Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:26, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ……………………………………………………………………….16

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 31
ҚОРЫТЫНДЫ 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 42

Работа содержит 1 файл

КР мемлкетт3к баскару.doc

— 352.50 Кб (Скачать)

Бағдарламаның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1.      Мемлекет пен адам арасындағы денсаулық сақтау үшін жауапкершілікті бөлісу.

2.      БМСК-ға негізгі екпінді ауыстыра отырып, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың халықаралық принциптеріне көшу.

3.      Денсаулық сақтауды басқарудың жаңа үлгісін және саланың біріңғай ақпараттық жүйесін құру.

4.      Ана мен бала денсаулығын нығайту, медициналық демографиялық ахуалды жақсарту.

5.      Әлеуметтік мәні бар аурулардың деңгейін тұрақты төмендету.

6.      Медициналық білім беруді реформалау.

Бағдарламаның шеңберінде шешілетін проблемалардың ауқымы, республикалық және жергілікті               бюджеттердің мүмкіндіктері арқылы әзірленетін шараларды үйлестірудің қажеттілігі оны екі кезеңде іске асыруға мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде Бағдарлама басымдықтарының бірі тиісті нормативтік құқықтық база жасай отырып, орталық, жергілікті басқару органдары мен медициналық ұйымдар арасында функциялардың ара жігін нақты ажырата отырып, экономикалық әдістерге көшу арқылы орталықтандырылған әкімшілік басқаруды өзгерту құралы болып табылады.

Екінші кезеңде денсаулық сақтауды басқару осы заманғы ақпараттық технологиялардың негізін және халықаралық стандарттарды ескере отырып, медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен сала  жұмысы тиімділігінің басқа да өлшемдерін бақылау жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Саланы басқаруды жетілдірудің негізгі бағыты әкімшілік реттеуден экономикалық ынталандырулар жүйесіне өту болып табылады. Осы мақсатта 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес денсаулық сақтаудың орталық, жергілікті органдары мен медицина ұйымдарының арасында, соңғыларына басым дербестілік бере отырып, функциялар қайта бөлінетін болады.

Орталық атқарушы органның құзіретіне: денсаулық сақтау саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізуді қамтамасыз ету функциясы; атқарушылық функциялары (денсаулық сақтау саласында елдің барлық аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген базалық қызмет көрсетулер ұсынудың тең қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру, оларды ұсыну стандарттарын белгілеу, саланы дамытуды жоспарлау, нормативтік база әзірлеу); реттеуші функциялар (денсаулық сақтау саласында саясаттың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік, салалық бағдарламалардың орындалуын бақылау, денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу, бақылау – қадағалау функциялары) жатқызылатын болады.

Функциялардың көбінің орталықсыздандырылуы нәтижесінде жергілікті жерлерде ұсынылатын қызмет көрсетулер сапасының төмендеуіне жол бермеу мақсатында реформалаудың бірінші кезеңінде медициналық көмектің сапалы параметрлерін Денсаулық сақтау министрлігімен келісу рәсімі заңды түрде енгізілетін болады, ал қосымша қаражаттар мақсатты трансферттер түгрінде бөлінетін болады. Одан әрі жергілікті атқарушы органдардың бөлінген қаражатты дербес пайдалануына көшу жүзеге асырылатын болды.

Облыстық  деңгейде денсаулық сақтау бюджетін шоғырландыруға байланысты халық денсаулығын сақтау мәселелері бойынша барлық деңгейдегі атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейту тетігі әзірленетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына аз уақыт өтсе де, жалпы алғанда әлеуметтік-экономикалық жағдайы әлде қайда жоғары денгейде көрінуде. Тізгінімізді өз қолымызға алып ел экономикасының одан әрі өркендей түсуіне шын  ниетімізбен ат салысу міндетіміз болып отыр. Жоғары тұрақсыздық және сыртқы орта факторларының анықталмағандық жағдайында ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттердің әрі қарай гүлденіп өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бірден-бір құрал бұл жоғарыдағы талдаулар көрсеткендей әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын айқындайтын билік жүйесі мен мемлекеттік басқару жүйесі болып табылады. Әр түрлі бизнес аясында жұмыс істейтін тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін де бұл әсіресе өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі кезде көптеген елдер үшін мемлекеттің стратегиялық мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы жағдайға көп көңіл аударылуда. Себебі, ғылыми-техникалық революцияның жедел дамуы мен транзитті экономика аясында болашақты көре білу мәселесі бәрінде толғандырады. Өткен ғасырдың аяғында масштабына және күрделілігі жағынан ірі өзгерістер болды. Аталған мерзімге тән сипаттар бұл: индустриализм кризисі, қоғамдық еңбек шығынының көбеюі, негізгі негізгі қорлардың моральді және физикалық тұрғысынан тозуы, энергетикалық қалпына келмейтін және минеральді шикізат ресурстардың сарқылауы. Осы өзгерістерді алдын-ала көрумен олардың салдарымен күресу құралы ретіндегі стратегиялық жоспарлаумен болжамдаудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап әлемдік нарық кеңістігінде «еркін жүзуде». Бұл дегеніміз біздің экономика қоғамдық дамудың әлемдік заңдылықтарының ықпалында. Қатаң нарық заңдарына сай, әлемдік нарық бәсекесінде тек халықаралық стандарттарға сай келетін бәсекеге қабілеті жоғары дамыған елдер өмір сүре алады. Кез-келген мемлекет нарықта өз орнын табу керек. Индустриальды жоғары дамыған елдер түрлі нарықтарда өз орындарын тапқан. Жас елдерге бұл нарықтарға кіру қиын болып отыр. Әлем елдері арасындағы үлкен жарыстан тыс қалып қоймас үшін әр елде мықты қысқа, орта және ұзақ мерзімдегі стратегиялық жоспар мен болжам құрумен айналысатын институттар болуы керек.

Әр ел өз мүмкіндігіне, потанциялына және түрлі шектеулерді ескере отырып өзінің дербес стратегиялық даму жоспарын жасау керек. Қазақстан Республикасы үшін бұл құжат «Қазақстан-2030» атты стратегиялық жоспары.

Даму жолында тұрған күрделі проблемалар мен бөгеттермен сипатталатын кризистен кейінгі жағдай мен қазіргі экономиканың даму деңгейінің мұқият талдауы мен бағалауы көрсеткендей Қазақстан алдағы он жылдықта үлкен мақсаттарға және экономикалық дамудың өте жоғарғы көрсеткіштерге жете алмауы мүмкін. Яғни біз экономиклық көрсеткіштері бойынша дамыған деңгейіне және және олардың халыққа көрсетіп отырған өмір сүрудің олардың стандарттарына жете алмау ықтималымыз жоғары.

2015 жылға дейінгі экономикалық дамудың нақты стратегиялық мақсаттары болуы керек:

-Қазақстан мемлекеттілігінің және ұлттық қауіпсідіктің экономиклық негізін нығайту;

-Әлемдік экономикалық жүйеге интеграцияланған және бәсекеге қабілетті қарқынды дамудағы ұлттық экономиканы құру;

-Экономиклық даму деңгейі бойынша орташа дамыған елдер деңгейіне жеткізу. Яғни орта жылдық экономиклық өсім 5-6% болуы керек.  Бұл көрсеткіш әлемдік көрсеткіш әлемдік экономиканың орта жылдық жылдық өсім көрсеткіштерінен 1,5-1,7 есе көп.

-Заңдардың орындалуына, либеральды құндылықтар мен ашық нарық экономикасына және меншік құқықтарының сақталуы мен адам құқықтары мен бостандығының сақталуына негіззделген демократиялық азаматтық қоғам мен  құқықты мемлекет құру;

Бұл мақсаттарға жетү үшін инновациялық әс-әрекеттерді жандандыру, электронды ақпаратты технологияларды кеңінен қолдану, күрделі инфраструктуралы комлекстерді жасау қажет. Мұның бәрі экономиканы сандық бағыттаушылықтан сапалық дамуға өтуге көмектеседі.

Түрлі мемлекеттік органдардың қолда бар ақпараттарды басқа құрылымдарға қолдануға шектеу қойғысы келетінімен, бір ортақ ақпаратты кеңістікті құрудың обьективті қажеттілігі туындап отыр. Бұл жүйені құру сенімді және уақытыла ақпараттарды жасауға макроэкономиклық индикаторлады белгілеуге, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамудың индикатвті жоспарының іске асырылуын қадағалауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының билік жүйесінің ғылыми негізделген өндірістік және агрорлық саясатқа, ҒТП саласындағы іс-әрекетткрге және сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі бағыттарына көп көңіл бөлінуі тиіс. Мемлекеттік органдар жалпы сұранысқа несие, лизинг және амортизациялық саясат құралдарымен әсер етуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.                   Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымы туралы :  Қазақстан Респ. 1993 ж. 8 желт. №2572-XII заңы// ЮРИСТ [Электронды ресурс] : анықтама жүйе / Шығыс-Қазақстандық аймақтық орталық. - Өскемен :  Юринфо, 2007.

2.                   Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару : Қазақстан Респ. 2001 ж. 23 қаңт. Заңы №148 //ЮРИСТ [Электронды ресурс] : анықтама жүйе / Шығыс-Қазақстандық аймақтық орталық. - Өскемен : Юринфо, 2007.

3.                   Айтаханов Е. Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жоспарлау процесстерін басқару проблемалары / Е. Айтаханов // Вестник, Әль-Фараби ат.КазГУ. Сер. экон. - 2002. - №2(30). - б. 12-15.

4.                   Алдияров С. Қазақстан аймақтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары және дамуды жалпы бағалау әдісі /С. Алдияров, К. Кабдуалиева, Л. Елеусиз // Транзиттік экономика. - 2006. - №1. - б. 81-86.

5. Әубәкіров Я., нәрібаев н., Есқалиев м., т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. алматы, 1998 ж.

6.Воронин А. Г. Муниципалды шаруашылықты басқару негіздері : оқу құралы/ А. Г Воронин, В. А.Лапин, А. Н. Широков. - М. : Дело, 1998. - 128 б.

1.      Шығыс Қазақстан сан бойынша - 2005 : жыл сайынғы стат. жинақ -  Өскемен : ШҚО статистика басқармасы, 2005. - 150 б.

2.      Бердалиев К. Қазақстан экономикасын басқару негіздері / К. Бердалиев. - Алматы : Экономика, 1998. - 148 б.

3.      Шығыс Қазақстан сан бойынша: стат. жинақ - Алматы : Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі, 2006. - 136 б.

4.      Гаврилов А. И. Аймақтық экономика және басқару: жоғарғы оқу орынд.оқу құралы /  А. И. Гаврилов. - М. : ЮНИТИ - ДАНА, 2002. - 239 б.

5.      Гамарник Г. Облыс экономикасын басқару жүйесін жетілдіру /Г. Гамарник,  Н.Сердюк // Поиск. - 2002. - №2. - б. 98-100.

6.      Гамарник Г. Н. Қазақстан экономикасын басқару : методология, әдістер, іске асыру жолдары : монография /Г. Н.  Гамарник. - Алматы : Экономика, 2002. - 281сб.

7.      Гранберг А. Аймақтық экономика негіздері : жоғарғы оқу орынд.оқу құралы. /А. Гранберг. - 2-ші басылым. – М.: Мемл. ун-т Экономика жоғарғы мектебі, 2003. - 495 б.

8.      Дорогов Н.      Аймақтың экономикалық стратегия таңдауын негіздеу /Н.Дорогов // Басқарудың теориясы және практикасының проблемалары. - 1998. - № 3. - б. 18-21.

9.      Игнатьева А. В. Басқару жүйелерін зерттеу : жоғарғы оқу орынд.оқу құралы / А. В. Игнатьева, М. М. Максимцов. - М.: Юнити-Дана, 2001. - 184 б.

10. Күнқожаев Н. Ақшам 2001 ж, №71 19 маусым.

11. Кенжеғазин М. Ақиқат 1995 ж №11.

12. Мамыров Н. К. Қазақстан жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеу : оқу құралы / Н. К. Мамыров, Ж. Ихданов. - Алматы : Экономика, 1998. - 284 б.

13. Минакир П. ФГР: федерация және жердің әрекеттесуі /П. Минакир

// Басқару теориясы және практикасының проблемалары - 2001. - №2. - б. 93-97

14. Мухамбетов Т. Мемлекеттік басқару кризисі / Т. Мухамбетов

// Транзиттік     экономика. - 2001. - № 3. - б. 53-56.

15. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтар жағдайын гүлдендіру, қауіпсіздендіру және жақсарту : президенттің Қазақстан еліне жолдауынан // Казахстанская правда. - 1997. - 11 қазан.

16. Назарбаев Н. Ә. Жаңа елдегі жаңа Қазақстан: 2007 ж. 28 ақп. президенттің Қазақстан еліне жолдауынан // Каз. правда. - 2007. - 4 мамыр.

17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Статистика Агенттігі //қолдану режимі : http://www.kazstat.asdc.kz/

18. Нурашева К. Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік әдіс /К. Нурашева // Қазақстан қаржысы. - 2006. - №1. - б. 83-87.

19. Павлов К. Ресей аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдер тәжірибесі / К. Павлов // Басқару теориясы және практикасының проблемалары. - 1999. -  №5. - б. 47-50.

20. Қазақстан аймақтары, 2003 жыл / А. Смаилов ред.. - А. : ҚР статистика агенттігі, 2003. - 394 б.

21.             Рой О. М. Мемлекеттік және муниципалдық басқару жүйесі /О. М. Рой. - М.: Дело, 2003. - 254 б.

22. Рустемов Н. Аймақтық басқарудың функциясы мен әдісі /Н. Рустемов

23. //Транзиттік экономика. - 2001. - №1. – б. 74-79.

24. Садлер Д. Жергілікті басқару органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылату: Ұлыбритания тәжірибесі /Д. Садлер //Басқару теориясы мен практикасының проблемасы. -  2001. - №2. - - 82-86. б.

25. Сапаргали Ш. Аймақтық тұрақты даму моделдерін жасудың әлемдік тәжірибесі /Ш. Сапаргали // Транзиттік экономика. - 2005. - №5-6. - 24-30. б.

26. Қазақстанның жылдық статистикасы /Б. Т. Султанов ред. //Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі : Алматы, 2006. - 488 б Уваров В. Н.  ҚР мемлекеттік басқару теориясы / В. Н.Уваров. - Алматы: Заңгерлік  әдеб., 2000. - 312 б.

27. Чагучиев М. Ч. Аймақтар, экономика және басқару /М. Ч. Чагучиев, М. М. Соколов. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2001. - 271 б.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару