Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 04:43, курс лекций

Описание работы

Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы ретінде және хаттамалық тәжірибенің қалыптасу тарихы туралы түсінік беру; студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Работа содержит 1 файл

Дипломатиялы- хаттама дипломатияны- ма-ызды --ралы (1).doc

— 316.00 Кб (Скачать)

Бөлім 1. Дипломатиялық  хаттама - дипломатияның маңызды құралы

 

Глоссарий:

Дипломатия – мемлекет пен үкімет басшыларының, мемлекеттік сыртқы істер органдары қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы саяси іс-әркеттері. Бұған қоса, дипломатияға халықаралық ынтымақтастықты орнату, кеңейту, сақтау, ұлтаралық жанжалдарды болдырмау және оны реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер, халықаралық конференциялар жұмысына қатысушы делегациялардың қызметі, сондай-ақ, мемлекеттің шет ел азаматтары мен мекемелерінің құқықтарын, мүдделерін қорғау да жатады.

Дипломатиялық корпус – қабылдаушы мемлекеттің үкіметі таныған шетелдік диломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің ортақ атауы. Дипломатиялық корпус қандай да бір халықаралық құқық нормаларына негізделген институт немее заңды тұлға құқығы бар ұйым емес.

  Дипломатиялық өкілдік – мемлекеттің шетелдегі дипломатиялық өкіл басқаратын, сыртқы істермен айналысатын органы. Елші басқаратын Дипломатиялық өкілдік елшілік деп аталады, ал уәкіл немесе уақытша сеніп тапырылған уәкіл бақаратын Дипломатиялық өкілдік миссия деп аталады. Бірқатар мемлекеттерде Дипломатиялық өкілдікдіктердің басқа да атаулары кездеседі.

  Елшілік – бір мемлекеттің екінші мемлекетте елші басқаратын дипломатиялық өкілдігі. Өзі тұрған мемлекеттің орталық қаласында орналасып, сол елмен өз мемлекеті арасында дипломатиялық қатынас үзілгенге дейін болады. Елшілік құрамына елшіден басқа дипломатиялық қызметкерлер және қызметшілер штаты енеді. Елшілік қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің дербестік және дипломатиялық иммунитеттік құқықтары бар.

Консулдық құқық – консулдық мекемелердің және олардың қызметкерлерінің қызметін реттейтін, олардың мәртебесін, атқарымдарын, құқықтар мен міндеттерін айқындайтын ұлттық және халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығы. Ол консулдардың құқықтық жағдайын, олардың құрылу рәсімі мен қызмет ету режимін етке келтіреді, консулдар мен басқа да лауазымдарды қызметкерлерді тағайындау ретін тәртіптейді, олардың міндеттерінің тізбесін, оларға берілетін артықшылықтардың, жеңілдіктер мен имунитеттердің ауқымын айқындайды.

Тақырып 1. Дипломатиялық  хаттама  - дипломатияның маңызды құралы. 

Дәріс мақсаты:  Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы ретінде және хаттамалық тәжірибенің қалыптасу тарихы туралы түсінік беру; студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

  1. Дипломатиялық  хаттама  - дипломатияның маңызды құралы.
  2. Хаттамалық тәжірибенің қалыптасу тарихы.

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер):

Дипломатиялық хаттама: мәні, мақсаты

Қазіргі таңда, әлемде 250- ден астам мемлекет бар, олардың барлығының өзіндік тарихы, әдет – ғұрпы, мәдениеттері бар. Мұндай құндылықтарға деген сыпайылылықты  өзіндік  ұлттық абыройды түсірмей қалайша білдіруге болады? Ол халықаралық қатынастарда көп ғасырлар бойы қалыптасқан тарихындағы  дипломатиялық хаттамалар және этикет болып табылады.

Хаттама  (гректің protes бірінші және rolla жабыстыру) орта ғасырларда құжаттарды реттеу ережесі және архив жүргізу деп аталады. «Хаттама» сөзі абсолюттік монархияда да қолданылады. «Этикет» сөзі де бірге дамыды. Этикет сақтау – азаматтардың  жалпы мәдениетінің көрінісі. Жеке хаттамалық нормалар салтанатты деп талады. Хаттаманың негізі халықаралық сыпайылылық принципі болып табылады.

Дипломатиялық хаттама  үкіметтің, шетел ведомстваларының, дипломатия өкілдерінің, ресми тұлғалардың  халықаралық құқығындағы жалпы  қабілет ережелерінің, дәстүрлерінің, шарттарының бірлестігі.

Дипломатиялық хаттама  – халықаралық категория.

Барлық мемлекеттер  оның негізгі заңдарын сақтауға міндетті. Кейбір халқаралық нормрлардың заңд күші бар. Мысалы: сенім грамотасы, келісімшарт құжаттары, ас қабылдау, ресим делегацияны қарсы алу,  шығарып салу.  Басқаша айтқанда, барлық сыртқы саяси акциялар халықаралық нормаларға сәйкес жүргізіледі. Оларды бұзу (мемлекеттік, ресми келіссөзде отырс орындарын бұзу, қабылдаудан ерте кету, кешігу) дәрежелік белгісі, ол халықаралық аренада мемлекеттің беделін түсіріп, мемлекет арасындағы қатынаста қақтығысқа дейін әкелуі мүмкін.

Дипломатиялық хаттама  ережесіне  сәйкес дипломаттың келген мемлекеттің іс - әрекетіне,  олардың  ресми салтанаттағы киімімен анықталады. Жалпы қабылдауда халықааралық норманы  халықаралық ұйымда, әсіресе БҰҰ сақтайды. Ерекше назар мемелекеттік символ этикетіне – ту, ән ұран аударылады.

Осылайша дипломатиялық  хаттама  мемелекеттің сыртқы саяси  принциптерін іс жүзіне асыру  құралы болып табылады. Әсіресе, елдің егемендік принципі, әнұран орында, мемлекеттік туға құрмет көрсету сияқты хаттамаларынан көрінеді. Мемлекеттің теңдігінің принципі альтернатив сақтап, яғни дәрежесіне, тапқа байланысты дипломатиялық өкілдерді отырғызудан көрінеді. Тағайындалған елші агреманы, дипломатиялық қызметке кіру салтанаты, визит картасын жасау, пайдалану. Мемлекеттің елшілік және консул құқығның хаттамаларының атрибуты болып табылады.

Дипломатиялық хаттаманың даму тарихы.

Қазіргі заманғы хаттаманың адамның көп ғасырлық  тарихы мен  қалыптасуы. Көптеген ереже, дәстүр, шарттардың арасынан мемлекет пен халық арасында жақсы қатынас орнату үшін кейбір жерлері ғана таңдалды.

Мемлекеттің дипломатиялық хаттама этикетінің қалыптасуында ұлттық дәстүрмен бірге  өзге мемлекеттер, халықтар салты әсер еткен. Мысалы: 14 – 17 ғ – ғы Ресей мемлекетінің хаттамалық нормасында Алтын Орда және Византия, Монғол хандықтарының  және Батыс Еуропа елдерінің дәстүрлері де араласып жүрді.

Шет ел елшілерін қабылдау маңызды саяси құбылыс болады және ол мемлекеттің күшін, басшысының мықтылығын және престижін көрсетуге болады. Сондықтан Ресейде  патша киімі ауыр алтын, бағалы тастармен безендірілген. Осы себептен тұлғасы жіңішке болған Федор Иванович  және Борис Годунов. Патша киімі ерекше мәнге ие. Оған мысал 1567 жылы Иван Грозный литва елшісін әскери сауытпен қабылдады, себебі ол Ресей мемлекетінің күшін, мықтылығының белгісі болып саналды.

Патшаның келіссөзді елшімен жүргізуі жоғары бағаланды. Мысалы ағылшын елшісі Дж.Боусу 1584 жылы Ресейге келггенде IV Иванның бояры былай деген: «Бізде бұрыннан бері, бізге, ұлы патша елшімен сөйлеспейтін жағдай қалыптасқан».

Ұлы Литва патшалығында сенім хатының ұсыну салтанаты  қатаң сақталды. Мәскеу патшасының елшісі Вильноға 1556 жылы келгенде: «Құрметті  патша дәстүр бойынша, сіздің денсаулығыңызды  сұрады» - деген екен. Үлкен елші Иван Михайлович Воронцев Иван Грозныйдың сәлемін иіліп беріп, Сигизмунд-Августқа сенім грамотасын тапсырды. Одан кейін елшілер құрметіне ас берілген.

Тарихта этикет нормаларынан ауытқыған қақтығысқа апарған жағдайлар аз емес. Мысалы, 1584 жылы Елизавета Английская Ресей патшасын сарайында емес, өзінің бағында қабылдаған. Ханшайым оның бағы «таза, әрі салқын» - деп түсіндірді. Дегенмен, Ресей патшасы мұндай қабылдауға наразы болған.

Хаттамалық тәжірибенің  даму тарихында Ресейде зор үлес қосқан Петр I болған. I Петр Ресей туралы теріс ойларды теріске шығаруға тырысты.Ол өзінің жарлығымен жаңа дипломатиялық хаттама және этикеттің негізін салды. Мысалы, «сақал қыру, еуропа стиліндегі жейде кию» талаптары қойылды. Халықтың киімі міндетке сай болмаса қамшымен соғу жазасы қолданылды.

Мәдениеттің дамуында 1717 жылы «Юности честное зерцало» кітабы ерекше рол атқарған. Онда былай  деп жазылған: «Ешбір адам үстел  басында басын төмен түсіріп  отырмайды, біреуге ала көзбен қарамайды, басын қасымайды».

Ресейдегі жаңа мекеме «Ұлы Елшілік» (1697-1698) ашылған. Ұлы елшілер Лефорт, Головин, Возницын басқарған. XVIII ғасырда кейбір елдерде шетел елшілерін қабылдау регламентінің құжатын қабылданды. 1765 жылы 19 желтоқсанда  патшаның «шетелден келген елшілері мен резиденттерге арналған жалпы инструкция» бекіткен. Мемлекеттің бір-бірімен тығыз байланыс орнатқан кейін халықаралық қатынастардың жаңа кезеңі басталды. Дипломатиялық монархия, дипломатиялық хат алмасудың формалары қалыптасты. Осыған байланысты хаттамалардың кейбір формаларының бір мемлекет шеңберінде ғана емес, халықаралық деңгейде заңды күш сипатын беруге тырысты. Маңызды рөл ойнаған Вена (1818) және Аахен (1817) конгрестері болды. Онда қабылданаған құжаттар дипломатиялық өкілдердің табын көрсетті.

  • I класс: елшілер (легат, нунций)
  • II класс: өкілетті министрлер (интернунций)
  • III класс: өз ісіне сенімділер

Ахен конгресінде тағы бір класс министр-резиденттерді  бекітті. Бірақ кейіннен ол класс  жойылып кетті.

Көрсетілген құжаттар дипломатиялық  қатынасты 150 жылдай реттеді. 1961 жылы ған Вена конвенциясы қабылданды. Онда дипломатиялық өкілдер 3 классқа бөлінді:

  • I класс: елшілер, нунций)
  • II класс: елшілер, интернунций
  • III класс: өз ісіне сенімділер

Өзге дипломатиялық  қызметшілерге ранг тағайындалды. Дипломатиялық рангтың дәрежесі елшілікте жұмыс істеген уақыт мерзіміне байланысты болды. Барлық хаттамалық салтанат жүргізген  - дипломатиялық иерархия деп есептелінеді. Қазіргі кезде Вена конвенциясы көптеген дипломатиялық практиканы, хаттаманы реттеп келеді.

  Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Дипломатиялық  хаттама  дипломатияның маңызды құралы?
  2. Хаттамалық тәжірибенің қалыптасу тарихы? 

Әдебиеттер:1,2,3,14,20,21.

 

Тақырып 2.  ҚР хаттамалық қызметінің бүгінгі ұйымы.

Дәріс мақсаты: ҚР хаттамалық қызметінің бүгінгі ұйымы туралы түсінік беру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

1 . ҚР хаттамалық қызметінің бүгінгі ұйымы..

2. ҚР хаттамалық қызметінің  ұйымы қызметі

Тақырыпқа қысқаша  сипаттама (тезистер):

Дипломатиялық қызметкер, шетел мекемесінде қызмет ету  уақыты ішінде бір реттен артық емес жоғарлауы мүмкін, тек оның шет елде болу уақыты қызмет бабымен ұзартылған жағдайдан басқа. Осындай шартты орнату шетел мекемесіндегі қызмет етуді шектеумен байланысты, себебі, ротацияның қағидаларына байланысты шетелде қызмет етудің толық уақыты 4 жылдан аспауы керек .

Заңның 15 бабында дипломатиялық  қызмет қызметкерлерінің ротациялық қағидалары  бекітілген .

Ротацияның шегінді дипломатиялық қызметтің персоналы, оның мамандануы ескеріліп  шетелдік дипломатиялық қызмет органдарында немесе  Сыртқы істер Министрлігіндегі басқару бөлімдерінде өзінің қызметін іске асырады. Сәйкесінше ротация сыртқы – Сыртқы істер министрлігінен шетел мекемесіне және керісінше сонымен қатар – Ішкі, Сыртқы істер министрлігіндегі басқару бөлімдерінің арасында бөлінеді .

Министрліктегі және шетел мекемелеріндегі қызмет мерзімі  арасындағы  дипломатиялық қызмет персоналының   жұмыс мерзімі  екі жылдан кем емес болуы керек. Бұл принцип ротацияның қалыпты  жүруін, шетелдік мекемеде алған  тәжірибені толыққанды пайдалануға жағдай жасайды. Сол сияқты бұл принцип дипломатиялық қызмет органдарына СІМ - де  жаңадан еңген персоналмен қарым қатынасты нығайтуға көмектеседі . Шетел мекемесіне кетер алдындағы СІМ – дегі жұмыс персоналға қажетті білімді алуға мүмкіндік береді.

Ротацияның басқа бір  принципі , жоғарыда айтылып кеткен бөлімде берілген, Заң шетел мекемелеріндегі қызметтің төрт жылдық қалыпты, үзіліссіз жұмыстан артық болмауын  анықтайды . дегенмен қызметтік қажеттілікпен және тұлғаның келісуімен бұл мерзім Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігімен  ұзартылуы мүмкін. Ротацияның принципінің жұмысы шетел мекемесінің басшысы, жөнелтуші -  кеңесшілер, халықаралық ұйымдарда ҚР – ның өкілдері, сонымен қатар сирек кездесетін тілді білетін дипломатиялық қызмет персоналы  ретіндегі тұлғаларға берілмейді. Ротация мәселесінде берілген мемлекетке персоналдың міндетте түрде баруы, яғни өмір сүру деңгейінен немесе тағы басқа шарттарға тәуелсіз кетуі   маңызды орын алады. Бұл мақсатта берілген Заң бабының 5 -  пунктімен сәйкес, шетел мекемесіне маңызды себепсіз бара алмаған жағдайда,  дипломатиялық қызмет персоналына тәртіптік айыппұл тағылады. Шетел мекемесіне қызмет етуден бас тартудағы маңызды  себептер тізімін ҚР – ның СІМ - гі  бекітеді .

Өзін тексеруге  арналған тапсырмалар:

1 . ҚР хаттамалық қызметінің бүгінгі ұйымы ?

2. ҚР хаттамалық қызметінің  ұйымы қызметі?

 Әдебиеттер:1,2,3,14,20,21.

 

Тақырып 3.  Мемлекет егемендігінің хаттамасы мен рәміздері

Дәріс мақсаты: Мемлекет егемендігінің хаттамасы мен рәміздерін түсіндіру. Студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

1 . Мемлекет егемендігінің хаттамасы мен рәміздері

2. Мемлекет егемендігінің хаттамасының белгілері

3. Мемлекет рәміздері

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер):


 

 

 

Өзін тексеруге  арналған тапсырмалар:

1. Мемлекет егемендігінің хаттамасы мен рәміздері

2. Мемлекет егемендігінің хаттамасының белгілері

3. Мемлекет  рәміздері

Әдебиеттер: 1,2,3,5,17,20,22.

 

Бөлім 2. Халықаралық қатынастағы дипломатиялық хаттаманың нормалары.

Информация о работе Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы