекелі заман болсын,

Шәкірттеріңіз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда

Сіз жасайсыз сансыз шәкірт.

 

ӘН – ЖЫР ШАШУ...

 

ҰСТАЗҒА

 

Өлеңін жазған Сәбит  Мұқанов

Әнін жазған Қабділрашид  Қайым

 

Мұғалім.

Бұл – адамның ардақты  аты.

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады  осы адамнан.

Сүйеді, сондықтан да жақын жаты.

 

Қайырмасы:

 

Жаса, ұстаз, қарышта, қарышта,

Жетсін даңқың алысқа, алысқа!

“Мұғалім” – деп жырлаймыз  –

Барсақтағы Марсқа!

 

Бақытқа жол бастаған көсем бол – сен,

Бал тамған таңдайыңнан – шешен бол  сен,

Батыр бол қол бастаған, тағы сондай

Салада қанша биік өсе бер – сен.

 

Қайырмасы:

 

Жаса – сен: қай  жағдайда, қай заманда.

Әрдайым міндеттісің  бір адамға:

Былайғы жақын түгіл, оның орнын

Көрген жоқ басып, туған  ата–анаң да.

 

Қайырмасы:

 

Білімнің шарлағанда талай өрін,

Жаңалық ашқан шақта  нелер керім,

Бар адам, барлық қауым  мұғалімді

Сыйлайды мәңгі–бақи беріп төрін.

 

Қайырмасы.

 

МҰҒАЛІМ ОЛ БІЗДІҢ

 

Сөзі М.Әлімбайдыкі

Әнін жазған И.Нүсіпбаев

 

Білімнің кілтіндей

“Әліппе” ұстатқан,

Оқуға іркілмей,

Тоқуға ұстартқан,

Қамқоры ұл–қыздың –

Мұғалім ол біздің.

 

Қиынға төзуге

Үйреткен қашанда,

Жаманнан безуге

Жақсылық жасауға,

Қамқоры ұл-қыздың –

Мұғалім ол біздің.

 

Атай да сыйлайтын,

Атамның тұстасы,

Папам да сыйлайтын,

Ауылдың ұстазы,

Қамқоры ұл-қыздың –

Мұғалім ол біздің.

 

 

ҰСТАЗЫМ

Өліңін жазған: С.Тойлыбаев

Әнін жазған: М.Ташенов

Көтеріп жүктің салмағын,

Жолында өмір талмадың.

Мерейің қандай шуақты,

Ұстазым – асыл арманым!

 

Қайырмасы

Балғындарға баянды,

Сырын төккен – ұстазым!

Шәкіртіне аяулы

Нұрын төккен – ұстазым!

 

Есімде мәңгі қалдың да,

Жүректе ән боп жандың ба?

Есейіп бүгін кетсем де,

Шәкіртпін ұстаз алдында!

 

Қайырмасы:

Білім – ойдың сұлуын

Асу еткен – ұстазым!

Жүрегінің жылуын,

Шашу еткен – ұстазым!

 

МЕЙІРБАН ҰСТАЗДАР

Өлеңін жазған Қ. Жұмағалиев

Әнін жазған Ж. Еңсепов

 

Жайраңдап көктемім,

Күледі көкте күн.

Құшағын тұр жайып

Аяулы мектебім.

 

Қайырмасы:

Мейірбан ұстаздар,

Санама нұр құйған

Ұстазым көп менің.

 

Биікке өрлеген,

Тайсалып көрмеген

Ұрпақпыз, кеудесін

Қуаныш кернеген.

Ұстаз деп ән шырқап,

Күй төккен пернеден.

 

Қайырмасы:

Елімнің даласы,

Ауылы, қаласы,

Кәрісі, жасы да,

Кемеңгер данасы

Қарыздар ұстазға

Адамзат баласы.

 

АҚЫЛШЫМ – МҰҒАЛІМ

Әнін жазған  Сайболат Жанғабылов

Өлеңін жазған  Әнуарбек Дүйсенбиев

 

Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім.

Баулитын өмірге

Ақылшым – 

мұғалім.

 

 

                   Қайырмасы:

Тіліңді аламын,

Айтқанды ұғамын.

Мен сендей боламын,

Ақылшым - мұғалім.

 

Арқаңда өзіңнің

Адам боп шығамын.

Бәрі алтын сөзіңнің,

Ақылшым – мұғалім.

            Қайырмасы.

Информация о работе Ұстаз болу жүректің батырлығы