Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:26, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ……………………………………………………………………….16

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 31
ҚОРЫТЫНДЫ 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 42

Работа содержит 1 файл

КР мемлкетт3к баскару.doc

— 352.50 Кб (Скачать)

              Республика ауыл шаруашылығының ЖӨ-дегі ең жоғары үлес Қостанай (14,2 %), Алматы (13,6%), Оңтүстік Қазақстан (12,3%), Солтүстік Қазақстан (12,1%), Ақмола (11,7%) және Шығыс Қазақстан (9,9%) облыстарының еншісінде. Ең төмен үлес Маңғыстау (0,2%), Атырау (1%), Қызылорда (1,9%) облыстарына келеді.

              Ауыл шаруашылығының республикалық ЖӨ-дегі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының арақатнасы 58,5% және 41,5%. Негізінен өсімдік шаруашылығымен  Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, мал шаруашылығымен Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында айналысады. Қалған облыстарды шамамен бірдей арақатынас байқалады.

Ауыл тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етудің көгейге қонымды деңгейін қамтамасыз АЕМ (ауылдық елді мекендер) кірістілігін арттыру мақсатында экономикалық қызметтің барлық салаларын кеңейту жөнінде шаралар қолдану қажет.

              Агроөнеркәсіп кешенінің өсуін қамтамасыз ету саласында бюджет қаражатын бөле отырып, мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік агроазық – түлік бағдарламасы мен облыстық агроазық – түлік бағдарламаларында көзделген.

              Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі бәсекеге қабілетті өнім өндіру және ішкі және сыртқы рыноктарда сату көлемдерін ұлғайту жолымен қамтамасыз етілетін болады. Егістік алқаптарының құрылымын оңтайландыру, ғылыми негізделген егістік айналымдарымен егіншілікте жаңа прогресивті технологияларды ендіру; су сақтаушы технологияларды ендіру; тұқым шаруашылығының базасын жаңарту, минералдық тыңайтқыштарды, ұлағыштар мен гербецидтердің пайдалануын арттыру; селекциялық – асыл тұқымдандыру жұмысын интенсификациялау; аналық мал басын жоғары өнімді өндіргіштердің ұрығымен жасанды ұрықтандырумен барынша қамту; мал жаңа тұқымдарын дамыту үшін жағдайлар тұғызу; мамандандырылған орта және ірі тауарлы өндірісті қалыптастыру, ұлттық  ветеринария жүйесін сапалық жаңа деңгейге көшіру жөніндегі шаралар көзделеді.

Әрбір АЕМ бойынша алу халқының көкейге қонымды табыс деңгейімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агентігіне тиісті статистикалық формаларды әзірлеуді және ауыл округтерін статистиктеріне деректер жинауды тапсыру қажет. Бұның өзі мемлекетке жыл сайын келешекті АЕМ – ді қолданудың қабылданған шараларына тиімділігін әзірлеу отыруға және ауыл халқының табысын одан әрі арттыру жөніндегі қадамдарды айқындауға мүмкіндік береді.                                                                     

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 18 ақпанда Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолындағы халыққа жолдауында өз сөзін былай бастады: Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялық – инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы.

Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық..

Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтың туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тампақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік- логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материялдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болу керек деп санаймыз. Ел экономикасының шикізаттық емес салаларындағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне солар айқындайтын болады.

Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқаратын түбегейлі жаңа жүйесі - Ұлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алдық.

Индустриялық – инновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.

2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты.

Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатнастарын жолға қоюы керек.

Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар ЖІӨ-нің 50%-дан астамын береді.

Бір қатар стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет. Әлбетте бұл шараларға қарсыласу да, сөзбұйдаға салу да болмай қоаймайды. Бірақ Үкіметтің батылдық танытып, бұл іске мықтап кірісетін кезі келді.

Келесі бір мәселе туралы. Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” өзіндік бір “үлкен қаржылық маркетке” айналуға тиіс. Біз Қорға биылғы жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда шағын бизнес субьектілерін кредиттеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін өседі. Биылдан бастап, банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыруды қолға алу керек. Мұның өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ.

        

3.2      Әлеуметтік басқару бағдарламалары

 

Барлық  деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бюағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт деп Қазақстан Республикасы Президенті атап кеткен. Бұл мәселе туралы ол 2004 жылы қазан айында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаның мақсаты адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарларының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту болып табылады.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

Халықтың барлық жіктері үшін сапалы білімге қол жеткізуді  қамтамасыз ету; білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүайесінің жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру; қазақстандық патриотизмге, төзімшілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметтеуге тәрбиелеу; мемлекеттік тілді басым дамыту; отандық  дәстүрлер, әшлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту; 12 жылдық жалпы орта білім беруге БХСЖ өлшемдеріне сай көшу; білім беру және кадрларды даярлау жүйесін қайта құрылымдау; әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу; білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; білім берудің біріңғай ақпараттық ортасын құру; білім беру жүйесінің материалдық – техникалық базасын нығайту.

Бағдарлама кезең – кезеңімен іске асырылатын болады.

Орта білім беруде: 12 жылдық оқытуға көшудің нормативтік – құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлары жасалады; “Оқулық” ғылыми - әдістемелік орталығы құрылады; сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесі құрылады; оқытуды ұйымдастыру қағидаттары мен оқушының білім – білікті және дағдыны енжар “алушы” ролі білім беру процессінің белсенді субьектісіне өзгереді; мектептегі оқытудың күтілетін нәтижелерін және мониторинг деректерінің негізінде оларға қол жеткізу жолдарын талқылау процессіне күллі жұртшылықты тарту жүйесі құрылады; аудандық білм бөлімдері жанындағы әдістемелік кабинеттерді қалпына келтіру арқылы әдістемелік қызмет жетілдіріледі; оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологиялары енгізілетін болады.

              Жыл сайын  54 мың педагог, оның ішінде 31 мыңы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттырудан өтетін болады.

              Кәсіптік білім беруде: кәсіби кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың нақты ұйымдарын тартудың нормативтік құқықтық негізі жасалады; еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кәсіптік білм берудің қол жетімділігі мен беделі өседі; техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жұмыс берушілермен әрі шағын және орта бизнес субьектілерімен байланысы нығаяды, әлеуметтік серіктестік субьектілерінің ынтымақтастығының тиімділігі артады; жұмыс берушілер мен МЖБС-нің қазіргі талаптарына келетін жаңа оқу, оқу - әдістемелік әдебиет, оқу құралдары жасалады; кредиттік оқыту жүйесі енгізіледі, техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жоғары білім бағдарламаларымен үйлестіру қамтамасыз етіледі; техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында компьютерлер саны 25 оқушыға 1 компьютерден келу арақатнасына дейін жеткізіледі.

Жоғары оқу орындарының кадрлық және материалдық – техникалық қамтамасыз етілуінен қойылатын біліктілік талаптарын көтеру нәтижесінде азаматтық жоғары оқу орындарының және олардың филиалдарының желісі ретке келтіріледі.

Жыл сайын жоғары оқу орындары үшін саны 100 – ге жететін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар және оқу әдістемелік кешендер әзірленетін болады (әрі оның 30% - ға жуығы мемлекеттік тілде) 300-ден астам шетелдік оқу әдебиеттері , оның ішінде магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларының пәндері және Ph.D докторлық  бағдарламалары бойынша сатып алынады.

Магистратураны, дәстүрлі докторантураны Ph.D докторантурасына кезең – кезеңімен өзгерту және кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесі

(бакалавриат – магистратура – докторантура) толығымен көшу жүзеге асырылады. Бағдарламаның орындалуы нәтижесінде білім берудің біріңғай ақпараттық ортасының негіздері қаланатын болады.

Екінші кезең (2008 – 2010 жылдар)

Балаларға үш жастан бастап міндетті білім беруге біртіндіп көшу есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық нысандарына ортақ қол жеткізу үшін жағдайлар жасалатын болады. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің әлеуеті мен ресурстары:

1.      23 мың орындық 164 мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысы;

2.      білім беру ұйымдарының базасында 20 мың орындық 800 мектепке дейінгі  шағын орталықтар құру;

3.      мүмкіндіктері  шектеулі балаларды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне тарту үшін 380 түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерін ашу есебінен артады.

              Орта білім беру жүйесінде:               12 жылдық орта білім беруге көшу жүзеге асырылады; нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары әзірленеді; кәсіби кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын тартудың заңнамалық базасы жасалады;               кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны өзгереді; техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдарын жеткілікті желісі құрылады және модельдері жетілдірілетін болады.

              Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде бакалаврлық, магистрлік, докторлық бағдарламалар және оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жоғары білікті кадарларды даярлауға толығымен көшу жүзеге асырылатын болады. Басымдықты мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға арналған білім беру гранттарының саны артатын болады. Профессор – оқытушы құрамының дәреже иеленуінің орташа көрсеткіші 40%-ға жетеді. Тұтас алғанда, бұл кезеңде жоғары білім берудің желісі кеңейіп, көрсеткіштері тұрақталады.

              Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалы биік деңгейіне қол жеткізілетін болады.

              Соңғы жылдары Қазақстан едәуір экономикалық өсуге қол жеткізді, осының нәтижесінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулі өсті (соңғы үш жылда екі есеге), сондай-ақ олардың одан әрі дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтік бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрі де саланың дамуына елеулі түрде көңіл бөлуге ниеттенеді.

              Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етеді. Мемлекет басшысының 2005 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесін, денсаулық сақтау ісін қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек беруді ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілікті оңтайландыруды жетілдіруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен сатып алуды міндетті түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерстер жүргізу қажеттігі көрсетілген.

              Бірінші кезектегі міндеттер ретінде мыналар белгіленген:               негізгі екпінді БМСК-ге, стационарда емдеуден амбулаториялық емдеуге көшіру; халықаралық стандарттарға, емдеу мен медициналық қызмет көрстеудің жаңа технологиялары мен қазіргі заманғы әдістеріне жүйелі түрде көшу;  ана мен бала денсаулығын нығайту; тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тәуелсіз сараптау жүйесін құру; денсаулық сақтау жүйесін саланың ресурстары мен қаржыландыруды басқару менеджерлерін даярлау; әлеуметтік жағынан елеулі аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау және емдеу; денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық – техникалық базасын нығайту.

              Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейінгі Даму стратегиясын, Президенттің “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетт халық үшін!” атты 2004 жылғы 19-наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

              Бағдарламада Қазақстан Республикасында қолжетімді, сапалы, әлеуметтік бағдар ұстанған және экономикалық тиімді денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған қажетті экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және басқа да шаралардың жиынтығы белгіленген.

Бағдарламаның мақсаты мемлекет пен адам арасындағы денсаулық мақтау үшін ынтымақтасқан жауапкершілік, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған БМСК – ні басымдықпен дамыту принциптеріне негізделген медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару