Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:20, курсовая работа

Описание работы

Өндірістік оқыту экономикалық тәрбиенің және оқушылардың экономикалық дайындығын тереңдетудің маңызды педагогикалық құралы болып табылады. Мұнда ең алдымен, еңбек іс-әрекеті экономикалық мақсатқа бағытталатын кәсіби шеберлік қалыптасады. Өндірістік оқыту процесінде мұндай мәселелерді шешудің негізгі жолдары мыналар болып табылады:
оқушыларды орындалатын еңбек іс-әрекетіне экономикалық талдау жасау қабілетін қалыптастыру;
оқушыларды оқу-өндірістік жұмыстарды орындаудың экономикалық мақсатқа сай технологиясын таңдап алуын мадақтау;
оқушыларды орындалған еңбек процесін экономикалық негіздеуге, экономикалық есептеулерді жүргізуге, оқу-өндірістік жұмыстарды орындаудың экономикалық тұрғыдан ең тиімді еңбек амалдары мен тәслдерін қолдануға үйрету.

Содержание

Кіріспе

1 Өндірістік оқыту – оқыту әдістерінің формасы

1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым

1.2 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі

1.3 Өндірістік оқыту әдістері
2 Өндірістік оқытудағы сапалы жұмыс пен кәсіби дербестік

2.1 Өндірістік оқытудың практикалық әдістерінің бірі жаттығу

2.2 Оқушыларды өндірісте сапалы жұмыс істеуге үйрету

2.3 Оқушылардың өндірістік оқыту барысында кәсіби дербестігінің қалыптасуы және дамуы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 203.00 Кб (Скачать)

Үздіксіз білім  беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске  және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқьпу процесі — түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен зандылықтар арнайы айқындалатын зандылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феномен мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктсрі – зандарды құрайды.

Оқыту процесінің заңдылықтары:

  • оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ыкыласын қажет етеді.
  • оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің сәйкес болу зандылығы. Бұл заңдылык мұғалімнің, оқыту процесінде баланың айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.
  • оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқыту әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы қызығушылықтары мен мінез – құлықтарын ескеруді және оқу -тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.

Оқытушы мен  оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының мүмкіндікгеріне сәйкестігі. Оқытудың техникалық құралдары нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қатаң түрде сәйкестікпен қолданылуы керек.

Оқытушы мен  оқушының іс-әркетін қазіргі таңдағы  өмір мен іс-әрекеттің талаптарына  сәйкес модельдеу. Сондықтан олардың барлық оқулары ойын түріндегі тірішілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.

Сонымен, оқыту  үрдісінің заңдылығы – құбылыстар мен үрдістердің дамуын бейнелейтін, объективті, қажетті, мәнді байланыс.

Жалпы заңдылықтар:

- оқыту талаптарына  сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру;

- ол білім  беру,тәрбие және дамыту процестерімен  байланысы;

- оқыту процесі  оқушыны нақты оқу мүмкіндігін және сыртқы жағдайына тәуелді;

- білім беру  мен оқу процесі заңды түрде  өзара байланысты;

- оқытудын мазмұны  ғылымның даму логикасы және  деңгейіне, қоғамның талабын көрсететін  міндеттеріне тәуелді;

- оқытудың әдістері  мен құралдары және оқуды ынталандыру, оқу іс-әрекетінің бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру білім беру мазмұнына және міндеттеріне тәуелді;

- оқытуды ұйымдастыру  формалары оқытудың міндетіне,  мазмұнына және әдісіне тәуелді;

- үйлесімді  жағдайға сәйкес оқу процесін  барлап заңдылықтарын мен компоненттерін өзара байланысын оқытуды берік, саналы және іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз етеді.

- оқытудың барлығына тән зандылықтар қандай-да бір түрінде болмыс көрінес беруі сөзсіз.

 Оқыту мақсаты,  оның мазмұны және әдістері  арасында тұрақты тәуелділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын, әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа жетудің шарты болып табылады.

Заңдылықтар оқушы  мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның қолданатын құралдарына, оқыту  әдістері және оқу материалының мазмұнына  тәуелді. Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына толықтығын сезінеме және мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді.

Оқыту процесін танымньщ арнайы процесі ретінде  оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс  ретінде – қарама-қайшылықтарында  түсіңдіру керек. Осыған байланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шыңдық жолында тұрақты қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкеңді кішілі серпілістердің, құлдыраудың, күтпеген ойлардың туындайтынын, толғаныстарын болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индуция да, мәңдісі де, мәнсізі де болады.

Жалпы ретті  қарама-қайшылықтар пайда болады:

- қоғамдық -тарихи  білімдері көлемі мен оқушының  оны меңгерген көлемі арасында;

- оқушының жеке танымдық іс-әрекеті және қоғамдық -тарихи танымы арасында;

- оқушының қол  жететін даму деңгейімен оқыту  барысында алға жетелейтін оқу  міндеттері арасында;

- жеке ретті  қарама-қайшылықтар пайда болады;

- бұрынғы білім  деңгейі мен оны «жататын»  жаңа білім арасында;

- білім мен  оны біліктілікпен қолдану арасында;

- оқуға және  оқытуға оқушыларды қол жеткен  және кажетті қатынас деңгейі  арасында;

- күрделі танымдық  міндеттер мен соларды шешу  үшін бұрынғы кемшіліктері әдістері  арасында.

Негізгі қайшылықтар  оқыту процесінің қозғаушы күші, себебі таным процесі де сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерлікгерінің және дағдыларның деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастары арасыңдағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.

Педагогикалық үрдістің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарымен байланыстырады. Педагогикалық үрдістің ішкі қозғаушы күші танымдык еңбек, практикалық, қоғамдық сииаттағы талаптар мен оларды іске асырудағы оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасыңдағы қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның оқытудың қозғаушы күші – бір жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құраддары мен мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік мотивсіз жасалмайды. Сондықтан оқушылардың мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті болып есептеледі.

Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда ғана оқушылар үшін мәнді болып, оқьпудың қозғаушы күші бола алады, ал қарама-қайшылықтың шешімі – олардың анық ұғынулары керек қажеттілік. Оқьпудың қозғаушы күші ретінде қарама-қайшылықтың болуы шарты – оқушылардың танымдық өрісіне сәйкестігі. Оқушылардың білімді тек қана «ұстап қалмауы», соған «тіреліп» қалмас үшін және өз беттерінше шешу тәсілдерін табу үшін, оқыту процесінің барысында логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала әзірленуі маңызды.

Оқытудың принциптері  оқыту процесінің заңдылықтарынан  дамиды. Олар көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мекгептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады.

Принциптері –  бұл педагогтың өзінің тәжірибелік  іс-әрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Яғни, ұстанымның заңдылықтардан айырмашылығы, опың тұлғаға тәуелділігі: ол оны қолданады немесе оны қажет етпейді.

Ал, зандылықтар  тұлғаның еркіне тәуелді емес: ол оны  тек қана іс-әрекетті ұйымдастыру  барысында ескеруі мүмкін.

Оқыту принциптері – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, неігзгі жағдайлар. Оқыту процесін құрылымдауда оқытудың ұстамдарына сүйенуге міндетті болғаңдықтан, оларды» әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз:

- оқытудың саналылық, белсенділік және өз бетіншілік принциптері оқушылардың сабақтың мақсаты мен міндетіне жауапкершілігін, оның практикалық мәінін ұғынуды қажет етеді. Оқытудың тиімді әдістері, оқытудың техникалық құралдары және басқа да көрнекі құралдар қазіргі кездегі әдістемелер тәсілдері арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, жаңа материадды оқу және оны тәжірбиеде қолдану процесінде шығармашылықтың, белсенділіктің дамуына қабілеттендіреді;

- оқытудың көрнекілік принципі, көрнекіліктің сабақтың мақсатына және мазмұнына жауап беруіне, айқын мазмұнды болуына, ұғымды әрі түсінікті болып, шығармашылық және әдістемелік жағынан дұрыс қолданынуына бағыттайды;

- жүйелілік, бірізділік, және кешенділік принциптері: оқу пәнінің білімдерін жүйелі беруге жаңа білімді бұрынғы білімдермен байланыстыра оқытуды, оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен нәтижесіне жүйелі және нақты бақылау жасауды; оқу сабақтарының нақты жоспарын іске асыруды, оқу материалының логикалық байланысы мен орналасуын қатаң сақтауды талап етеді;

- күрделіліктің жоғарғы деңгейінде оқыту принципі оқушылардың ақыл – ой және дене мүмкіндіктерін үнемі ескере отыру; оқу материалының және олардың мазмұндалу қарқынының күрделілігіне; оқушылардың бастапқы дайындығының деңгейіне сүйене отырып, оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп оқытуға; оқушылардың оқу әрекеттерінің қиыншылықтарын жеңуге саналы қатынасын тәрбиелеуге бағдарлайды;

- білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі принцині: оқушыларға оқылып отырған материалдың олардың тәжірибелік іс-әрекеттері үшін маңыздылығын түсіндіруді оқытылатын материалды және ең бірінші оның негізгі мазмұнын берік, әрі ұзақ уақытқа дейін еске сақтауға деген мақсатын қалыптастыруды; бұрын оқытылған оқу материалын жүйелі ұйымдастырылған түрде қайталауды; оқытылған материалдың игерілуіне жүйелі түрде бақылау жүргізуді талап етеді;

- оқытудың топтық және жеке тәсілдері принципі; балаларды келісімге негізделген бірлестік әрекеттерде оқытуға, топта жағымды психикалық жағдайда оқытуды болжайды.

Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін тандауды белгілейтін принциптері ережелері педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.

 

 

1.2 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі

 

 

Кәсіп – (профессия-латын  тілінен аударғанда professio) адамның  білімі туралы тиісті құжаттармен расталған  кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.

Бүгінгі заманда  кәсіптік білім беру саласында адамның  табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау кезек күттірмейтін талап. Адам еңбек  ету іс-әрекетінде білім мен ептілікті  игеру үшін кәсіптік білім беру қажет.

Кәсіби білім – қандай да бір кәсіп аясында біліктілік қызметіне қажетті жүйелі білік, дағдылыарды игеру процессі, құралы мен нәтижесі, және де сол кәсіби ортаға сай мінез-құлық ережелері мен нормаларды сақтауды қарастырады.

Кәсіби оқыту  – педагог пен оқушының кәсібіне қатысты ғылыми техникалық жүйелерді игерудегі және де типтік кәсіби міндеттерді шешеуге қажетті біліктер мен дағдыларды меңгеруге бірігіп жасайтын қызмет.

Кәсіби тәрбиелеу  – педагог пен оқушының нақты  кәсіби ортада қалыптасқан жүріс-тұрыс  ережелдері мен нормаларын игерудегі және оқушыда кәсіби қажетті және әлеуметті маңызды тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда бірлесіп жасайтын қызмет.

Мамандық –  бұл кәсіби еңбектегі тар ауқымды  жұмыстарды қарастыратын кәсіби қызмет түрі.

Кәсіби оқыту  білім берудің негізгі жолы. Кәсіби оқытудың басты мақсаты – білім алушының кәсіби білімділігін арттыру.

Оқу процесі  – табиғат және қоғам жайында  ғылымда жинақталған  білім жүйесін  басқа адамдардың меңгеруіне және оны  өмірде тиімді етіп қолдануын айтады. Оқу процесін басқару әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады:

- нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрінісі екені мәлім.

- білім беру нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда жастардың кәсіптік дайындығының кәсіптік шеберлігінң деңгейі, сәттіліктің кепілі бола алады.кәсіптік оқу орнында оқу процесін іске асыру педагогтың саналы іс-әрекет жасау қабілетіне байланысты. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзіреттілігінен шешіледі.

Кәсіптік білім  беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары  және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:

  • Бастауыш кәсіптік білім;
  • Орта кәсіптік білім;
  • Жоғары кәсіптік білім;
  • Қосымша кәсіптік білім.

Информация о работе Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі