Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:26, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ……………………………………………………………………….16

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 31
ҚОРЫТЫНДЫ 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 42

Работа содержит 1 файл

КР мемлкетт3к баскару.doc

— 352.50 Кб (Скачать)

2002 жыл ағымында 375 объектілер құрылыс және қайта іске қосылды: 62 жаңа спортивтік алаңдар ашылды, 22 алаң клубтары пайда болды, 5 спортивті клубтар, 1 атлетикалық зал, 3 сауықтыру дене шынықтыру орталығы және тағы басқа пайда болды.

 

Сондай-ақ халықтың демографиялық жағдайына келетін болсақ, оралман жанұяларына “Байбесік” поселкісінен құрылыс жағынан жер участкілері берілді.

Халықтың демографиялық жөніндегі 2003 ж. негізгі тапсырмалар:

- 2002 ж. квотасына сәйкес мигранттарды тіркеуін қабылдау;

- олардың білім жұмысқа орналастыру және үй-жай алуға жағдай жасау;

- емдеу және профилактикалық шаралар жүргізу;

- оралмандарды кәсіпкерлік қызметіне тарту;

- үй-жәйінің жеке құрылысы, сонымен қатар кіші бизнесті дамыту үшін жеңілденген несиелер беру.

Денсаулық саласында бірнеше стратегиялық тапсырмалар бар. Халықтың дәрігерлік және  санитарлық-тазалық білімі деңгейін көтеру, әрбір адамға жеке денсаулығын сақтау және қатайту үшін жағдайлар жасау; әлеуметтік маңызды нашақорлық, туберкулез, жыныс жолымен берілетін аурулармен (СПИД) күресу мен профилактика бойынша сұрақтарда қалалық қызметтің тиімді секторлардың өзара әрекеті; халықтың денсаулық жағдайының анализі мен болжауының, сондай-ақ оны анықтайтын факторлардың сапасын көтеру;

Келешекте комплекстік қалалық бағдарламаларды жасауды қарастырады: “Алматы халқының денсаулығы”, “Салауатты өмір сүру”, “Таза ауа-жанға дауа”, қартайған және жасы келген жастағы адамдарға дәрігерлік көмек көрсетуді жетілдіру, ана мен баланың денсаулығын қорғау, әлеуметтік маңызды аурулармен күресу, жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы ауруларды профилактика және бақылау жүргізу, нашақорлықпен және есерткі бизнесінен қорғау бойынша мақсатты бағдарламалар және тағы басқа.

Халықтың денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ететін “Диабет”, “Туберкулез”, “Қазақстан Республикасының күре-тамыр гепертаниясы профилактика және емдеу”, “Онкология” бойынша келесі этаптарға мақсатты бағдарламалар жасалып және жүзеге асырылуын жоспарлады.

Жақын аралықта консультативті-диагностикалық қызметтер үшін емхана-поликлиникалық ұйымдардың орын таптыру жүйесін ендіру жоспарланды. Екі қалалық поликлиника базасында үлгілі жанұялы дәрігермен емханаларды ұйымдастыру жоспарланды. Шетел қызметтестермен бірге әйелдер үшін дағдарысты Орталық ашу кездесіп отыр.

Дәрігерлік көмекті нормаландыру және біркелкілендірудің есебінен келешекте стационарлық орын басу технологияларының сапасын көтеру және көлемін ұлғайту көзделіп отыр. Сондай-ақ жалпы Қазақ Медициналық Университет базасында оқу-клиникалық Орталық ашу жоспарлануда;

Денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарын дәрігерлік құрал-жабдықтармен қамтамассыз етілгені туралы мәліметтер банкісі құралады, денсаулық сақтау даму орталықтарының есебімен, олардың құрал-жабдықтарын орталықтандырылған модернизация жасалады.

Міндетті түрде жақын болашақтамедициналық сақтандырудың альтернативті формасын дамыту керек. Ол  үшін республикалық деңгейде заң базасын жетілдіру қажет.

Әйел мен баланың ауруларын емдеу мен диагностика саласында жаңа медицина технологияларын келешекте енгізуді қамтамасыз етіледі.

Орта медициналық білімі бар мамандардың ынталы бағдарламаларын енгізу жоспарланып отыр, “жанұяның денсаулығы”, “Әйелдердің денсаулығы үшін дәрігерлік сестралар” жобасын жасау, қалалық клуб құру. “Сау ата-ана – сау ұрпақ” жоспарланып отыр.

Емханалық деңгейде қаны аз әйелдердің жүрек-тамыр ауруларды (гиперпологиялық аурулар), өткір респираторлық, қуың аурулары, вирустық гепатит аурулардың емдеудің халықаралық стандартын енгізу қажет.

Балалар мен жастардың денсаулығын қамтамасыз ету қалалық бағдарлама “Мектеп дәрігерпункті” жасау есебінен жоспарлап отыр.

Жақын бем жылдықта Қазақстан Республикасында ВИЧ/СПИД-қа қарсы бағдарламалар жасалынады.

Миокорда инфарктің алған аурулар үшін стационарлық көмек көрсету ұйымдастыру қаралыстырып отыр.

Қартайған жастағы денсаулықты сақтау бағытында геронтологиялық кабинеттің, соғыс және еңьек ардагерлер поликлиникасының, дәрігерлік күтім ауруханаларының, хоспис, қарт және мүгедектер Ұйінің материялды базасы мен қызмет байланыстарын жетілдіру, пансионаттар, зейнеткерлер территориалды орталығы ұйымдастырылды.

Халықтың психологиялық денсаулығы саласында жастардың мінез-жыныстың тәрбиелеу бағдарламаларын жасау, және салалық бағдарлама “Психологиялық денсаулық” жасап және жүзеге асыру қажет.

Кепеңсіз жағдайдан зақым және улану салдарынан жоғалтуды азайту үшін, зақымданған аурулар үшін қалпына келтіру емдер жұмыстары ұйымдастырылды.

Жұқпалы ауруларды бақылау стандарттары жасалынды және “Таза қолдар” атты қалалық конкурстар ұйымдастырылды.

Салауатты өмір сүру жүргізу бағытында ВОЗ “Сау қала”, “Сау мектептер”, “жанұя денсаулығы” сияқты жобалар жасалынды. Әртүрлі тематикалық акциялар, фестивальдар, жарыстар, дөңгелек столдер, ғылыми-тәжірибелі конференциялар мен теле бағдарламаларды ұйымдастыру жүріп жатыр. Келешекте валеология бойынша мұғалімдерді дайындық курстары ұйымдастырылатын болады.

Болжанып отырған кезеңнің соңында кепілденген дәрігерлік көмектің көлемі 2 есе көбейеді. Денсаулық сақтау саласы дамиды және толығымен сақталып қалады. Халықтың денсаулығы мен медико-демографиялық жағдайларының көрсеткіштері тұрақталып, жақсара бастайды деп болжануда.

2002 жылы халықты дәрігерлік көмек көрсетудің сапасын көтеру үшін барлық негізгі күш-жігер осыған бағытталуда.

Жергілікті бюджеттен медициналық құрал-жабдықтарға 4 млн. теңге шығындалды, халықтың жеңілдік категориясы үшшін дәрі-дәрмек алуға 86 млн. теңге шығындалды.

Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алу қатаң түрде тендерлік негізде жүргізілді. Есепке алынған нашақорлар саны 14%-ға өсті, жастар арасында нашақорлықпен күресу қатаңдады.

2003 жылға жасалған жоспардың негізгі мақсаты – кедейшілік масштабын қысқарту, қайыршылықты түбімен жоюға бағытталған, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етудің тиімді әрекет ететін жүйесін құру. Стратегиялық тапсырмалар:

- халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарының жұмыс бастылығын қамтамасыз ету; жасырын еңбек миграциясын аттап өту, ішкі еңбек нарығын қорғауды қамтамасыз ету; кедейлік деңгейін біртіндеп, өмір сүру минимум мөлшеріне дейін жеткізу; халықтың әлсіз топтарын әлеуметтік қамтамасыз ету; әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу.

2002 жылы кедейлік пен жұмыссыздықпен күресу бойынша республикалық және қалалық бағдарламалар  жасауда шаралар қабылданды.

2003 жылдың 1 қаңтар бойынша адрестік әлеуметтік көмек 18664 азаматқа – 198,8 млн. теғге көлемінде көмек көрсетілді. Қаланың зейнеткерлеріне берілген арнайы қалалық жәрдемақының соммасы 576,9 млн. теңгені құрады. Толық көлемде  мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек және тұрғын-үй қызметіне ақшадай өтемдер төленіп отыр.

2002 жылдың басынан демалысқа және емделуге жіберілді: “Ардагер” пансионатына – 204 Ұлы Отан Соғыс ардагерлері мен қатысушылары, “Ақ-қайын” санаториясына – 589 және “Жеке батыр” – 6 адам.

2002 жылдан бастап, барлық Ұлы Отан Соғыс мүгедектері мен қатысушыларына қалалық қоғамдық көмектерде жол ақы тегін, ол зейнеткерлерге жасына қарай жол ақына жеңілдіктер берілген. Тұрмысы нашар жанұялардың тұрмыстық жағдайларына зерттеулер жүргізілді. 2003 ж. 1 қаңтарына 140 мың зецнеткерлер тексерілді.

Алматы қалалық Маслихатының кезекті сессиясында 2002 ж. 19 желтоқсанда “2003-2005 жылдарға кедейлікпен күрес және төмендету бойынша қалалық бағдарлама бекітілді.

Жұмыс бастылық қызметіне жұмысқа тұрғызу бойынша 11,2 мың адам өтінішпен барды, яғни бұл өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға көп. 9,6мың жұмыссыздарға жұмысқа тұрғызуда көмек көрсетілді, яғни бұл жылдық тапсырмадан 107,5%-ды құрайды.

Қайта дайындық және мамандық дәрижесін көтеру курсында оқитындардың 2,5 мыңы оқуды аяқтады немесе жылдық тапсырмадан 100% құрады.

2003 ж. 1 қаңтар бойынша қоғамдық жұмыстарға 8,2 мың жұмыссыздар (тапсырмадан 143%) орнатылды.

Ағымдағы жылдың басына қаланың экономикасында 11785 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2003 жылдың жоспарының негізгі мақсаты болып, кедейлікпен күресу және төмендету, жұмыссыздарды қысқарту бойынша толық көлемде республикалық және қалалық бағдарламаны жасау.

Негізгі тапсырмалары:

- келешекте адрестік көмек алушылардың мәліметтері бойынша тиімді база құру;

- қалалық вакансия жәрменкелерін өткізу;

- мүгедектерді кресло-коляска, есту, ортопедиялық және басқа да арнайы құралдармен қамтамасыз ету;

- шетел жұмыс күшін әкелуді реттеу;

- төлейтін қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды шақыру (6мың адам шамасында), жұмыс босты халықты профоқу курстарына мамандық дәрижесін көтеруге және қайта көтеруге қамтамасыз ету (2,5 мың адам);

- 7,5 мың жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызуда жағдай жасау;

- қоғамдық көліктерде ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне тегін жол ақымен қамтамасыз ету.

3.Қазақстанның нарықтық экономикада мемлекеттік басқарумен қамтамасыз етілуі

 

3.1 Мемлекеттік басқару. Негізгі экономикалық басқару бағдарламалары

 

Экономиканы реттеудің нарықтық механизмдерін  ұйымдастыру мен қолдану мәселелерінің теориялық аспектісі – сұраныс пен ұсыныс – жалпы экономикалық  заңының маңызынан туындайды. Олардың теңгермешілігіне нарықтық қатынастардың барлық қатысушылары ұмтылады. Егер олардың бұл ұмтылысы ең соңында  мемлекеттің  макроэкономикалық  тұрақтылық  пен тиімді  теңгермешілікке  ұмтылысының  негізін құрайтын болса, онда оның реттеуші рөлі, негізінен  келесі жағдайларға келіп  саяды:  а)  манаполияға және  инфляцияға  қарсы  тиімді  саясатты  нақтылы жүзеге  асыру;  ә)  меншіктің  көптеген түрлері  (мемлекеттік  және жеке)  жағдайында  нарықтық  қатынастар  өрісінің  кеңеюін  ынталандыру  үшін  барлық  қажетті  әкімшілік –экономикалық және  құқтық  жағдайларды  қамтамасыз ету;  б)  өндірістік, экономикалық  және  әлеуметтік  және  т.б. салалардағы  дағдарыстық  жағдайларды  ескеру  жөніндегі  шараларды  алдын ала  қабылдау.  Жоғарыда  аталған пікірлердің  маңызынан  олардың  микроэкономика саясына бағытталған мемлекеттік реттеуді  үйымдастырудың  негізін құрайтындылығын  көруге  болады.[7,8]

        Аймақтық – шаруашылық  жүйлерінің  дамуын  реттеу  барысында  ҚР  Конституциясы 85-88 баптарының  негізгі  тұжырымдары  мен  іс  жүзіндегі  әкімшілік — аймақтық  таксондардың  экономикалық  және  әсіресе  әлеуметтік  теңестіру  қағидасы  негізгі  құралдар  ретінде  қолданылуы  керек.  Бұл жерде  қор  жөнінде  қолдау  көрсету  мен  бюджет  шығындарын  жоспарлау  барысында  мемлекеттің  қолдау  механизмдерін  қолдану  үшін  алғашқы  кезектегі  аймақтарды  анықтауға  иаңызды  көңіл  бөлінеді.

        Соңғы  жылдардың  тәжірибесі  мемлекеттік  реттеу  жөніндегі  шаралар  оның  ғылыми,  методологиялық  және  ұйымдық  негіздерінің  бірлігін  талап  ететіндігін  көрсетеді.  Осы  үш  бөлінімнің біреуінің әлсіреуі  экономикалық,  сондай-ақ әлеуметтік жағдайларды реттеудің түгелдей тізбегінде жағымсыз  жайттарды тудырады. Яғни оған көптеген мысал келтіруге болады.  Нарықтық экономикаға, оның ғылыми негізін жасамай-ақ, халық  шаруашылығын  басқарудың  жаңа  моделінің  жоқ  кезінде  оның  ескісін  тез  арада  жою  арқылы  өтуге  жасалған  әрекетті  атап өту жеткілікті. Нәтижесінде макро және микроэкономикалық  жағдайларды, ақша – несие  және  әлеуметтік қатынастар саласын, сыртқы экономикалық  байланыстарды  және  т.б. басқарудың “тізгінін” босаттық  немесе  одан  айрылып  қалдық..

Ұйымдық тұрғыдан, макроэкономикалық және нарықтық реттеу механизмдерінің жалпы сипатталған өзара байланысының ішкі иерархиялық құрылымы бар екендігін атап өту маңызды. Макроэкономиканың барлық негізгі мәселелері, ең соңында, халық шаруашылығының бастапқы салаларының деңгейінде, олардың ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне байланыссыз шешіледі. Бұл әрекет, әрине, реттеу жөніндегі жалпы мемлекеттік шараларды қарастырған кезде орынды болмақ, ал оларды жүзеге асыру кезінде әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен мәселелі бағдарламаларды жасап-дайындау мен орындау басты рөлді атқарады. Онда олардың шешілу барысын реттеу көбінесе қаржы-бюджеттік, ақша-несие, салық баға, лицензиялық- кедендік, нарықтық және т.б. механизмдерін кеңінен қолдану арқылы анықталады.

              Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жж арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалар басымдық болып айқындалған 2002 ж. маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен агро азық – түлік кешенінің  тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көздейтін осы кезеңге арналған Мемлекеттік агроазық – түлік бағдарламасы бекітілген болатын.

              Сонымен қатар, жалпы экономикалық өсу аясында қала және ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейіндегі алшақтық күшейе түсуде, табыстардың өңірлік айырмашылықтары да елеулі. Ауылдық жерде ел халқының 43% тұрады. Ресми статистика деректеріне қарағанда олардың үштен бірінің табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен. Бұл халдің одан ары орнығуы ел халқының тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуін күшейтеді, қоғамның әлеуметтік -  саяси ахуалына кері әсерін тигізеді, елдің адамдық даму көрсеткіштері мен инвестициялық бет – бейнесіне көрініс береді.

              Елдің жалпы ішкі өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 8,5% құрайды және де таяудағы және ұзақ мерзімді келешекте елеулі өзгермейді, мұның өзі мұнай өндіруші салалардағы көлемдердің өсуімен, тағам өнімдерінің ішкі нарығының шектеулі сыйымдылығымен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы нарықтарының тұрлаусыздығымен, үлкен көлік шығыстары мен агротехнологиялардың төмен деңгейі салдарынан Қазақстан өнімдерінің әлсіз бәсекелестік қабілеттілігімен байланысты. Мемлекеттік агроазық – түлік бағдарламасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің болжамды өсімі 2006 жылдың соңына қарай 10% сәл ғана жоғары болмақ..

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару