Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:20, курсовая работа

Описание работы

Өндірістік оқыту экономикалық тәрбиенің және оқушылардың экономикалық дайындығын тереңдетудің маңызды педагогикалық құралы болып табылады. Мұнда ең алдымен, еңбек іс-әрекеті экономикалық мақсатқа бағытталатын кәсіби шеберлік қалыптасады. Өндірістік оқыту процесінде мұндай мәселелерді шешудің негізгі жолдары мыналар болып табылады:
оқушыларды орындалатын еңбек іс-әрекетіне экономикалық талдау жасау қабілетін қалыптастыру;
оқушыларды оқу-өндірістік жұмыстарды орындаудың экономикалық мақсатқа сай технологиясын таңдап алуын мадақтау;
оқушыларды орындалған еңбек процесін экономикалық негіздеуге, экономикалық есептеулерді жүргізуге, оқу-өндірістік жұмыстарды орындаудың экономикалық тұрғыдан ең тиімді еңбек амалдары мен тәслдерін қолдануға үйрету.

Содержание

Кіріспе

1 Өндірістік оқыту – оқыту әдістерінің формасы

1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым

1.2 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі

1.3 Өндірістік оқыту әдістері
2 Өндірістік оқытудағы сапалы жұмыс пен кәсіби дербестік

2.1 Өндірістік оқытудың практикалық әдістерінің бірі жаттығу

2.2 Оқушыларды өндірісте сапалы жұмыс істеуге үйрету

2.3 Оқушылардың өндірістік оқыту барысында кәсіби дербестігінің қалыптасуы және дамуы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 203.00 Кб (Скачать)

Кәсіптік мектептер  мен лицейлерде негізгі білім  базасында орта білім берумен  бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлерін дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде  3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіпті саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімде жұмыс істей алады.

Кәсіптік лицей  – кәсіби білім беру жүйесіндегі  болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.

Оның мақсаты  – азаматты жұмысшы мамандығына  дайындауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.

Білім беру ақпараты – белгілі бір кәсіп саласы не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету. Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы оқушылырға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет.

Кәсіптік мектептерде  кәсіби білім беру дегеніміз – инженер-педагогтық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті олардың теориялық білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру.

 

 

1.3 Өндірістік оқыту әдістері

 

 

Өндірістік  оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық тәжірибе негізі арқылы оқытушылар оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Теория мен  практика бірлігінде тәжірибиешінің айқындаушы рөлі бар. Өндірістік оқыту шеберлері  мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе оқу шеберханаларында жүргізіледі.

Өндірістік оқыту – оқу шеберханасындағы кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсету аясындағы еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны, диплом алдындағы практика.

Өндірістік  оқытудың мынадай формалары бар:

  • оқу шеберханаларында оқыту (оқу-өндірістік цех,  оқу шаруашылығы т.б);
  • өндірісте оқыту;

Оқу шеберханасында  - өндірістік сабақ, ал кәсіпорында  – өндірістік оқыту жүзеге асырылады.

Оқу шеберханаларындағы процесс 2 кезеңге бөлінеді:

  • операциялық;
  • кешенді жұмыстарды атқару.

Өндірістік  оқытуды шартты мына 3 түрге бөлеміз:

  • алғашқы белгілі бір жұмысты атқаруда икемділікті қалыптастыратын сабақ;
  • алғашқы икемділікті жетілдіріп, дағды әрекеттерін қалыптастырушы сабақ;
  • кешенді жұмыстарды атқаруда икемділікпен дағдыларды жетілдіре отырып, белгілі бір машық түрін орнықтыратын сабақ.

Өндірістік  оқыту (практикалық) сабақтарын оқу  шеберханаларында цехтарда өткізудің  мынандай түрлері бар:

  • жаңа еңбек тәсілдерін үйрететін сабақ;
  • өткен тәсілдерді бекітуге арналған сабақ.

Мұның өзі:

  • жаттығу сабақтары;
  • оқу-өндірістік бұйымдарды өз бетінше жасау сабағы;
  • аралас сабақтар (комбинированные).

Өнеркәсіп не өндіріс  ұйымдарында өндірістік оқытудың (Н.Е.Эрганов бойынша) мынадай түрлері бар:

  • өндірістік жағдайды білім мен дағдыларды қалыптастыратын, кешенді және күрделі жұмыстар түрін атқару;
  • өндірісте білікті жұмысшылар іс-әрекетті оқушылардың бақылауын ұйымдастыратын оқыту түрі;
  • сол жұмысты практикант-студенттің атқаруы;
  • нақты кәсіп бойынша штаттық жұмыс орнында өндірістік практика өткізу;
  • бақылау-тексеру және біліктілік сынақтарын жүргізетін оқыту түрі;
  • топ саяхат ұйымдастыру (экскурсия).

Өндірістік  оқыту түрін осы сызба арқылы да байқауға болады:


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сызба. Өндірістік  оқыту сызбасы

 

Кейінгі кезде  теориялық немесе өндірістік оқытудың белсенді әдістері кең жолға қойыла бастады. Мысалы, Ресей ғалымы С.М.Вишнякованың жіктеуі бойынша оның мынадай  әдістері бар ол төменгі сұлбада  көрсетілген.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сызба. Өндірістік оқытудың белсенді әдістері

 

Өндірістік  оқытудың өзіне тән ерекше әдісі  – нұсқау беру. Ол өндірістік оқыту  кезінде еңбек қызметін атқару үшін іске асырылады. Ұсыныстар мен нұсқаулар  беруі, еңбек қауіпсіздігі техникасын сақтау, өндірістік гигиена талаптарын орындауды үйрету жазбаша да, ауызшада беріледі.

Енді солардың түріне тоқталайық:

Кіріспе нұсқау – оқушыларға белгілі бір жұмысты  белсенді және саналы түрде атқару үшін жүргізілетін алғашқы дайындық. Мұнда тәжірибе жүргізу мен түсіндіру  жұмыстары қатар жүргізіледі.

Оның тәжірибиесінде құрылғылардың ішкі, көзге көрінбейтін процестерін түсіндіруге болады. Мысалы, олар:

  • құрылғылардың жұмыс кезіндегі физикалық және химиялық процестері;

кинематикалық схемада көрсетілген бөлшектер мен тораптардың өзара қимылы;

  • түрлі блоктардың, модульдердің, электр-радио элементтері мен өлшеу аспаптарының жұмыс істеуі мен өзара бірлескен әрекеті;
  • құрылғылар мен аспаптардағы жұмыс істеу кезіндегі ішкі өзгерістер сипаттамасы, т.с.с.

Кіріспе нұсқау, негізінен, өндірістік оқыту сабақты  өткізу барысында жүргізіліп, мына үлгідегі құрылымды қамтиды:

  • сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру;
  • оқушылардың теориялық дайындығын тексеру;
  • сабақта жоспарланған жұмыс мазмұнын түсіндіру, жаттығулар мен өз бетінше жұмыстардың орындалу тәртібі;
  • жасалынатын техникалық бұйымдардың сұлбасын, кестесін қарастыру;
  • оқу-өндірістік жұмыстарға қажетті материалдық объектілерді демонстрациялау;
  • оқушыларға оқу-өндірістік жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтармен, құрылғылар мен аспаптармен таныстыру;
  • жұмысты тиімді орындау, сапасын бақылау тәсілдері мен әдістерін түсіндіру және демонстрациялау;
  • қателіктер мен ақаулардың алдын алу және болдырмау шараларын қарастыру;
  • оқу-өндірістік жұмыстарды атқару кезінде жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру білуді түсіндіру және көрсету;
  • шеберханада, не өндірісте жұмысты атқару кезінде, еңбек және қауіпсіздік ережелерін ескеру;
  • кіріспе  нұсқаудың қалай түсінгенін сұрау, бақылау, бекіту,егер қажет болса тиісті жерлерін қайталау;
  • оқушыларға тапсырма беріп, жұмыс орындарына бөлу.

Бұл келтірілген  құрылымдар оқу мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне қарай, не өндірістік оқыту шеберінің не оқу не тәрбие мақсатына байланысты ішінара өзгеріске ұшырауы да мүмкін.

Ағымдағы нұсқау – кіріспе нұсқаудан соң жүргізіліп еңбек жаттығуларын орындауда жиі  жіберілетін қателіктерді болдырмауға бағытталады. Ол әрбір оқушымен жеке өткізіледі. Ағымдағы нұсқау кезінде өндірістік оқыту шебері оқушының жұмыс орындарын аралап, тексеріп мына нәтижелерге назар аударуы тиіс:

  • жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына;
  • еңбек қызметін, тәсілдерін дұрыс атқаруға;
  • бақылау-өлшек аспаптары мен құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануға;
  • техникалық құжаттардыдұрыс пайдалана білуге;
  • техника қауіпсіздігіережелерін және өндірістік санитария мен гигиена норамаларын сақтауға.

Ағымдағы нұсқау кезінде шебер өндірістік орындағы оқушылардың жұмыс орнын кезең-кезеңімен мына төмендегі мақсаттарды шешу үшін, бірнеше рет жүргізеді.

1-ші аралау: кіріспе нұсқаудан соң, барлық  оқушылар іске кіріскен кезде;

2-ші аралау: оқушылардың жұмыс орындарын  дұрыс ұйымдастырғанын, оның тәсілдерін меңгеру дәрежесін, материалдар мен құралдарды тиімділігін, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау шарттарын тексереді.

3-ші аралау: жұмысты атқару барысында жәберген  қателіктері және оларды жою жолдарын іске асыру үшін.

Қорытынды нұсқау – шебердің жұмысты атқару кезінде істің сапасы, дұрыс орындалуы және жіберілген қателіктеррдің жалпы сипаттамасы қорытындылады. Ол өндірістік оқыту соңында, не тиісті оқыту бағдарламасы не тараулар аяқталған соң оқушылармен белсенді әңгіме түрінде жүргізіледі.

Жазбаша нұсқау – өндірістік оқыту процесінде дидактикалық жазыққа ие. Өйткені ол, түрлі ақпараттық мәліметтерді біріктіреді: сөздік, графикалық-сызбалы, мәтінге бақылау сұрақтарын енгізу, кесте толтыру т.б.

Жазбаша нұсқа – өндірістік оқу жағдайында кеңінен қолданылады. Жазбаша нұсқау білім алушылардың өз беттерінше дағдыларын дамытуда өңдеу технологиясын дұрыс табады, мамандықты тез игеруіне көмектеседі, өндірістік оқуды шебер басқаруды жеңілдетеді. Өндіріс кәсіпорнында және шеберханаларында нұсқау материалдары оқылады. Білім алушылар шебердің көмегінсіз, инструкциямен жұмыс жасауға дағдыланады. Жазбаша нұсқаудың тиімділігі қандай жағдайда жоғарылайды. Егер дидактикалық талап бойынша дұрыс жауап берсе және өндірістік оқытуда басқа әдістермен сәйкес қолданылса. Өндірістік оқыту шебері жазбаша нұсқаудан картотека, нұсқау түрін, тақырыбы бойынша бағдарлама, тақырыпты анықтау, жұмыс түрін, орындалу операциясы, жазба нұсқауларын құру, әр жаттығудың орындалу тәртібін анықтау, өңделу технологиясының түсінігі, жұмыс ережесі және жазба карта түрлерін анықтап жасауы тиіс.

Жазба нұсқаулардың келесі түрлері ұсынылады: нұсқау (инструкциялық) картасы, технологиялық карта, инструкциялы-технологиялық  карта, ақаудың болу себептері бар  картасы, үй тапсырмасы, бақылау картасы, сапаны бақылау әдіс картасы, еңбекті ұйымдастыру картасы, еңбект бөлу жұмысына арналған нұсқау-технологиялық карта т.б.

Нұсқаудың ерекшелігі болып мыналар сипатталады: біріншіден, мазмұндарын толық игеріп алатындай  және түсінікті болу, екіншіден, мазмұны  ықшамдалған түрде. Нұсқау картада жұмыстың қандай да болсын түрінің бірізділік мазмұны, жаттығулары немесе негізгі көрсеткіштері мен анықтамаларды дұрыс сақтау міндеттері көрсетіледі. Мысалы, «Қол жұмысына арналған құрал саймандар және оларды қолдану ережелері», «Инеге жіпті сабақтау», «Жұмыс орнында дұрыс отырғызу» т.с.с.

Технологиялық картада жұмыстың немесе оқу технологиялық  операцияның орындалу талаптары  көрсетіледі.

Технологиялық картада міндетті түрде, өңделу бірізділігі, техникалық шарттары және қолданылатын құрал-саймандар мен жабдықтар көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі ережесі де болуы тиіс және де бұйым, түйін, бөліктердің өңделу технологиялық бірізділігінің түрлері де құралып жазылады.

Нұсқау технологиялық  картада – оқу-өндірістік жұмыстың техникалық және технологиялық талаптарының дұрыс орындалу ережелері, сонымен қатар, еңбек қауіпсіздік ережесі де көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Өндірістік оқытудағы сапалы жұмыс пен кәсіби дербестік

 

 

2.1 Өндірістік оқытудың практикалық әдістерінің бірі жаттығу

 

 

Өндірістік  оқыту: оқыту шеберханасындағы сабақ, кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны т.б.

Өндірістік  практика – жоғары мектепте оқу  процесін ұйымдастырудың көп формаларының бірі. Өндірістік практиканың дидактикалық мақсаттары – кәсіби ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы игерілген білімдерді кеңіту, бекіту, қорытындылау және жүйелеу.

Өндірістік  практиканың құрылымы практикалық оқу мазмұнына байланысты айқындалып, нәтижеде ол маманның кәсіби іс-әрекетке болған біртұтас дайындығын, яғни нақты маманның өз біліктілігінің сипаттамасына сәйкес кәсіби қызмет лауазымдарын атқаруға дайын болуын қамтамасыз етуі шарт.

Жаттығу туралы өндірістік оқытудың негізгі әдісі оқулықтарда көп айтылған. Әсіресе, практикалық жұмыстар кезінде жаттығудың мәні, оның дидактикалық маңызы, басшылық ету, өндіріс шеберінің алдындағы нұсқау беруі туралы т.б. мәселелер жеткілікті берілген. Практикалық курс бағдарламасы жаттығу әдісі арқылы материалды игертуге бағытталуы тиіс. Оқулықтарда жазылған тәсілдерді іске асырып, оны дағдыға айналдыру үшін шебер де, оқушы да ерінбей тер төгуі қажет, онсыз кәсіпке машықтану қиын іс. Өндірістік оқыту шебері өтілетін практикалық жұмыстарды бөлімдерге бөліп, алдын-ала шебердің өзі мұқият танысып алуы қажет. Әрбір өтілген, әрі алда өтілетін практикалық жұмыстар кезеңі бір-бірімен сабақтасып жатқаны жөн. Жаттығуды өтпес бұрын алдымен атқарылар іске жалпы сипаттама беріп оған талдау жасалынады. Сосын қимыл-әрекеті бірнеше рет қайталайды, мұнда сандық көрсеткіштер бірте-бірте сапалық көрсеткішке ұласуы тиіс. Кейде, бұл әрекеттер біліктілік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізуі де мүмкін. Өндірістік оқыту шебері бұл жағдайда әрбір қимылдарды, оның кезеңдерін конспект етіп жаздырып мына талап-сипаттамаларға қысқаша түсінік беруі тиіс:

Информация о работе Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі