Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 04:43, курс лекций

Описание работы

Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы ретінде және хаттамалық тәжірибенің қалыптасу тарихы туралы түсінік беру; студенттердің ой - өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Работа содержит 1 файл

Дипломатиялы- хаттама дипломатияны- ма-ызды --ралы (1).doc

— 316.00 Кб (Скачать)

Дипломатиялық байланыс түсінігін құраушы үш фактор:

    • Қатынастар сенім сипатында болуы керек. Егер бір жақ екінші жаққа күмәндәнумен,сенімсіздікпен қараса, өзара ой алмасу мен пайдалы әңгіме болмайды, керісінше, әрбір дипломат сенім қатынастарын орнатуға тырысу керек, егер серіктестер бір біріне сенсе, мемлекеттері арасында жақындасу, қатынастарын нығайту болады;
    • Олар пайда әкелу керек. Егер өз мемлекетіне халықаралық аренада жақсы қатынастар, атақ әкелмесе дипломатиялық байланыс не керек;
    • Бұл байланыстар қалыпты, тұрақты сипатта болуы керек. Жүйелі түрдегі кездесулер, ой алмасу – қатынастардың дамуына әкеледі;

Елшіліктің пайдалы  байланыстарына мемлекеттің жоғарғы  дәрежедегі ресми шеңберлерімен  – монархтармен, президенттермен, премьер-министрлермен, сыртқы істер министрімен және басқа да кабинеттің мүшелерімен, заң шығарушы және атқарушы өкімет өкілдерімен, яғни екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастыратындармен қатынас жатады. Мұндай жоғарғы дәрежедегі байланыстарды орнату ең қиыны. Бұл тұлғалармен байланыс орнату дипломаттың мемлекетіне өте тиімді болар еді. Сондықтан ресми жоғарғы дәрежедегі кездесулердің түрлері, мақсат-міндеттеріне тоқталайық.

Ресми жоғарғы дәрежедегі кездесулер ұлттық мейрамдарға, тарихи күндерге, шетел делегациясының, мемлекет және үкімет басшыларының келуіне байланысты құрылады. Бұл кездесулерді қабылдаушы мемлекеттің мемлекет және үкімет басшылары, министрлер және елшілер ұйымдастырады. Дипломатиялық жоғарғы дәрежедегі кездесулер қандай да жағдайға байланыссыз, күнделікті дипломат қызметі ретінде жүргізіліп отырады. Дипломатиялық өкілеттіліктер тәжірибесінде бұл қабылдаулар мен кездесулер ең көп тараған болып табылады. Өйткені, бұл кездесулер жаңа байланыс құруға, байланыстарын нығайтып, кеңейтуге, керекті мағлұмат алуға, жергілікті қатынастарын тиімді бағытта дамытуға, өз мемлекетінің сыртқы саясатын түсіндіруге үлкен мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда көп нәрсені дипломаттың инициативасы, білімі және даярлығы шешеді.

 

Өзін тексеруге  арналған тапсырмалар:

  1. ҚР территориясындағы шетел дипломатиялық өкілеттігі?
  2. ҚР территориясындағы шетел дипломатиялық өкілеттіктерінің қызметі?

 

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,14.16,19.

 

Тақырып 9. Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық   қабылдаулар ұйымдастыру тәртібі.

Дәріс мақсаты: Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібі туралы түсінік беру. Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

  1. Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібі.
  2. Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібінің мысалдары

Тақырыпқа қысқаша  сипаттама (тезистер):  

Келіссөз жүргізуді  ұйымдастыру.

Алдымен келіссөздің  мақсаты қатысушы саны, өкілдіктер дңгйі және т№б фокторларға байланысты формасы таңдап алынады. Тарихи түрдегі  ең бірінші фрмасы – конгресс (лат.congressus жиналыс, кездесу) мюнстерлік және Оскабрлоктік (1648 ж) 30 жылдық соғыстың аяқталуына себепкр болған. Дипломкатия тарихына Вена (1814-1815) және Ахен (1818) конгресі енді бұл құжатта дипломатиялық өкілдіктің регламнті бекітілген.

Мемлекетаралық келіссөз формасының бірі  әр түрлі деңгйдегі конференция, саммит, сессия, жиналыс, кездесулер.

 Қай форма болмасын  келіссөзге мұқият дайындық қажет.  Оның сәттілігі әдетте әр түрлі  факторларын айқындайды: қатысушылардың  шебрлігімн, өз позициясын логикалық  түрд анық жеткізу, өз көзқарасының дұрыстығын әріптестеріне дәлелдей білу. Тағы да аз емес роль атқаратын мекеменің өзі және оның бзендірілуі. Дайындық жұмысы 2 стадиядан тұрады: ұйымдастырушылық және теоритикалық.

Ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастыру кезеңінің  негізгі элементі осы күннің мәслесінің анықтығы және келісімділігі, өткізу уақыты жән орны, сәйкес мекеменәі құрылымы, қатысушыларды мекемеде орналастыру тиімділігі, делегацияны байланыс құралдармен, техникалық, транспортпен қамтамасыз ету, регламент дайындау.

Ондай мекемелер Нью-Йорк, Женева, Париж, Вена, Монреаль қалаларында бар. Ұлттар Сарайында (Париж) 20 конф.зал, 500 жұмыс кабинеті бар.

  1949-1952 жылдары салынған БҰҰ Нью-Йорктағы кешені 38 қабаттан құрылған: хатшылық, БА, мекемелер және кітапханалар. Жалпы аумағы 700 мың м. Төтенше жиналыс залы 3,5 мың адам сияды.

  Делегацияны орналастыру шарты, жағдайы тең, ұқсас болу керек. Мекеменің ішінде жағдайы жоғары деңгейде болуы тиіс.

  Қатысушы мемлекет құрамын анықтағаннан кейін делегация құрылымын анықтайды. әдетте онымен СІМ айналысады.

  Делегация басшысы  келіссөз барысына толық жауап  береді. Ол өз тобының жеке  қасиетін, келіссөз құралын білу  тиіс. Оның оң қолы болады.

 Делегация басшысының  хатшысы қызметтегі келіссөзге  дайындалған адам болады. Оның  функциясына жиналыстың негізгі түйіндерін жазып алып отыру, құжаттарды тарату, хаттамалрды толтыруда бақылау жасау, делегация жетекшісіне конференция есебін тапсыру кірді.

Делегация мүшелері болып  сол конференцияға мүддлі министрліктер, ұйымның өкілдіктері тағайындалады.

 Эксперттер мен  кеңесші ғылымның әр саласындағы  жоғары дәрежелі мамандар.

 Бірінші отырыста  конференция хатшылығы қалыптасады.  Бас хатшы болып келіссөз жүріп  жатқан мемлекет территориясының  делегация өкілі тағайындалады. Конференция хатшысы төрағалығынан кейінгі екінші маңызды тұлға. Хатшылықтың негізгі міндеті, қызметі ұйымдастырушылық, құжаттың жүйелілігі және олармен делегацияны қамтамасыз ету, баспасөзбен байланыс. Өзгеше айтқанда хатшылық конфренция сәтті өтуін қамтамасыз ету керек.

Жан Газарян (Фр.) БҰҰ-да 40 жыл жұмыс істеп, хатшылық жұмысының қиын қызметі конференция қатысушысының тізімін жасау деп белгіледі. Тағы бір мәселе длегация арасында құжаттарды тарату. Себебі, құжаттар бір тілде ғана жазылады.

Бірінші отырыста әдетте бірінші болып келіссөз өтіп жатқан мемелкет басшысы бастайды. Егер мемлект басшысы қатыспаса, онда ол құқық премьер-министр немесе СІМ беріледі.

Келіссөзді  даярлау.

Келіссөздің теориялық дайындығы. Келіссөз үрдісінің оптималдығы үшін теориялық бөлімде негізгі рөл ойнайды. Бұл кезеңде мына мәселелер шешіледі:

  • келіссөз концепциясын дайындау;
  • мақсатты алдын-ала және әріптестік позициясын талдау;
  • стратегиялық және тактикалық сызықтың анықталуы;
  • сөз сөйлеудің, құжаттың, резолюция жобасын айындау.

Даярлау жұмысында орталық  орында келіссөз концепциясының жобасы болды. Алдымен, соңғы мақсаттар анықталады. Ол үшін меншік мүдделерді анық-қанық біліп, талқыланатын мәселеге байланысты позицияны қалыптастыру керек.

Келіссөздің мақсаты әр түрлі болады:

  • келісімге қол  жеткізу және оны жүзеге асыру талаптары
  • қоғамдық пікірге әсері
  • әріптестің мүддесі және позициясы туралы мәлімет алу
  • келіссөз мақстаны қалыптастастыра отырып жағдайдың тәуелсііз экспертизасын жүргізу
  • өз позициясын абсолюттік ақиқат ретінде емес, позициялық мүдде ретінде анықтау
  • тараптардың позицияның паритетінен шығу

Келіссөз концепциясын жасау кезінде әрбір мәселенің өзіндік альтернативтік шешімдерін ескеру қажет. Сондықтан бір ғана нұсқаға тоқталу қажет емес.

Сонымен келіссөз концепциясы:

  • қатысушы мемлекеттің негізгі мақсаты мен міндетін анықтайды
  • мәселені шешу жолдарының шкаласы болады
  • оптималды нұсқаны таңдалады
  • берілген нұсқаның тиімділігін анықтайды.

Келіссөз кезеңдері.

Келіссөздер - өте күрделі, кейде мерзімі ұзаққа созылған, өзіндік  даму динамикасы бар үрдіс. Барлық зерртеушілер (М.Лебедева, М.Бергман, А.Загородски, Н.Скотт) бір ауыздылықпен үш кезеңді көрсетеді:

  • Бастапқы (зерттеулік, диагностикалық, талқылаушы)
  • Болашақ келісімнің жалпы рамкасын және аргументінің анықталуы
  • Қорытынды  - позицияның келісімділігі

Келіссөз тәжірибесі нақты, шектеулі рамкалар көрсетпейді, себебі ол келіссөз сипатына және жағдайға байланысты. Дайындық кезеңде әріптестің мақсаты, позициясы, мүдделері анықталса да, кейбір анықталмаған жәйттар қалады. Сондықтан бірінші кезеңде қатысушылардың позициясын нақтылау жүргізіледі.

Кейбір халықаралық  келіссөздерде жалпы саяси талқылау жүреді. Әсірісе БҰҰ БА сессиясында  делегация мүшелері өз пікірлерін кең  ауқымда айта алады. 

Келіссөздердің қорытынды  құжаттары.

Келіссөздер қолданылған  құжаттардың қабылдануымен аяқталады, әдетте қорытындысында пресс-конференция ұйымдастырылады.

 Құжаттардың негізгілері  – келісімшарт, келісім, конвенция,  хаттама, декларация, коммюнике.  Кейде келіскен тараптар бір-бірімен  хаттармен, ноталармен алмасады. Бұл құжаттар халықаралық құқықтың субьектісі арасындағы міндеттмелерді және өзара құқықтарды көрсетеді.

Тарихи бірінші дамыған  қорытынды құжат болып келісімшарт (договор) саналады. Қатысушыларға байланысты келісімшарт екіжақты және көпжақты болады. Көпжақты келісімшарт ашық және жабық болады. Қосымша, анықтамалар келісімшартқа кейде арнайы хаттама болып рәсімделеді. Хаттама бұл жерде жеке нақты мәселе бойынша болуы да мүмкін.

  Хаттама преамбуладан (тізімде қатысушылардың мотивтері,  мақсаты, принциптері жазылады), нақты бөлімнн, қорытындыдан тұрады. Кейбір саяси сипаттағы келісімшарт «пакт» терминімен аталады. әдетт олар ұжымдық қауіпсіздік, өзара көмек және әріптестік, сондай-ақ мемлекетаралық қатынастағы ішкі саяси принциптерді шығарады. Мысалы, «үш державалық пакт» (1940ж) Германия, Италия, Жапония арасында кімде-кім осы 3 мемлекеттің біріне шабуыл жасаған болса, бір-бірне саяси, экономикалық жағынан болсын, әскери жағынан болсын көмек көрсетуді ұйғарады.

  Бұл термин «жаңа  тәртіп» деп аталды. Негізінде   ол әлемді бөлісу келісімі еді. 1940-1941 жылы оған Венгрия, Румыния, Словакия, Болгария, Финляндия, Испания қосылды.

Тағы да мысал ретінде  «Экономикалық, әлеуметтік және саяси  құқық туралы » халықаралық пакт.

Келісімдер  және конвенциялар (convenio - келісім) экономикалық, саяси, әскери немесе тағы басқа аймақтағы белгілі бір мәселе бойынша мемелекет арасында реттелетін құжат.

Көбінде көпжақты конвенциялар маңызды болып келеді. Мысалы, Вена конвенциясы 1815 жылы және  1961 жылы «Ашық  мұхит туралы» Мұхит құқығы бойынша дипломатиялық  қатынасты реттейтін конвенция; «Босқындар құқығы туралы » (1951); «Әйелдердің саяси құқығы туралы» (1952);

Коммюнике (лат. Communico мәлімдеу) құжаттың бір түрі, жалпы ақпаратттық сипаттағы мемлекеттің жалпы саяси принципі, оның белгілі бір мәселеге байланысты позициясы туралы болады.

Екіжақты келісімшарттар келіскен тараптардың тілінде құрылады, көпжақты бір, екі немесе одан да көп тілде болады.

Екіжақты келіссөзде қатаң түрде альтернатив принципі (лат. Alternus ауыспалы) сақталады. Онда өкілетті тұлғаның қолы және мөрі бірінші орында қойылады. Қол қоюдағы мәртебе орын – келісімшарт мәтінінің  астында, сол жағында (егер бағана ретінде орналасқан болса). Өзге өкілетті өкілдер өз қолдарын тәртіп бойынша: Алфавит, жребий бойынша болады.

Көпжақты келісімшарт құжаттары бір немесе бірнеше тілде рәсімделеді. Мысалы: БҰҰ келісімшартының ережесінде бес тілде – ағылшын, француз, орыс, испан, қытай тілдерінде болады. Келісіп жатқан мемлекет аттары алфавит тәртібімен жазылады.

Кейде құжатқа қол  қояр алдында парафирование - әрбір бетте өкілдің инициалдары қойылады, яғни мәтін толық келісілген деген сөз.

Қол қойылғаннан кейін  құжат немесе парламент, немесе мемлекет басшысымен ратификацияланады. Әдетте келісім ратификациялық грамотамен өз күшіне алысқанда кіреді. Кейде ратификациялау қарастырылмайды, онда келісім өз күшіне қол қоюдан бастап енеді.

Мерзімі өткеннен кейін  құжат ұзартылады (пролонгирование) немесе міндеттердің орындалуына байланысты тоқтатылады. Денонсирование – мемлекет құжат күші кеткенін жариялайды.

Аннулирование – біржақты тәртіпте болады, яғни жазба түрде  нақты бір себепке байланысты құжат күші жойылады.

Халықаралық конференциялар, кездесулер, келіссөз құжаттары  халықаралық, үкіметаралық  ұйымдарға тіркеледі. Мысалы : БҰҰ хатшылығында.     

 Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібі?
  2. Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібінің мысалдары?

Информация о работе Дипломатиялық хаттама - дипломатияның маңызды құралы